Файл: Салт дстрлерді озыы мен тозыы атты ылыми жмысын 9сынып оушысы Амангелді Шыла орындады. Ол зерттеу жмысы кезінде интернет желісінен, алалы кітапханадан р трлі мліметтер, апараттар жинатады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ПІКІР:

«Салт дәстүрлердің озығы мен тозығы» атты ғылыми жұмысын 9-сынып оқушысы Амангелді Шұғыла орындады. Ол зерттеу жұмысы кезінде интернет желісінен, қалалық кітапханадан әр түрлі мәліметтер, ақпараттар жинақтады. Оқушы өз жұмысы кезінде ізденімпаздық, белсенділік танытты. Алдымен орыс тіліндегі ақпараттарды оқып, қызықты деген мәліметтерді қазақ тіліне аударып отырды. Осы тақырыпта жұмыс жасаған кезде оқушының бойынан еліне, қазақ халқына, өзі туған жеріне деген құрметті, әжесіне деген махаббатын, қазақ халқының салт-дәстүріне деген қызығушылығын байқадым. Жас зерттеушінің Ата - бабаларымыздан қалған салт – дәстүріне деген зерттеу жұмысы жас ерекшелігіне сай орындалған. Көп ізденіс жасаған. Оқыған, жинаған материалдарын жүйелі жоспарлап, жеткілікті дәрежеде талдай білген. Ежелгі ұмыт бола бастаған салт-дәстүрді әдеби оқиғаларымен байланыстыра отырып өте жақсы зерттеу жүргізген. Ғылыми жұмыстың құрылымы дұрыс. Зерттеу бөлімін үш тарауға бөліп қарастырған. Тарауларда қарастырылған мәселелер де маңызды.

Жұмыстың экперименттік бөлімінде « Ежелгі ұмыт бола бастаған, қаіргі кезде қайта жаңғыртуды талап ететін, қажет деп саналатын салт- дәстүрлер», « Басқа шет жерлерден, батыстан келіп, біздің салт-санамызды жаулап, ұлттық болмысымызға жат біртіндеп еніп келе жатқан салт-дәстүрлер », «Ежелгі қазақтың салт -дәстүрі деп саналып, қазіргі заманға қарай бейімдеп, бастапқы мағынасын жоғалтып, бұрмалануға тап болған дәстүрлер» тақырыбында материалдарын жинап жүйелеп, қажетті материалдарды таңдап алып,ғылыми көзқарасын білдіруі Шұғыланың зерттеушілік қабілетінің молдығын көрсетеді және жас ерекшеліктеріне орай айтарлықтай жетістіктерге жеткен.

Зерттеу жұмысын жүргізген Амангелді Шұғыланың ғылыми аппаратты меңгеруі,қажетті сілтемені қолдана білуі көңіл қуантады. Жұмыста өрескел кемшілік байқалмайды.Жұмыстың тілі жатық. Сауатты,жүйелі,ғылыми стильде жазылған. Құрылымы, рәсімделуі толық сақталған. Жас зерттеушінің бұл еңбегі мектеп мұғалімдері мен оқушыларға көмекші құрал бола алады. Зерттеу жұмысы жоғары бағаға лайық деп бағалаймын. Шұғыла – өз болашағынан зор үміт күттіретін жас зерттеушілердің бірі.