Файл: исымбай мнайгазконденсат кен орны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қисымбай мұнай-газконденсат кен орны — Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 210 км жерде, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығысында орналсқан мұнай-газконденсат кен орны. Кен орны 1978 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

  • Тектоникалық тұз күмбезді құрылымнан тұрады. Тұз үстіндегі жыныстар кешенінің стратиграфиялық қимасында төменгі бор мен жоғарғы юраның шөгінділері мұнайлы.

  • Өнімді қабаттың төменгі бор кезеңіндегі мұнайлы валанжин қабаты жоғарғы юра кезеңінде газды келловей ярусы және газды мұнайлы қабаттары бөлінген.

  • Валанжин қабатының тереңдігі 1564 м, келловейдікі - 1710-1736 м.

  • Иірімдер қабаттың дөңдік Валанжин иірімдерінің биіктігі 23,6 м, келловейдікі 5,18 м.

  • Су мұнай жапсары - 1597,8-1756,1, газ-су жапсары 1740,1 м-лік белгіде жүргізілген.

  • Өнімді қабаттар терригендік таужыныстардан құралған коллекторлы кеуекті.

  • Мұнайға қаныққан қабатының қалыңдығы 2,7-10,5 м, газға қаныққан қабатының қалыңдығы 1,6-5,9 м.

  • Коллекторлардың ашық кеуектілігі 20,7-21%, өткізгіштігі 0,39-4,645 мкм2.

  • Мұнайға қаныққан коэффициенті 0,61.

  • Бастапқы қысымы 15,99-19,88 МПа, температура 60-61°С.

Құрамы

Мұнайдың тығыздығы 871-881 кг/м3. Құрамында:

  • Күкірт 0,89-0,94%

  • Шайыр 11,86%

  • парафин 0,51-3,84%

Газ құрамында:

  • Метан 61,68-72,34%

  • Этан 5,77-7,45%

  • Пропан 0,09-44,38%

  • Азот 12,17%

Тұрақты конденсаттың бастапқы мөлшері 96 г/м3, тығыздығы 871 кг/м3. Хлор-кальцийлі суының тығыздығы 1190-1120 кг/м3, минералдікі 182,0-277,5 аралығында.