Файл: Сынып 3 ТаырыпАдалды жрген жерде адамды жреді пікірлесу сааты Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 68

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сынып: 3 «Ә»Тақырып:«Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді» пікірлесу сағатыМақсаты:  Оқушыларға өмірде  ата-анаға,  досқа адал  бола  білуге  баули  отырып,  әр  адамның  адал  ісі  мен  адамдығы  көрінетінін  білуге  тәрбиелеу.Барысы:Адамның  ниеті,  ойы,  іс-әрекеті  шындыққа негізделгенде адам  өзіне  де,  өзгеге  де  адал  болады. Адал  болу  кез-келген  адамның  өз  қолында.  Ол  біздің ішкі  жан-дүниемізден  бастау  алады.  Адамның  көңілі  таза,  пейілі кең,  адал,  шыншыл  болғанда  әділдікке  қол  жеткізеді.Адалдық  өмірінде  керек  нәрсе,Ол да  гүлдеп,  нұрланар  көңіл  бөлсе.Халыққа  өз  пайдасын  тигізе  алмай,Адам  боп,  өзін-өзі  меңгермесе,-  демекші  әр  адам  дүние  есігін  ашып  шыр  етіп  өмірге  келген  күннен  бастап жүрек қалауымен  ,  ата-анасының  берген  тәрбиесімен,  жақсылық  жамандықты  көре  жүріп  өмір  сүре  бастайды. «Дүниеде  әділдік  пен адалдықты  ту  еткен   адамнан  артық  ешкім  жоқ»  дегендей  бүгінгі  «Адалдық  жүрген  жерде-адамдық  жүреді»  атты    пікірталасу  сағатына  қош  келдіңіздер. Келген  қонақтар,  оқушылар  бүгінгі  кеште  адалдық,  адамдық  жайында  ойымызды  ішімізге  бүкпей  ортаға  сала  отырайық. Бүгінгі  пікірталасу сағатымыз  үш  бөлімнен  тұрады.І-бөлім.

  1. Жалпы адалдық  дегенді  қалай  түсінесіңдер?

  2. Адал дос  дегенді  қалай  түсінесіңдер?

  3. Адал болу  кез-келген  адамның  қолынан  келмейді?  Неліктен?

  4. Ата-анаға, бауырға,  ортаға  жалпы  өмірде  адал  болу  дегенді  қалай түсінесіңдер?

  5. Сен өзіңді  адал  жанмын  деп  айта  аласың  ба?
ІІ-бөлім.Мақал-мәтел- халық  даналығының  бір  түрі.Олардың  тақырыптары  да  әр  алуан.  Мақал-мәтелдің  мағына  -мәні  де  терең,  аз  сөзбен  көп  мағынаны,  үлкен   ойды  жеткізеді.  Ендеше  бүгінгі адалдық  тақырыбындағы  мақал-мәтелдерді   айта  отырып,  мағынасын  түсіндіріп  өз  ойымызды білдірсек.Бүгінгі  тақырыбымыз  «Адалдық  жүрген  жерде-адамдық  жүреді»дегенді  қалай  түсінесіңдер?  Оқушылар  өз  түсініктерін,өз  ойларын  айтты.Осы  тақырыпта  тағы  қандай  мақал-мәтелдер  білесіңдер?
. Білім   мен өнерді  сүй,  сусында,Деп  айтсын  ел  «Осындай ер  тусын  да!»Арың  адал,  әділ  болсаң  әрқашан,Дүниенің  бар бақыты  уысында.Түспегені  абзал ғой  арға  дақтың,Күйін  кешпе  түнде  ұшар жарғанаттың,Адал  адам  әрқашан-еңсесі  тік,Әділдікті ту еткін, қолғанатым.Бүгінгі  кеште  ойымызды  ортаға  салып адалдық,  адамдық  туралы  көп нәрселер  айтылды. «Адалдық-адамдықтың  белгісі»  демекші осы  өмірде  адал болып,  тек  адалдық  істер  істеп  адамдығымызды   көрсетіп,   кейінгіге үлгі болып  жүрейік.