ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім | Атом құрлысы. Атомдық құбылыстар | |||
Педагогтың аты-жөні | Дукенбаева Женискуль Нурлановна | |||
Күні | 26.04.2023ж | |||
Сынып: 9 Ә | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Фотоэффект құбылысы. Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 9.6.1.3 фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру 9.6.1.4 фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану; | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: Фотоэффект құбылысын және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіреді және Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолданады. | |||
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 2 мин 5 мин 5 мин | 1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Жүректен –жүрекке әдісі арқылы оқушылар бір-біріне деген тілегін бір ауыз сөзбен жеткізу. 2.Үй тапсырмасын Word wall платформасы арқылы сұраймын. 1. Квант дегеніміз не? 2. Планк қандай гипотеза ұсынған? 3. Планк тұрақтысы неге тең? 4.Фотон дегеніміз не? 5. Көше шамдарының қараңғы түссе жанып, жарықта сөнуін қалай түсіндіре аласыңдар? 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Берілегн сурет арқылы тақырыпты ашу. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. | Мұғаліммен cәлемдеседі. Оқушылар бір- біріне деген жылы тілектерін айтып,сабақты жақсы көңіл-күймен бастайды Word wall платформасы арқылы сұрақтарға жауап береді. Сурет арқылы тақырыпты ашады. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. Сабақтың мақсаттарымен танысады. Сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп, пікірлерін қорғайды. | ҚБ Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Интер белсенді тақта |
Сабақтың ортасы 12 мин 5мин 5мин Сабақтың соңы 5мин 3мин Үй тапсырмасы 2мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бейне сабақты мұқият тыңдап, көреміз. Жаңа сабаққа байланысты анықтамаларды дәптерге жазып аламыз Оқушыларды ғалымдардың суреті арқылы топқа бөлу: 1-топ: Герц 2-топ: Столетов 3 – топ: Эйнштейн Топтық жұмыс (Мұғалім топтарға әртүрлі көлемде мәтін таратады, оқушылар берілген мәтін бойынша жұмыс жасайды, дәптерге түртіп алады, топта жаңа сабақты түсінеді, айтады,постер қорғайды). Бағалау критерийі: фотоэффект құбылысын сипатта 1-тапсырма: Мәтінмен жұмыс Дескриптор: 1-топ: Фотоэффект құбылысын, оның қолданылуын түсіндіреді 2-топ: Фотоэффект тәжірибесін, қызыл шекара ұғымын анықтайды 3-топ: Эйнштейн теориясын түсініп, теңдеуін сипаттайды 1-топ: Фото – грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект - латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді. Фотоэффект деп - түскен жарықтың әсерінен металдардан электрондардың ыршып шығу құбылысын айтады. Фотоэлемент – жарық энергиясын электр тогы энергиясына түрлендіретін құрал. Фотоэффект теориясының шығу кезеңі: Жарық табиғаты жөніндегі 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герцтің кванттық құбылысы; Қолданылуы: Күн батареяларында, көше шамдарының жануы (фоторезистор арқылы) , метрополитен турникеттерінің жұмысы, кино сласында динамиктегі дыбыстың шығуы (жарық фотоэлементке түседі), медицинада рентген сәулесінің интенсивтілігін азайтады, адам денсаулығына зиянсыз етіп, бірақ кескіннің жарықтылығын арттырады (электронды оптикалық түрлендіргіш – фотоэффект құбылысына негізделген) 2-топ: 1888-1890 жылдары орыстың көрнекті ғалымы А.Г.Столетов тәжірибе жүзінде зерттейді. Фотоэффектінің қызыл шекарасы – фотоэффект құбылысының байқалу шегі. 3-топ: 1905 жылғы ағылшын ғалымы А.Эйнштейннің теориясы; Эйнштейннің пікірінше 1электрон – 1 фотонның әсерінен бөлініп шығады. Бөлініп шыққан электрон белгілі бір жұмыс жасайды. Бұл – шығу жұмысы деп аталады. Шығу жұмысы – жарықтың әсерінен электронның босап шығуы. Барлық жұтылған фотон энергиясы hν - электронның шығу жұмысы Аш мен оның қозғалысы, яғни Ек кинетикалық энергиясына айналады. «Көршіңізге айтыңыз» Жұптық жұмыс Бағалау критерийі: Эйнштейн теңдеуін түрлендір 2 - тапсырма: Белгісіз шаманы тап Дескриптор: - Планк формуласындағы белгісіз шаманы табады - барлық шаманы тауып, формуланы дұрыс түрлендіреді m - (Мұғалім сыныпқа ортақ Эйнштейн теңдеуін береді оқушылар жұппен ойлана отырып, формуланы түрлендіреді) 3 - тапсырма: Жеке жұмыс Есептер шығару Бағалау критерийі: Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласына есеп шығару. Дескриптор: - Есептің шартын жазады ХБЖ айналдырады - Планк тұрақтысын еске түсіреді, қызыл шекара формуласын пайдаланып есеп шығарады - Эйнштейн формуласын дұрыс түрлендіріп, есептерді толық шығарады 31-жаттығу (1) 1. 40.1 – кестені пайдалана отырып, күміс, калий және цинк элементтері үшін λmax фотоэффектінің қызыл шекарасын анықтаңдар. 1.Фотоэффект дегеніміз не? 2.Фотоэффект туралы Эйнштейн формуласы қалай жазылады? 3. Электронның шығу жұмысы дегеніміз не? 4.Фотоэффектінің қызыл шекарасы деп нені айтады? 5. Фотоэффектінің қолданылу саласын айтыңдар? Рефлексия Сөйлемді аяқта.... Бүгін сабақта жасай алдым- себебі....... Бүгін сабақта сыныптасымнан қолдау алдым-себебі..... Маған қиын болған жағдай-себебі....... Параграф: 40 оқу 31- жаттығу (2,3) есепті шығару | Бейне сабақты көреді; Мұғалімді тыңдайды. Анықтамаларды дәптерге жазады. Берілген мәтін бойынша постер қорғайды. Эйнштейн теңдеуін түрлендіреді. Оқушылар есеп шығарады Word wall платформасы арқылы сұрақтарға жауап береді. Оқушылар кері байланыс береді Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. | Белсенді лік танытақан оқушылар ға мадақтау сөзі арқылы қолдау көрсету 3балл 2 балл 5 балл | https://www.youtube.com/watch?v=f4_glHakKys Оқулық Жұмыс дәптері Интербелсенді тақта А3 парақ Интер белсенді тақта Стикер таратылады |
1-топ: Фото – грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект - латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді.
Фотоэффект деп - түскен жарықтың әсерінен металдардан электрондардың ыршып шығу құбылысын айтады.
Фотоэлемент – жарық энергиясын электр тогы энергиясына түрлендіретін құрал.
Фотоэффект теориясының шығу кезеңі:
Жарық табиғаты жөніндегі 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герцтің кванттық құбылысы;
Қолданылуы:
Күн батареяларында, көше шамдарының жануы (фоторезистор арқылы) , метрополитен турникеттерінің жұмысы, кино сласында динамиктегі дыбыстың шығуы (жарық фотоэлементке түседі), медицинада рентген сәулесінің интенсивтілігін азайтады, адам денсаулығына зиянсыз етіп, бірақ кескіннің жарықтылығын арттырады (электронды оптикалық түрлендіргіш – фотоэффект құбылысына негізделген)
2-топ: 1888-1890 жылдары орыстың көрнекті ғалымы А.Г.Столетов тәжірибе жүзінде зерттейді. Фотоэффектінің қызыл шекарасы – фотоэффект құбылысының байқалу шегі.
3-топ: 1905 жылғы ағылшын ғалымы А.Эйнштейннің теориясы;
Эйнштейннің пікірінше 1электрон – 1 фотонның әсерінен бөлініп шығады. Бөлініп шыққан электрон белгілі бір жұмыс жасайды. Бұл – шығу жұмысы деп аталады.
Шығу жұмысы – жарықтың әсерінен электронның босап шығуы.
Барлық жұтылған фотон энергиясы hν - электронның шығу жұмысы Аш мен оның қозғалысы, яғни Ек кинетикалық энергиясына айналады.