Файл: Барлы оушылар Тригонометриялы рнектерді трлендіруде негізгі тригонометриялы тепетедіктерді олдана біледі Оушыларды басым блігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 13

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану

Бөлім:

Тригонометрия формулалары

Педагогтің тегі:

Токпаева Назерке Әділханқызы

Күні:

01.02

Сынып:9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:


Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.2.4.5 негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығарады және қолданады

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:
– Тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдана біледі

Оқушылардың басым бөлігі: 
– Тригонометриялық тепе-теңдікті дәлелдеуді біледі

Кейбір оқушылар:
– Қиындығы жоғары есептерді шығара алады.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық ахуал қалыптастыруда «кубик эмоциясы» әдісі жүзеге асырылады.
3. Үй тапсырмасын «бинго» әдісі арқылы тексеру
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.


Оқушылар амандасады.

Кубикти айналдырып бір-біріне кезекпен лақтырады. Түскен кубик бетінен эмоцияны қайталау қажет.

Оқушылар кез-келген цифр айтады. Сол бойынша бинго шариктарындағы сұраққа жауап береді.

Оқушылар сұраққа кезекпен кезек жауап береді.

Оқушыларға 1-10 дейін көрсетілген электронды сағат қиындысы беріледі.Әр тапсырмаға балл қойылып, алға жылжып отырады.
Мақсаты: Оқушылардың өздеріне деген сенімділіктерін нығайта түсу, ойлау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қиынды қағаз(кубик)р
Интербелсенді тақта, слайд

Смарт сағат қиындысы

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Жаңа сабақты түсіндіру үшін «Тілші» әдісі қолданылады.

Мұғалім сабақты тақтаға түсіндіреді.

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдікті қорытындылау үшін радиусы 1-ге тең шеңбер алу жеткілікті.Онда, мысалы жылжымалы ОВ радиусының соңғы нүктесіндегі синус функциясы тек ордината y-пен, ал В нүктесіндегі косинустың мәні абцисса х-пен анықталады.ОВС тікбұрышты үшбұрышын қарастырамыз.Сонда, Пифагор теоремасы бойынша

ОВ²=OC²+BC²; OB=1; OC=x; BC=y немесе OC=x=cosα, BC=y=sinα.Демек,

cos²α+sin²α=1 (1)

AB²+AC²=BC²/BC²(AB/BC)²+(AC/BC)²=1

AB/BC=sinα.AC/BC=cosα

Бұл теңдік α-ның кез келген мәнінде дұрыс, яғни тепе-теңдік болып табылады.

Анықтама бойынша



(1)-(3) теңдіктері бір ғана аргументке байланысты тригонометриялық тепе-теңдіктер деп аталады.(1)-екі бөлігін де sinα≠0 алып, sin²α-ға бөлсек, 1+ctg²α=1/sin²α (4) 1+tg²α=1/cos²α (5)

(1)-(5) формулалары бір аргументке тәуелді тригонометриялық функциялар арасындағы қатынастарды өрнектейді.

1-мысал. cosα=1/2; 0<α<90°,sinα, tgα, ctgα мәнін табыңдар, α бұрышы І-ширекте, барлық функцияның мәндері оң.







Оқушылар тақырыпты мұғалімнен түсінеді

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Оқушылар тақырыпты әуелі жеке оқиды, содан кейін мазмұнын сыныпта талқылап, меңгереді.

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


9-сынып оқулығы, тақта

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар тақырып бойынша берілген есептерді оқулықтан шығаруға тапсырма беріледі «колесо фортуны» әдісі арқылы кездейсоқ таңдалған оқушылар тақтаға шыңып есеп орындайды.

Мұғалім оқушыны тақтаға шақырады.

22.1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Аты көрсетілген оқушы тақтаға шығып есеп шығарады.22.1-тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

– есептің шартын түсініп,есепті шығарады;
– жауабын жазады. Әрбір дұрыс шығарылған есепке

+ 2 балл.

Қолдарындағы сағатты 2 баллға жылжытады.

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Интербелсенді тақта, смарт сағат





22.2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.


Аты көрсетілген оқушы тақтаға шығып есеп шығарады.22.2-тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

– есептің шартын түсініп,есепті шығарады;
– жауабын жазады. Әрбір дұрыс шығарылған есепке

+ 2 балл.

Қолдарындағы сағатты 2 баллға жылжытады.


9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Интербелсенді тақта, смарт сағат





22.3- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.


Аты көрсетілген оқушы тақтаға шығып есеп шығарады.22.2-тапсырманы орындайды.

Дескриптор:
– есептің шартын түсініп, өрнек құрастырады;
– көбейтуді орындайды;
– жауабын жазады.

Жалпы-2 балл.


9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Интербелсенді тақта, смарт сағат


Сергіту сәті


10-ға дейін санаймыз, 2ге еселік сан айтқанда қол шапалақтаймыз.

Оқушылар 2ге еселік сандарды еске түсіреді.







Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс

«Принтер рефлексиясы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын көреді.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Үйге тапсырма:

№22.4 есеп.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын стикерлер арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Смарт сағаттар» арқылы бағалайды. Яғни оқушылар сабақ соғында жинаған балдарын айтады.Сол бойынша 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады








Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Ойлан – жұптас – бөліс», «Бинго»

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Смарт сағат» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: