Файл: Дрістік саба конспектілері 1 дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 214

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- жерасты суларын зерттеу немесе пайдалану сатысынан.

- ауданның гидрогеологиялық жағдайларының күрделілігіне. Аудан күрделі болған сайын оны зерттеу үшін зерттеудің көлемі де ұлғая түседі. Аудан қарапайым болған жағдайда осындай жетелілікпен материалдарды гидрогеологиялық жұмыстардың аз көлемімен алуға болады;

- геологиялық және гидрогеологиялық жағынан ауданның зерттелу деңгейіне. Егер аудан белгілі бір деңгейде зерттелсе, онда зерттеу жүргізуді қайталаудың керегі жоқ. Оларды қолда бар материалдарды ескеріп жалғастыру керек.

Зерттеулер тәсілін дұрыс таңдау үшін және артық шығынды тоқтату үшін гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі бір кезектілікті сақтау керек, яғни кезектілікпен зерттеу принципін қолдану керек.

Сумен қамтамасыз ету мақсаттары үшін жерасты суларын зерттеу кезінде жерасты суларын зерттеудің келесі сатылары қолданылады:

- жерасты суларының болжамдық қорларын аймақтық бағалау;

- жерасты сулары кенорындарында іздеу-барлау жұмыстары;

- жерасты суларының анықталған кенорындарын барлау;

- зерттелген кенорнын пайдаланулық барлау.

Іздеу-барлау сатысының басты мақсаты болып сапасы талапқа сай жерасты суларының көлемі жеткілікті келешекті аудандарын (учаскелерін) анықтау және анықталған жаңа кенорнын бағалау табылады.

Сумен қамтамасыз ету көздерін іздеу ауданы экономика жағынан суды тұтынушы объектіге жақын әдетте тұтынушыдан 10-15 км, сирегірек 30-50 км және өте сирек 100 және одан да көп таңдалады.

Зерртеудің бұл сатысында жұмыстар іздеу-түсіру тәсілімен жүргізіледі, соның ішінде: ұсақ және орта масштабты гидрогеологиялық түсірім, геофизикалық зерттеулер, геоботаникалық тәсіл көмегімен іздеу, ұңғыманы бұрғылау, жерасты суларын сандық және сапалық сынамалаумен. Барлық осы зерттеулер түрлері жоғарыда қарастырылған және бұл жерде жете қарастырылмайды.

Жерасты суларының жаңадан анықталған кенорнын бағалау геологиялық құрылыс пен гидрогеологиялық жағдайды анықтаумен, кенорны ауданында сутарқышты орныластыру үшін келешекті учаскені таңдаумен, жерасты суларының пайдаланулық қорларын С1 и С2 категориялары бойынша бағалаймен, пайдалану процесінде қоректену көздерін анықтау, әрі қарайғы барлау жұмыстарының жүргізудің экономикалық мақсатқа сәйкестілігін дәлелдеумен.

Барлау сатысында жұмыстар іздеу жұмыстарына қарағанда аз ауданда, бірақ үлкен жетелілікпен жүргізіледі. Кенорны шекарасына түспеген аудандар бұл жерде зерттелмейді.


Жұмыстар бұрын жүргізілген барлау тәсілдері арқылы жүргізіледі, соның ішінде: ірі масштабты гидрогеологиялық түсірме, ұңғымаларды бұрғылау, сынамалық және тәжірибелік сутартулар, режимдік бақылаулар, геофизикалық жұмыстар, үлгілеу, баланстық-гидрометриялық жұмыстар арқылы.

Барлауды дұрыс жүргізу үшін профильдер және олардағы жеке ұңғымалар арасындағы қашықтықты таңдау үлкен маңыздылыққа ие болады.

Профильдердегі ұңғымалар арасындағы қашықтықтарды қарапайым гидрогеологиялық жағдайлар кезінде болашақ пайдаланылатын таңдаулар арасындағы 3-4 есе қашықтыққа тең деп алу керек. Барлау профильдері арасындағы қашықтық профильдердегі ұңғымалар арасындағы қашықтықтан 2 есе үлкен болып алынуы мүмкін.

Барлау міндеттері болып табылады:

- жерасты суларының пайдаланулық қорларын В, С1 және С2 категориялары бойынша бағалау;

- сужинағыш ғимараттарын жобасын және құрылысын анықтау үшін қажет мәліметтерді алу;

- болашақ пайдалану мерзімінде жерасты суларының сапасын болжап бағалау және санитарлық қорғау зонасының гидрогеологиялық анықтамасы.

Барлау болашақ сутартқыш орналасатын учаскеде жүргізіледі. Осыған байланысты барлық жұмыстар белгіленген сутартқыштың схемасын қатал есептеу арқылы жүргізіледі және барлау ұңғымаларының орналасу сипаты осы схемамен алдын-ала анықталған.

Барлау процесінде барлау, барлау-пайдаланулық, бақылау және режимдік ұңғымалар бұрғыланады. Барлау -пайдаланулық ұңғымаларының диаметрі пайдаланулық қазындыларының жобалық диаметріне сәйкес келуі тиіс. Барлау ұңғымаларының диаметрі олардан тәжірибелік сутартуларды жүргізу есебінен алынады. Бақылау ұңғымалары ең кіші диаметмен бұрғыланады, бірақ сүзгі орнату және ондағы деңгейдә өлшеу мүмкіндігі ескеріле отырып.

Ұңғымалардың конструкциясы және оларды бұрғылау тәсілдері сулы горизонттардың жеке сынамалануы мүмкіндігін және ең сенімді гидрогеологиялық сипаттамаларды алуды қарастыруы керек. Ұңғымалардан тәжірибелік және тәжірибелік-пайдаланулық сутартулар жүргізіледі, олар жалғыз, шоғырлық немесе топтық болуы мүмкін.

Барлау нәтижелері бойынша пайдаланулық қорларды В, С1 және С2 категориялары бойынша есептеу жүргізіледі.

В категориясына сутарту кезінде алынған өнімге тең қорлар жатады. Қарапайым гидрогеологиялық жағдайда және жақсы толтырылу кезінде В категориясына сутарту кезінде деңгей 1,5-2 есе төмендеген кездегі өнімдерді экстрополяциялау жолымен алынған (гидравликалық тәсіл) қорлар жатады. Осыны ескеріп қарапайым жағдайда сутартқышты барлау кезінде ұңғымалардан жалпы сұраныстан 20 – 25 % мөлшерінде су ала отырып бұрғылауға және сынамалауға болады. Орташа гидрогеологиялық жағдайда есептік сұраныстың 50 %-ін сутартумен (В категориясы) және 50 %-ін гидравликалық немесе гидродинамикалық тәсілдермен есептеу бойынша алынуы тиіс.



Барлау процесінде В категориясы бойынша қорларды анықтау мақсатқа сәйкес емес өте күрделі гидрогеологиялық жағдайларда сутартқыш құрылысы С1 категориясының қорлары негізінде жіберіледі. Осыған қарамастан, бұл жерде болашақ сутартқыштың барлық ұңғымаларын бұрғылау және сынамалау талап етіледі.

Барлау кезінде су сапасының пайдалану кезінде төмендеу мүмкіндігіне және санитарлық қорғау зонасын гидрогеологиялық негіздеуге басты назар аударылады.

Пайдаланулық барлаужұмыс жасап тұрған сутартқыштың жұмысына жүйелік бақылау жүргізумен қорытындыланады. Бұндай кезде кенорны туралы минималды шығын кететін аса бағалы мәліметтер алынады. Пайдалану барлау кезіндегі сутартумен салыстырғанда аса ұзақ мерзімде және сутарту үлкен көлемде жүргізілетін болғандықтан сулы горизонт туралы алынған мәліметтер аса дәл және сенімді болып табылады.

Берілген кенорнының суларын пайдалану тәжірибесін зерттеу келесі мәселелерді орындауға мүмкіндік береді:

- табиғи режимнің пайдалану әсерінен өзгеруін анықтау;

- бұрын орындалған есептеулердің дұрыстығын тексеру;

- пайдаланулық қорларын жоғарғы категорияға ауыстыру;

-санитарлық қорғау зонасын анықтаудың дұрыстығын тексеру;

- жұмыс жасап тұрған сутартқышты кеңейту және қалпына келтіру үшін гидрогеологиялық негіздеу;

- пайдаланудың рационалды режимін болжау;

- гидрогеологиялық жағдайлары ұқсас басқа барланған кенорындарының алынған мәліметтерін пайдалану.

Жұмыс жасап тұрған сутартқыштың барлық келесі мәселелерін шешу үшін режимді зерттеу бойынша жүйелік және жоспарлы жан-жақты бақылаулар ұйымдастырылуы тиіс:

- сутартқыш ұңғымаларындағы және құбырлық ұңғымалардағы динамикалық деңгейлердің;

- жеке ұңғымалардың және қосындылық сутарту өнімдерінің;

- төмендеу шұңқырының дамуының;

- жер беті суларының;

- жерасты суларының сапасының және температурасының;

- сонымен қатар санитарлық қорғау зонасын зерттеудің.

Барлық осы режимдік бақылауларды жүргізу үшін бақылау торларын салу және барлық пайдаланулық және бақылау ұңғымаларына сәйкес өлшегіш жабдықтарды қондыру қажет болады.

Сутартқыш учаскесінде режимдік бақылаулар төмендеу қалыптасуы мүмкін аудан шегінде, сонымен қатар одан тыс табиғи гидрогеологиялық режимді бақылау үшін жүргізілуі тиіс.

Режимдік торды орнату тереңдігі пайдаланудың соңындағы динамикалық деңгейдің минималды жағдайын ескерумен анықталады.


Бақылау нәтижелері жыл сайынғы отчет түрінде тұрақты өңделіп және безендірілуі тиіс. Сулардың жату тереңдігінің гидрогеологиялық, гидроизогипс карталары, сулардың сапасының карталары әртүрлі кезеңдерде даталанған болуы тиіс. Пайдаланулық барлауға кеткен шығын өте төмен, ал алынған нәтиже аса жоғары.


Ысырынды конустардың жерасты суларыысырынды конустардың құрылысы сияқты өзінің ерекшеліктеріне ие болады, соның ішінде:

- ысырынды конустардың шөгінділері көлденең де, тік бағытта да әртекті механикалық құрамды борпылдақ шөгінді жыныстармен құралған;

- барлық ысырынды конустар үшін көлденең белдемділік сипатты. Терең жату белдемі, сүйірлену белдемі, қайтадан бату облысы бөлінеді;

- ысырынды конустарда коллекторлық қасиеттері жоғары құмды-қиыршықты қалық қалыңдығының болуы жерасты суларының сыйымдылық қорлары үлкен жерасты суқоймасын түзеді;

- жерасты суларының қоректенуі жер беті ағысының қарқынды жұтылуы есебінен (қоректенудің жалпы шамасынан 50 – 60 %-ке дейін), суару суларының сіңуі есебінен (15 – 25 %), атмосфералық жауын-шашынның сіңуі есебінен (9 %) және таулы массив жағынан жерасты ағысы есебінен (8 – 14 %) жүреді;

- жерасты суларының сапасы шыңнан перифериге қарай минералдылықтың ұлғаюымен көлденең белдемлікке байланысты.

Ысырынды конустардың көрсетілген ерекшеліктерін ескере отырып гидрогеологиялық жұмыстардың белгілі бір бағыты болуы тиіс.

Іздеу-бағалау сатысында барлық фактілік материал жиналады және оларды талдау жүргізіледі Зерттеу нашар болған кезде 1:25 000 – 1:100 000 масштабтағы гидрогеологиялық түсірме жүргізіледі. Ысырынды конустардың осьтік бөлігі бойынша таудан жазыққа қарай тереңдігі 100-200 м, сынамалық белдемді сутартулар жүргізілетін 3-4 ұңғымадан тұратын көлденеңдік қазылады. Жерасты суларының режиміне бақылау және баланстық-гидрометриялық зерттеулер жүргізіледі.

Сосын ұңғымалардың бұрын салынған профиліне перпендикуляр ара қашықтықтары 500-ден 2000 м-ге дейінгі 3-4 ұңғымадан тұратын көлденеңдік бұрғыланады. Барлық ұңғымалардан сынамалық, ал суы молдардан тәжірибелік сутарулар жүргізіледі, режимдік және баланстық-гидрометриялық зерттеулер қоректену шамасын анықтау үшін жалғастырылады. Жоғарғы және төменгі ағыстарда жер беті ағыстарының шығындары ұқыппен өлшенеді, сонымен қатар сүйірлену зонасындағы бұлақтық ағыс зерттеледі.

Іздеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде алынған материалдар бойынша баланстық теңдеуді құрастыру жолымен жерасты суларының табиғи ресурстары анықталады.

Барлау жұмыстары сутартқышты орналастырудың жобалық схемасына ұқсас жүргізіледі. Сутартқышты сүйірлену белдемінен бірнеше есе жоғары орналастырған жөн. Әдетте бұрғыланған (орнатылған) барлау-пайдаланулық ұңғымалары В категориясы бойынша судың талап етілген мөлшерінің 50 %-не жуығын беруі тиіс. Барлық ұңғымаларда тереңдік бойынша сүзілу қасиеттерін анықтау үшін геофизикалық зерттеулер жүргізіледі және ұзақтығы бірнеше тәулікке созылатын төмендеуі максималды болатын тәжірибелік сутартулар орындалады. Қабаттың параметрлерін нақты анықтау үшін 2-3 тәжірибелік шоғыр ұйымдастырылады. Пайдаланулық қорларды нақтылау сутартқыштың өнімділігін гидродинамикалық тәсілмен есептеу жолымен және баланстық тәсілмен есептелген пайдаланулық қорлармен салыстыру жүргізіледі.