ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні:_____________
Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру, үнемі көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс әрекет ережелері жасауға дағдыландыру.
Табыс критерийлері:
1.Қауіпсіздік ережесін жатақа айта алады.
2. Көз жаттығуларын өз еркімен жасай алады.
3. Төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсете аладыы сонымен қатар дер кезінде қандай әрекет ету керектігін біледі.
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».
Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері" ойыны. Жаңа сабақты байланыстырып топқа бөлу. "Миға шабуыл" әдісі, "қарлы қағаз" ойыны, "Ой қозғау" тәсілі, "Есте сақтайық"жаттығуы,"Критериалды бағалау" әдісі. Сабақтың барысы:
Уақыт өлшемі | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Ресурстар |
Кіріспе 5 мин. | Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңберін» құрғызу. Орындарынан тұрғызып жазғы демалыс кезіндегі қызықты оқиғаларын айту арқылы жаңа сабаққа қызықтыра отырып жаңа оқу жылында информатика сабағына белсене қатысып информатиканың шыңына үлкен білім ұшағына мініп жетуіміз қажет екенін айтыу. «Қарлы қағазы» ойыны Оқушылардың назарын сабаққа аударады. | Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Оқушылар бір- қағаздан алып жаңа оқу жылына бір-біріне тілек жазады да шеңбер болып тұрып аспанға лақтырады. Қағып алған оқушы сол тілектерді өз жадында сақтайды. Сабаққа дайын екендігін көрсетеді. | Қағаздар |
Тұсаукесер 5 мин. | Топқа бөлу. Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу. 1.Информатика. 2.Компьютер. «Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар, компьютер алдында неге көп отыруға болмайды? Жалпы қандай қауіпсіздік ережелерін информатика кабинетіне қосуға болады? | Атауларға байланысты шағын топқа бөлінеді. Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады. | АКТ |
Негізгі бөлім 8 мин 15 мин 7мин | Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз « Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру». « Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру » тақырыбында конспекті жазу. «Есте сақтайық» ойыны жазған конспектіге көз жүгіртіп дәптерді жабу арқылы есте сақтау қабілеттерін байқау. Жалпы қауіпсіздік таларптар:
Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай? Ол үшін мына талаптарды орындау керек.
Көзге жасалатын жаттығуларды түсіндіре отырып жасап көрсету. | Жаңа сабақ тақырыбымен танысады. Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарын ортаға салады. Оқушылар 5 минут жұптасып ақылдасады, бір біріне бағыт бағдар береді. Мәтінді жазу, өз ойларын салыстыра отырып қорғау. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендерін айтып шығады. | АКТ Дәптер Дәптер Сағат |
Қорытынды 5 мин | Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды. Кері байланыс. Сабақ түсінікті болды. Сабақ түсініксіз болды. Үйге тапсырма беру. Қауіпсіздік ережесін жаттау. | Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады. Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады. | Смайликтер. |