Файл: Кні 27. 04. 2023ж Малімні атыжні Ержигитова А. С.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні:27.04.2023ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ержигитова А.С.

Сынып: 7

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Сабақта оқушылар Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме береді. Сонымен қатар кейіпкерлердің типтік ерекшелігін анықтайды.

Бaрлық оқушылар орындaй aлaды:Шығарманың мазмұнын түсінеді және  талдайды.

Оқушылaрдың көпшілігі орындaй aлaды:Әңгіме бөлімдерін  байланыстырып, құрастырады. Кейіпкерлерге мінездеме береді.

Кейбір оқушылaр орындaй aлaды: Әрбір тaпсырмaға бaйланысты өз көзқарастарын білдіре отырып, ойын дәйектей алады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:
Алагеуім, апақ – сапақ, жолай, шақша, ноқта, сағағы,көлегейлеп, қынжылу, қитар
Теңеу: Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ — қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.
Тұрақты тіркестер:
Міз бақпады – беті шімірікпеді, бедірейіп тырп етпеді.
Ләм — мим демей – үндемеу (жұмған аузын ашпау)
Басым сынып – ауырып
Шаш етектен — пайдасы мол
Қолыңның қаруы бар ғой – күшті, әлді
Мызғып — аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу)
Көз ілінді — ұйықтап кету
Шыбын шіркей боп жүреді – барынша күтеді
Дисфемизм: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып
Мақал — мәтел: қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар


Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 
 


І.Ұйымдастыру кезеңі 

·         Оқушылар назарын сабаққа аудару

·         Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ІІ. Жағымды  ахуал орнату
ІІІ. Үй жұмысын тексеру. Кейіпкерлерге талдау жасау

Кейіпкер

 Мінездеме

Ерғабыл

 

Сапабек

 

Тома

 

Жеңіс

 

Дескриптор

·         Шығарма мазмұнын түсінеді.

·         Кейіпкерлерге мінездеме береді.

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

Тапсырма №1

Ж/Ж.     Кейіпкер портреті

1-топқа Оқушылар кейіпкерлерге портреттік

мінездеме береді.

 

Ерғабыл –ірі денелі, иықты қапсағай  сары қарт адам

Сапабек. Ат жақты, қапсағай сары жігіт.

Тома. Омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ — толық ақ сары, ажарлы келіншек.

Жеңіс. Аяқ — қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала.Ерғабыл қарт .Мейірімді, арманшыл, төзімді, қажырлы, еңбекқор, баласын жақсы көреді, ақылды

 Сапабек.

Қуыс кеуде, саяз ойлы, мақтаншақ, өркөкірек, парызын түсінбейді, салт-дәстүрді білмейді, қатігез
Тапсырма №2

ВЕНН диаграммасы  Ерғабыл мен Сапабектің  айырмашылығы

Айырмашылығы: Ерғабыл – ауыл тұрғыны, қарт, оқымаған, көп сөйлемейтін, қарапайым жан

Айырмашылығы: Сапабек – қала тұрғыны, жас, оқыған, өзімшіл, көп сөйлегіш

Ұқсастығы: Әкелі – балалы туыстар, ер адам, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей

Дескриптор

·         Екі  кейіпкерге мінездеме береді;

·         Ұқсастығын табады;



Тапсырма №3

 «Кімніңсөзі»

—Қажыған шығарсың, шай қояйын ба, мызғып аласың ба?

(кемпірдің)

-Алдымен анау отырған шешесі қазақша білмейді, қайта бұған

Кінә жоқ.  (Сапабектің)

-Аже, бер, дайте мне, дайте!   (Тома)

-Әй, доғаршы енді. Анау өзіміздің Аспандиярға домбыра берші

, әнсалсын. (Ерғабыл  қарт)

-Мама, мама, ребята идут на озеро.(Жеңістің сөзі)

Менің әлгі кішкентайым, Құдай-ау немене дейді…бірдеңе

боламын дейді.(Абылдың  сөзі )

Ой, көке-ай, мені бала асырап барады деп ойлайсың ба? Орыс

мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой.   (сапабек)

 

Қ.Б.

 

«Аллея» әдісі  Сынып оқушылары  екіге бөлініп тұрады. Сапабектің ауылда ата-анасының қасында қалуы керектігіне көзін    жеткізу  керек

1- жақ   «Дұрыс»

2-жақ  «Дұрыс емес»

Дескрипторы

-Оқушылар  Сапабекке дұрыс таңдау      жасауына  көмектеседі;

— Ата — анасының борышын ақтауға  бағыт береді;

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/7979-7_tolen_abdikov_qonaqtar_anggimesi

(Т.Әбдіков «Қонақтар» шығармасының аудио жазбасы)

Сабақты бекіту

5 минут

Ой толғаныс .Жаңа білімді меңгерту моделі бойынша  пікір-сұхбат

(3 топқа ортақ сұрақтар)

1.Баласын тағатсыздана күткен әке-шешенің ой-толғаныстары?

2.Баласының әңгімесі Ерекеңе неліктен ұнамады?

3.Сапабек өзінің әке –шешесіне деген перзенттік сағынышын, махаббатын таныта алды ма?

4.Ерекеңнің түнімен мазасызданып шығуының себебі неде?

5.Жазушы ақсақалдың көңіл-күйін қалай берген? (Кітаптан тауып оқып жіберу)

6. Ерекең баласынан қандай үміт күтіп еді, үміті ақталды ма, әлде ақталмады ма?

7. Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?

8..Сапабектің өз үйіне қонақ сияқты болуына кім кінәлі?

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс.

 «Жұлдызыма жеттім бе?»

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

— Сонымен,оқушылар,бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын таныдық.Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық.Қалаға асығатын Сапабектің  ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған,перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін,ата-анасына деген мейрімділігі жоқ екенін байқадық.

V  Үй тапсырмасы

«Қарт адам-қазына» шағын ойтолғау жазып келу.

VІ  Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

VІІ  Қорытындылау