Файл: Дрістік саба конспектілері 1 дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 209

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тектоникалық бұзылыстар белдемінің жерасты сулары гидрогеологиялық зерттеулер кезінде ескерілуі тиіс келесі ерекшеліктермен сипатталады:

- олар үгілу, брекчиялану, тектоникалық бұзылыстар белдемдерінің таужыныстарына байланысты жіңішке ағыстарына қатысты сызықты-созылыңқы пішінде жатады. Осыған байланысты жерасты суларының таралуы жергілікті сипатқа ие болады;

- карбонатты жыныстар сумолдылығымен, жиі карсталған жыныстар азғана сулылығымен ерекшеленеді, интрузивті жыныстарда, құмтастарда одан да аз және тақтатастар, эффузивтер, мүйізтастар мүлдем нашар суланған;

- таужыныстары әртүрлі бағыттағы сүзілу анизотропиясына (әртектілікке) ие болады;

- жарықшақты сулардың таралу тереңдігі біршама үлкен (жүздеген метрге дейін);

- сулар көбінесе грунтты, сирегірек нашар арынды;

- қоректену облысы суды сиыстыратын таужыныстарындағы тектоникалық бұзылыстар белдемі бойымен орналасқан;

- негізгі қоректену көзі болып атмосфералық жауын-шашын, өзендерден сүзілу ағындары, суды нашар өткізетін, тектоникалық белдемдер борттары бойынша жатқан таужыныстарынан бүйірлік құйылыс табылады;

- тектоникалық белдемдердің табиғи қорлары әдетте онша үлкен емес. Кенорнында көбінесе табиғи ресурстар қалыптасады.

Берілген сипаттамаға сәйкес гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Іздеу-барлау жұмыстары әрі қарайғы зерттеулер үшін кенорнының келешегін анықтауы тиіс. Бұл үшін қолда бар материалдарды жинау мен телдау, 1:50 000 масштабында түсірме жүргізу, геоботаникалық бақылаулар, геофизикалық жұмыстарды (электрлі кескіндеу және ВЭЗ) жүргізу, картаға түсірілетін ұңғымаларды бұрғылау (ұңғымалар арасында 0,5-2,0 км қашықтық кезіндегі тектоникалық белдемнің созылуын кесіп жатқан бірнеше көлденеңдіктері бар бойлық оқпан), барлық ұңғымалардан ұзақтығы 1-2 тәулікке созылатын тәжірибелік сутарту, гидрометриялық жұмыстарды, жерасты суларына режімдік бақылаулар жүргізу. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша келешегі зор учаске алынады, сутартқыш схемасы белгіленеді. Барлаулық ұңғымалары 500 – 800 м тығыз тор бойынша бұрғыланады. Олардың тереңдігі 50-80 м, сирегірек 100-120 м. Тәжірибелік сутартулар жеке ұңғымалардан да, шоғырдан да әртүрлі бағыттардағы таужыныстарының сүзілу қасиеттерін зерттеу үшін жүргізіледі. Сүзілу қасиеттерінің өзгеруін зерттеу үшін қимада белдемдік сутартулар жүргізіледі. Өнімнің қисықтарын кезекті гидравликалық тәсілмен экстропояциялау үшін сутарту 2-3 төмендеулерде жүргізіледі.


Барлау барлаулық-пайдаланулық ұңғымаларды бұрғылаумен бірге жүргізіледі және олардан қажеттілікке қарай ұзақтығы 1,5 – 4,5 айға созылатын тәжірибелік-пайдаланулық шоғырлық және топтық сутартулар жүргізіледі. Ұңғымалардың өзара әрекеттесу дәрежесі анықталады. Барлық бір уақытта жұмыс жасайтын ұңғымалардың қосындылық өнімі 50 – 70 %-тен аз емес, ал кейде күрделі жағдайларда сұраныстық пайдаланулық шығыннан 90 – 100 % құрайды. Пайдаланулық қорлар гидравликалық және баланстық тәсілдермен есептеледі. Баланстық тәсілдер үшін судың қабатқа түсуі туралы мәліметтер пайдаланылады, яғни қорлардың болтырылуы анықталады.

Өзен аңғарларының жерасты суларысумен қамтамасыз етудің маңызды көздерінің бірі болып табылады, сол себептен оларды пайдалану мүмкіндігіне басты назарды аудару керек.

Өзен аңғарларына байланысты сулы горизонттар сипаттамасы келесідегідей:

- сусиыстырушы таужыныстары болып коллекторлық қаситтері жоғары борпылдақ шөгінді таужыныстары табылады;

- таралу облысының ұзындығы енімен салыстырғанда тыс ұзын;

- жылғалық ағысының болуы;

- сулы горизонтта еркін бетінің болуы, сирегірек жергілікті кішігірім арын болуы мүмкін;

- жерасты суларының кішігірім жату тереңдігі;

- алювийлі ағынның қалыңдығы бірнеше ондаған метрден жүздеген метрге дейін;

- грунтты сулардың режимі өзен режимімен байланысты;

- қоректену өзен суларының сіңуі, түпкі жыныстардың суларының жасырын арылуы және жауын-шашын суларының сіңуі есебінен жүреді.

Келтірілген сипаттамаға байланысты өзен аңғарларының грунтты суларының гидрогеологиялық зерттеулері келесі сипаты келесідегідей болады.

Іздеу – барлау сатысында 1:25 000 – 1:50 000 масштабында гидрогеологиялық түсірме жүргізіледі. Ол тек қана аңғар учаскесін ғана емес, сонымен қатар түпкі жағалауларды да қамтиды. Түсірме бір-бірінен 3-4 км қашықтықта қалатын, көлденеңдік бойынша орналасқан ұңғымаларды бұрғылаумен қатар жүргізіледі. Ұңғымалар ұзақтығы 3 сменадан аспайтын тәжірибелік сутартулармен сынамаланады. Геофизикалық жұмыстар палеозой іргетасының терең жатуы және қалың алюви кезінде жүргізіледі. Өзен туралы гидрологиялық мәліметтер қоректенудің негізгі көзі ретінде ұқыппен жиналады. Осы саты барысында ең келешекті учаске алынады, ондағы кейінгі жұмыстар бір-бірінен 0,5-1,0 км қашықтықта қалатын көлденеңдіктер бойынша барлау ұңғымаларымен бұрғылаумен аяқталады. Көлденеңдіктердегі і ұңғымалардың арақашықтықтары 300-500 м. Ұңғымалардың тереңдігі алювидің тереңдігімен анықталады, бірақ 100 м-ден асуы сирек. Ұңғымалар ұзақтығы 5-8 тәулікке созылатын ең төменгі төмендеумен тәжірибелік сутартулармен сынамаланады. Гидрогеологиялық және режимдік бақылаулар жалғасады, жерасты және жерүсті суларының өзара байланысын анықтау бойынша тәжірибелік жұмыстар жалғасады.



Өзендердің грунтты сулармен гидравликалық байланысы дәрежесіне байланысты аңғарлардың екі типі бөлінеді:

- өзен және жерасты суларының өзара байланысуының қарқынды түрімен;

- жылғаның лайлануымен пайда болған өзара байланысудың қиындатылған түрімен.

Бірінші типтің аңғарларында өзен бойымен сызықты түрде орналастырылған өзара байланыстағы ұңғымалардың инфильтрациялық сутартқыштарын орналастыру ұсынылады. Олар негізінен сіңіп сүзілген өзен суларымен қоректенеді, табиғи ресурстар мен қорлар екінші дәрежедегі ролді атқарады және анықталмауы да мүмкін.

Екінші типтің аңғарларында жылғалық ағынды бөгеп ұстау үшін оңтайлы көлденең сутартқыштарды орналастыру ұсынылады. Бұл кезде негізінен табиғи ресурстар пайдаланылады және табиғи қорлар біршама азаяды. Жасанды қорларды жылғаға бұрғыланған сужұтатын ұңғымалардың көмегімен жүргізуге болады. .

Барлау кезінде барлау-пайаланулық ұңғымалары көлденең немесе бойлық қатар түрінде бір-бірінен 200-300 м және өзеннен алювилі шөгінділерге сумен бірге сазды бөлшектердің сорылуы есебінен сулы горизонттың лайлануын болдырмау үшін жағадан 75-100 м-ден кем емес қашықтықта орналастырылады. Барлық ұңғымалар тәжірибелік жалғыз сутартулармен сынамаланады, ал 2-3 ұңғымадан шоғырлық сутартулар жүргізіледі.

Техникалық-экономикалық есептеулергидрогеологиялық зерттеулер кезіндекелесі мәселелерді шешу үшін орындалуы тиіс:

- ең тиімді жан-жақты гидрогеологиялық зерттеулерді анықтауды;

- гидрогеологиялық зерттеулердің экономикалық тиімділігін анықтауды;

- сумен қамтамасыз етудің сумен қамтамасыз ету көздері, ұңғымалардың орналасу схемасы және сандары, сутартықштың орналасу орындары және т.б. бойынша ерекшеленетін альтернативті варианттарын қарастыруды;

- кенорнын пайдаланудың тиімді вариантын орындауды.

Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың альтернативті варианттарын техникалық-экономикалық бағалау олардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтаумен тұжырымдалады, олар нақты және салыстырмалы болуы мүмкін.

Сумен қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырудың мақсатқа сәйкестілігін анықтау керек болған жағдайда нақты көрсеткіштерқолданылады (жерасты суларының кенорындарын өнеркәсіптік меңгерудің мақсатқы сәйкестілігін анықтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің соңғы вариантының көрсеткіштерін анықтау кезінде және т.б.).

Қатынасты немесе салыстырмалы көрсеткіштер жобаланатын шаралардың бірнеше варианттарын салыстыру және ең тиімдісін таңдау кезінде қажет.


Салыстырмалы көрсеткіштерді бағалаудың бірнеше тәсілдері мен әдістері бар (варианттарды салыстыру):

-экономикалық тиімділік коэффициенті бойынша;

- келтірілген шығындар бойынша.

Гидрогеологиялық зерттеулерді, жеке алғанда жобалау кезінде сумен қамтамасыз етудің ұйымдастыру үшін де, іздеу-барлау жұмыстары бойынша шаралар комплексін жүзеге асыру кезінде де жұмысты орындаушылар келесі қателерді жібереді:

- жұмыстың сатылылығын бұзу;

- зерттеуді жүргізудің шығармашылық тәсілі мен мақсатқа сәйкестілігінің болмауы;

- жұмыс жасап тұрған сутартқыштардың дұрыс қолданылмауы;

- сумен қамтамасыз етудің әртүрлі су көздерін және сутартқыштың схемаларын таңдау үшін экономикалық анықтаудың болмауы;

- бұрғылау жұмыстарының көлемін арттырып жіберу;

- барлық барлау ұңғымаларын себепсіз тереңдету;

- толтыру көздері бола алатын жер беті суларының дұрыс зерттелмеуі;

- су тарту кездеріндегі аз төмендеулер;

- жерасты сулары сапасының нашар және уақытсыз зерттелуі;

- кенорындарының шекаралық жағдайларының жеткілікті зерттелмеуі;

- қорлардың толтырылуы көбінесе ескерілмейді;

- жерасты суларының режимі нашар зерттеледі;

- қоректену көздері нашар зерттеледі.

Халық шаруашылығының қарқынды дамуы жағдайында және осы кезде судың орасан зор мөлшерінің тұтынуы кезінде су ресурстарының тиімді пайдалануы, оларды таусылу мен ластанудан қорғау туралы мәселе қаралуы тиіс және осыған байланысты жан-жақты шаралар бар, олардың ішіндегі ең маңыздылары:

- сутартқыштарды санитарлық қорғау зоналарын гидрогеологиялық анықтау;

- жерасты суларының жасанды толтырылуы.
Негізгі әдебиет: (3 нег.[178-190])

Қосымша әдебиет: (4 қос.[172-190])
Бақылау сұрақтары:

  1. Өзен аңғарларына байланысты жерасты суларының кенорындарының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  2. Аллювийлі шөгінділердің жерасты суларының қоректену жағдайлары.

  3. Өзен аңғарларына байланысты жерасты суларының кенорындарының шекаралық жағдайларын схематизациялау принциптері.

  4. Ысырынды конустарға байланысты жерасты суларының кенорындарының ерекшеліктері.

  5. Ысырынды конустар шектерінде гидрогеологиялық зерттеулерді жүргізудің кезектілігі.


14-дәріс. Артезиан алаптарының кенорындары және тектоникалық бұзылыстар зоналарының кенорындары шектерінде іздеу-барлау жұмыстарының әдістемесі.

Мазмұны:Артезиандық бассейннің жерасты сулары
келесі ерекшеліктермен сипатталады:

- олардың таралу ауданы әдетте аса үлкен;

- гидрогеологиялық жағынан олар қабат болып орналасқан, өзара жиі әрекеттесетін, сулы горизонттардың күрделі жүйесі ретінде көрінеді, ол судың сүзіліп өтуіне себеп болады және оларды зерттеуді қиындатады;

- сулы горизонттардың ең терең жату тереңдігі терең бұрғылауды және жұмыстардың арнайы технологиясын талап етеді;

- сулы горизонттардың біршама қалыңдығы;

- минералдылығы әртүрлі судың шекараларын анықтау үшін жұмыстар жүргізуді талап ететін тік гидрохимиялық белдемділік;

- шығымдары жоғары сутартқыштарды пайдалануға мүмкіндік беретін ірі пайдаланулық қорларының қалыптасуы;

- серпімді қорлардың белгілі көлемінің статикалық қорларынан басқасының жиналуы;

- сулар режим тұрақталмаған кезде пайдаланылады, режим тұрақталмаған кезде ұңғымадағы судың арын деңгейі сулы қабаттың жабынынан биік болады (оның өнімі динамикалық және серпімділік қорлардың таусылуы есебінен қалыптасады).су деңгейі жабыннан төмен түскен кезде ұңғыма арынды-арынсыз жағдайда жұмыс істейді және қабаттың құрғауымен статикалық қорлардың таусылуы басталады. Бұл кезде тереңдігі ондаған метрден және ондаған километрмен өлшенетін диаметрден тұратын төмендеу шұңқырлары пайда болады;

- сулы горизонттар жер бетілік ластанудан жақсы қорғалған және суы бактериялық таза;

- жерасты суларының режимі метеорологиялық және гидрологиялық факторлардың өзгеруіне әсер етеді.

Жоғарыда келтірілген сипаттаманы ескеріп артезиан бассейндерін келесі гидрогеологиялық зерттеулерге сәйкес бағдарлау керек:

- гидрогеологиялық түсірме бұл жерде мақсатқа сәйкес емес, себебі жер бетіне шығатын бұлақтар жоқ;

- негізгі назар жұмыс жасап тұрған сутартқыштарды зерттеуге аударылады;

- артезиан бассейні жақсы зерттелген кезде іздеу-бағалау сатысы бұл жерде жүргізілмеуі мүмкін. Бірден барлау-пайдаланулық ұңғымаларын бұрғылау ұсынылады. Ұңғымалар арасындағы қашықтық 100-200 м-ден 500 м-ге дейін, сирегірек одан көп алынады;

- барлау-пайдаланулық ұңғымаларының саны барлау жұмыстарының нәтижесінде В категориясы бойынша 50 % -ке жуық талап етілген пайдаланулық қорларды беретіндей етіп қабылданады;

- ұңғымалардың барлығынан пайдалануға жақын өніммен бір максималды төмендеу мүмкіндігіне тәжірибелік сутартулар жүргізіледі.