Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 139
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бірізділік бағдарламаны сынау тармақты бағдарламаны жасауға әкелді. Оны жасаушы Н.А. Краудер оқу материалының бөліктері үлкен болу керек, өйткені, кішкене бөліктерді меңгеру жеткіліксіз, сондықтан тақырыптың мазмұнын терең және жан-жақты талдау керек деген.
Тармақты бағдарламада оқушы жауаптарды таңдайды, оған бгрілетін тапсырманың ішінде оның дұрыс, толық емес және дұрыс емес жауаптары болады. Одан оқушы дұрыс жауапты таңдады. Егер оқушы дұрыс жауапты таңдаса, онда ақпараттың кесесі бөлігіне өтеді. Егер жауабы дұрыс болмаса, онда оқушының не себепті қателескені түсіндіріледі де, оған басқа бағдаламамен жұмыс істеу тапсырылады.
Сонымен тармақты бағдарлама оқушылардың жауаптары және қателеріне қарай түрлі жолдармен материалды меңгертеді. Бірақ оның да кемшіліктері бар, оқушы көп жауаптың ішінен дұрысын аңғарып, қате жауаптарды таңдамауы мүмкін. Сыншылдардың пікірінше тармақты бағдарламаның өзі оқушыға материалды толық және жүйелі меңгертпейді.
Бағдарламалық оқытуды машина арқылы да, машинасыз да жүзеге асыруға болады. Арнайы оқыту бағдарламаларымен жұмыс істейтін қазіргі компьютерлерде оқушыларға арналған түрлі бағдарламалар бар.
Бастауыш мектеп мұғалімдері көбіне бағдарламалық оқытудың элементтерін долданады. Арнайы жасалған топшама-тапсырмаларда оны орындау алгоритмі көрсетіледі. Тапсырманы тексеру үшін карточка-трафареттер қолданылады.
Аралас бағдарламада ақпараттардың түрлі дозалары, проблемалық оқыту, оқушылардың жауаптары олардыңжеке ерекшеліктеріне икемделген. Оқушылардың жауап беру тәсілдері әр түрлі: әріп, сөздерден жауап құрастыру, жауаптарды шартты белгілермен белгілеу, берілген жауаптардан дұрысын таңдау.
Бағдарламалық оқытуға байланысты дидактикаға алгоритм ұғымы енді. Алгоритм дегеніміз - оқу материалымен жүйелі жұмыс істеу үшін оқушыға берілетін нұсқау.
Оқытуда алгоритмдерді қолдану оқушылардың іс-әрекетін қатаң басқаруға, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Бағдарламалау идеясының дамуы нөтижесінде блоктың, содан кейін модульдық оқыту пайда болады.
Модульдық оқыту - баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оны өз жұмысын жоспарлай, талдай, бақылай білуге үйретеді.
Технологиялық картаны мұғалім жасайды. Ол әдеттегі сабақ жоспарына ұқсайды. Онда тақырып, оған бөлінген сағат, оқыту мақсаты, жұмыстың түрі, оқу материалын, оқу жұмысы тәсілдерін меңгеру формалары көрсетіледі. Негізгі білімдер, тақырыпты оқу арқылы қалыптасатын жалпы оқу және арнайы іскерлік, дағдылар бөлінеді. Тақырыпты оқу нәтижесінде нені меңгеру керектігі көрсетіледі.
Мұндай карта жеке сабақтарға, бөлімдерге жасалады.
Модуль дегеніміз — мұғалім жасайтын оқушының оқу іс-әрекетінің жоспары.
Оны баспа әрпімен теріп сыныптың әр оқушысына береді. Бұл әдістемелік құралда оқушының әр сабақтағы оқу іс-әрекетінің, мақсаты, оқу тапсырмалары, оларды орындау әдістері көрстілген.
Модульдар арқылы мұғалім әрбір оқушымен жұмыс істейді.
Модульдық оқытудың сабақтан айырмашылығы жұмыс оқушының іс-әрекетінің мақсатын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушы " Нені үйрену керек?"- деген сұраққа жауап береді.
Келесі кезеңде оқушыны таңырыптың мазмұнын және оқу іс-әрекетін меңгеруге талаптандырады. Ол үшін графикалық диктант, шағын тест, интеллектуалдық сергітулер өткізіледі. Содан кейін ақпараттық блок: (мұғалім әңгімелеуі, дәріс, фильм, дипфильм, оқушылардың хабарламалары, оқулықтар оқу) беріледі.
Материалмен жұмыс: зертханалық жұмыстар, есептер шығару, проблемаларды шешу, сұрақтарға жауап, тапсырмалар орындау, т.б.
Модульдық сабақ мұғалімнің бақылаумен аяқталады, білім, дағдылар оқушының қатысуымен түзетіледі.
Модульдық оқыту түрінің міндетті элементі рефлексия (өзін, өзінің
іс-әрекетін бағалау). Әрбір сабақ соңында оқушылар сабақ мақсатына қаншалықты деңгейде жеткенін, өз жұмысын бағалайды.
Модульдық оқытуда оқушылардың білім іскерліктерінің бастапқы деңгейі анықталады, содан соң өткелі отырған тақырып бойынша ақпарат алады, материалдармен жұмыс істейді, білім, іскерлік бақыланады, түзетулер жүреді.
Дәстүрлі сыныптық-сабақтың жүйеде мұғалім барлық жұмысты істейді. Оқушылар негізінен тыңдайды және жауап береді. Модульдық оқытуда мұғалім оқытуды ұйымдастырушы. Ол оқыту процесін басқарады. Мұғалім кеңесші, оқушының көмекшісі, өз жұмысының кейбіреулерін оқушыларғабереді. Мысалы, мұғалім алдын ала бағалау өлшемін әзірлейді, сол бойынша оқушІылар өздерін және жолдастарын бағалайды. Мысалы, тақырып бойынша 24-26 ұпай алған оқушы "5", 21-23 ұпайлған "4", 17- 20 ұпай алған "3", 17-ден төмен "2" деп бағаланады.
Баспа әрпімен терілген модульмен жұмыс істеу үшін балалар жақсы жүргізіп оқи білу керек. Сондықтан модульдық оқытуды бастауыш сыныпта қолданудың керегі жоқ деген пікірлер де бар. Модульдық оқытуда сабақтың ұзақтығы 2 сағат, сабақтар жарты жылға жоспарланады.
Біліміне қарай саралап оқыту
Оқытудық барлық түрі, әсіресе бағдарламалық оқыту саралап оқытуға мүмкіндік береді. Саралап оқытуды қолданған мұғалім әрбір оқушының мүмкіндіктерін және талап-тілектерін тексереді. Саралап оқытудық мақсаты - оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын ояту. Саралап оқытуда оқыту мазмұны өзгертіледі, оқушыларға әдістемелік көмек беріледі.
Саралап оқыту үшін мұғалім оқушының оқу іс-әрекетіне, оқу материалын қабылдауға дайындығын тексеріп, жаңа оқу материалын меңгеру кезінде оқушы кездесетін қиыншылықтарды алдын ала біліп, оқушыларға, топқа тапсырмалар әзірлеп, оқытудың тиімділігін үнемі талдап отырады. Мұғалім келесі сабақтарда қандай жұмыс істелетінін біліп, саралап оқытуды жүйелі түрде қолданады.
Егер саралап оқыту жекелеген оқушыларға қатысты болса, омда ол жекелеп оқытуға айналады. Жекелеп оқыту үшін алдымен оның кімге керектігі анықталады, ол мектепте оқуға дайын емес немесе нашар дайындалған оқушыларға керек. Мектепте оқи бастаған балалардың арасында айырмашылық көп. Мұғалім әр оқушының жеке тұлғасын мұқият бақылап тестіден өткізіп, оқу мүмкіндіктерін анықтап, олардың жұмыс істеу тәсілдерін таңдап, ата-аналармен кеңеседі.
Әсіресе оқу қиынға түсетін оқушыларға ерекше назар аудару керек. Баланың оқуын қиындататын көптеген себептер бар.
Мектеп жасына келгенмен дамуында құрбыларынан 1,5-2 жыл кейін қалатындар бар.
Қозғалыс іскерлігі дұрыс қалыптаспаған оқушылар жаза алмайды, сурет салып, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасай алмайды. Дене тәрбиесі сурет, ермексазбен жұмыс, еңбек пәндерін меңгеруде үлкен қиыншылықтарға душар болады. Олардың нашар жұмыстарын өздеріне қайта жасатқанмен, ол өз дамуында артта қала береді. Баланың оқуына оның қозғалысының дұрыс дамымағандығы кедергі жасайды. Мұндай оқушылармен жеке жұмыс өте қажет, қозғалыстарын арнаулы жаттығулармен түзетіп, бұлшық еттерін жаттықтыру керек.
Кейбір оқушылардың кеңістік туралы түсініктері дұрыс дамымаған. Бұлардың ақыл-естері дұрыс, бірақ оларды санай білуге үйрету қиын. Әсіресе он санынан кейін санауға қиналып, геометриялық фигураларды көз алдарына елестете алмайды, жобалауға қабілетсіз. Осы қиыншылықтарды жеңу үшін оқушыларға түрлі бедерлер, есте қалған зат не құбылыс бойынша сурет салғызып, конструкторлардан түрлі заттар жасатуға болады. Бұл жұмысқа ата-аналар тартылады.
Есте сақтау қабілеті бұзылған оқушылармен де жеке жұмыс істеу керек. Бала материалды қайталай алады, бірақ қарапайым тақпақты, көбейту кестесін жаттай алмайды. Мұндай балаларға жеке бағдарлама жасалады, онда көрнекілікті және "тіректі" қолдану, қабілетін жаттықтыратын тәсілдер қарастырылады.
Дисграфия - дыбысты әріппен жазғанда танымау, сөздерді ңүрастырып, әріптерді жаза алмау. Дисграф балалар дыбыстарды шатастырып, сөздерді дұрыс айта алмайды. Бұл аурулық емес, ми қызметінің уақытша бұзылуы. Жеке жұмыс бұл мәселені шеше алады.
Дислекция - дыбысты қандай әріппен белгілеуді түсіне алмау. Мұндай қиындық тілі жай шыққан балаларда байқалады. Жалпы дамудың жеткіліксіздігі де баланың оқуда артта қалуының себебі болады. Денесі нашар дамыған балалар тез шаршап, жұмыс қабілетінің төмендігін көрсетеді. Денсаулығы нашар балалар шамадан тыс жұмысты тез сезеді. Оларға арнайы жасалған күн төртібі керек. Егер бала қалыпты мектепте оқыса, оған ерекше күн ырғағы, қысқартылған жұмыс графигі қажет.
Әр түрлі ауытқулары бар оқушылар саны азаймай отырғандықтан кейбір мектептерде теңестіру сыныптары, түзету топтары ашылған. Олардың жұмысы бала дамуына жақсы әсер етіп, ол біраз уақыттан соң қалыпты балалар оқитын сыныпта оқиды.
Жекелеп оқыту үшін сыньшта 20-30 оқушы болса, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес мұғалім 4-5 дифференциалдық топ құрады. Ондағы оқушылармен жеке және топтық жұмыстар жүргізіледі. Саралау тәсілдері:
• тапсырманың мазмұны барлық оқушылар үшін бірдей, бірақ жақсы оңитын оқушыларға тапсырманы орындау уақыты қысқартылады;
• тапсырма мазмұны бір, бірақ жақсы оқитын оқушыларға көп, күрделі тапсырмалар беріледі;
• тапсырма барлық сыныпқа бірдей беріледі, бірақ үлгерімі нашар оқушыларға тапсырманы орындауды жеңілдету үшін көмекші материалдар;
• сабақтың бір кезеңінде мазмұны әр түрлі, күрделілік деңгейі де әр түрлі тапсырмалар жақсы, орташа және нашар оқушыларға беріледі;
• тапсырманың бірнеше варианттарын оқушылар таңдайды. Бұл тәсіл көбіне материалды бекіту кезінде қолданылады.
Математика сабағында оқушыларға мынадай тапсырма беріледі: "Бірінші күні бақшаға 8 қатар алма ағашын отырғызды. Әрбір қатарда 6 алма ағаштары бар. 2 күні тағы да 4 қатарға 12 алма ағашын отырғызды. 2 күнде барлығы қанша алма ағашы отырғызылды?" Жақсы оқитын оқушылар белгіленген уақытта осы есепті, осыған ұқсас есепті шығарып немесе құрастырады. 2-топ өздеріне белгілі тәсілмен шығарады. 3-топ (үлгерімі өте нашар) есепті тірек сызба, мұғалімнің сұрағына жауап беру арқылы шығарады.
Тәжірибеде есепті шығару үшін мынадай саралау тәсілдері сынақтан өтіп, өзінің тиімділігін көрсетті:
• өздік жұмыстың бір вариантын жеңілдету және әрбір топқа күрделілігі 3 деңгейлі тапсырмалар беру;
• есептерді оқушылардың деңгейіне қарай беру; Математика сабағында жақсы оқитын оқушылар тапсырманы тез орындап, бос отырады. Тәжірибелі мұғалімдер оларға күрделі, қосымша тапсырмалар жазылған карточкалар әзірлеп әкеледі.
Саралап оқытуды қолданып, мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға жеңіл тапсырмаларды орындатып, жақсы оңитындарды тез қарқынмен оқыта бермейді. Мұғалім, бұл уақытша шара, саралау тәсілі тапсырма орындауға үйренгенше қолданылатынын оқушыларға түсіндіріледі.
Сонымен саралап оқыту барлық балаларды сапалы оқытуға көмектеседі. Сабақта саралап оқыту тапсырмалардың мазмұнын, орындалу уақытын өзгерту, мұғалімдердің жеке оқушыларға әдістемелік көмек беруі арқылы іске асады.
Топтық оқыту
Өзін-өзі оқыту - оқушы белгілі бір өздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді.
Өзара оқыту (жұптың оқыту) - оқушылар тұрақты жүпта немесе құрамы өзгеретін жүпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды.
Топтьщ бір тақырыппен жұмыс істеуі - топ ішіндегі оқыту. Оқушылар топтарға бірігіп, топішінде өзара әрекет жасап, жаңа материалды түсіндіріп, оны талқылап, өзінің іс-әрекетін бағалап, сөйлеуге әзірленеді.
Топтардың бір-бірін оқытуы - әртүрлі мәселені шешіп, іс-әрекет жасап жатқан топтар теоретиктер және эксперимент жасаушылар уақытша бірігіп, тәжірибе, ақпарат алмасып, мәселені талдайды.
Мұғалім рөліндегі оқушы - бір немесе екі оқушы бүкіл сыныпты оқытады.
Топтарды құру тәсілдері:
• формалды біріктіру - 2 партада отырған 4 оқушыны немесе бір қатарда отырған оқушыларды бір топқа біріктіру;
• оқушылар тобы құрамын мұғалімнің анықтауы. Беделді мұғалім топтын, тез құрылуына себепші болады;
• оқушылар сабаққа дейін өз еріктерімен 4-6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді;
• сынып немесе мұғалім алдымен белгілі бір өлшемдер бойынша болашақ топтың жетекшілерін таңдап, жетекші топтарға жеке оқушыларды қабылдайды. Мысалы, әрбір жетекші өз тобына шақыратын оқушының есімін атайды, ол келіссе жетекшіге келеді. Содан соң кезекпен келесі жетекші өз тобына оқушылар қабылдайды. Топтардың саны бірдей болуы керек:
• мұғалім өз тобына балалар қабылдайтын оқушыларды белгілейді, содан соң жасақталған топтарда жаңа топ жетекшілері слйланады
• мұғалім немесе оқушы тақырыптың негізгі сұрақтарының тіиімін тақтаға жазады. Әрбір оқушы өзіне тапсырма алып, сол тапсырма таңдаған тоіща кіреді. Егер топ үлкен болса, оларды шағын топтарға бөледі. Жасақталған топтың көшбасшысы сайланады.
• алдымен топтың жетекшісі сайланады, олар топтағы жұмыс үшін тапсырманы анықтайды, қалғандары тақырыптары белгілі топтардың ңүрамынакіреді. Тәсілдің тиімділігі беделді, үздік оқушылардың болуына байланысты.