Файл: Реферат Таырыбы Ттенше жадайлардаы басару органдарыны йымдастырушылы рылымы, міндеттері мен ызметтері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 50

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тылдық және медициналық қамтамасыз ету тобы: көлік құралдарының тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету; жеке құрамды жабдықтау, оны қосыша қаруланумен жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету; тамақты ұйымдастыру пәтерге орналастыру мен тұрмыстық жабдықтау; зардап шекккен ішкі істер органдарының және өзара әрекеттесуші күштерінің жұмысшыларына, қоғамдық жасақтарлдың мүшелеріне, азаматтарға, сондай-ақ құқық бұзушыларға медициналық топтың 2-4 адамнан тұрады. Топтың құрамын есептейтін норматив жоқ.

Ұйымдастырушы талдаушы топ келесі міндеттерді жүзеге асыру үшін құралады. Оперативті жағдай туралы мәліметтерді жинау мен талдау, тапсырмаларды орындаушыларға жеткізу мен орындалуын бақылауды ұйымдастыру, жоғары тұрған ішкі істер органдары мен өзара әрекеттесуші органдарға жіберілетін құжаттардың жобасын дайындау, қатерлі төтенше ситуациялар мен олардың зардаптарын жоюға арналған ұзаққа созылған жұмыстар кезінде жұмыс картасы мен қызмет журналын жүргізу.

Топ жоспарды жасаған қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауыпсіздікті қорғау мен кезекші бөлім қызметкерлерінен жасақталады. Топтың құрамын анықтау барысында орындалатын қызмет көлемін ескеру қажет. Оперативті жағдай туралы мәліметтер жинау үшін 3-5 адам; жағдайды талдау мен басқару шешімдерін таладуға 2 адам; жоғары тұрған ішкі істер органдары мен өзара әрекеттесуші органдарға құжаттар жобасын дайындау үшін 1-2 адам; жұмыс картасы мен қызмет журналын жүргізу үшін 1 адам қажет екенін практика көрсетіп отыр .

Байланыс тобы оперативті штаб пен уақытша басқару пунктінің топтардағы күштер мен құралдардың барлық элементерімен тұрақты желілк және радиобайланыспен қамтамасыз ету үшін құралады. Топ байланыс бөлімінің қызметкерлерінен 6 адамға дейінгі құрамда құралады.

Біздің ойымызшы, жоғарыда аталғандардан бөлек, тағыда басқа бағыттағы топтпрды құру орынды болмақ.

Мәселен, ішкі істер органдарының төтенше жағдайлар мен бұқаралық шаралардың зардаптарын жою барысындағы маңызды әрекетті жеке тұлғаны анықтау болып табылады., соған орай төтенше жағдайлар кезінде шығудың белсенді мүшелерін, басқада кінәлілерді, зардап шеккендерді тану мақсатында сәйкестендіруші топ құру қажет .

Бұл үшін резервте немесе басқа топтардың құрамында сараптаушы-криминалистік бөлімшелердің қызметкерлері бар болса жеткілікті.

Бұқаралық шаралардағы тәріпсіздікті ұйымдатырушылармен, құқық бұзушылар мен қызметкерлермен келіссөз жүргізу үшін маман-сөйлескіштер тобының болуы орынды. Келіссөздің маңыздылығы көптеген төтенше ситуацияларды шешу тәжірибелерімен дәлелденген.


Төтенше жағдайлардағы факторлардың әсерінен, ішкі істер органдарының жеке құрамда стрестің пайда болуынмен, сондай-ақ ұзаққа созылған бұқаралық шараларда қажет етудің ауыр шарттарынан байланысты жұмысшыларды психо-эмоциональдық тұрғыдан жетілдіруді күшейту қажет.Бұл жұмыспен психо-эмоциональдық реабилитациялауды күшейту қажет. Бұл жұмыспен психо-эмоциональдық қолдау және реабилитациялау тобы айналысуы керек (құрамамы 1-2 маман-психологтан тұрады).

Жобалаушылардың ең маңызды міндеттерінің бірі оперативті жасақтар тобының тұрақты да, төтенше жағдайлар туу қаупіне байланысты жаға құрылғандарға да қатысты санын анықтау болып табылады.

Төтенше ситуациялар күштердің топтауы мен әрекеттерінің негізгі тәсілдері Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі нормативтік актілерімен белгіленген. Басқада жағдайларда күштерді топтау тәжіриебеге сәйкес эмпирикалық жолмен жүргізіледі немесе оперативті штабтың мамандары басқа ведомствалармен келісе отырып жобалайды.

Басқару жүйесін құруды кешендік тәсілмен қамтамасыз ету қажеттілігі мен тууы мүмкін төтенше ситуацияларды болдырмауды бақылау және олардың зардаптарын жою түрлі элементтерін қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауыпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету міндеттері бойынша арнайы есептелген (жобаланған), біртұтас құрылымға интеграция қажеттілігіне негізделеді. Ондай құрылым (ішкі істер органдарының шектеулі құзыреті мен санына байланысты) ішкі істер министрлігі жүйелерін ғана емес, басқа ведомстволардың да элементтерін қамти алады және қамтуы тиіс.

Топтардың саны мен құрамын анықтаған соң олардың белгілеген бағыну жүйесін ұйымдастыруға, басқарудың тік және көлденең байланысын анықтауға болады.

Қорытындылай келе, ішкі істер органдарын ерекше жағдайларда басқару жүйесін құру барысында, оның қалыпты жағдайларда басқаруға тән емес ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттері бар. Сонымен бірге, ішкі істер органдарын басқару олрадың тікелей басталуы барысында да жүзеге асырылады. Бұл әдеттерімен салыстырғанда басқаша ұйымдастырылған құрылымдар мен тактикалық схемалар жасауды талап етеді.