Файл: Рет саны Тапсырма.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Рет саны

Тапсырма

Атқарылған іс-әрекет туралы қысқаша мәлімет

Бағалау

Өзін-өзі бағалауы

Әдіскердің бағалауы

2 КҮН

МЕКТЕПТІҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСУ

2.1

Мектеп директорының, директор орынбасарларының жұмыс бағыттары бойынша қызметтік міндеттерін ашып көрсетіңіз және мектепті басқару жүйесі бойынша өз нобайыңызды ұсыныңыз (2.1-қосымшаны қараңыз).

Мектепте жалпы екі кеңес түрі бар. Олар: Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік кеңес.

Мектеп директоры: Джолдасова Гульфия Сабитовна

Директорға: Ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, жұртшылық бағынады. Педагогикалық кеңеске осыларда кіреді.

Ата-аналар: Ата-аналар кеңесі, ата-аналар алқасы жатады.

Оқушылар: «Жас ұлан» ұйымы, «Жас инспекторлар» ұйымы жатады.

Жұртшылық: Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы, құқық қорғау ұйымы, денсаулық сақтау, мәдени орталықтар кіреді.

Ұстаздар ғылыми-әдістемелік кеңеске кіреді.

Ғылыми-әдістемелік кеңеске:

«Білім» әдістемелік орталығы, «Зерде» ғылыми-әдістемелік орталығы, «Айбын» оқушылардың ғылыми қоғамы, «Білгір» тәрбие орталығы жатады.

«Білім» әдістемелік орталық:

Бастауыш сынып пән бірлестігі, Гуманитарлық пәндер бірлестігі (қазақ тілі, орыс тілі, тарих, ағылшын), жаратылыстану пәндер бірлестігі (физика, биология, химия, алгебра, геометрия, география), сынып жетекшілер бірлестігі.

«Зерде» ғылыми-әдістемелік орталық:

Жетілу мектебі, Өнерлілер мектебі, Шеберлер мектебі, «Талдау» зертханасы, «Жаңалықтар» мектепішілік газет басылымдары, Шығармашылық ізденістер.

«Айбын» оқушылардың ғылыми қоғамы:

Өнертану, Құқықтық зертханалар, «Ұшқын» химиялық зертхана, «Әдемі-ау» оқушылар қоғамы.

«Білгір» тәрбие орталығы:

«Ақыл» кеңестік орталығы, «Жауқазын» мектебі, «Мирас» өсиет мектебі.














Мектепті басқару жүйесі.

Мектеп директоры. Джолдасова Гульфия Сабитовна

Директордың орынбасары: Еркинбекова Шолпан Анарбековна

Мектеп директоры: Бас есепші, Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, Тәлімгер.

Кәсіподақ ұйымының төрағасы: Әлеуметтік педагог.

Қамқоршылық кеңес төрайымы, Ата-аналар комитеті, Инспектор.

Қамқоршылық кеңес төрайымы және ата-аналар комитеті: Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары.

Мектеп директорының оқу-ісі жөніндег іорынбасары:

Жаратылыстану бірлестік жетекшісі, Физика, информатика, математика пәндер бірлестік жетекшісі, Денешынықтыру, музыка, АӘД бірлестік жетекшісі, Даярлық бастауыш сынып бірлестік жетекшісі, Қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестік жетекшісі, Орыс тілі мен әдебиет пәні бірлестік жетекшісі.

Мектеп директорының қызметтік міндеттері:

  • Мектепке жалпы басшылық;

  • Педагогикалық кеңес;

  • Жалпыға бірдей оқу заңын жүзеге асыру;

  • Мектептің оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау;

  • Ата-аналар комитеті;

  • Оқыту мен тәрбие бірлестігінде мектеп, отбасы мен қоғамдық ұйымдармен жұмыс;

  • Мектеп директорының орынбасарлары (оқу, тәрбие, шаруашылық) жұмыстарына басшылық, бақылау;

  • Мектеп кітапханаларының жұмысы;

  • Мектептің қаржы шаруашылық жұмыстары;

  • Оқу-материалдық база;

  • Директор жанындағы отырыс;

  • Әртүрлі мекемелермен жұмыс;

  • Кәсіптік бағдар беру, тәрбие және еңбекке оқыту;

  • Кадрларды іріктеп және орналастыру;

  • Балалар құқығын қорғау, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау;

  • Техника қауіпсіздігінің сақталуы;

  • Барлық пәндердің уақытылы берілуін қадағалау.

Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары: Еркинбекова Шолпан Анарбековна.

Атқаратын міндеттері:

  • Оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіру;

  • Оқушылар тәрбиесін жетілдіру бойынша сынып жетекшілері мен ұзартылған күн топтары тәрбиешілерімен әдістемелік жұмыс жүргізу;

  • Ата-аналармен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен іскерлік байланыс орнату;

  • Мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдістемелік талдау, озат педагогикалық тәжірибені қорытындылау және енгізу;

  • Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарының жоғары кәсіби білімі кем дегенде бес жылдық педагогикалық немесе басшылық қызметтегі қызмет стажы болуы қажет;

  • Тәрбие жөніндегі орынбасар директорға бағынады;

  • Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз қызметінде Конституция мен ҚР заңдарын, барлық деңгейдегі білім беру органдарының құжаттарын басшылыққа алады;

  • Мектеп директорының тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары мектеп директорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады. Еңбек демалысы мен уақытша еңбекке жарамсыз кездерде мектеп директоры тәрбие жұмысын директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе тәжірибелі педагогтерге уақытша жүктеуіне болады. Бұндай жағдайда уақытша міндетін атқару еңбек туралы заңның негізінде берілген міндет директор бұйрығымен іске асады.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Еркинбекова Шолпан Анарбековна.

Атқаратын қызметтері:

  • Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарын қызметке мектеп директоры тағайындайды, қызметінен босатады;

  • Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады;

  • Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Бала құқығы» туралы Конвенцияны сақтайды. Өз жұмысында ҚР Конституциясын және басқа да заңдылықтарын, мектептің Уставы мен ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік ережелерін, еңбек шарттарын басшылыққа алады;

  • Оның жоғарғы білім және кемі жылдық пед.стажы болу шарт;

  • Оның қызметінің негізгі бағыттары:

  • Оқу-тәрбие, ғылыми зерттеу, әдістемелік,инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру, басшылық жасау және бақылау жүргізу;

  • Пед ұжымға әдістемелік басшылық жасау;

  • Мектепте кабинеттік жүйе жасау және ұдайы жетілдіріп отыру;

  • Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру.

  • Өз уақытында есеп береді;

  • 9-сыныптарды МАБ-қа дай ындау.

Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары: Еркинбекова Шолпан Анарбековна.

Атқаратын міндеттері:

  • Санитарлық-гигиеналық талаптарының сақталуын қадағалайды;

  • Мектепке құрал-жабдықтар алуды жоспарлау;

  • Бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін қарастырылады;

  • Мекемелермен және ұйымдармен тікелей байланыстар жасайды;

  • Мектептің оқу-базасын, спорт алаңдары мен шеберханалардың жағдайын жақсартады;

  • Ағымдық және қайта жөндеу жұмыстарын жүргізеді;

  • Мектеп кітапханасының жұмысын бақылайды;

  • Мектептің жылуы мен жарық режимін сақтау шараларын ұйымдастырады;

  • Өрт қауіпсіздігі шараларын жүзеге асырады;

  • Мектеп ауласында көркейту-көгалдандыру жұмысын ұйымдастырады;

  • Техникалық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылайды.