Файл: Реферат таырыбы Дидактика жне жеке дістемелер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.12.2023

Просмотров: 141

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері

Дидактика тарихында оқыту мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат - жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат - ғылым негіздерін меңгерту, өмірге қажет нақты білімдер беру.

Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік құжаттарда белгіленген. Ол мұғалімнің сабақ жоспарларында нақтыланады.

Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:

• оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;

• оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру;

• білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;

• білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.

Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.

Оқыту процесінің бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырды. Оқу материалының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту.

Бірінші кезеңде оқу материалы қайталанады және оқушылар маған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты -алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.

Үшінші кезеңде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші:

• оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі;

• білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі.

Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бірінші ерекшелік. Оқыту мен оқудық бірлігі. Олардың біреуін өзгерту, екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында осы бөліктер арасында үйлесімді дидактикалық өзара әрекет болу керек.

Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы оқытудық нәтижелерін көтерудің негізгі жолдарының бірі.

Оқыту процесінің екінші ерекшілігі: оқыту және оқудық өзара байланысы аркылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне негіз болады.


Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде өту - оқытуды басқаруға қойылатын келесі талаптардың бірі.

Үшінші ерекшелік оқу ақпараттарын оқушылардың қалай қабылдасағанын, оны меңгеру нәтижесінде қандай ішкі процестер өтетінін, қандай жағдайлардың оқытуға ықпал ететінін бірден бағалауға болмайтындығында. Оқу процесінде жоспардан ауытқулар болуы мүмкін, оның алдын алу үшін мұғалім ең басты ұғымдарға назар аударады.

Оқытушы іс-әрекеті. Оқыту - оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. Оқытушының іс-әрекеті оқушымен тікелей де, жанама да байланыста жүзеге асырылады. Оқыту процесі оқу процесінің белсенділігін талап етеді. Бұл талапты орындау оқушылардың іс-әрекетін мұғалімнің ұйымдастыруына, бақылауына, өздігінен білім алуды жолға қоюына, өз мақсаты мен оқушы мақсатын сәйкестендіруіне байланысты. Оқытушы:

• оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және оқушыларға ұсынады.

• осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс әдістерін белгілейді.

• әрбір оқушының білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу- өндірістік жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады.

• оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді.

• оқытушы оқушылардың белсенділігін және саналылығын ынталандырады, білімнің және оқу іс-әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін талдайды, оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды.

Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті. Оқу мазмұны және мәнін зерттеген бихевиоризм, гешталыісихология, когнитивизм, іс-әрекет теориясы, гуманистік психология.

Оқу - оқушылардың танымдық іс-әрекеті.

Оқушының оқыту процесіндегі іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған.

Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен жұмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымымдық белсенділік, табандылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс-қимылдарды таңдау.

Оқу іс-әрекетінің өнімдері - білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-орекетінде тұлғаның барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.

Оқу іс-әрекеті мазмұн, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну.



Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім, іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау және талдау күшейтіледі.

Оқушылар жаттығуларды, үй тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындағаннан кейін меңгерілген оқу материалын қолдануға назар аударылады. Мұғалім оқушының фактілерді, анықтамаларды түсінгендігін тәжірибелік жұмыста білімді дұрыс қолдануынан көріп, оқыту мақсатына жеткендігі, білімнің, меңгерілгендігі туралы қорытынды жасайды.

Қорытындыларды шығаруға оқушылардың өздері де қатыстырылады. Сөйтіп, оқытудық соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі кемшіліктер анықталып, меңгерілген таңырыптармен және бөлімдермен одан әрі жұмыс істеу жолдары белгіленеді.

Мотив — оқу қызметінің маңызды бөлігі.

Оқу іс-әрекеті, мазмұны оқушыны оқуға итермелейді. Оқу-танымдық мотивтері (Д .Б.Эльконин) бар оқушы ақпараттармен шектелмей, әр пәндегі іс-әрекет тәсілдерін үйренуге тырысады.

Оқу танымын алға бастыратын жағымды себептер болып табылады. Танымға оқушының ыңыласы болу керек. Оған қалай қол жеткізуге болады? Педагогика ғылымы бұл сұраққа толық жауап берген жоқ. Іс-әрекеттің негізгі себептері - қажеттілік, қызығушылық.

Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды сабаққа қызықтырады. Болашақты ойлап пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, белсенділік, ата-аналарының алдындағы парыз баланың білім алуына себепші болады.

Мұғалімнен, "екіліктен қорқып оқу" жағымсыз қылыққа жатады.

Дидактикалық жүйелер уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың (1776-1841) дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Коменский (1592-1670) дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің әлементтері болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі дидактика негізінде пайда болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді.

Тәжірибеде оқытудық көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге пайдалануда.

Догматикалық оқыту- европада көп ғасырлар бойы өмір сүрді, оқушылар болмыс факті, құбылыстарын және олардың арасындағы байланыстарды дайын күйінде жаттады. Оқушылар бұл материалды есте сақтап, сөзбе сөз еске түсіруі керек болды.


Олардан білімді тәжірибеде қолдану талап етілген жоқ. Оқытудың бұл түрі механикалық естің дамуына көмектеседі, бірақ жеке тұлғаның ақыл-ойының өсуіне жағдай жасамайды. Қазіргі мектепте көп қолданылатын оқыту түрлері: түсіндіру - суреттеу, проблемалық, т.б.

Түсіндіру — суреттеу арқылы оқыту. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру және көрнекілік - мұндай оқытудық негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау - оқушы іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды қатесіз жаңғырту - негізгі талап және тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл оқытудық кең тараған түрі. Оны ғылыми негіздеген және сипаттаған неміс ғалымы И.Гербарт. Осы дидактикалық процесте оқытушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің кезеңдері мынадай болады:

Түсіндіру - суреттеу арқылы оқытудық жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім мен оқушылардың күшін саңтайды, оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді, процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. "Дайын" білімдер оқушыларды өз бетімен ойлауға үйретпейді, жеке оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады.

Сондықтан дидактикада, әсіресе XX ғасырда, өнімді (репродуктивтіктен өзге) ойлауға, шығармашылық ой дағдыларына үйрететін модельдерді іздестіру жүрді. Осылайша проблемалық оқыту пайда болады.

Проблемалық оқыту кезінде мұғалім ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады, оның барысында оқушылар жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп, жалпы қабілетін, зерттеу белсенділігін дамытады, шығармашылыққа үйренеді, оқу мен оқыту сипаты өзгереді. Оқушылар шағын зерттеу және шығармашылық-тәжірибелік жұмыстар мен айналысады. "Зерттеу" арқылыжаңабілімдер - факті, заңдылықтар, ұғымдар, принциптер, теориялар, («режелер, алгоритмдер қалыптасады.

Проблемалық оқыту процесі мынадай:

• Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.

• Мәселені шешу жолдарын - гипотезаларды ұсыну.

• Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру.

• Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді оқушылардың бұрынғы білім, іскерліктеріне қосу, оларды теория меп тәжірибе арқылы бекіту.

Мұғалім әр кезеңде басшы, оқуды ұйымдастырушы. Оқушылардың белсенділігі материалдық күрделілігіне, оқушылардың дайындықтары мен деңгейлеріне, жабдықтарға байланысты.

Мәселелі оқыту, меңгеру үшін мұғалім мәселелік жағдаят, мәселе, мәселелік міндет (тапсырма), гипотеза сияқты ұғымдарды жақсы білу керек. Мәселелік оқытудық маңызды кезеңі мәселелік жағдаят. Мысалы 1-сыныпта математиканың жаңа ережесін меңгеруді алып қарайық. Оқушыларға 2+6=? дегеп мысал беріледі. Қосу мен алу тәсілдерін білгендіктен, олар мұны қиналмай шығарады: 2+6 =8.


Оқушылардың бұрын оқып үйренген амал тәсілдерін ойдағыдай қолданатынына көз жеткізген соң, мүғалім енді басқа мысал береді: х+6 =9. Бірінші сынып оқушылары мұндай есепті шығарудың тәсілдерін әлі білмейді, сондықтан олар мұны бірден шығара алмайды. (Мәселелі жағдаят жасалды).

Мәселелік жағдаятқа енгізілетін оқу проблемалары қиын да, бірақ оқушылар шеше алатындай болу керек.

Мәселелік міндет ұғымының педагогикалық әдебиетте екі түрлі мәні бар. Біріншісі - оқушыдан танымдық іс-әрекетті талап ететін кез келген тапсырма, екіншісі - кез келген міндет емес, оқушыларды өздері үшін жаңа білімдер алуға ықпал жасайтын міндеттер.

Гипотеза жорамал - ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып санала алады. Гипотеза - проблеманы шешу тәсілі. Мысалы, бірінші мысалдағы есепті шығару үшін оқушылар жорамалдар ұсынады, яғни проблеманы шешу тәсілдерін іздейді, оны өздері табуға тырысады.

Дидактикада мәселелік оқыту көптеген түрлері жасалды: іскерлік ойындар, процестерді моделдеу (компьютер арқылы модельдеу) нақты жағдайларды талдау әдісі, ой майданы, эвристикалық әңгіме және басқалары.

Мәселелік оқытудық жақсы жақтары: өзіндік шығармашылық іс-әрекет арқылы өз бетімен білім алу, оқу еңбегіне деген қызығушылықтың жоғарылығы, өнімді ойдық дамуы, оқытудың берік және пәрменді нәтижелері.

Кемшіліктері: оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әлсіз басқарылуы, жобаланған мақсатқа жету үшін өте көп уақыттың кетуі. Сондықтан оны дидактикалық мақсаттарға сөйкес, басқа оқыту түрлерімен ұштастыруа қолдану керек. Бағдарламалық оқыту:

Бағдарламалық оқыту - тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі.

Бағдарламалық оқытудық негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама З бөлімнентұрады; оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу операциялары - тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары (кері байланыс), жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар.

Б. Скиннер (1904 ж. туған) жасаған линиялық бағдарламада оқу материалдары шағын бөліктеріге бөлінеді. Материалды меңгеру үшін берілген тапсырмадағы ақпаратты оқып, оқушы оның бос жерлерін бір немесе бірнеше сөздермен толтырады. Содан кейін жауабын бүған дейін жабың тұрған жауаппен тексереді, дұрыс жауап берсе ақпараттың келесі бөлігін оңиды, ал оқушы дұрыс жауап бермесе, онда ол ақпаратпен қайта жұмыс істейді.