Файл: Дрістік саба конспектілері 1 дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 208

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Пайдаланылмаған кенорындары үшін сутартқышты қалпына келтіру және пайдалану бойынша ұсыныстар қорлардың алдыңғы бекітілуінен соң сутарту жағдайлары мен шамасының өзгеруіне себеп болатын табиғи, экологиялық, әлеуметтік жағдайдың, елеулі өзгерістері байқалған жағдайда беріледі.

Есептікке жуық схема бойынша ұзақ уақыт пайдалану жүргізілген II топтың кенорындары үшін бұндай ұсыныстар объектінің күрделілігіне және өзгерістерге байланысты анықталады және келесідегідей қорытындыланады:

  • сутартқыш және резервтегі ұңғымалардың орналасу схемасы және консрукциясы анықталады;

  • сутартқыш ғимараттарының пайдалану режимі анықталады;

  • алынатын жерасты суларының мөлшері мен сапасына режимдік бақылаулардың құрамы және бақылау торы нүктелерін орналастыру қарастырылады;

  • жерасты суларын тиімді пайдалану, сонымен қатар жерасты суларын ластану мен азаюдан қорғау бойынша шаралар қарастырылады.

Қорытындыда кенорнының қазіргі зерттелу дәрежесіне шешім жасалады, жерасты суларының пайдаланулық қорларын категориялау туралы мәліметтер келтіріледі және осы қорларды сұранысқа ие және уақытша сұранысқа ие емес деп бөлінеді. Реалды және потенциалды жер қойнауын пайдаланушылар туралы мәліметтер келтіріледі және берілген объектіні әрі қарай пайдалануға әлеуметтік-экономикалық мәселе бағаланады.

Негізгі әдебиет: (3 нег.[171-178])

Бақылау сұрақтары

  1. Жерасты суларының пайдаланулық қорлары қандай жағдайларда қайтадан бекітіледі?

  2. Қорларды қайтадан бағалау шартары бойынша жерасты суларының кенорындарын классификациялау.

  3. Барланған кенорындарының жерасты суларын қайтадан бағалау материалдарының мазмұны.

  4. Пайдаланылған кенорындарының жерасты суларын қайтадан бағалау материалдарының мазмұны.

  5. Қорларды қайтадан бағалау мақсаттары үшін жерасты суларының кенорындарын зерттеу актісіне қойылатын талаптар.