Файл: Дрістік саба конспектілері 1 дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 213

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



С1 категориясының қорлары жерасты суларының кенорындарын барлау мақсатқа сәйкестілігін анықтау, сонымен қатар барлау жұмыстарын жүргізуге жоба жасау үшін пайдаланылады. С1 категориясының қорлары жерасты суларының кенорындарын пайдалануға тарту үшін негіз болып табылады. Бұл ең бірінші күрделі гидрогеологиялық жағдайдағы кенорындар. В категориясына қорларды ауыстыру үшін ақпарат алу үлкен және ақталмайтын шығындармен байланысты, сонымен қатар суға сұранысы үлкен емес объектілерді зерттеу кезінде (1000 м3/тәулікке дейін). С1 категориясының қорлары келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

- кенорны шегінде немесе оның учаскелерінде сутартқыштың жобалық схемасына және суға берілгенсұранысқа қатысты есептелуі тиіс;

- қорлардың есептеу кезінде қабылданған есептік өнімдердің сенімділігі жеке ұңғымаларды бұрғылау және жағдайдың күрделілігіне байланысты оларды қысқа уақыттық тәжірибелік және сынамалық сутартулар мәліметтеріне негізделген;

  • жерасты суларының пайдаланулық қорларының көздерін сутартқыштың қабылданған шарттық схемасына қатысты жерасты суларын тартуды қамтамасыз етуін бағалауға мүмкіндік беретін дәрежеде зерттелуі тиіс;

  • сутартудың есептік мерзімінде жерасты суларының сапасы және оның өзгеруі олардың мақсатына байланысты пайдалану мүмкіндігін анықтайтын дәрежеде зерттелуі тиіс;

  • сутарту жағдайы және оның қоршаған табиғи ортаға, жерасты және жер беті су көздеріне әсері жерасты суларын пайдаланудың мүмкіндігін және геологиялық-экономикалық мақсатқа сәйкестілігін дәлелдеу үшін, сонымен қатар табиғатты қорғау шараларының принциптік бағыттарын анықтау үшін жеткілікті дәрежеде зерттелуі тиіс.

С1 категориясының қорлары 1-інші және 2-інші топтағы кенорындары бойынша жеке барланған қазындыларды (выработок) фактілік сынамалау негізінде жобалық сутартқыштардың есептік өнімділігі бойынша есептеледі; күрделі гидрогеологиялық жағдайда (3-інші топтың кенорындары) пайдаланулық қорлардың анықталған қамтамасыз етілу шамасына жуық шекте тәжірибелік және тәжірибелік-пайдаланулық сутартулармен сынамаланған қазындыларды (выработок) фактілік сынамалау бойынша есептеледі.

С2 категориясының қорлары2 категориясының қорлары есептеуге іздеу жұмыстарының нәтижелері немесе жете зерттелген кенорынмен ұқсастық бойынша нәтижелер негіз болып табылады.

С2

категориясының қорларыбағаланған және барланған кенорындарда категориясы жоғары қорларға қосымша, іздеу-бағалау және барлау жұмыстары процесінде зерттелген кенорындарында есептелуі мүмкін. Сонымен қатар есептеулер жерасты суларының кенорындарын пайдалану мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді.

С2 категориясының қорлары келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • жерасты суларының кенорындарының барлық ауданы бойынша олардың есептік өнімділігі бойынша пайдаланудың шартты қорытындыланған схемаларға қатысты есептеледі;

  • жерасты суларының балансы бойынша есептеу;

  • гидрогеологиялық жағынан жете зерттелген аудандармен ұқсастығы бойынша есептелген;

  • жерасты суларының пайдаланулық қорларының қамтамасыз етілуінің жалпы шамасы шектерінде жоғарырақ категориялы қорларды экстрополяциялау бойынша есептелуі тиіс;

  • ұңғымалардың есептік өнімдері бірлік іздеу және карталау ұңғымаларын сынамалау нәтижелерімен дәлелденуі тиіс;

  • қорлардың қалыптасу жағдайлары зерттеліп отырған кенорны шегінде сутартудың потенциалды мүмкіндіктерін бағалауды қамтамасыз ететін дәрежеде зерттелуі тиіс;

  • жерасты суларының сапасы жеке сынамалар бойынша зерттелуі тиіс және олардың пайжалану мақсатының талаптарын қанағаттандырады;

  • сутарту жағдайы жерасты суларын пайдаланудың экономикалық тиімділігін және пайдалану салдарларының геологиялық-экологиялық бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін дәрежеде зерттелуі тиіс.

Р категориясының болжамдық ресурстары – сапасы және пайдалану мақсаты белгілі, шаруашылықтық пайдалану үшін келешекті бағаланған өнімдік горизонт шекарасынан алынатын жерасты суларының көлемі және жерасты суларының потенциальді мүмкіндігін сипаттайды. Болжамдық ресурстар жерасты суларының кенорындарын анықтау үшін келешекті территорияларда іздеу және барлау жұмыстарын жүргізу үшін негіз болып табылады. Болжамдық ресурстар аймақтық геологиялық-гидрогеологиялық, гидрологиялық, сулы-баланстық, гидрохимиялық және геофизикалық және геофизикалық зерттеулер нәтижелерін жерасты суларының қалыптасу жағдайлары туралы теориялық көріністер негізінде бағаланады.

Жерасты суларының пайдаланулық қорлары игерілу мен шаруашылықтық және экологиялық жағдайлары бойынша екі топқа бөлінеді: баланстық және баланстан тыс (ескерілмеген).


Баланстықдеппайдаланудың жерасты суларының мақсатқа сәйкестілігі геологиялық-экономикалық, технологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеулер нәтижелерімен дәлелденген қорлары айтылады. Осындай қорларды пайдалану мүмкіндігі табиғатты қорғау мәселелерін келісілетін және бақыланатын республикалық және территориялық ұйымдармен бекітіледі. Қорларды баланстыққа жатқызуға суға анықталған сұраныс және оның сапасының тұтынушы талабымен сәйкестігі негіз болып табылады.

Баланстан тысдепбағалануы кезінде пайдаланылуы мақсатқа сәйкес емес болып табылатын жерасты суларының қоры айтылады. Мақсатқа сәйкес болмау себептері сутартқыш жобасына байланысты емес және келесідегідей болуы мүмкін:

  • техникалық-экономикалық (әлеуметтік-экономикалық конъюнктураның өзгеруі және т.б.);

  • технологиялық (алдын-ала суды дайындаудың тиімді технологиясының болмауы);

  • экологиялық (табиғатты қорғаулық шектеулер, жер беті ағысын реттеу қажеттігі).

Баланстан тыс қорлар егер оларды пайдалануға кезекті тарту мүмкіндігі болған жағдайда есептеледі және ескеріледі.

Жерасты суларының кенорындарын кәсіпорындық игеру А және В категориялары бекітілген жағдайда, ал күрделі гидрогеологиялық немесе кішігірім суды тұтыну жағдайларында С1 категориясы жіберіледі.

Жерасты суларының кенорындары әрі қарайғы геологиялық зерттеулер немесе қорларды есептеу материалдарының мемлекеттік экологиялық қорытындысы оң болған кезде, рұқсат етілетін құжаттар болған кезде және жоғарыдағы мемлекеттік ұйымдармен келісім болған жағдайда игеру үшін жер қойнауын пайдаланушыға беріледі.

Мемлекеттік геологиялық экспертиза келесі жағдайларда қайтадан жүргізіледі:

1) геологиялық – барлау жұмыстарының мәліметтері бойынша қорларды бір категориядан екіншіге ауыстуры (мысалы, ашылған кенорнында барлау нәтижелері бойынша С1 категориясынан В категориясына);

2) суды тұтынудың есептік мерзімі аяқталғаннан соң пайдалану мәліметтері бойынша;

3) барлау немесе пайдалану процесінде кенорнының кәсіпорындық бағасына және лицензия шартын бұзатын қосымша табиғи, экономикалық немесе экологиялық факторларды ашу;

4) су шаруашылықтық, санитарлық және экологиялық жағдайдың қорларды есептеу кезеңінде өзгеруі кезінде;

5) баланстан тыс қорлардың баланстыққа ауыстырылуы;

6) экспертизамен бұрын қабылданған қорлардың бекітілмеуі;

7) өндіріліп жатқан кенорындарында бекітілген қорлардың қосындылық шамасынан сутартудың 20 %-ке асып кеткен жағдайда;


8) жерасты суларының сапасына стандарты немесе техникалық шарттардың талаптарын, олардың пайдалану мақсатының өзгеруін, кондицияның қайтадан қарастырылуы.

Жерасты суларының игерілген кенорындарында олардың күйлерінің мониторингісі жүргізілуі тиіс.

Жерасты суларының пайдаланулық қорларын есептеу нәтижелері ҚР ҚМК және ТКЗ-ға жерасты суларының қорларын есептеу материалдарының мазмұны, рәсімделуі және көрсету реті туралы инструкцияға сәйкес рәсімделеді.

Негізгі әдебиет: (3 нег.[164-171])

Қосымша әдебиет: (4 доп.[135-140])
Бақылау сұрақтары:

  1. Пайдаланулық қорлар категориясына олардың зерттелу дәрежесі бойынша сипаттама беріңіз.

  2. Жерасты сулараның игерілген қорларын сипаттаңыз.

  3. Жерасты сулараның бағаланған қорларын сипаттаңыз.

  4. Жерасты сулараның қандай қорлары баланстық деп аталады?

  5. Жерасты сулараның қандай қорлары баланстан тыс деп аталады?


13-дәріс. Жерасты суларының кенорындарын іздеу-барлау жұмыстарының әдістемесі. Өзен аңғарларындағы, ысырынды конустардағы жерасты суларының кенорындары

Мазмұны: Гидрогеологиялық зерттеулер жерасты суларын пайдалану мақсаттарына және жұмыстарға байланысты (мысалы, сумен қамтамасыз ету, суару, теплофикация үшін) өзіндік ерекшеліктерге ие болады, оларды жете қарастыру керек.

Сумен қамтамасыз ету мақсаттары үшін гидрогеологиялық зерттеулердің әдістемесі арнайы әдебиетте толық және жете қарастырылған, сондықтан бұл жерде де толық қарастырылады. Одан басқа, сумен қамтамасыз етумен байланысты гидрогеологиялық зерттеулер практикада жиі кездеседі және қарастырылып отырған әдістеменің негізгі жағдайлары басқа мақсаттар үшін гидрогеологиялық жұмыстардың кішігірім корректировкаларымен қолданылуы мүмкін.

Сумен қамтамасыз ету үшін гидрогеологиялық зерттеулердің көлемі келесілерге байланысты:

- зерттеу басталғанға дейін белгілі болатын суға сұраныс көлеміне. Сұраныс кішігірім болған жағдайда зерттеулердің аз көлемін, ал сұраныс ұлғайған уақытта сіңіп сүзілу су жинағыштарын орнату кезінде жерасты суларын да, жерүсті суларын да зерттеумен гидрогеологиялық жұмыстардың толық комплексін жүргізу талап етіледі;

- сумен қамтамасыз етуге таңдалған су көздерінің сипаты мен типіне. Гидрогеологиялық зерттеулердің көлемі мен сипаты грунтты және терең артезиан суларын, кеуектік жарықшақтық суларды, карсталған ізбестастардағы және тектоникалық жарылыстар зоналарындағы суларды зерттеу кезінде өзгереді;