Файл: Дрістік саба конспектілері 1 дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 207

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
гидроизогипс карталары, сулардың сапасының карталары әртүрлі кезеңдерде даталанған болуы тиіс. Пайдаланулық барлауға кеткен шығын өте төмен, ал алынған нәтиже аса жоғары.

Негізгі әдебиет: (3 нег. [3-14], 2 нег. [3-9])

Қосымша әдебиет: (4 қос.[3-5])

Бақылау сұрақтары:

  1. «Жерасты суларының кенорны» терминін қалай түсінесіз?

  2. Жерасты суларының кенорындарымен және суқабылдағыш учаскесінің арасындағы айырмашылықтарды атаңыз?

  3. Жерасты суларын іздеу және барлау кезінде табиғи жағдай туралы қандай мәліметтер зерттеледі?


3-дәріс.Жерасты сулары кенорындарын классификациялау. Жерасты сулары кенорындарының әртүрлі типтерінің негізгі ерекшеліктері .

У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институтының мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасы территориясында шаруашылықтық мақсаттар, өндірістік-техникалық сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, жерді суару оларды бальнеологияда пайдалану үшін жерасты суларының 600-ден астам кенорындары барланған. Жерасты суларының кенорындары геологиялық-гидрогеологиялық және физикалық-географиялық жағдайларға байланысты келесі типтерге бөлінеді:

  • қазіргі және көмілген өзен аңғарларындағы;

  • артезиан бассейндеріндегі;

  • тауалды шлейфтері мен өзен аралық ойыстардағы ысырынды конустарда;

  • шөл мен шөлейттердегі құмды массивтердегі;

  • жарықшақты-карсты жыныстарды шектелген құрылымдары мен массивтерінде және тектоникалық жарылыстар зоналарында.

Жерасты суларының барланған кенорындарының көбісі (210) қазіргі және көмілген өзен аңғарларына байланысты. Алайда, сирек жағдайларда, бұл ең бастысы кішігірім тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету және суару үшін пайдалаылатын ұсақ кенорындар.

Жерасты суларының біршама барланған қорлары тауалды шлейфтері мен өзен аралық ойыстардағы (55 кенорны) ысырынды конустардағы кенорындарға және артезиандық алаптарға (190 кенорны) байланысты. Жарықшақты-карсты жыныстарды шектелген құрылымдары мен массивтерінде және тектоникалық жарылыстар зоналарында жерасты суларының қорлары кішігірім, барлығы 157 кенорындары барланған. Шөл мен шөлейттердегі құмды массивтерде барлығы тек 11 кенорны барланған.

Артезиандық бассейннің жерасты сулары
келесі ерекшеліктермен сипатталады:

- олардың таралу ауданы әдетте аса үлкен;

- гидрогеологиялық жағынан олар қабат болып орналасқан, өзара жиі әрекеттесетін, сулы горизонттардың күрделі жүйесі ретінде көрінеді, ол судың сүзіліп өтуіне себеп болады және оларды зерттеуді қиындатады;

- сулы горизонттардың ең терең жату тереңдігі терең бұрғылауды және жұмыстардың арнайы технологиясын талап етеді;

- сулы горизонттардың біршама қалыңдығы;

- минералдылығы әртүрлі судың шекараларын анықтау үшін жұмыстар жүргізуді талап ететін тік гидрохимиялық белдемділік;

- шығымдары жоғары сутартқыштарды пайдалануға мүмкіндік беретін ірі пайдаланулық қорларының қалыптасуы;

- серпімді қорлардың белгілі көлемінің статикалық қорларынан басқасының жиналуы;

- сулар режим тұрақталмаған кезде пайдаланылады, режим тұрақталмаған кезде ұңғымадағы судың арын деңгейі сулы қабаттың жабынынан биік болады (оның өнімі динамикалық және серпімділік қорлардың таусылуы есебінен қалыптасады).су деңгейі жабыннан төмен түскен кезде ұңғыма арынды-арынсыз жағдайда жұмыс істейді және қабаттың құрғауымен статикалық қорлардың таусылуы басталады. Бұл кезде тереңдігі ондаған метрден және ондаған километрмен өлшенетін диаметрден тұратын төмендеу шұңқырлары пайда болады;

- сулы горизонттар жер бетілік ластанудан жақсы қорғалған және суы бактериялық таза;

- жерасты суларының режимі метеорологиялық және гидрологиялық факторлардың өзгеруіне әсер етеді.

Жоғарыда келтірілген сипаттаманы ескеріп артезиан бассейндерін келесі гидрогеологиялық зерттеулерге сәйкес бағдарлау керек:

- гидрогеологиялық түсірме бұл жерде мақсатқа сәйкес емес, себебі жер бетіне шығатын бұлақтар жоқ;

- негізгі назар жұмыс жасап тұрған сутартқыштарды зерттеуге аударылады;

- артезиан бассейні жақсы зерттелген кезде іздеу-бағалау сатысы бұл жерде жүргізілмеуі мүмкін. Бірден барлау-пайдаланулық ұңғымаларын бұрғылау ұсынылады. Ұңғымалар арасындағы қашықтық 100-200 м-ден 500 м-ге дейін, сирегірек одан көп алынады;

- барлау-пайдаланулық ұңғымаларының саны барлау жұмыстарының нәтижесінде В категориясы бойынша 50 % -ке жуық талап етілген пайдаланулық қорларды беретіндей етіп қабылданады;

- ұңғымалардың барлығынан пайдалануға жақын өніммен бір максималды төмендеу мүмкіндігіне тәжірибелік сутартулар жүргізіледі.

Ысырынды конустардың жерасты сулары

ысырынды конустар сияқты өзінің ерекшеліктеріне ие болады, соның ішінде:

- ысырынды конустардың шөгінділері көлденең де, тік бағытта да әртекті механикалық құрамды борпылдақ шөгінді жыныстармен құралған;

- барлық ысырынды конустар үшін көлденең белдемділік сипатты. Терең жату белдемі, сүйірлену белдемі, қайтадан бату облысы бөлінеді;

- ысырынды конустарда коллекторлық қасиеттері жоғары құмды-қиыршықты қалық қалыңдығының болуы жерасты суларының сыйымдылық қорлары үлкен жерасты суқоймасын түзеді;

- жерасты суларының қоректенуі жер беті ағысының қарқынды жұтылуы есебінен (қоректенудің жалпы шамасынан 50 – 60 %-ке дейін), суару суларының сіңуі есебінен (15 – 25 %), атмосфералық жауын-шашынның сіңуі есебінен (9 %) және таулы массив жағынан жерасты ағысы есебінен (8 – 14 %) жүреді;

- жерасты суларының сапасы шыңнан перифериге қарай минералдылықтың ұлғаюымен көлденең белдемлікке байланысты.

Ысырынды конустардың көрсетілген ерекшеліктерін ескере отырып гидрогеологиялық жұмыстардың белгілі бір бағыты болуы тиіс.

Іздеу-бағалау сатысында барлық фактілік материал жиналады және оларды талдау жүргізіледі Зерттеу нашар болған кезде 1:25 000 – 1:100 000 масштабтағы гидрогеологиялық түсірме жүргізіледі. Ысырынды конустардың осьтік бөлігі бойынша таудан жазыққа қарай тереңдігі 100-200 м, сынамалық белдемді сутартулар жүргізілетін 3-4 ұңғымадан тұратын көлденеңдік қазылады. Жерасты суларының режиміне бақылау және баланстық-гидрометриялық зерттеулер жүргізіледі.

Сосын ұңғымалардың бұрын салынған профиліне перпендикуляр ара қашықтықтары 500-ден 2000 м-ге дейінгі 3-4 ұңғымадан тұратын көлденеңдік бұрғыланады. Барлық ұңғымалардан сынамалық, ал суы молдардан тәжірибелік сутарулар жүргізіледі, режимдік және баланстық-гидрометриялық зерттеулер қоректену шамасын анықтау үшін жалғастырылады. Жоғарғы және төменгі ағыстарда жер беті ағыстарының шығындары ұқыппен өлшенеді, сонымен қатар сүйірлену зонасындағы бұлақтық ағыс зерттеледі.

Іздеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде алынған материалдар бойынша баланстық теңдеуді құрастыру жолымен жерасты суларының табиғи ресурстары анықталады.

Барлау жұмыстары сутартқышты орналастырудың жобалық схемасына ұқсас жүргізіледі. Сутартқышты сүйірлену белдемінен бірнеше есе жоғары орналастырған жөн. Әдетте бұрғыланған (орнатылған) барлау-пайдаланулық ұңғымалары В категориясы бойынша судың талап етілген мөлшерінің 50 %-не жуығын беруі тиіс. Барлық ұңғымаларда тереңдік бойынша сүзілу қасиеттерін анықтау үшін геофизикалық зерттеулер жүргізіледі және ұзақтығы бірнеше тәулікке созылатын төмендеуі максималды болатын тәжірибелік сутартулар орындалады. Қабаттың параметрлерін нақты анықтау үшін 2-3 тәжірибелік шоғыр ұйымдастырылады. Пайдаланулық қорларды нақтылау сутартқыштың өнімділігін гидродинамикалық тәсілмен есептеу жолымен және баланстық тәсілмен есептелген пайдаланулық қорлармен салыстыру жүргізіледі.


Тектоникалық бұзылыстар белдемінің жерасты сулары гидрогеологиялық зерттеулер кезінде ескерілуі тиіс келесі ерекшеліктермен сипатталады:

- олар үгілу, брекчиялану, тектоникалық бұзылыстар белдемдерінің таужыныстарына байланысты жіңішке ағыстарына қатысты сызықты-созылыңқы пішінде жатады. Осыған байланысты жерасты суларының таралуы жергілікті сипатқа ие болады;

- карбонатты жыныстар сумолдылығымен, жиі карсталған жыныстар азғана сулылығымен ерекшеленеді, интрузивті жыныстарда, құмтастарда одан да аз және тақтатастар, эффузивтер, мүйізтастар мүлдем нашар суланған;

- таужыныстары әртүрлі бағыттағы сүзілу анизотропиясына (әртектілікке) ие болады;

- жарықшақты сулардың таралу тереңдігі біршама үлкен (жүздеген метрге дейін);

- сулар көбінесе грунтты, сирегірек нашар арынды;

- қоректену облысы суды сиыстыратын таужыныстарындағы тектоникалық бұзылыстар белдемі бойымен орналасқан;

- негізгі қоректену көзі болып атмосфералық жауын-шашын, өзендерден сүзілу ағындары, суды нашар өткізетін, тектоникалық белдемдер борттары бойынша жатқан таужыныстарынан бүйірлік құйылыс табылады;

- тектоникалық белдемдердің табиғи қорлары әдетте онша үлкен емес. Кенорнында көбінесе табиғи ресурстар қалыптасады.

Берілген сипаттамаға сәйкес гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Іздеу-барлау жұмыстары әрі қарайғы зерттеулер үшін кенорнының келешегін анықтауы тиіс. Бұл үшін қолда бар материалдарды жинау мен телдау, 1:50 000 масштабында түсірме жүргізу, геоботаникалық бақылаулар, геофизикалық жұмыстарды (электрлі кескіндеу және ВЭЗ) жүргізу, картаға түсірілетін ұңғымаларды бұрғылау (ұңғымалар арасында 0,5-2,0 км қашықтық кезіндегі тектоникалық белдемнің созылуын кесіп жатқан бірнеше көлденеңдіктері бар бойлық оқпан), барлық ұңғымалардан ұзақтығы 1-2 тәулікке созылатын тәжірибелік сутарту, гидрометриялық жұмыстарды, жерасты суларына режімдік бақылаулар жүргізу. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша келешегі зор учаске алынады, сутартқыш схемасы белгіленеді. Барлаулық ұңғымалары 500 – 800 м тығыз тор бойынша бұрғыланады. Олардың тереңдігі 50-80 м, сирегірек 100-120 м. Тәжірибелік сутартулар жеке ұңғымалардан да, шоғырдан да әртүрлі бағыттардағы таужыныстарының сүзілу қасиеттерін зерттеу үшін жүргізіледі. Сүзілу қасиеттерінің өзгеруін зерттеу үшін қимада белдемдік сутартулар жүргізіледі. Өнімнің қисықтарын кезекті гидравликалық тәсілмен экстропояциялау үшін сутарту 2-3 төмендеулерде жүргізіледі.


Барлау барлаулық-пайдаланулық ұңғымаларды бұрғылаумен бірге жүргізіледі және олардан қажеттілікке қарай ұзақтығы 1,5 – 4,5 айға созылатын тәжірибелік-пайдаланулық шоғырлық және топтық сутартулар жүргізіледі. Ұңғымалардың өзара әрекеттесу дәрежесі анықталады. Барлық бір уақытта жұмыс жасайтын ұңғымалардың қосындылық өнімі 50 – 70 %-тен аз емес, ал кейде күрделі жағдайларда сұраныстық пайдаланулық шығыннан 90 – 100 % құрайды. Пайдаланулық қорлар гидравликалық және баланстық тәсілдермен есептеледі. Баланстық тәсілдер үшін судың қабатқа түсуі туралы мәліметтер пайдаланылады, яғни қорлардың болтырылуы анықталады.

Өзен аңғарларының жерасты суларысумен қамтамасыз етудің маңызды көздерінің бірі болып табылады, сол себептен оларды пайдалану мүмкіндігіне басты назарды аудару керек.

Өзен аңғарларына байланысты сулы горизонттар сипаттамасы келесідегідей:

- сусиыстырушы таужыныстары болып коллекторлық қаситтері жоғары борпылдақ шөгінді таужыныстары табылады;

- таралу облысының ұзындығы енімен салыстырғанда тыс ұзын;

- жылғалық ағысының болуы;

- сулы горизонтта еркін бетінің болуы, сирегірек жергілікті кішігірім арын болуы мүмкін;

- жерасты суларының кішігірім жату тереңдігі;

- алювийлі ағынның қалыңдығы бірнеше ондаған метрден жүздеген метрге дейін;

- грунтты сулардың режимі өзен режимімен байланысты;

- қоректену өзен суларының сіңуі, түпкі жыныстардың суларының жасырын арылуы және жауын-шашын суларының сіңуі есебінен жүреді.

Келтірілген сипаттамаға байланысты өзен аңғарларының грунтты суларының гидрогеологиялық зерттеулері келесі сипаты келесідегідей болады.
Неігзгі әдебиет: (2 нег.[5-44], 3 нег.[64-80])

Қосымша әдебиет: (4 қос.[105-134])