Файл: Дрістік саба конспектілері 1 дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 212

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • территорияның геологиялық құрылысы (горизонттың құрылымдық жағдайы, таужыныстарының типтері, тектоникалық бұзылыстар және т.б.);

  • физикалық-географиялық жағдайлар (климат, гидрография, топырақтық жабын және т.б.);

  • гидрогеологиялық жағдайлар (таужыныстарының сүзілу қасиеттері, сулы горизонттың қалыңдығы, грунтты сулардың орналасу тереңдіктері және т.б.);

  • территорияның шаруашылықтық игерілуі (суару, құрғату, сутартқыштарды пайдалану және т.б.).

Жерасты суларының табиғи ресурстары есептеледі:

  • қосындылық қоректену шамасы бойынша;

  • жерасты суларының арылу шамасы бойынша.

Егер аудандық қоректену және бүйірлік су құйылысы туралы мәліметтер болса, онда учаскенің табиғи ресурстары есептелінеді

,

мұндағы Qe  табиғи ресурстар;

ξi  жерасты суларының i-інші қоректену көзінен қоректену шамасы (сулы горизонттың бірлік ауданынан бірлік уақытта түсетін су мөлшері);

Fi  қоректену ауданы;

Qб  бүйірлік су құйылысы.

Көбінесе табиғи ресурстар жерасты ағысының арылуын есептеумен немесе өлшеумен анықталады, бұл жағдайда баланстық құраушыларды есептеу қажет емес. Алайда табиғи ресурстардың бұндай есептеулері төмендетілген болуы мүмкін.

Климат түзуші факторлар уақыт бойынша табиғи ресурстардың қалыптасуына әсер ете отырып, біршама маңызды өзгеруіне байланысты математикалық статистика тәсілімен есептелген көпжылдық мәліметтер қолданылуы тиіс. Жалпы алғанда, табиғи ресурстарды бағалау ағынның арылуы бойынша немесе аудандық қоректену бойынша жүргізілсе де, гидрогеологиялық жағдайларға, инженерлік әрекеттерге, техникалық-экономикалық көрсеткіштерге байланысты және т.б. анықталады.

Табиғи ресурстарды бағалау тәсілі келесі топтар бойынша типтеледі:

  • гидродинамикалық;

  • баланстық;

  • гидрометриялық;

  • экспериментальді;

  • гидрогеологиялық аналогтардың.

Гидродинамикалық тәсілдер бөлінеді:

  • жерасты суларының режимін зерттеуге негізделген тәсілдер;

  • жерасты суларының арылуын жерасты суларының динамикасының формулалары бойынша есептеу тәсілі;

  • суды нашар өткізетін қабаттар арқылы жерасты суларының сүзіліп өтуін есептеу тәсілі.

Негізгі әдебиет: (3 нег.[116-126])

Қосымша әдебиет: (4 доп.[140-146])
Бақылау сұрақтары:

1. Жерасты суларының серпімді қорлары қандай табиғи жағдайларда қалыптасады?


2. Қабаттың серпімдісыйымдылық коэффициенті деген не?

3. «Судың көлемдік серпімділік коэффициенті» нені білдіреді?

4. Жерасты суларының қандай кенорындарына серпімді қорлар тән.

5. Жерасты суларының табиғи ресурстары дегенді қалай түсінесіз?

6. Жерасты суларының табиғи ресурстарын бағалау тәсілдері, олардың қысқаша сипаттамалары?

6-дәріс. Жерасты суларының табиғи ресурстарын режимжік бақылаулар нәтижелері бойынша және гидрометриялық тәсілдермен анықтау

Мазмұны: Жерасты суларының режимін зерттеуге негізделген тәсілдерді қолдану кезінде атмосфералық жауын-шашынның сіңуі есебінен арынсыз сулы горизонттардың қоректенуі жүрген жағдай қарастырылады.

Барлық аудан бойынша тұрақты қоректену жүрген жағдайда осы қоректенуді бағалау үшін үш ұңғыма бойынша деңгейлерді бақылау нәтижелері болған кезде соңғы айырмалар тәсілі қолданылады.



мұндағы ξб  инфильтрациялық қоректену;

μn  жеткіліксіз қанығу коэффициенті;

Δhn  n-інші ұңғымадағы Δt уақытындағы грунтты сулардың өзгеруі;

Km, Km+1  сәйкес m и m + 1 қиылыстарындағы сүзілу коэффициенттері.

Біртекті көлденең қабат кезінде ln-1,n = ln, n+1 = l кезінде Кm = Km+1 = K кезінде инфильтрация мәні формула бойынша анықталады

.

Сүзілу тұрақтанған жағдайда, кезінде,

hn-1,t+1 = h1, h n, t+1 = h2, hn+1,t+1 = h 3 , жоғарыдағы формулаға сәйкес

.

Жерасты ағысын жерасты суларының динамикасының формуласы бойынша есептеу Дарси формуласы бойынша есептеулеріне келеді

,

мұндағы Qp  жерасты ағысының шығыны;

K1 және К2  ағыс бойынша жоғары және төмен жатқан қиылыстардағы сулы горизонттың сүзілу коэффициенттері;

F1 және F2 – есептік қиылыстар аудандары;

J  қиылыстар арасындағы арын градиенті.

,

мұндағы Н1, Н2 – қиылыстардағы арындар;

l – қиылыстар арасындағы қашықтық.

Суды нашар өткізетін қабаттар арқылы сүзіліп өту есебінен қоректену формула бойынша анықталады



,

мұндағы ξп  қарастырылып отырған сулы горизонтқа оның суды нашар өткізетін жабыны немесе төсеніші арқылы уақыт бірлігінде түсетін су мөлшері;

Ко  жабынының немесе төсенішінің сүзілу коэффициенті;

mо  жабынының немесе төсенішінің қалыңдығы;

Н1, Н2  қарастырылып отырған және көрші қабатқа сәйкес гидродинамикалық арындар.

Табиғи ресурстарды баланстық тәсілмен зерттеумен жерасты ағысы шегінде кіріс пен шығынның тепе-теңдігі жорамалданады.

Табиғи ресурстар баланстық тәсілмен ерекшеленген (обособленных) гидрогеологиялық бассейндер үшін де, олардың жеке учаскелері немесе кенорындары үшін де анықталуы мүмкін. Бұл жерде келесі тәсілдер бөлінеді:

  • жергілікті учаскелердің сулық балансын шешуге негізделген тәсілдер (жерасты сулары беті үшін, аэрация зонасы үшін, сулы горизонттар үшін);

- орташажылдық жалпы сулық баланс тәсілі.

Әдетте баланстық есептеулер арнайы таңдалған және жабдықталған баланстық учаскелерде жүргізіледі, содан кейін ұқсас территорияларға таратылады. Ірі гидрогеологиялық аймақтар шектерінде бұндай учаскелер бірнешеу болады.

Жерасты сулары бетіндегі судың сулық баланстық теңдеуі қуаңшылық аудандары үшін қарастырылады, онда сулы горизонттар көктемгі қар еру кезеңінде қоректенеді
,

мұндағы  сіңіп қоректену;

Ув  көктемгі жербеттік ағыс;

Zв  ағыс кезеңі уақытындағы булану;

Хэф  қардағы ылғал мөлшерінің қосындысы ретінде алынған тиімді атмосфералық жауын-шашын және қар еру кезеңіндегі атмосфералық жауын-шашын.

Сулы горизонтқа түсетін ылғалдың кірімі мен шығымының айырмалары бойынша сулы горизонттың қоректенуін есептеуге мысал келтірейік (7.1-кесте).

7.1 -кесте

Қарастырылып отырған аудан шегіндегі ылғалдың кірімі мен шығымын құраушылар


Кіріс

м3

Шығым

м3

Аудан шегіне түсетін жерасты ағысы

7,2

Су бетінен булану

4,8

Ауданның барлық аумағына түсетін атмосфералық жауын-шашын

14,7

Топырақ бетінен булану және транспирация

5,7

Аудан шегіне түсетін өзеннің қосынды шығымы

21,1

Аудан шегінен тыс өзен ағысы

14,4

Барлығы:

43,0

Барлығы:

24,9



Осыдан сулы горизонттың қоректенуі

= 43,0 – 24,9 = 18,1 м3/с.

Артезиан бассейндерінің шеткі бөліктерінде қоректену алатын және арылу облыстары болып табылатын өзен аңғарларында арылатын артезиан сулары үшін орташажылдық жалпы сулық баланс тәсілі жасалған. Бұл тәсілдің авторы
Б.И.Куделин қозғалыс жылдамдығы баяу және суалмасудың жылдамдығы өте жоғары болған кездегі артезиан сулары ресурстарының ауытқуы тек климаттың көпжылдық өзгерістеріне байланысты екенін жорамалдаған. Осыған байланысты артезиан бассейндерінің табиғи ресурстарын зерттеуде көпжылдық су балансына сүйенген жөн. Баланстық теңдеуде осындай жағдайда аэрация зонасындағы, жерасты сулары бетіндегі, грунтты ағыстағы және т.с.с. ылғал қорының өзгеруі ескерілмейді. Бұл параметрлер көпжылдық қимада нөлге ұмтылады.

Белгілі территория үшін баланстық теңдеу

Хо = Уо + Zо,
мұндағы Хо – жауын-шашын нормасы;

Уо – өзен ағысының нормасы;

Zо  булану нормасы.

Хо, Уо, Zо шамалары өзгермейді, егер олар көпжылдық кезеңде ұзақтылығы көбейген кезде алынған орташа мән өзгермейтін, ұзақтықпен есептелсе.

Б.И.Куделин, егер өзен бассейні сіңіп қоректенетін облыста орналасса, онда (7.16) формуласын қолдануға болмайтынын ұсынды, себебі, судың бір бөлігі терең сулы горизонттарды қоректендіруге кетеді. Сол сияқты артезиандық жерасты суларының арылу облыстары туралы да айтуға болады.

Артезиандық жерасты суларының сіңіп қоректену облыстарында орналасқан өзен бассейндері

Хо = Уо + Zо + Jо,

мұндағы Jо – артезиандық сулы горизонтқа сүзілу шамасы.

Артезиан сулары арылатын өзен бассейндері үшін

Хо = Уо + Zо - Jо1 ,

мұндағы Jо1– өзен бассейніндегі артезиан суларының орташа көпжылдық арылау шамасы.

Осыдан артезиандық сулы горизонттарға орташакөпжылдық сүзілу (Ео) тең

.

Бұл теңдеуге кіретін параметрлерді анықтау қосымша зерттеуді талап етпейді, ол үшін зерттеліп отырған территорияның геологиясы, гидрогеологиясы, гидрологиясы және климаты туралы көпжылдық мәліметтер жеткілікті.

Екі тұстамадағы өзен шығындарының айырмасын анықтауға немесе өзеннің сабалық ағысын зерттеуге негізделген гидрометриялық тәсілдерге өзен гидрографтарын генетикалық бөлшектеу тәсілдері, жербеті және жерасты суларының сапасы туралы деректер, сонымен қатар бұлақтық ағысты зерттеуге негізделген тәсілдер жатуы мүмкін.

Екі гидрометриялық тұстамадағы өзеннің шығындарының айырмаларын анықтауға негізделген тәсіл