Файл: А. д романов атындаы 53 орта мектебі Математика пнінен Кшбасшы Интеллектуалды ойыны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А.Д Романов атындағы №53 орта мектебі
Математика пәнінен
«Көшбасшы»
Интеллектуалдық ойыны
Қатысушылар: 5а, 5б сыныптары.
2022 жыл
Математика пәнінен
«Көшбасшы»
Интеллектуалдық ойыны
Мақсаты:
1. Пәннен алған білімдерін кеңейту, тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру.
2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту.
Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.
3. Өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.
Қатысушылар саны : 5а-3 оқушы, 5б- 3 оқушы.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Қазақ халқы
“ақыл – жастан, асыл — тастан” деп бекер айтпаған, олай болса ұшқыр қиял мен ойлылықты қажет етер,
“Көшбасшы” ойнына қош келдіңіздер!
Осы уақытқа дейін алған білімдерін оқушылар ортаға салады.
Ендеше, “ көшбасшы ” атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық. Енді, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Сайыс бөлімімен таныстырайын. Сайыс 3 турдан тұрады.
І тур – “ Бәйге”.
ІІ тур – “ Көкпар“
ІІІ тур –Қара жәшік “Жұмбақ ”
Сұрақтар қойылған кезде дұрыс қол көтеріп, нақты жауап береміз. Тез әрі жауабы дұрыс оқушыға 1ұпай беріліп, бір қадам алға жылжиды.
Сонымен 1.тур «БӘЙГЕ» кезеңі
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі?
Кім жүйрік ойға сол алда,
Бұл кезеңнің шарты бойынша сайыскерлерге 10 логикалық сұрақтар дайындалған,әр қатысушы ұяшықтарды таңдау құқына ие,30 секунт ішінде жауап бере алмаған жағдайда,келесі бірінші болып қол көтерген қатысушы жауап бере алады. Дұрыс жауап болған жағдайда бір қадам алға жылжиды.Тур соңында Ең аз ұпай жинаған 2 сайыскер ойыннан шығарылады.
1. Айдынның Асқардан бойы ұзын,
бірақ Жанаттан кіші.Кім ұзын? Ж : Жанат
2. Термометр аяз болғасын-үш градус көрсетіп тұр.Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Ж: 3 градус
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? Ж: 16
4. Дүйсенбіден кейін 3 күннен соң қай күн келеді? Ж: Жұма
5. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе,4 жұмыртқанеше минутта піседі? Ж: 4 минут
6. 1 тонна мақта ауырма, 10 центнер темір ауырма? Ж: Тең
7. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар.Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Ж: Медет
8. Бөлмедегі әр бұрышта 1 мысықтан және оған қарама-қарсы 3мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Ж: 4 мысық
9. Екі бала шахматты екі сағат ойнады.Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?
Ж: 2 Сағат
10. Допты лақтырғанда,доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Ж: жоғары
2 тур «Көкпар»
Көңілің мен кеңейтіп керегеңді,
Көкпар шіркін қоздырар делебеңді.
Ұрпағына қалдырған ұлы өнерді
Бабаларым не деген көреген-ді!
Бұл кезеңде есептерді ойша шығару бойынша 10 есеп дайындалған ,бірінші болып қол көтерген сайыскер жауап бере алады,дұрыс болмаған жағдайда кезек келесі сайыскерге беріледі. Жауап беруге 30 секунт берілген,уакыт өткен жағдайда жауапты мен айтамын.
3 тур «Жұмбақ»
Бұл кезең озық шыққан екі ойыншы арасында болмақ. Қара жәшіктің ішіндегі затты табу керек. Тапқан сайыскер Жеңімпаз!
Сонымен жұмбақ
Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде каламыз,
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіпте аламыз Ол не? (0 мен 9 арасындағы сандар) Натурал сандар
Қорытынды : Жеңімпазды анықтау.