Файл: Реферат Таырыбы Ааш німдерін таксациялау Тексерген Джаманова Г. И. Орындаан Назирова Б. Ж. 2023 жылы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 55

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Cемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


Реферат


Тақырыбы: Ағаш өнімдерін таксациялау

Тексерген:Джаманова Г.И.

Орындаған: Назирова Б.Ж.

2023 жылы

Орман таксациясы туралы түсінік.

Орман таксациясының маңызы мен міндеттері.

«Таксация» сөзі латынша taxation сөзінен шыққан, бұл «бағалау»дегенді білдіреді. Осыдан, орманды таксациялау - бұл оны бағалау деген сөз. Мұнда бүтін ағаштардың және олардың бөліктерінің көлемін, екпе ағаштар қорын, жеке ағаштар мен тұтас екпе ағаштардың жасын және өсуін анықтауға жинақталған, орманды материалды бағалауды білдіреді.

Орман таксациясы ғылым ретінде ағаштардың көлемдерін, дайындалған қорын, ағаш өнімдерінің көлемдерін, жеке екпе ағаштардың және желектердің өсуін өлшеу әдістерін зерттейді.

Біздің орман шаруашылығымыздың шарттарында есептеу нысаны әдетте көптеген ағаш жиынтықтарынан тұратын, жеке үлескерлерге бөлінетін, ауқымды орман алқаптары болып табылады.

Орманда шаруашылықты ұйымдастыру үшін, алдынғы кезекте орманды тану керек, яғни, жыныстары, жасы, өнімділігі және сапа күйі бойынша ерекшеленетін, екпе желектермен иеленген, жеке орман үлескерлерінің кеңістікті орналасуын және ауданын белгілеу керек .

Осы барлық мәселерді шешу үшін таксациялық техника кең қолданылады.

Орман таксациясы – орман шаруашылығын жасауға негізделетін, негізгі пәндердің бірі.

Ғылыми пәндердің орман шаруашылықты циклінен бұл өте өңделген. Бұл орман таксациясының зерттелетін пәндерге объективті баға беретін, өлшеулермен ісі жүргізетініне және өз мәселелерін шешу барысында математика құралдарын кең пайдаланатынына байланысқан. Сонымен қатар, орман таксациясы ғылым ретінде өз әдістеріне және теориясына ие болады. Ол барлық орманшаруашылықты пәндердің ірге тасы болып табылады. Бұлардың кез-келгенінде орман өсуінің сол немесе басқа салыстырмалы бағалары,жағдайын анықтауы, әртүрлі есептері мен болжамдары орман таксациясының әдістерін пайдалану жолымен жүзеге асырылады.


Орманды өсріумен, оны күтумен және шабумен байланысқан, мәселелерді күнделікті шешуге арналған, рационалды қойылған орман шаруашылығы сүрек қорлары, екпе ағаштардың кұрылысы,олардың жағдайы және өсуі туралы мәліметтерді талап етеді.

Орманшаруашылықты шараларды жобалау барысында, мысалы шабатын үлескені таңдау, орманды күту шараларын белгілеу, ағашты егу жоспарын кұру, құрғату үлескілерін таңдау барысында,өртке қарсы шаралар туралы мәселелерді өңдеу және т.б барысында алғашқы негізгі техникалық құжаттар ретінде, орманда таксациялық жұмыстарды жүргізуден кейін құрылатын, ағаш егу жоспарларын және таксациялық сипаттауларын пайдаланады.

Орман таксациясы барысында орман шаруашылық сипаттамасымен қатар, орман қорын анықтауға,өнеркәсіптік түржиындарды шығаруға, қолданыс шарттарын анықтауға негізделетін, орманшаруашылықты бағалауды әрбір үлескеге береді. Таксациялық жұмыстарды жүргізуде сондай-ақ орманның су қорғанышты қорғау мәнін бағалайды және ауылшаруашылығын жүргізудің табыстылығына және жеке дақылдарды өсіруге орман алқабының және оның жеке бөліктерінің әсерін анықтайды.

Орман таксациясымен алынатын мәліметтерді жаңа зауыттар мен фабрикалардың кұрылысын экономикалық негіздеуге, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және реконструкциялауға, қайта салынатын көлік жолдарының бағыттарын және орындарың таңдауға, ағаш және қағаз өнеркәсібінің кәсіп орындарын капиталды жасауға, орман алқабының аумағында ағаш дайындауды орналастыруға, ағаш шабуларда ағаштардың рационалды бөлінуін қамтитын, әдістерді өңдеуге пайдаланады .

Орман таксациясы көптеген ғылыми пәндермен байланысқан жеке ағаштар мен бүтін екпе ағаштар өсуінің зандарын зерттеу мәселелерінде ол ботаникамен,дендрологиямен,ормантанумен тығыз жанасады;ормандардың әртүрлі өнімділігін анықтайтын , өсу орындарының шарттарын сипаттауға топырақтанудың мәліметтерін пайдаланады;жеке ағаш тауарларының немесе түржиындарының шығуын анықтау барысында таксация ,орман тауартану курсында қарастырылатын , материалдарға негізделеді;сүректін сапа сипаттамасына ол, сүректану және орман оритопатологиясы курсында қарастырылатын,сүрек ақауларын зерттейді, мәнді аумақтарды орман қорларын есептеу және шаруашылық қүндылығы бойынша оларды шектеуде геодезия мен аэрофототография бойынша білімдерін қажет.



Қазіргі уақытта, жерүсті тәсілдерінен басқа, орман таксациясында авияция және аэрофототүсірілім құралдары кең қолданылады.

Орман таксациясы орман құрылғысымен тығыз байланысқан.Орман құрылғысы оқылатын орман алқабында орман шаруашылығын ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін өңдеуге және орманды жан-жақтылы зерттеуге, оларды есептеуге бағытталған, шаруашылықты есептеулер мен әрекеттер жүйесі болып табылады. Орман құрылғысында құрылатын шаруашылықты жүргізу жоспары орман таксациясының мәліметтеріне негізделеді.

Ормандарды өнеркәсіпті игерумен байланысты орман таксациясының алдында үлкен мәселелер тұр. Шеткей көп орманды аудандарда ағаш дайындауды ұлғайту белгіленген. Мұндағы ормандар жеткіліксіз зерттелген. Жақын жылдарда, таксациялық техниканың жаңашыл жетістіктерін пайдалана отырып, оларда таксациялық жұмыстардын көлемін күрт ұлғайту қажет болып отыр.

Ағаштардың көлемін анықтауда екі жағдай болуы мүмкін: біріншісі, шабылған ағаштың көлемін табу қажет болғанда, екіншісі, өсіп тұрған ағаштың көлемін табу керек болғанда. Шабылған ағаштың көлемін анықтау тым оңай, оны бүкіл бойында тікелей өлшеуге болады. Әртүрлі биіктікте диаметрлерін белгілеу үшін өсіп тұрған ағаштың көлемін анықтау барысында басқа тәсілдерді қолдануға тура келеді, өйткені өсіп тұрған ағаштың бойында тікелей диаметрлерін өлшеу мүмкін емес.

Жаппай таксацияда көбінесе жеке ағаштармен емес, олардың жиынтығымен-екпе ағаштармен жұмыс істеуге тура келеді.

Қазіргі шарттарда орман таксациясының міндеттерін жалпы көлемді, немесе қорды, екпе ағашты табумен шектеуге болмайды.Бұл қорды ,шаруашылықта және өнеркәсіпте әртүрлі қолданысқа ие болатын, бөлшектерге шектеу қажет.Осындай шектеулерді жеке түр жиындардың шығуын анықтау деп атайды.

Орман шаруашылығында екпе ағаштардағы сүректің мөлшері,өсіп тұрған ағаштардың өлшемдері, немесе бүтін екпе ағаштардың және жеке ағаштардың өсу шамасы уақытта қалай өзгеретінін білу өте маңызды. Өсуді есептеу тәсілдерін зерттеу орман таксациясы курсының міндеттерін бірі болып табылады.

Орманды немесе оның таксациясын есептеуді көбінесе әртүрлі екпе ағаштармен жабылған, алаңдар мен жерлердің әртүрлі түрлерін қосатын, үлкен орман аумақтарында жүргізуге тура келеді.

Көбірек ұсақ шаруашылықты жеке бірліктерге үлкен орман аумақтарын немесе орман алқаптарын шектеуді, оларды шаруашылық қатынаста біртекті үлескерлерге және кварталдарға бөлуді, оларда сүрек қорларын және түржиындар шығымын есептеуді орман құрылғысында жүзеге асырады. Сондықтан осы мәселерді толық ашу «Орман құрылғысы» курсына міндетті болып табылады. Орман таксациясы келесі бөліктерге бөлінеді:


Таксациялық өлшеулер мен таксация тәсілдері ; I орман өнімінің таксациясы;II жаппай кестелердін көмегімен өсіп тұрған ағаштардың таксациясы ;III екпе ағаштардың таксациясы ;IV орманның есептеу және іріктеу таксациясы;V орманның түржиындары.VI сүрек өсуінің таксациясы;VII орман алқаптарының және орман қырқу қорының таксациясы.

Таксациясының мақсатына ағаштар бөлігінің жыл сайынғы өлуінде және қалғандарынан өсуінде өрнектелетін, сандық және сапалы өзгерістердің орманда жүруін белгілеуін және бағалау кіреді. Бұл биологиялық заң қозғалыс, даму үдерісі ретінде қарастырылады.

Жеке техникалық мәселелерді шешуде орман таксациясы осы пәннің ерекшеліктерінен шығатын, арнайы әдістемеге негізделген. Негізінен , орман таксациясында көпшіліктің қасиеттерін және заңдарын зерттейтін, вариациялық және математикалық статистика және ықтималдықтар теориясы қолданылады.

Таксациялық мәселелерді шешуде біз сол немесе басқа таксациялық шамалардың өлшемдерін немесе арнайы бақылауын жүргіземіз. Осындай бақылауларды тәжірибе немесе эксперимент деп атайды.

Бақылаулар қатарының жалпы қортындысы түйіндейтін қортындымен өрнектелуі мүмкін, ол математика тіліне аударғанда формула деп аталады.

Таксациялық жұмыстардың сапасы ормандарды есептеуде нәтижелердің әлдігімен бағаланады. Орман таксациясының нәтижелерінде қателіктер неғұрлым аз жіберілсе, орман құрылғысы өнімнің сапасы соғұлым жоғары болады, таксациялық жұмыстардың белгіленген көлемінде оларды, ең жоғары дәлдікті қамтитын, тәсілдермен орындау қажет болады.

Орманды жан –жақтылы есептеуге, орман өсіру үдерістерін бағалауға, шикізаттық ресурстарды анықтауға, ағаштардын және дайындалатын ағаш өнімінің көлемдерін анықтауға бағытталған технихалық, әрекеттерді орман таксациясы деп атайды.

Орман таксациясы ғылыми білімдердің кез келген облысы сияқты диалектика –матералистік әдістемені жетекшілікке алады. Орманды материалды бағалау мәселесіне келе отырып, оны ағаштардың басқа жинақталуынан кездейсоқ оқшауланғаны емес, барлық құрамдары-ағаштар, бұталар, шөпті өсімдіктері, топырақ- барлық құрамдары өзара органикалық байланысқан және бір-бірімен және қоршаған ортамен, яғни атмосферамен, топырақпен, жануарлар әлемінен белгіленген өзара әрекеттесуде болатын, өсімдіктердің жиынтығы ретінде өзара байланысқан бірыңғай тұтас ретінде қарастырылады.