Файл: ыса мерзімді жоспарлау лгісі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 67

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспарлау үлгісі





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Бөлім: 5 Экономикалық география

Бөлімше: 5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы

Мектеп:

М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектеп




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Еспентаева Гульшат Сапаргалиевна




Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері.










Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

8.5.3.2 - қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын ұйымдастыру түрлерін сипаттайды.




Сабақтың мақсаты

Шаруашылық салаларын ұйымдастыру түрлерін,қызмет көрсету салаларын атайды.

Ауылшаруашылық,өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларын ұйымдастыру түрлерін анықтайды .

Қазақстанның шаруашылық салаларын ұйымдастыру түрлері бойынша жергілікті жерді қамтып,шағын зерттеулер жүргізеді,талдайды.




Бағалау критерийі

Түсіну. Қазақстан шаруашылық салаларын ұйымдастыру түрлерін атайды .

Қолдану. Ауылшаруашылық,өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларын анықтайды

Талдау.Қазақстан шаруашылық салаларын ұйымдастыру түрлерін салыстырады, талдайды.




Тілдік мақсаттар


Термин сөздермен жұмыс:

Оқылым: сабақ барысында оқушылар мәтінмен, деректермен танысады;

Айтылым: ойларын еркін жеткізеді, ауылшаруашылық,өнеркәсіп,қызмет салаларын ұйымдастыруға қатысты өз ойларын ұсынады

Тыңдалым: топта бір-бірінің пікірін тыңдайды

Жазылым: ауылшаруашылық кооперативі, фабрика, зауыт, комбинат, латифундия терминдері




Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары. Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты.

Оқушыларды Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілетті, патриоттыққа, өз отанынының дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.




Пәнаралық байланыс

Химия – ауыр өнеркәсіптегі тау – кен, химия комбинаттарын түсінеді;

Экономика- өнеркәсіп салаларын ұйымдастыруы жөнінде біледі;




Алдыңғы білім


8.5.3.1 - өндіруші және өңдеуші, қызмет саласы шаруашылық түрлерін жіктейді




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар




Сабақтың басы

1минут

2минут

2минут

Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Мозайка» әдісі бойынша сыныпты суреттердің қиындыларымен 3 топқа бөлу (оқушылар түрлі қиындыларды таңдау арқылы топтасады) Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй, сәттілік тілейді.

1топ «Ауыл шаруашылығы»

2топ «Өнеркәсіп»

3топ «Қызмет салалары»

Алдыңғы білімді еске түсіру.

«Пицца» әдісімен алдыңғы өткен білімді еске түсіру үшін үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

1.Шаруашылықтың жіктелуін атаңыз?

2. Мұнай мен газ өндірудің маңызы қандай?

3.Көмір өндіруі басым аудандарды ата

4.Ауылшаруашылығының басқа шаруашылықтан айырмашылығы қандай?

5. Балықшаруашылығы дамыған аймақтарының өзіндік ерекшеліктер қандай?

Қызығушылықты ояту:

Бейнекөрсетілім.

  • Бұл бейнекөрсетілімнен қандай ой түюге болады?

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбын қалай болжайсыздар?

  • Оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

  • « Топтастыру»



А уылшаруашылық,өнеркәсіп ,қызмет көрсету саласының ұйымдасу түрлері










YOU TUBE

https://youtu.be/M_7Y8WhCywA


Сабақтың ортасы
Түсіну

10минут

Қолдану

10мин

Талдау

7минут

1-тапсырма «Ойлан,жұптас,талқыла»

Мәтінмен жұмыс жүргізіледі,оқып болған соң «Галерея әдісі» бойынша жұмыстанады.

Тиімділігі:Түсінбеген сұрақтарына жауап іздейді Сыныпта қабырға газеттері ілінеді. Сыныпта топтар қозғалысқа түсу арқылы қабырға газеттерін қарайды, ауылшаруашылық, өнеркәсіп, қызмет салаларын сараптайды, талдайды. Галлереяға саяхат аяқталған соң,топтар жұмыстарға шолу жасап,өз қабырға газеттерін дайындайды.

Топтық жұмыс. Оқушылар мәтінді жеке оқып, топта талқылайды, постер дайындайды, сыныпқа ұсынады.

Өз ойын ашық айта алады,оқушылардың есте сақтау қабілеті жақсарады. Оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға көмектеседі, белсенді оқу үдерісін жақсартады.

1топқа тапсырма: Ауылшаруашылық ұйымдастыру салалары «Шаруа қожалықтар, кешенді ауылшаруашылық, агроөнеркәсіптік холдингтер»

2топқа тапсырма: Өнеркәсіптік ұйымдастыру салалары«Цехтар, шағын кәсіпорындар,фабрика зауыт,комбинаттар кәсіпорындары.»

3-топқа тапсырма: «Әлеуметтік және көлік инфрақұрылым түрлері»қызмет салалары

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Қазақстан ауылшаруашылық, өнеркәсіп саласын ұйымдастыру түрлерін қызмет салаларын анықтайды.

-Ауылшаруашылық саласының ұйымдастыру жұмыстарын анықтайды;

-Өнеркәсіп саласының ерекшелігін ажыратады;

-Қызмет салаларының түрлерін сипаттайды;

Қалыптастырушы бағалау:Екі жұлдыз,бір ұсыныс. «+» «-» қалыптастырушы бағалау әдісі арқылы 1сабақ мақсатына жетпеген оқушыларды анықтап, оларға ұсыныс арқылы көмек көрсетіп түсіндіру, сондай-ақ сол сабақ мақсатына жеткізу.

2-тапсырма. «Сәйкестендіру» кестесін толтырады.

Тиімділігі: Алдыңғы тапсырмада алған білімдерін қолдану арқылы оқушыны оқытуда ойлануға мәжбүрлейді, ой қорытуға, белгілі бір қорытындыға келуге дағдыландырады.

1-2топқа

«Сәйкестендіру» кестесі

Атауы

Сипаты

Цех

Белгілі бір сала бойынша біртекті өнімдерге мамандаған сала

Фабрика

Қызмет бағыты және шығарылатын өнім түрі бойынша құрылады.

Комбинат

Атқаратын қызметі мен шығаратын өнімдері бойынша құрылған

Шаруа қожалықтары

Көптеген өндіріс сатыларын біріктіріп,дайын өнімдерді шығаратын кәсіпорындар.

Кешенді ауылшаруашылық

Ауылшаруашылық шикізатын өндіру, өңдеу және өткізумен айналысады.

Агроөнеркәсіптік холдингтер

Жекеменшік сипатта болады.

Комбинат

Технологиялық циклдер бойынша айырмашылық жасайды.

Зуауыт

Көптеген өндіріс сатыларын біріктіріп,дайын өнімдерді шығаратын кәсіпорын.


3. Әлеуметтік инфроқұрылымды қызмет саласымен сәйкестендіріңіз.

Әлеуметтік

инфрақұрылым

Қызмет саласы

Денсаулық сақтау

мектептер, жоғарғы оқу орындары,

кәсіптік білім беру орталығы

Тұрмыстық қызмет ету

орындары

театр, мәдени орталықтар, музейлер т.б

Білім

қоғамдық тамақтану, сауда орталықтары,

демалыс орталықтары, демалыс базалары

Мәдениет


ауруханалар, клиникалар, тіс емдеу

орталықтары




Бағалау критерийлері

Дескриптор

Ауылшаруашылық,өнеркәсіп және қызмет кқрсету салаларын анықтайды.

-Қазақстанда ауылшаруашылық саласының ұйымдастыру жұмыстарын анықтайды;

-Ауылшаруашылық және өнеркәсіп саласының маңызын,ерекшелігін ажыратады;

-инфрақұрылымға сәйкес қызмет саласын анықтайды.




Қалыптастырушы бағалау : «Бағдаршам»

қалыптастырушы бағалау әдісі арқылы 2сабақ мақсатына жетпеген оқушыларды түстер арқылы анықтап, оларға түсінбеген сұрақтарары арқылы көмек көрсетіп түсіндіру, сондай-ақ сол сабақты мақсатына жеткізу.

3-тапсырма: Жеке,топтық жұмыс. «SWOT» талдау әдісі

Тиімділігі: Оқушының бір мәтінді оқу арқылы ойлау, талдау,салыстыру қабілетін дамыту мақсатында қолданылып отыр. Өз пікірін,яғни ауылшаруашылық, өнеркәсіптік және қызмет салалары туралы әлсіз, күшті, қауіп пен мүмкіндіктерін еркін ашық түрде айтады. Сонымен қатар оқушылардың жазылым, оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ету үшін таңдалды. Топта жеке жұмыс дәптеріне орындап,топқа ортаға салады,ортақ шешімге келіп топ сыныпқа ұсынады.

1-топ. «Менің ауылымда ауылшаруашылық саласын ұйымдастыру» жобасы бойынша аудандағы қызмет мекемелерінің ұйымдасу ерекшеліктерін,олардың қызмет бағыттары мен түрлерін анықтап«SWOT» талдау кестесін толтырыңыз.

2-топ. Қарағанды толық циклді қара металлургия комбинатының жұмыс істеу механизмін«SWOT» талдауға түсіру.

3-топ. Қазіргі таңдағы әлеуметтік инфрақұрылым қызмет салаларының қызмет көрсету деңгейі.


S (әлсіз )

1

2

3



W (күшті)

1

2

3

O (қауіп-қатер)

1

2

3

T (мүмкіндік)

1

2

3


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Қазақстан шаруашылық салаларын ұйымдастыру түрлерін,қызмет салаларын салыстырады, талдау жасайды.

-Шаруашылық саласының ұйымдастыру жұмыстарын анықтайды;

-Ауылшаруашылық және өнеркәсіп саласының маңызын,ерекшелігін ажыратады;

-Әлеуметтік инфрақұрылым салаларын

сипаттайды;

Қалыптастырушы бағалау:

«Смайлик» әдісі

Қалыптастырушы бағалау әдісі арқылы 3 сабақ мақсатына жеткенін немесе «SWOT» талдауында оқушыларға не түсінікті,не түсініксіз екенін анықтап, оларға түсінбеген сұрақтары арқылы көмек көрсетіп түсіндіру, сондай-ақ сол сабақты мақсатына жеткізу.

(үлестірме смайлик беріледі,оқушылар смайликтің тұсына сәйкес келетінін жазады)



Оқулықпен жұмыс

208-211бет

https://youtu.be/OmKDUxjDl74//

Қабырға газеттері көмекші құрал.

https://youtu.be/OmKDUxjDl74//

https://youtu.be/OUvMKugyNJU//

Қазақстандағы Алматы кондитерлік өнімдер өндірісі

«РАХАТ» фабрикасы .





Сабақтың соңы
5минут

3минут

Кері байланыс

«Он сұрақ» әдісі арқылы оқушылардың бүгінгі алған білімдерінің қаншалықты деңгейде екенін білу.

Тиімділігі: Балаларды жылдамдыққа, материалдарды жылдам қабылдауға, терминдік сөздерді меңгерту.

Тақырып бойынша әр топтан үздік деп таныған оқушыны ортаға шығарып глоссарий (термин сөздер) сұрақ түрінде қойылып, жауап алынады.

Мысалы: Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

Қалыптастырушы бағалау:

Мадақтау: Жарайсың!Тамаша! Сенің қолыңнан келеді!

Кері байланыс: «Нысана»

Сары түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...»

Қызыл түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!»

К өк түсті шеңбер «маған көмек қажет»

Үйге тапсырма:

1.46-тақырыпты оқып келу.

2.«Егер мен Қаз Агро»Ұлттық холдингінің басшысы болсам» тақырыбында эссе жазу.









Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Оқушылардың оқу дағдыларын ескере отырып, сабақ мақсаттарына қол жеткізуге арналған сараланған тапсырмалар беремін.

Топтық, жұптық жұмыс.

«Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы

1-тапсырма:Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту үшін сабақ барысында «Галерея» әдісі арқылы қабырға газеттерімен танысып, топта бір-бірлеріне түсіндіреді.(оқушыны ойлануға , ой қорытуға, белгілі бір қорытындыға келуге мәжбүрлейді)

2-тапсырма. «Сәйкестендіру» кестесін толтырады.

Тиімділігі: Алдыңғы тапсырмада алған білімдерін қолдану арқылы оқушыны оқытуда ойлануға мәжбүрлейді, ой қорытуға, белгілі бір қорытындыға келуге мәжбүрлейді. Бұл тапсырмада сәйкестендіру кестесін толтыруда қиналған оқушыларға ұсыныс арқылы көмек көрсету қолға алынды.
3-тапсырма:«SWOT» талдауы Тиімділігі оқушылардың оқу дағдылары, есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады. Оқушылардың оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары қалыптасады. Оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға көмектеседі.

Өз ойын ашық жеткізе алмаған немесе тұйық оқушыны ескере отырып алдағы үй тапсырмасына алған білімін өмірде қолдану мақсатында оқу мақсатына жету үшін «Егер мен Қаз Агро»Ұлттық холдингінің басшысы болсам» тақырыбында эссе жазуға беремін.

Сабақ өз оқу мақсаттарына жетті.



Бағалау критерий және дескриптор арқылы жүргізіледі. Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау әдісін қолданамын.

1-тапсырма:

ҚБ: Екі жұлдыз,бір ұсыныс. «+» «-» қалыптастырушы бағалау әдісі арқылы 1сабақ мақсатына жетпеген оқушыларды анықтап, оларға ұсыныс арқылы көмек көрсетіп түсіндіру, сондай-ақ сол сабақ мақсатына жеткізу.

2-тапсырма:

Қалыптастырушы бағалау:

«Бағдаршам»

қалыптастырушы бағалау әдісі арқылы 2сабақ мақсатына жетпеген оқушыларды түстер арқылы анықтап, оларға түсінбеген сұрақтарары арқылы көмек көрсетіп түсіндіру, сондай-ақ сол сабақты мақсатына жеткізу. Оқу туралы ойлануға және түсінуге көмектеседі, оқушыларға үздік жұмысты көруге және орын алған түсінбеушілікті шешуге мүмкіндік береді.Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін, оқушылардың ойларын анық бағыттау үшін жоспарладым.  

3тапсырма:

Қалыптастырушы бағалау: «Смайлик»әдісі

қалыптастырушы бағалау әдісі арқылы 3 сабақ мақсатына жеткенін немесе «SWOT» талдауында оқушыларға не түсінікті,не түсініксіз екенін анықтап, оларға түсінбеген сұрақтары арқылы көмек көрсетіп түсіндіру, сондай-ақ сол сабақты мақсатына жеткізу.
Кері байланыс арқылы оқу мақсатына жетпеген оқушалар анықталады.

«Нысана» кері байланысын сабақ мақсатына оқушылар жете алдыма? қандай қиындықтарды жеңу арқылы жеткендігін анықтау үшін алынды. Сонымен қатар тақырып бойынша сабақ мақсатына жетпеген оқушыға қандай көмек қажет екендігін айқындап, үй тапсырмасына ұқсас тапсырма беру арқылы оқу мақсатқа жету көзделді.


АКТ-мен байланысы болады. Интерактивті тақта жұмыстарын пайдалану ережесі сақталады. Сыныпта санитарлық-гигиеналық ережелерді және қимыл-қозғалыс қауіпсіздік ережелері сақталады. Сыныпты топтық жұмысқа дайындау, жағдай жасайды.

Пәнаралық байланыс сабақ барысында химия,экономика пәнімен байланысады.


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?







Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?