Файл: Етістік затты имылын, ісрекетін білдіреді. Сратары айтті Не істеді Не ылды Ерте ат шабады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 55
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: Қайтті? Не істеді? Не қылды? Ертең ат шабады (қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?).
-
30 – жылдардағы Қ.Жұбанов бастаған тіл мамандарының тіл біліміне, етістіктің зерттелуіне қосқан үлесі зор. -
Көмекші етістіктердің көмекшілік, жақ вид катергориялары турлы Ш.Х.Сарыбаев (1938), И.Я.Мамановтардың (1947), И.Ұйықбаевтың (1956), Г.Қарабаев (1953), С.Аманжоловтардың (1958) арнайы зерттеу жұмыстары жарық көрді -
Етістіктің синаксистік функциялары М.Балақаев пен Н.Т.Сауранбаевтың 1954 жылғы Т.ерғалиев есімше категориясы туралы, М.С.Тоқатғұловтың (10) есімшелер туралы кандидаттық дисертациясында, О.Төлегеновтың (11) жай сөйлемінің баяндаушытары туралы кандидаттық дисертациясында, И.Ұйықбаевтың (12) (1959), А.Әбілхаевтың (1962) еңбектері етістікке арналады. -
Профессор Н.А.Баскаков (1956) еңбегінде етістік баяндаушытардың рай категориясын қарақалпақ тілінде, К.Неталиева (1963) кандидаттық дисертациясында қазақ тілі тұрғысынан зерттейді. Сөз тудырушы аффкстерді зерттеген Н.А.Баскаков (1952) өзінің «Қарақалпақ тілі» еңбегінде сөз тудырушы аффикстерді екі топқа: лексикалық сөз жасаушылар, граматикалық сөз жасаушылар деп бөледі. Бұл жерде етістікке байланысты айқын көрсетілген.Н.А.Баскаков түбір етістіктердің бәрін негізгі, туынды лексикалық категория деп қарайды, олар тиісті тұлғасыз сөйлемде қолданылмайды, ол үшін қызметіне сай граматикалық форманы қажет етеді.Өзінің бірнеше монграфиясында етістік түбірлерін негізгі, туынды деп арнайы зерттеп жүрген. -
А.Қалыбаева –Хасенова 1971 жылғы «Етістіктің лексика – граматикалық сипат» еңбегінде етістіктің лексика – граматикалық сипаты деп, тілдің екі үлкен салалары тұрғысынан таниды. Автор негізгі етістік болсын, туынды түбір етістік болсын оларға лексикалық мән – мағына болуымен қатар, оларға бірсыпыра граматикалық категорияларды береді.
Қазақ тілі білімінде етістік туралы елеулі зерттеулер жүргізілді. Етістік түберлері жайлы нақты пікір айтқан профессор К.Ахановтың 1972 жылғы «Граматика теориясының негіздері» кітабы болды. Етістікке байланысты оның тарихы мен диалектологиялық ерекшеліктерін зерттеуде профессор С.Аманжолов, Д.Доскараевтың еңбектері ерекше.
-
Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара етістік; 2) күрделі етістік.
-
Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Қазақ тілінде 4 К.е. бар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді, деген, десе, дейді). Мыс., Жаманға жүзің салма малды екен деп, жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп (ел аузынан). Жеке тұрып лексик. мағына білдіре алмайтын, сөзге әр түрлі грамм. мағыналар үстейтін мұндай К. е-тер мәнсіз көмекші етістіктер деп аталады. Қазақ тілінде толық лексик. мағынасы бар бірқатар етістіктер әрі негізгі, әрі К. е. мәнінде жұмсалады. Қазақ тілінде мұндай отызға тарта етістік бар: ал, бар, бер, бол, жібер, кел, кет, т.б. Мыс., қал (негізгі етістік) – айтып (К. е.), қой (негізгі етістік) – айтып (К. е.), жөнел (негізгі етістік) – жүгіре (К. е.). Лексик. мағынасынан айырылып, К. е. мәнінде жұмсалған мұндай етістіктерді мәнді көмекші етістіктер дейді. Мыс., Бір күні ел көшкенде, қыр астында ойнап жүріп, екеуі жұртта қалып қойыпты (Ы.Алтынсарин). К. е. негізгі етістікке есімше, көсемше тұлғалары арқылы тіркеседі: айтып қой, жаза сал, бара жатыр.
-
Өмірі байдан, күштіден қорлық-зорлық көріп келдім. Әлі де солардан көріп отырмын. Енді оларды мен несіне аяйын?-
Көріп келдім- туынды етістік көр+іп кел+дім; күрделі тіркескен сөзді етістік; болымды етістік -
Көріп отырмын-туынды ет. Көр+іп отыр+мын; күрделі тіркескен сөзді ет; болымды ет.
-
-
Қос алдында жатқан астау да көрінбейді.-
Көрінбейді-дара ,туынды, болымсыз етістік
-
-
Мен қайтып келе жатқанда Күлән мен Жаңыл сөйлесіп, күлісіп келе жатты-
Сөйлесіп-туынды ет; дара етістік; болымды етістік -
Келе жатты-туынды ет; күрделі,болымды етістік -
«Бақытсыз Жамал» М.Дулатов
-
-
Сентябрьдің ақырында мұғалім Уфаға қайтып, Жамал да оқуын тоқтатты Қайтып-туынды,дара,боымды етістік; тоқтатты-дара,туынды,болымды етістік -
…Бұл сөзді оқып көрген соң, анасының көзінен азырақ жас кетіп, қызының мұндай қайғыда жүргенін біліп, әлгі қағазды да орнына салып қойды.-
Кетіп-дара,туынды,болымды етістік;жүргенін біліп-туынды,күрделі, болымды етістік;салып қойды-дара,туынды,болымды етістік
-
«Тазының өлімі» М.Мағауин
-
Алғашқы күні-ақ ұзын құрықтың басына түлкінің құйрығын байлады. Байлады-дара,туынды,болымды етістік
-
Кезек-кезек маңдайларынан сүйді. Сүйді-дара,негізгі,болымды ет; -
Содан соң орнынан көтеріліп, балаларды жағалай бастарынан сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.