Файл: л Фараби атындаы аза лтты Университеті Факультеті Философия жне саясаттану Кафедрасы Жалпы жне олданбалы психология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Уақыт рухы» ғылыми-зерттеулер пәнін, зерттеу әдістерін, теориялық тұжырымдамаларды анықтауды да тежеуі мүмкін. Мысалы, біз ғылыми психологияда бұрын болған адам табиғатындағы сана мен субъективті аспектілерге назар аудару үрдістері туралы сөз қозғаймыз. 1920 жылдарға дейін психология әуелі «ақыл-ойдан», кейін «сана-сезімнен» жұрдай болады дейтін әзіл-қалжыңы аралас пікір айтылатын. Алайда елу жылдан кейін әртүрлі кезеңдегі «уақыт рухының» ықпалын көрген психология уақыттың интеллектуалдық шырайына жауап бере алатын сана мәселесіне қайта ие болды.

Бұл ретте бізге түрлердің эволюциясымен ұқсастық іздеп көруге болады. Қоршаған орта талаптарына сай ғылым мен тірі организмдер де өзгеріп отырады. Уақыт ағынымен бірге жеке түрлер қандай өзгеріске ұшырайды екен? Егер қоршаған ортада тепе-теңдік сақталатын болса, ешқандай өзгеріс болмайды. Егер тепе-теңдік жойылатын болса, түр жаңа талаптарға бейімделуі керек немесе ол жойылуы тиіс.

Дәл осылай қоршаған орта контексінде ғылым да өмір сүреді және сол ортаға белгілі түрде жауап береді. Алайда ғылым ортасы – «уақыт рухы» – физикалық емес, рухани орта. Физикалық орта сияқты, «уақыт рухы» да өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Қазіргі психология эволюциясы кезіндегі психология мектептері

Психология жеке ғылыми пән ретінде дамыған алғашқы жылдары, нақтырақ айт- қанда ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде, неміс физиологі Вильгельм Вундттың ықпалы зор еді. Вундттың жаңа ғылымның бейнесі мен пішіні туралы нақты түсінігі болды. Ол философия мен психологияда басым болған зерттеулердің мақсаттарын, пәнін, әдістері мен тақырыптарын анықтады. Не болса да, сол заман рухының жаршысы ретінде Вундт түрлі философиялық және ғылыми ойлау бағыттарын біріктірді. Бірнеше жылдар бойы психология Вундттың ықпалымен қалыптасты.

Көп кешікпей жағдай өзгерді. Психологтер арасында қарама-қайшылықтар туындады. Басқа ғылым мен мәдениетте жаңа идеялар ортаға шықты. Осы жаңа өзгерістердің бейнесі ретінде кейбір психологтер Вундттың тұжырымымен келіспей, психологияда өзінің жеке көзқарасын білдіре бастады. Сөйтіп, 1900 жылдары бірнеше ғылыми ойлау жүйелері мен мектептері арасындағы қарым-қатынастар күрделеніп, психологияның анықтамасы туралы әңгіме қозғала бастады.

Психология аясында психологиялық мектеп термині кейде идеялық тұрғыда, кейде ғылыми бағыт көшбасшысымен аумақтық тұрғыда қатысы болған психологтер тобы деген ұғымды білдіреді. Әдетте бір мектеп өкілдері теориялық немесе жүйелі мәселелермен ортақтасып жұмыс істейді. Түрлі психологиялық мектептердің пайда болуы, олардың құлдырауы және басқа мектептермен ауыс- тырылуы – психология тарихының ерекше сипаттарының бірі.


Ғылымның жеке мектептерге бөлінген кезі парадигмалыққа дейінгі кезең деп аталады. Парадигма (яғни модель немесе үлгі) ғылыми пән аясында жалпы қабылданған ойлау тәсілі ретінде осы саладағы зерттеушілер үшін негізгі сұрақтар мен жауаптарды анықтайды.

Бұрынғы психологиялық мектептердің қай-қайсысы да қалыптасқан жүйеге қарсылық танытып бақты. Әр ағымның өкілдері ескі жүйенің әлсіз тұстарын айтып, жаңа анықтамалар, тұжырымдамалар мен зерттеу стратегиялары арқылы жағдайды түзетуді ұсынды. Жаңа ой мектебі ғылыми қауымдастықтың назарына ие болғанда, алдыңғы платформадан бас тартатын. Екі тарап та өз пікірлерін қорғайтын. Ескі және жаңа мектеп арасында жанжалдар туындап отыратын.

Ескі мектептің жетекші теорияшылдары жаңа жүйені жақтаушылар қатарына сирек кіретін. Әдетте олардың өз ұстанымдарына берік, адал адамдар екені айтпаса да түсінікті. Ескі мектептің жас қолдаушылары, керісінше, жаңа идеяларға жиі қызығып, жаңа ілімнің ізбасарларына айналып кететін.

Түрлі психологиялық мектептердің тарихи даму тұрғысынан психологияның ілгерілеуін жақсы түсінуге болады. Ұлы ғалымдардың оған қосқан үлесі зор. Алайда олардың еңбектерінің маңызы оның алдында болған идеялар мен одан кейінгі зерттеулер контексінде қарастырылған кезде анық көрінеді. Осы философиялық және психологиялық дәстүр негізінде Вильгельм Вундттың психологиясы және структурализм ұғымы жетілдірілді. Структурализмнен кейін функционализмбихевиоризм гештальт-психология қалыптасты. Бұл ағымдар структурализмге сүйенген немесе оған қарсы тұрған. Дәл сол уақытта санасыздық табиғаты туралы идеялар және есі ауысқандарды емдеудің алғашқы тәжірибелері негізінде психоанализ – жеке зерттеу пәні мен жеке әдістемесі бар ғылым ретінде бой көтерді.

Психоанализ бен бихевиоризм көптеген шағын мектептердің құрылуына түрткі болды. 1950 жылдары бихевиоризм мен психоанализге жауап ретінде гуманистік психология8 сияқты бағыт пайда болды. Ол гештальт-психология қағидаларын да қамтыды. Шамамен 1960 жылы бихевиоризмге когнитивті психология ағымы қарсы шықты және психология анықтамасы қайта қаралды. Ең жаңа өзгерістердің маңызды ерекшелігі – сананы және психикалық немесе когнитивті процестерді зерттеуге оралу. 15-тарауда эволюциялық психология, когнитивті нейробиология және позитивті психология тақырыптары қамтылған заманауи жаңалықтар жайлы сөз болады.

Қорытындылай келе, психология тарихы – осы ғылымның қалыпьтасуындағы революциялық өзгерістерді, қиындықтар мен ғалымдардың көзқарастары және сіңірген еңбектерін саралап жеткізу. Бұл ғылымның қалыптасуында көптеген теориялар мен жеке психологиялық мектептердің қалыптасуы ерекше маңызға ие болды. Сонымен қатар, психология тарихына көптеген өзгерістер де ісер етіп жатты. Соған қарамастан, психология ғылымы қазіргі таңда актуалды ғылымдардың бірі болып табылады.