Файл: Пн Математика Сынып 3 А Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пән: Математика

Сынып: 3 «А»

Мұғалімнің аты-жөні: Жалғасбек А.Б

Күні: 24.04.2023ж

Сабақ тақырыбы

«Жазбаша көбейту және бөлу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.2.10 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: есептерді шығару әдісін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.

Кейбір оқушылар: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Бағалау критерийлері

Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

«Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері

Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады.

Жыл мезгілдері. 4 жыл мезгілдерінің суреттері жасырын қойылады, Әр оқушы бір-бірден жасырын қағазды алады. Сурет бойынша топқа бөлінеді.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Тест.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Өздік жұмыс

2,3-тапсырмалар өз бетінше орындалады.

Қиындықты түзету

Оқытушы есептің дұрыс-бұрыстығын тексереді.

Кімде қиындықтар туындады?

– Қай жерде қате жібердіңдер?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

– Өздік жұмыста қателік жібергендер, өз іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.

(Қосымша тапсырмалар орындау).

–Есептеу барысында қиындық туындағандар, ары қарайғы жұмысқа мақсаттарың қандай?

(Қатемен жұмыс).

– Қатемен жұмыс амалын қолданамыз.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

Оқытушы балалардың таңдауы бойынша дәптерге есеп орындауды ұсынады.

Мен істей аламын:

  • Есептеуде жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдана аламын.

Өткенді қолдану

Мұғалім оқушының білім деңгейіне қарай өздік жұмыс береді. Оқушыларға №3(ә) есебі бойынша алдыңғы есептерге ұқсас шығармашылық тапсырма беруге болады

Өздік жұмыс

№6-тапсырманы оқушылар күрделі теңдеудің шешу амалын шамалап талқылай отырып өз беттерінше орындайды.

4-тапсырмада оқушылар кесте бойынша есептерді құрастырып шешеді.

5-тапсырманы топпен орындайды.

8-тапсырма графикалық моделдеу әдісімен шешіледі.

Есептің шарты бойынша билетке кезекте тұрған бес баланың ретін анықтау керек.

Сондықтан кезектен Азамат пен Диас үшін орын белгілеу керек. Бірақ Диас Нұрәлінің де, Дарханның да, Азаматтың да жанында тұрмауы керек. Бұл тек Мұраттың жанында тұрғанда ғана мүмкін болады. Ал қалған балалар Мұраттың алдында тұрулары керек.

Енді кезектен Азаматтың орнын белгілеуіміз керек.

Тапсырманың шарты бойынша Азамат Нұрәлінің қасында тұрмауы керек. Демек Азамат Дархан мен Мұраттың ортасында тұрады.

--------- × --------- × --------- × ---------- × --------- × ---------

Нұрәлі Дархан Азамат Мұрат Диас

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Бағдаршам» әдісі. Кері байланыс

Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

Пән: Математика

Сынып: 3 «А»

Мұғалімнің аты-жөні: Жалғасбек А.Б

Күні: 03.05.2023ж

Сабақ тақырыбы

Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі. 8·137 және 1096:127

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.2.10 Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндірі, Тақырыпқа байланысты берілген тапсырмаларды орындату. Математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу. Білім,білік дағдыларын жетілдіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: есептерді шығару әдісін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: тапсырмаларда есептеуді орындайды.

Кейбір оқушылар:оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Бағалау критерийлері

Бағалау парақшалары; әдістер арқылы бағалау, кестелер.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері. Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды. Оқу құралдары арқылы (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.) ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды.
Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Тест.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Дәптермен жұмыс.

Қосымша тапсырмалар.

Бала 600г тосапты 6 минутта жеп тауысады., ал Карлсон одан екі есе тез тауысады. Олар бірге тосапты неше минутта жеп тауысады?

6 мин:2= 3 мин

600г:6 мин= 100г

600г:3 мин= 200г

600г:300г= 2 мин

100г+200г= 300г

Жауабы: 2 мин

Сергіту сәті. «Ұзын-қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.

№1

  1. 490:Х=700:100 3. 60*Х=540*1

490:Х=7 60*Х=540

Х=490:7 Х=540:60

Х=70 Х=9

  1. 540:Х=600:100 4. 70*Х=1*490

540:Х=6 70*Х=490

Х=540:6 Х=490:70

Х=90 Х=7

№2 Салыстыр:

63:9 *45:9 9х3 * 4:2 54:9 * 3х2 4+12 * 5х3 27:9 * 6х3
№3 Өрнектің дұрыс мәнін тап: 4680:60

А)87 Б) 708 В) 807 Д)780 Е)78
№4 150 кг көкөніс бірнеше дүкенге тең бөлініп берілді. Бірінші дүкенде 20 кг көкөніс сатылғаннан кейін, онда әлі сатылмаған 30 кг көкөніс қалды. Көкөністер неше дүкенге берілді?

150:Х=20+30

150:Х=50

Х=150:50

Х=3

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Интербел- сенді тақта

Белсенді оқу тапсырмала

ры

Сабақтың соңы

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс парағы

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Үй тапсырмасы

6, №7

Пән: Математика

Сынып: 3 «А»

Мұғалімнің аты-жөні: Жалғасбек А.Б

Күні: 08.05.2023ж

Сабақ тақырыбы

Қайталау. Үш таңбалы санға көбейту және бөлу. Есептер шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.10 Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндірі, Тақырыпқа байланысты берілген тапсырмаларды орындату. Математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу. Білім,білік дағдыларын жетілдіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: есептерді шығару әдісін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: тапсырмаларда есептеуді орындайды.

Кейбір оқушылар:оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Бағалау критерийлері

Бағалау парақшалары; әдістер арқылы бағалау, кестелер.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

«Ай» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған айларды алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Сиқырлы себет» әдісі.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату.

Дәптермен жұмыс.

Қосымша тапсырмалар.

35 жасар Бауыржанның 4 ұлы бірінен-бірі 2 жас кіші.Олардың ең үлкені 8 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлдарының жатарының қосындысына тең болады?

Жауабы:

35ж., 8ж., 6ж., 4ж., 2ж.

5 жылдан кейін.

40ж., 13ж., 11ж., 9ж., 7ж.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Сергіту сәті:

«Зейінді бол»

Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.

Ой толғаныс.

1. Ең үлкен үш таңбалы санды тап:

A. 769

B. 876

C. 978

D. 987

E. 980

2. 3 мыңд. 6 жүзд. 3 онд. 6 бірл. Бар санды тап.

A. 30636

B. 36036

C. 300636

D. 360036

E. 3636

3. Қосылғыштарды есептеуге ыңғайластырып, топтастыр:

540+6400+360+600=7900

A. (540+600)+(6400+360)

B. (540+6400)+(360+600)

C. (540+360)+(6400+600)

D. (6400+360)+(600+540)

E. (6400+540)+(600+360)

4. 230002х4 мәнін тап

A. 8002008 С. 9200008 Е. 820008

B. 8020008 Д. 920008

5. Санды өрнектің мәнін тап:

1576х7+2040х8

A. 23532 С. 27352 Е. 26352

B. 22352 Д. 25352

6. Теңдеуді шешу: х:70=420:60

A. 591

B. 690

C. 734

D. 810

E. 490

7. Амалдарды орында, дұрыс жауабын тап:

16440:60х40+8888

A. 19488 С. 19848 Е. 18894

B. 19884 Д. 18984

8. Еділбай қойынан 457 кг жүн күзелді. Бұл меринос қойларынан күзелген жүннен 4 есе кем. Меринос қойынан неше килограмм жүн күзелді?

A. 1288 С. 1628 Е. 1868

B. 1688 Д. 1828

9. Қоймаға 90 кг сәбіз түсірілді. Оның 58 килограмын қапқа салды да қалғанын 8 килограмнан жәшіктерге бөліп салды. Неше жәшік қажет?

A. 8 С. 6 Е. 2

B. 7 Д. 4

10. Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір – бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?

A. Бір оқушы қоянды алмаған

B. Бір оқушы қоянды ұмытып кеткен

C. Бір оқушы қоянды торымен алған

D. Торда қоян жоқ

E. Олай болуы мүмкін емес

11. Өрнектің мәнін тап: 589 және 357 сандарының қосындысын 3-ке көбейт

A. 2338С. 2828 Е. 5622

B. 2838 В. 2645

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары

Сабақтың соңы

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Тазалық» кері байланысы.

Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

Үй тапсырмасы

Қайталау.

Пән: Математика

Сынып: 3 «А»

Мұғалімнің аты-жөні: Жалғасбек А.Б

Күні: 17.05.2023ж

Сабақ тақырыбы

Шеңбер Дөңгелек

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.2.10 Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндірі, Тақырыпқа байланысты берілген тапсырмаларды орындату. Математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу. Білім,білік дағдыларын жетілдіру.

Сабақ мақсаттары

Білімділік:«радиус» және «диаметр» туралы түсініктерін қалыптастыру,берілген радиусы және диаметрі бойынша шеңбер сызуды үйрету, өтілген есептеу тәсілдерін бекіту, есеп шығару дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: есептерді әртүрлі тәсілмен шығару, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: көркем,сауатты жазуға баулу.

Бағалау критерийлері

Бағалау парақшалары; әдістер арқылы бағалау, кестелер.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Математика, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптасты

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

«Алақандар » арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған алақандарды алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сабақтың ортасы

Ауызша есептеуді әртүрлі формада жүргізуге болады. Ауызша есептеудің мысалдарын жазу үшін, дөңгелектер мен шеңберлерді пайдалану.

Бұрынғы білімді еске түсіру керек.

Шеңбер – дөңгелектің шекарасы

Дөңгелек – барлық нүктелері центрінен бірдей қашықтықта жатқан тұйықталған сызық.

О нүктесі – дөңгелектің (шеңбердің) центрі

Жаңа материалмен танысу

АВ – диаметр (d) – шеңбердің центрі арқылы өтетін екі нүктені қосатын кесінді.

Радиус (R) –шеңберден центрге дейін жүргізілген кесінді (қашықтық)

Алғашқы бекіту.

№2 тапсырма. Шеңбердің радиусын және диаметрін өлшейді. Миллиметрмен өрнектейді. Берілгендердің ішінен бірдей шеңберлерді табады. Радиустың артуына қарай диаметрдің қалай өзгеретінін бақылады. Мынадай формула шығаруға болады:

d = r * r = r2

№3 тапсырма бойынша шеңбер сызып үйренеміз.

1.Циркульдің инесі бар ұшын сызғыштағы 0-ге, ал қарындашы бар ұшын, мысалы 4 см-ге қой.

2.Циркульді параққа қой.

3.Циркульдың қарындашы бар ұшын қағаз бетіне айналдыра жүргіз.

Практикалық жұмыс дәптерге орындалады.

3 топ бір-бірден орындайды.

Дәптерге радиустары 2 см, 3см, 1 см болатын шеңбер сызу.

Логикалық есептер.«Қай топ алғыр?»

Өткен материалмен жұмыс.

№4 тапсырма сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін бекітуге арналған.

І топ ІІ топ ІІІ топ

420*800=336 000 1 790 * 90 = 161 100 31 800 * 30 = 954 000

47 360 : 80 =592 61 920 : 90=688 19 400 : 200=97

2 070 *50 = 103 500 20 003 * 9=180 027 20 303 * 6= 121 818

27 018 : 3=9 006 36 168 : 4 = 9 042 332 100 : 90 =3 690

№5 тапсырмада есеп бойынша өрнек құрастырады.

«Қай топ жылдам?»

а) 7 * 25 = 175 м 1 сағ = 60 мин 60 * 7 = 420 м

ә) Р = c+c+c+c S= c*c

б) V= a*b*50

в) 7 * 8 * 50 = 2 800

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату. Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті.Санамақ

Екі көз бен қос құлақ Санап шығар кім бұрын?!

Бір бас пенен бір мұрын Сұқ саусағым суға барды

Нешеу болды қос шырақ, Ортаң қолым орақ орды

Санап шығар кім бұрын?! Аты жоғым ағаш жарды,

Екі аяқ пен екі қол, Жұмсамапты алақаным,

Бір ауыз бен бір тілің... Тек шынашақ–балапанын.

Нешеу болды қане, бол,

Ой толғаныс.

1-топ

Белгісіз санның жазылуында (1-ден 28-ге дейін) 1,5 және 7 цифрлары жоқ.Ол тақ сан және 3-ке бөлінбейді.Осы санды тап.

2-топ

Көгалда қояндар мен қаздар жүрді. Қояндардың аяқтарының саны қаздардың аяқтарының санына тең. Қояндар көп пе, әлде қаздар көп пе?

3-топ

Кез келген екі таңбалы саннан сол санды жазу үшін қолданылған цифрлардың қоСоңғысындысының мәнін азайт.Алынған айырманың мәні әрқашанда 3 және 9 сандарына бөлінетінін тексер.