Файл: абылдаан Оналбек Дуйсенов Орындаан Кабулбеков Ахмет Тобы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті
«
Спорт және өнер» факультеті

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы



БӨЖ
Тақырыбы: Білім беру философиясы жайлы түсінік

Қабылдаған: Оналбек Дуйсенов

Орындаған: Кабулбеков Ахмет

Тобы: МДШ- 111орта


Түркістан 2023ж

Тақырыбы: Білім беру философиясы жайлы түсінік
Білім беру философиясы жайлы түсінік. Ғасырлар тоғысында білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі ол дамыған мемлекеттердің өркендеуінің негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Сондықтан күні бүгінге дейін педагогикалық категория ретіде саналган «білім беру» үғымы кең мағынада маңызды әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуда. Білім беру мәселесімен тек педагогика ғылымы айналыспайды. Білім беруді философия, әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану тағы басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өз тұрғысынан қарастырып зерттейді. Сондықтан бүл ұғымның ауқымы кеңею үстінде.

Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған әлеуметтік тәжірибені, көп жылдық мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпақка жеткізе отырып меңгерту білім беру ұгымымен тығыз байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде «білім беру» ұғымы 18-19 ғасырларда қалыптасып (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып табылады.

Заман талабына сай білім беру процессі үздіксіз сипатқа ие болып келеді. Әрине білім беру үздіксіз болуы тиіс, себебі қазіргі таңда ақпаратгық технологиялардың жедел дамуына байланысты алған білімдер тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Білім беру ұғымының мазмұны да езгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында онын бірнеше анықтамалары бар.

- Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс (А.Г.Асмолов).

- Білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және нәтижесі (ЮНЕСКО, 1997) .

- Педагогикалық энциклопедияда білім беру ұғымы - жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процессі {1999 ж).


- Білім беру - адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі (Сластенин В.А.).

Осындай және тағы басқа білім беру ұғымына берілген анықтамалардың көптігі оның кең мағыналылығының, көпқырлылығының, маңыздылығының айқын дәлелі.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан ойды өрбітетін болсақ, білім беруде тек білімді меңгерту, білік пен дағдыларды қалыптастыру жеткіліксіз. Керісінше білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, дене жағынан толыққанды дамуы маңызды. Білім беру барысында адам мәдени құндылықтарды, ғылыми білімдерді меңгереді. Соның нәтижесінде экономиканың, саясаттың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің дамуына зор үлесін қоса алады.

Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялык, әдіснамалық ерекшеліктері болады. Бұлжалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигма деп аталады. Парадигма ұғымың ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т. Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер байқалады:

- парадигманың орнығуына дейінгі кезең,

- парадигманың қалыптасуы, орнығуы;

- ғылым сапасындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы.

Философия ертеден дамыған ғылымдардың бірі екені белгілі. Философия-грек тілінен аударғанда («филео» - «жақсы көру»,«софия» - «ақылдылық») - адамзат қоғамы мен ойлау табиғаты дамуының ең негізгі заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырылады. Философия ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, танып білуде, түсіндіруде қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары қалыптасқан.

Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В.Краевский, Б.Л.Вульфсон, В.В.Кумарин, Б.С. Гершунский т.б.

Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады:

1)Білім беру философиясы - қолданбалы философия ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылыктарын негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді.


2)Білім беру философиясының мазмұны педагогака ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі

3)Білім беру философиясы дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық аспектілерінің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары құрайды.

Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды кажет етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді:

- білім беру құндылық ретінде;

- білім беру жүйе ретінде;

- білім беру процесс ретінде;

- білім беру нәтиже ретінде

Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады.

1) Білім беру - мемлекетік құлдылық;

2) Білім беру - қоғамдық құндылық;

3) Білім беру - жеке тұлғалық құндылық.

Білім беру жүйе ретінде. Дәстүрлі түсінігіміз бойынша білім беру дегеніміз деңгейлерімен, кәсіптік бағыттарымен ерекшеленетін білім беру мекемелерінің (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жүйесі.

Білім беру - процесс және іс-әрекет ретінде. Білім берудің мәні - мақсаттан нәтижеге карай жылжу процесі. Процесс деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда (processus - қозғалу, жылжу) - бір нәрсенің дамуындағы құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп ауысуы; қандай болмасын нәтижеге қол жеткізудегі іс-кимыдар жиынтығы деген мағынаны білдіреді.

ҚР Конституциясы. ҚР Білім беру туралы Заңы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қайтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.

Болашақ мұғалімге, педагогикалық институттың бүгінгі таңдағы білімгеріне ҚР-ның білім беру жүйесінің заңдылық базасы, білім беру аймағындағы мемлекеттік саясат принциптері, білім беру жүйесінің құрылымы, аса қажет қалыпты (нормативті) құжаттардың негізгі жағдайлары туралы толық әрі нақты ұсыныстарды білу қажет. Бұл білім беру жүйесінде қызмет атқарудың күрделі механизмін басынан түсінуге, елдің прогрессивті дамуын, мемлекеттің тәуелсіздігін орнықтыруын және көркейуінің фундаментальды құрамы сияқты оның басымдылығының мәнін түсінуге көмектеседі. Классикалық тұрғыда ҚР-ның білім беру жүйесі, кез-келген елдегідей өзара әрекет етушілердің жиынтағын ұсынады:


  • олардың ұйымдық-құқықтық формаларынан, типтерінен және түрлерінен тәуелсіз, олардың білім беру мекемелерінің нақты желілері;

  • білім беру жүйесінің басқаратын органдар, білім беру жүйесінің дамуы мен білім беру бағдарламаларын нақтылауды қамтамасыз етеді;

Білім беру жүйесінің мақсаты – адамның білім алуға деген құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Білім алу құқығы – бұл адамның өмір барысындағы негізгі және табиғи құқығы. Тек осы жағдайда ғана адамның интелектуалды патенциялының максимальды дамуы мүмкін. Білім алу құқығы тәрбиедегі, оқудағы және де ақпараттағы қажеттілігін қанағаттандыруды білдіреді.

ҚР «Білім туралы» заңының 3-тарауының 10-бабында «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі ұғымы:

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:

1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының;

2) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;

3) білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.

11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері

1. Білім беру жүйесінің міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүр­лерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажет­тігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;


6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәрте­бесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дер­бестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология­ларды енгізу және тиімді пайдалану;

10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білімге негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;

11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;

12) білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;

13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Орта білім беруді жүргізу мекемелерінің типтері.

Батыс Еуропада, Латын Америкасын мен Африканың бірнеше мемлекеттерінде, Ресей Федрациясында жалпы білім беретін орта мектептер лицей деп аталады.

Қазақстан Республикасында бұл көбінесе жетілдірілген, дамытылған, арнаулы мамандандырылған оқу орынын көрсетеді.

Лицей – білім берудің баламалы нысаны; негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламалары мен жоғары басқыштағы оқушылар үшін кәсіби бағдары бар оқытуды жүзеге асыратын орта жалпы білім беретін оқу орны.

Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

  1. Педагогика. Оқулық / К.Ж.Бузаубакова. –Тараз:ИП “Бейсенбекова А.Ж.”, 2019.

  2. Педагогика. Оқулық/ Ш.Т.Таубаева, С.Т.Иманбаева, А.Е.Берикханова. –Алматы: 2017.

  3. Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының

авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005.

  1. Әбенбаев С., Әбиев Ж. ІІедагогика. Оқу кұралы. - Астана: Фолиант, 2009. .

  2. Бабаев С.Б., Оналбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулык. - Алматы: «ЫигргеБЗ». 2011