ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 215
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жерасты суларының қосымша қорлары туралы не білесіз?
2. Жерасты суларының қандай типтеріне қосымша қорлар байланысты?
3. Қандай гидрогеологиялық жағдайларда қосымша қорлар жерасты суайрығының араласуы нәтижесінде пайда болады?
4. Қорларды жасанды толтыру қандай мақсатпен жүргізіледі?
5. Қорларды жасанды толтыру технологиясын атаңыз?
8 – дәріс.Жерасты суларының пайдаланулық қорлары және оларды бағалау тәсілдері. Пайдаланулық қорларды бағалаудың гидродинамикалық тәсілі, есептеу әдістемесі
Мазмұны: Жерасты суларының пайдаланулық қорлары деп кенорнында (учаскеде) пайдаланудың режимі мен жағдайлары берілген кезде геологиялық-техникалық негізделген сутарқыш ғимаратының көмегімен алынатын судың мөлшері, сонымен қатар табиғи шектеулерді ескеріп суды тұтынудың есептік мерзімі уақытында мақсаттық пайдаланудың талаптарын қанағаттандыратын судың сапасы айтылады (м3/тәу.).
Бұл жерде “қорлар” термині шығымның өлшемділігіне ие болатын шама үшін қолданылады, ол қорлар мен ресурстар арасындағы біз қабылдаған айырмаға қарама-қарсы. Бұл термин дәстүр күшіне байланысты және қатты пайдалы қазындылармен ұқсастығы бойынша сақталады.
Сутартқыштың орналасу учаскесін (бірнеше бәсекелестік варианттар болған кезде) және оның тиімді схемаларын таңдау геологиялық-техникалық негіздеумен және табиғи шектеулерді ескерумен жүргізіледі және жергілікті әкімшілікпен, жерді пайдаланушымен, жерасты сулары қойнауын қорғау және пайдалану, мемлекекеттік санитарлық бақылау ұйымдарымен және т.б. келісіледі.
Қазіргі сутартқыш ғимараттары – бұл, ережедегідей, тік ұңғымалар жүйесі және сирегірек галереялар, құдықтар, шақталар, бұлақтар.
Орналасу жүйелері әртүрлі ұңғымалардың кез-келген санынан тұратын сутартқыштар кеңінен тараған .
Сутартқыш ғимаратының геологиялық-техникалық негіздеулері түсінігімен ең төмен капиталды және пайдаланулық шығындары түсініледі, оған келесі позициялардың тиімді келісуімен жетуге болады:
-
жинақы орналасқан суқабылдағыш ғимараттарының ең аз санымен сұраныс берілген көлемде су алу мүмкіншілігі, оған қабаттың серпімді сыйымдылық коэффициенті мен шекаралардың қолайлы параметрлерімен, ұңғымалардың тиімді конструкциясымен, су жинағыш ғимараттарын орналастырудың тиімді схемаларымен қол жеткізуге болады;
-
сужинағыштың магистральді сужеткізгіш, энергетикалық коммуникация және т.б. ұзындығын қысқартуды қамтамасыз ететін тұтынушыға жақын орналасуымен.
Сужинағышта су деңгейінің төмендеу шамасы сулы горизонттың қалыңдығына, жерасты суларының арыны шамасына, қоршаған табиғи ортаға жерасты суларын алумен байланысты келтірілетін залалды тоқтату жағдайлары немесе азайту мәліметтері кезіндегі техникалық мүмкіндіктерде байланысты анықталады.
Ұңғымадағы арынның төмендеу шамасы (Ндоп.) (динамикалық деңгей одан төмендемеуі тиіс) келесі түрде қабылданады:
-
грунтты жерасты сулары үшін төмендеу мүмкіндігі қабаттың бастапқы қалыңдығынан 0,7-ден аспауы тиіс; -
арынды жерасты сулары үшін төмендеу мүмкіндігі су сиыстыратын қабаттан жоғары су бағанасының биіктігіне тең деп алынады.
Сусиыстырушы қабатты қалыңдығының жартысына дейін құрғату қарастырылады.
Әрбір нақты жағдайда төмендеу мүмкіндігінің шамасы техникалық-экономикалық жақтарға байланысты анықталады (ұңғыманың өздігінен төгілуі немесе жерасты суларының деңгейлері терең орналасқан кезде пайдалану жағдайларын және т.б.).
Жерасты суларын пайдаланудың жағдайларына (режиміне) және мерзіміне қойылатын талаптар суды тұтынушы ұйымдармен кенорнының гидрогеологиялық ерекшеліктерімен, сутұтынушылардың сипаттамаларымен, жерасты суларын пайдаланудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен және жерасты суларын және қоршаған табиғи ортаны пайдалану мен қорғаудың ережелерімен және шарттарымен анықталады.
Пайдаланудың есептік мерзімі сужинағыш ғимаратының мақсаттық пайдалануына байланысты анықталады:
-
ұзақ уақыттық объектілерді сумен қаматамасыз ету үшін есептік мерзім жабдықтардың амортизация мерзімімен (25-30 жыл) анықталады және есептеулерде 10 000 тәулік (27,4 жыл) алынады; -
қысқа (уақытша) уақытта қызмет ететін сужинағыштар үшін пайдалану мерзімі болып тұтынушы объектінің қызмет ету уақыты табылады; -
кезеңдік су жинағыштар үшін (суару, теплофикация және т.б.).
Есептеу мерзімінен басқа әрбір цикл кезеңінде жұмыстың ұзақтығы анықталады.
Пайдалану кезінде жерасты суларының сапасы өзгермеген күйде қалуы немесе өзгеруі мүмкін. Су сапасының өзгеру мүмкіндігі гидрогеологиялық және гижрогеохимиялық жағдайлармен, ластану көздерінің болуымен, суалудың жағдайларымен және шамасымен себептеледі. Осыған байланысты суалудың мүмкінді әсері судың талап етілген сапасын міндетті түрде сақтаумен анықталады.
Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау және сапасын бағалау МЕСТ 2761-84 талаптарымен сәйкес жүргізіледі, техникалық сумен қамтамасыз ету көздері жерасты суларын пайдалану жағдайларына (режиміне) және сапасына қоятын мемлекеттік және салалық стандарттардың талаптарымен жүргізіледі.
Сужинағышпен алынған жерасты суларының сапасы қазіргі МЕСТ-тің талаптары шегінде пайдаланудың есептік мерзімі уақытында сақталады. Осы талаптардан ауытқулардың әрқайсысы санитарлық бақылау және суды тұтынушы ұйымдармен келісіледі.
Шаруашылықтық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ең алдымен жерасты сулары пайдаланылады. Ауыз суға жарамды жерасты суларын ауыз және тұрмыстық сумен қамтамасыз етумен байланыссыз қажеттіліктер үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Кейбір жағдайларда ғана жер қойнауын қорғау және пайдалану бойынша мемлекеттік ұйым ондай жерасты суларын басқа мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат береді.
Су жинағыш ғимараттарын пайдалану кезінде территорияның жер үсті ағысына және барлық сулық балансынына келтірілетін зиянды азайту мақсатымен су тарту шамасына және деңгейдің шамадан тыс төмендеп кетуіне экологиялық шектеулер қойылады.
Пайдаланулық қорлар жерасты суларының әртүрлі генетикалық типтері қатысқан кезде қалыптасады. Пайдаланулық қорлардың қалыптасу көздерін және олардың сандық (мөлшерлік) сипаттамасын анықтау – су алудың гидрогеологиялық болжамдарының міндетті құрама бөліктері.
Жерасты суларының пайдаланулық қорлары (Б.В.Боревский) деп сипаты табиғи (геологиялық-гидрогеологиялық және физикалық-географиялық) және антропогендік факторларының жиынтығымен (соның ішінде пайдаланудың геологиялық-технологиялық жағдайлары), сонымен қатар пайдалану кезінде олардың өзгерулерімен анықталатын, сужинағыш ғимараттарға судың түсу процесі айтылады. Пайдалану жүргізілетін табиғи антропогендік жағдайды сипаттайтын факторлар жиынтығы жерасты суларының пайдаланулық қорларының қалыптасу жағдайы ретінде анықталады.
Жерасты суларының пайдаланулық қорлары пайдалану процесінде қалыптасады, ал жоғарыда келтірілген факторлардың жиынтығымен анықталатын олардың шамалары ағынның кеңістіктік-уақыттық гидродинамикалық және гидрохимиялық құрылымдарында өзінің көрінісін табады (7.5-сурет), олар төмендеу шұңқырларының мөлшерін, пішінін және тереңдігін, олардың уақытпен өзгеруін, жерасты сулары сапасының өзгеру мүмкіндігін, сонымен қатар пайдаланудың гидрогеологиялық жағдайлардың және онымен байланысты қоршаған ортаның әртүрлі компоненттерінің өзгеруіне әсерін сипаттайды. Ағынның кеңістіктік-уақыттық гидродинамикалық және гидрохимиялық құрылымдарының трансформациясын болжау пайдалану басталғанда түзілген табиғи жағдаймен салыстырғанда – жерасты суларының пайдаланулық қорларын бағалаудың негізгі элементі. Жерасты суларының пайдаланулық қорларының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтары шектерінде табиғи және жасанды факторлардың әсерінен жерасты суларын алу үшін қолайлы жағдай түзілетін учаскелердегідей жерасты суларының кенорындары туралы түсінікпен тығыз байланысты. Осы кезде «қолайлы жағдай» анықтамасында салыстырмалы тең геологиялық-гидрогеологиялық жағдайлар шектерінде кенорындарын бөлу кезінде анықтауыш болып табылатын экономикалық факторларды да ескеру керек.
«Пайдалы қазындылар кенорындары» түсінігі геологиялық-экономикалық және кондицияларға байланысты оның шекаралары шарттық болып табылады. Осыған байланысты кенорының шекаралары тек қана геологиялық-гидрогеологиялық, техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экологиялық талаптармен анықталмайды.
Кенорнының мақсатқа сәйкестілігі, игерілудің шарты және мүмкіндігі сияқты факторлар бұл жерде үлкен роль атқарады. Кенорнының шекараларын анықтау кезінде бұл факторлар анықтайды:
-
сутартқыш ғимараттар мен суқұбыр трассаларын жергілікті жағдайға және возможность размещения водозаборных сооружений и трасс водоводов по условиям местности и землеотведения; -
кенорнын өндірумен байланысты халық шаруашылықтық игеру ортасынан жерді толық немесе бөлшектеп шығару; -
Кенорны контурына кіретін санитарлық қорғау зоналарын ұйымдастырумен байланысты жерді игеруді шектеу; -
табиғатты қорғау шектеулеріне кіріспе.
Жерасты суларының кенорнына шекараларынан басқа келесі облыстар бөлінеді:
-
төмендеу шұңқырының ауданына сәйкес келетін су жинағыштардың әсер ету облысы; -
кенорны шегіне түскен жерасты суларының қалыптасқан орындағы сужинағыш ауданына сәйкес келетін жерасты суларының пайдаланулық қорларының қалыптасуы.
Осыған байланысты жерасты суларын кенорындарының контурларын келесілерге байланысты қабылдау керек ( Б.В.Боревский бойынша):
-
кенорны шегіндегі пайдалану қорларының қалыптасу жағдайларын анықтайтын табиғи геологиялық-гидрогеологиялық факторларды ескеріп:
- таралу ауданы бойынша шектелетін өнімдік сулы горизонттардың шекаралары бойынша;
- кең аудандық таралымға ие сулы горизонттар шегіндегі жоғарғы су өтімділік шекаралары бойынша;
- кенорынын толық игеру кезінде есептік мерзім ішінде некондиционные сулар сужинағыш ғимарттаарына тартылған жағдайда және араласқанда судың сапасы талаптарға сәйкес болудан қалған жағдайда кондициялық сулардың шекаралары бойыша;
-
үлкен территорияларда тең геологиялық-гидрогеологиялық жағдайлар кезінде кенорнының игерілуі мүмкіндігін анықтайтын техникалық-экономикалық факторларды ескеріп:
- халық шаруашылығы айналымынан жерлерді біртіндеп немесе түгел шығарылуын анықтайтын санитарлық қорғау зоналарының шекаралары бойынша;
- сужинағыш ғимараттарын және санитарлық қорғау зоналарын ұйымдастыру мүмкін және мақсатқа сәйкес болатын учаскелердің шекаралары бойынша.
Егер кенорны шегінде бірнеше гидравликалық байланыстағы сулы горизонттар пайдаланылса, онда ортақ шекара ең тереңі арқылы жүргізіледі. Кенорны шекарасы қимада алынады: төменгісі – пайдалануға жарамды деп табылған, терең жатқан горизонттың төсеніші, ал жоғарғысы – жер беті бойынша.
Жерасты суларының кенорындары шекараларының жағдайы мен конфигурациясына байланысты әлеуметтік-экономикалық конъюктураға, суалудың режимі мен көлеміне, сутартқыш ғимарттарының схемасы мен орналасу орнына, сушаруашылық жағдайына және басқа антропогендік факторларға байланысты.
Жерасты суларының кенорындарының қалыптасуы қолайлы геологиялық-гидрогеологиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларының әсеріне байланысты жүреді:
- сүзілу қасиеттері жоғары қабат-коллекторлардың болуы;
- табиғи жағдайда жерасты суларының қоректену және толтырылуы жағдайлары;
- жерасты сулары қорларының жасанды қоректену және толтырылуы үшін жағдайлар түзу мүмкінділігі;
- жерасты суларының сапасының тұтынушының талабына сәйкес келуі;
- жерасты суларын ластанудан қорғау бойынша шараларды ұйымдастыру мүмкінділігі;
- қолайлы әлеуметтік-экономикалық конъюнктураның болуы.
Барлық осы қолайлы жағдайлардың жинағы территорияның геологиялық даму процесінде ғана емес, сонымен қатар қазіргі физикалық-географиялық және антропогендік жағдайдың әсерінен де қалыптасады. Бұдан басқа, осы келтірілген табиғи факторлардың біреуі болмаған жағдайда оларды жасанды түрде түзілу мүмкіндігі бар. Мысал ретінде Орталық Қазақстанның карбонаты құрылымдары шегіндегі тасқын ағыстарын реттеу үшін суқоймалары қатарын құрастыруды келтіруге болады. Сүзілулік және сыйымдылық қасиеттері жоғары жарықшақтық-карсты коллекторлардың болуы және шаруашылықтық пен техникалық сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін суға маңызды сұраныс суқоймаларынан қорлардың жасанды толтырылуымен бірге бұл жерде сумен қамтамасыз ету мәселелсін осы тау-кенді ауданның объектілері арқылы шешуге мүмкіндік берді.
Пайдаланулық қорлары – бұл орналасқан орны және конструкциясы белгілі нақты табиғи гидродинамикалық жағдайдың возмущенисі кезінде ғана пайда болатын ерекше баланстық категория.
Жерасты суларының пайладанулық қорларының баланстық құрылымын қарастырайық.
Табиғи жағдайда сулы горизонттың балансы қабат қорларының көлемі өзгермеген кезде өрнектеледі
Qп