Файл: Білім беру йымы (балабаша шаын орталы, мектепалды сыныбы).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 46
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ | |||||
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) | | ||||
Топ/сынып | Ортаңғы топ | ||||
Тобы, топтың реттік саны, атауы | | ||||
Балалардың жасы | 3 жасар балалар | ||||
Педагогтің аты-жөні | | ||||
Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету) | 10.04-14.04.2023ж. | ||||
Апта күндері | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
| | | | | |
Күн тәртібі | | | | | |
Балаларды қабылдау | Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) | ||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Медбикеден кеңес. "Тазалық – денсаулық кепілі". | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Балаларды тамақ ішер кезде, табақша, қасықтарды қою, ішіп болғанда жинасу іскерліктеріне ынталандыру. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Балаларды дайын жемді жемсалғышқа салу, балыққа жемді өлшеуішпен салуға үйрету. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Даму орталықтарында кезекшілікті ұйымдастыру. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Табиғат бұрышындағы мекендеушілерді күте білу; қамқорлық таныту. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде оқу құралдарын тарату және оқу құралдарын орындарына жинау іскерліктеріне ынталандыру. |
Мүсіндеуден ойын-жаттығу "Шарбақ жанында жатқан доп". Мақсат-міндеттер. Балаларда ауылдағы адамдардың тіршілік ерекшеліктері жөнінде ұғымдар қалыптастыру, шарбақ туралы түсініктерді тиянақтау, үй жануарлары туралы білімдерді жетілдіру. | "Біздің айналамызда не бар?" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: екі және үш буынды сөздерді бөліктерге бөлуге, сөздің әр бөлігін айтуға үйрету. Ойын барысы. Серуенде балалар айналасында бір бөлігі бар затты (шар, гүл, доп, үй, бақ), екі бөлігін (қоршау, бұталар, гүлдер, құм, шөп), үш бөлігін (әткеншек, веранда, қайың) іздейді. Әр жауап үшін бала жетон алады, ал жеңімпаз олардың санымен анықталады. | "Табиғатта не болады?" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: етістіктің сөйлеу барысында қолданылуын бекіту, сөйлемдегі сөздердің келісімі. Барысы. Тәрбиеші допты балаға лақтырып, сұрақ қояды, ал допты қайтарған бала сұраққа жауап беруі керек. Ойынды тақырып бойынша ойнаған жөн. (сөйлеуді дамыту) | "Аңдар не істей алады?" атты мультфильмін көру. Мақсат-міндеттер. Балалардың аңдар мен құстардың қимылдарын байқауға, сәйкес еліктеу қимылдарын жасауға ынталандыру. (сөйлеуді дамыту, музыка) | "Ұшады, жүзеді, жүреді" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: тілдің лексикалық жағын дамыту (етістік сөздігін кеңейту). Барысы: педагог балаларға суреттерді таратады, оларды қарастыруға және атауға шақырады, содан кейін "Ол не істеп жатыр?" деген сұрақ қояды. Мысалы: автобус - жүреді, жолаушыларды тасымалдайды, тоқтайды. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) | |
Таңертеңгі жаттығу | Жалпы дамыту жаттығулары (жалаулармен). 1. Бастапқы қалып - аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 1.1. Балалар жалауларын оң жаққа сермеп, "желбіре" деген сөзді айтады. 1.2. Бастапқы қалып. 1.3. Балалар жалауларын сол жаққа сермеп, "желбіре" деген сөзді айтады. 1.2. Бастапқы қалып. 1.4. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады). 2. Бастапқы қалып - аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 2.1. Қолдарын жоғары көтеріп, жалауларын сермеп "жаса" деген сөзді айтады. 2.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4 рет қайталанады). 3. Бастапқы қалып - жерде отырады, аяқ алшақ, жалаулар тізе үстінде. 3.1. Жерге шалқасынан жатып, жалауларын жоғары желбіретіп "тербе" деген сөзді айтады. 3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады). 4. Бастапқы қалып - аяқ бірге, дене бос, қол төменде. 4.1. Жалауды көкірек тұсында ұстап, бір орында тұрып секіру. 4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады). (дене шынықтыру) | ||||
Таңғы ас | Гигиеналық дағдылар Мақсат-міндеттер. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету. Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Көркем сөз Екі қоян отырып, Сыр айтады жасырын. Сұр қасқырдың тәбетін, Берсе бізге асырып. Тәбетін біз қайтеміз, Тісін берсін қасқырдың. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | «Әдепті сөздер шеңбері» Ойынның мақсаты: сыпайы қарым-қатынас жасауға үйрету, зейінділікке, мейірімділікке баулу. Балалар шеңберге тұрады, бір-біріне ойыншықты бере отырып, әдепті сөздер айтады. | Шаттық шеңбері Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Қол алысып, кәне біз, Достасайық бәріміз Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу. (сөйлеуді дамыту) | Шаттық шеңбері Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты, Шашып бізге шапағын, Тілейміз сізге ақ таңның, Куанышым,шаттығын Қайырлы таң! Қайырлы күн! (сөйлеуді дамыту) | Шаттық шеңбері Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Күннің көзі ашылып, Көкте шуақ шашылып Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой, Ал, кәнекей, бәріміз, Сәлем дейік үлкенге! (сөйлеуді дамыту) | «Досыңды тауып ал» Ойынның мақсаты: достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды екі топқа бөледі, бір топтағы балалардың көздерін орамалмен байлайды да, оларға бөлменің ішінде жүруді ұсынады және көздері байланбаған құрдастарын тануы қажет екендігі айтылады. Балалар досының қолын, шашын, киімін ұстап тануына болады. Балалар достарын тапқаннан кейін ойыншылар рөлдермен алмасады. (әлеуметтік-эмоционалды дағдылар) |
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру "Жер-ана құшағында". Мақсат-міндеттер. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; қапшаны басына қойып, тіке жүруге үйрету. | Дене шынықтыру "Жер-Ананы қадірлейік!" Мақсат-міндеттер. Балаларды екі аяқпен секіруге (аяқтар алшақ) үйрету; тізені биікке көтере отырып жүру дағдыларын дамыту; қимылды ойын арқылы допты тордан өткізе лақтыру іскерліктерін дамыту. | Музыка "Туған ел". Мақсат-міндеттер. Балаларды әнді тыңдау кезінде оның сөздің мағынасын түсіну және музыкалық фрагментті басынан аяғына дейін мұқият тыңдай білуге үйрету; жоғары және төменгі дыбыстарды ажыратып, ән айту дағдыларын қалыптастыру; музыкалық сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән салуға үйрету; ырғақты қимылдарды музыкамен бірге бастап, соңғы дыбыста бірге аяқтай білуге үйрету; музыкалық ойындағы кейіпкердің қимыл-әрекетін мазмұнды бере білу қабілеттерін қалыптастыру; қол саусақтарының қимылын тез ауыстыра білу дағдысына үйрету. | Дене шынықтыру "Туған жер-тұғырың". Мақсат-міндеттер. Балаларды допты тура нысанға оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру; нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа жүру, тізені биікке көтере отырып жүру дағдыларын дамыту; қимылды ойындар арқылы әртүрлі бағыттарда жүгіру техникаларын арттыру; оқу қызметін пысықтау. | Қазақ тілі «Жайылымда нелер жайылып жүр?». Үй жануарлары мен үй құстары. Мақсат-міндеттер. Үй жануарлары мен құстардың аттарын жатқа білуді, балаларға арналған қазақ тіліндегі тақпақтарды («Көшеде») мұқият тыңдауды, тақпақтар мен мазақтамалардың мазмұнын түсінуді, педагогтің үлгісі бойынша жатқа айтуды үйрету, еліктеу сөздерін дұрыс қайталап айтуды, оларды сұрақтарға жауап беруде қолдануды үйрету; төл сөздерді еркелетіп айтылған атауларына сүйене отырып анықтауды үйрету. Тақпақтар, мазақтамалар мен диалогтар мазмұнында жиі қайталанатын сөздердегі дыбыстарды есту арқылы қабылдауды дамыту; монологтық сөйлеуді, қиялын, жағымды көңіл күйлерін білдіре алу қабілеттерін дамыту. Құрдастарымен тату ойнауға, шығармашылыққа баулу. |
2- таңғы ас | Балаларға тамақ ішер алдында қолды жуу, тамақтану кезінде дұрыс отыруларын қадағалау, ескерту жасау; орындыққа сүйенбей, шынтақты дұрыс қойып отыруларын қатаң қадағалау; тамақ ішер алдында балалардың бір-біріне астың дәмді болуын тілеп; тамақтан соң алғыс айту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Серуенге дайындық | Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Серуен | Жол қиылысын бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер: бағдаршам туралы білімдерін бекіту; жаяу жүргіншілердің мінез-құлық ережелері туралы түсініктерін кеңейту; көшеде өзін-өзі ұстау мәдениетіне тәрбиелеу. Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (құстарға ұя салу). (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: жиналған бұтақтардан ұя салу қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Қимыл-қозғалыс ойындары: "Біз тамшылармыз". (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: қос қатар құруды, кең шеңбер құруды үйрету; ұжымдық іс-әрекеттің келісімділігін, жылдам реакциясы мен тапқырлығын жаттықтыру. Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту: "Үшінші артық". (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: жүгіру жылдамдығын, төзімділікті дамыту. | Желді бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер: ленталар көмегімен балаларды желдің күшін анықтауға шақыру, желдің бағытына назар аудару, айту, қандай жел (күшті, әлсіз, жылы, суық, көктемгі). Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (ауланы тазарту). (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: еңбек жасау қабілетін жетілдіру, жасалған жұмыстан қанағат алуды үйрету. Қимыл-қозғалыс ойындары: "Маралдарды аулау". (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: ойын ережелерін сақтауға, педагогтің берген белгісі бойынша әрекет етуге, ептілікті, жүгіру жылдамдығын дамытуға үйрету. Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту (жүру), зейінді дамыту, қимылдарды үйлестіру. (дене шынықтыру) | Аспанды бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер: балаларды аспанмен байланысты ауа-райының сипаттамаларын атауға үйрету, көктемде қандай аспан болатынын айту. Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (құмды жолға себу). (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды еңбек әрекеттерін дұрыс орындауға, еңбек майданын үлестіруге үйрету. Қимыл-қозғалыс ойындары: "Тегіс жолда". (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: баяу қалыппен жүруді, секіріп, тізе бүгуді үйрету. Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту: "Тар жолда". (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: ептілікті, қимылдарды үйлестіруді дамыту. | Құстарды бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер: құстарды сыртқы түрінен атап, ажырата білуге үйрету, олардың әдеттерін, қай жерде өмір сүретінін және немен қоректенетінін, қандай пайда әкелетінін білу. Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (құстарға ұя салу). (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: жиналған бұтақтардан ұя салу қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Қимыл-қозғалыс ойындары: "Тез ал, тез қой", "Жұбыңды қуып жет". (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: спорттық ойындарға қатысу дағдыларын дамыту, физикалық дамуға ықпал ету. Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту: "Сарбаздар" жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды жорық жаттығуларына жаттықтыру (педагогтің белгісі бойынша бағанаға бірінен соң бірі сапқа тұру). | Ауа температурасын бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер. Балаларға ауаның температурасын байқауға үйрету. Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (ересектермен бірге ауланы сыпыру). (еңбек дағдылары) Қимыл-қозғалыс ойындары: "Біз көңілді балалармыз", "Аю мен аралар". (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды ойын ережелерін сақтауға, мәтінге сәйкес әрекет етуге үйрету, физикалық белсенділікті дамыту. Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту: "Доп лақтыру". (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: күш сала отырып, ептілікті дамыту. |
Серуеннен оралу | Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Түскі ас | Гигиеналық дағдылар Мақсат-міндеттер. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету. Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Көркем сөз Екі қоян отырып, Сыр айтады жасырын. Сұр қасқырдың тәбетін, Берсе бізге асырып. Тәбетін біз қайтеміз, Тісін берсін қасқырдың. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Күндізгі ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай туғызу. | ||||
Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары | Ұйқыашар жаттығулары. Керует жанындағы жаттығулар "Құстар" 1. "Құстар оянды". Б.қ.: аяқты сәл алшақ қою. Қолдарды жан-жаққа созу, былғау – «құстар қанат қағып жатыр». 2. "Құстар достарын шақырып жатыр". Б.қ.: тұрып, қол белде, аяқ сәл алшақ. Оң жаққа, сол жаққа бұрылу, «Шиық-шиық» деп айту. 3. "Құстар жем шұқып жатыр". Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол төменде. Отыру, саусақпен еденді соғу, бастапқы қалыпқа келу. 4. "Құстар көңілденіп жатыр". Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол түсірілген. Жүріспен кезектесіп, бір орында секіру. (дене шынықтыру) | ||||
Бесін ас | Алдына қойған асқа назар аударту; дастарқан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | "Көктем белгілерін ажыратамыз" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: балаларды тез ойлауға тәрбиелеу. Барысы: - Балалар, сендермен ойын ойнайтын боламыз. Мына, жерде жыл мезгілдеріне тән белгілерінің суреттері тұр. Осы белгілердің ішінен қыс мезгілінің белгісін ажыратып алуымыз керек. Ал, балалар, суреттерді тезірек ажыратып алайық. Балалар, суреттерді тезірек қойып шығады. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) Ұлттық ойын. Көтермек Ортаға екі ойыншы бала шығады. Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Белгі бойынша кім бірін-бірі арқада көтеріп алса, сол бала жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен біргекүш сынасады. | Сурет салудан ойын-жаттығу "Құрақ көрпе". Мақсат-міндеттер. Балаларды ұжым ортасында түрлі үшбұрыштардан құрылған құрақ көрпе бейнесін фломастермен салу амалдарына үйрету; үлкен көрпе құрамындағы үшбұрыштар сұлбасы ізімен басып жүріп, үшбұрыш ішін қалаған ою түрлерімен безендіруде жаттықтыру. "Гүлдердің атауын тап" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: гүлдердің атауларын атау іскерліктерін жетілдіру. Барысы: - Балалар, қазір біз "Гүлдердің атауын тап" дидактикалық ойынын ойнаймыз. Тақтадан көп гүлдердің суреттері көрсетіледі. Сол тақтадағы гүлдің атауын табуымыз керек. Кім табады, сол бала қолын көтереді. Кім гүлді дұрыс атайды, сол бала жеңімпаз болады. Жеңген балаларға гүлдердің бейнесі бар таңбалауыштар үлестіріледі. | Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Төлдерді күтейік". Мақсат-міндеттер. Балалардың екі тең емес заттар тобын саны бойынша салыстыру және теңдестіру дағдыларын жетілдіру; саны өзара тең, аз немесе көп, биіктігі әртүрлі және бірдей заттарды салыстыру нәтижесін тұстастыру, беттестіру арқылы тексеру, салыстырудағы өзгерістерді сөзбен сүйемелдеу іскерлігін тиянақтау; қолдың ұсақ моторикасын, зейінді, көз мөлшерін, ойлау қабілетін дамыту. "Мысық пен тышқан" қимылды ойыны. Педагог: - Балалар, бұл ойын сендерге жақсы таныс, көп болды "Мысық пен тышқан" ойынын ойнаған жоқпыз. Ойынның ережесін естеріңе салайын. "Мысық пен тышқан" ойынында педагог балаларды шеңберге тұрғызады. Бір бала мысықтың, екінші бала тышқанның рөлінде ойнаулары қажет. Қалған балалар тышқанның інін жасап, шеңбер бойымен тұрады.Тышқан іннің ішінде, мысық шеңбер сыртында жүреді. Балалар қолдарынан ұстап шеңбер жасап, мысық кіріп кетпес үшін отырады, балалар орындарынан тұрған кезде мысық ебін тауып ішке кіріп, тышқанды ұстап алуы қажет. Тышқан шеңберден серуенге шыққанда мысық оны аңдып ұстап алуға әрекет жасайды, тышқан мысықтан қашып, қайтадан ініне кіріп кетуіне болады. Мысық пен тышқанның рөліне педагог алғашқыда пысық балаларды тағайындауы тиіс. Егер тышқан мысыққа ұстатпай ойын ұзаққа созылатын болса, педагог балаларды ауыстырады. (дене шынықтыру) | Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу "Мысық тақпағын жаттау". Мақсат-міндеттер. Балаларды мысық туралы тақпақпен таныстыру, көркем сөзді жатқа айтуға үйрету, үй жануарының дене ерекшеліктері мен тіршілік ерекшеліктері жөнінде білімдерін жетілдіру. | Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Бір үзім нан". Мақсат-міндеттер. Балаларды "Бір үзім нан" ертегісінің мазмұнымен таныстыра отырып, ертегі желісін зейін қойып, бар ықыластарымен тыңдай білуге үйрету; шығарма мазмұнындағы сөздердің мағынасын түсіндіру. Ұлттық ойын. Қасқыр мен лақтар Алдымен қасқырдың рөлін орындайтын ойыншыны таңдап алады. Қалған балалар – лақтар. «Лақтар» залдың бір жағында, ал «қасқыр» ортасында тұрады. Мынадай сөздерді қайталайды: «Бөрте, бөрте, бөрте лақ, Бөрте лақ тым ерке-ақ. Кетесің кейде секеңдеп, Байламаса көкем кеп». Лақтар залдың қарсы бетіне жүгіріп өтуге тырысады. «Қасқыр» залдың ортасында жүгіріп жүреді және әрі-бері жүгіріп өткен лақтарды ұстап алуға тырысады. Ойын қайталанады. «Қасқырды» қайта сайлайды. (дене шынықтыру) |
Балалармен жеке жұмыс | Тыныс алу жаттығуы. Қолға, алып шарды, Үрлеймін мен былай. Уф-ф-ф, Үрлеймін деп қатты, Жарып алдым шарды. Пах. (дене шынықтыру) | "Нәркес" өлеңін жаттау. Наурыз біте құлпырады қырларда Нәзіктіктің жаршысындай нәркесгүл. Нақ сұлулық сипатына сын бар ма? Нәркесгүлден нәр аласың көрсең бір. А. Исабек (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) | Артикуляциялық жаттығу. "Сағат" - тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек. "Саңырауқұлақ" - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып, төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау. (сөйлеуді дамыту) | "Мысық" саусақ жаттығуы. Пеш түбінде мысық отыр, (Бас бармақ, ортаң терек, шылдыр шүмек үшеуі жұмылады. Ортаң терек) Екі көзін қысып отыр. (Ортаң терек пен кішкене бөбек көздері боп саусақтарды қимылдатады). Тышқан етін жегісі кеп, (Бас бармақ, ортаң терек, шылдыр шүмек үшеуі бір-бірін қашай қозғалтады ) Тісі оның қышып отыр. (сөйлеуді дамыту) | Туған өлкем Кеңсің дала, Туған ана. Көйлегің кең, көк ала, Жан беретін Тән беретін Мейірімді ана сен ғана. С.Сейфуллин (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) |
Серуенге дайындық | Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу. | ||||
Серуен | Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) | ||||
Серуеннен оралу | Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Кешкі ас | Гигиеналық дағдылар Мақсат-міндеттер. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету. Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Көркем сөз Екі қоян отырып, Сыр айтады жасырын. Сұр қасқырдың тәбетін, Берсе бізге асырып. Тәбетін біз қайтеміз, Тісін берсін қасқырдың. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ғарыш, жер-Ана, көктемгі ағаштар) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту. Қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтуды үйрету. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді және мазмұнын өз бетінше қайталап айтуды үйрету. Сюжетті эмоционалды қабылдауды, кейіпкерлерге жанашырлық танытуды үйрету. Әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін оларға еліктеп, жеткізуді үйрету. Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт). Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды, осы дыбыстармен берілген сөздерді айтуды; өзіне айтылған сөздерді ынта қойып тыңдайды және түсінуді үйрету. Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка) Мақсат-міндеттер. Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету: ре (ми) — ля (си) диапазонында, барлығымен бір қарқында әнді таза айту, сөздерді анық айту, әннің сипатын жеткізу (көңілді, созып, ойнақы айту). Балалар аспаптарының, музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға үйрету; оларды атай білу. Ересектердің орындауындағы және аудио-бейнежазбадан музыка тыңдауға үйрету. Өнер бұрышында аңдардың бояу суреттерін бояту, ұлпақар мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу) Мақсат-міндеттер. Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру. Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру. Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, кілем, көрпе, алаша орамал жасау. Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті) Танымдық дағдыларды қалыптастыруға арналған ойындар ұйымдастыру. (математика негіздері) Мақсат-міндеттер. Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтау: үстінде-астында, алдында-артында, оң-сол. | ||||
Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес) | Медбикеден кеңес. "Тазалық – денсаулық кепілі". | Ата-аналарға балалардың тазалықтарына назар аударуды ескерту. | "Бала қауіпсіздігі басты назарда" ата-аналармен кеңестер жүргізу. | "Отбасылық үлгі өнеге" ата-аналармен әңгімелесу. | Ата-аналарға тапсырма беру, жақсы демалуға тілек білдіру. |