Файл: Диссертация ылыми жетекшісі п.. к., ауым проф м. а. М. Т. Искакова орауа жіберілді.docx
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 199
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
В тобы
-
Тіктөртбұрыштың бір жағын 25 % арттырды. Ауданы өзгермес үшін, екінші жағын қанша % кеміту керек [7]? -
Ақжол банктен 12 % өсіммен 30000 теңге несие алды. Бір жылда толық құтылу үшін Ақжол айына банкке қанша ақша төлеуі тиіс? -
Екі стақанда бірдей мөлшерде су бар еді. Бірінші стақандағы судың мөлшері алдымен 1%, кейін 2 %, содан кейін 3%, кейін 4 %, сол қалыппен соңында 18% дейін көбейтілді. Ал екінші сақандағы судың мөлшері алдымен 18 %, кейін 17 %, содан кейін 16%, кейін 15%, сөйтіп ең соңында 1% көбейді. Қай стақанда су мөлшері көбірек? -
Рүстем ауылға дейін 100 км/сағ жылдамдықпен таңертең 8:30 шықса, ауылға сағат 16:00 жетеді. Егер Рүстем жылдамдығын 25 % арттырса, ауылға сағат нешеде жетеді? -
Банкке жылдық 6 % ақша салған тиімді ме әлді ай сайын 0,5% тиіді ме?
С тобы
-
Әр жуудан кейін сабынның мөлшері 20 % азаяды. Екі еседен көп азайу үшін, қанша рет кір жуу керек? -
Оң А санының 2 % оң В санының 3% көп. А санының 5 % В санының 7 % көп бола ма [7]? -
Орманда қайыңдар мен шыршылар өседі. Қайыңдардың үлесі 60 %. Көктемде шыршалар егіліп, қайыңдардың үлесі 20% болды. Кейін қайыңдар егіліп, қайыңдардың үлесі қайта 60 % болды. Ормандағы ағаштар саны қанша пайызға өсті [7]? -
Әмір дүкенде ақшасының 40 % нанға жұмсады,қалған ақшасының -
Досхан банкке жылдығы 20 % белгілі бір ақша құйды. Дәулет басқа соманы алып, долларға аударып, 10 жылдық табыспен банкке салды. Бір жылда доллардың бағасы теңгеге қарағанда 9,5 % артты. Бір жыл өткен соң ақшаларын шешіп, салыстырған кезде бірдей мөлшерде болды. Кім қанша ақша салған еді?
Жұмысқа байланысты логикалық есептер.
Мысал 1. Елдана бір килограмм кәмпитті 15 минутта жейді, Айсар болса 2 есе жылдам жейді. Екеуі бірігіп 1 килограмм кәмпитті қанша уақытта жейді?
Шешуі:
-
стандарт тәсіл: Бірлескен жұмыс тақырыбын өткен оқушылар кері пропорция жасайды, яғни
.
1 сағатта 0,2 бөлігін жеп бітіргендіктен, толық 5 сағатта жеп бітіреді.
Шешуі:
-
пайымдау тәсілі: Бірдей уақытта қаншау жейтінін көрейік.Жалпы сомасын алсақ, кәмпиттің салмағын жеңіл жығарамыз. Елдана 15 минутта 1 кг жейді, ал Айсар 15 минутта 2 кг жейді. Екекуі бірігіп 15 минутта барлығы 3 кг кәмпит жей алады. Демек, 1 кг кәмпитті 5 минутта жейді.
Мысал 2. Серіктестік екі жер қазғышты жалға алды. Жер қазғыштардың біреуі екіншісінен 2 есе жылдам қазады, ал олардың сағат сайын алатын төлемақылары бірдей. Әрқайсысына ортасына дейін қаздырған тиімді ме әлде екі жақтан екеуі кездескенше қаздырған тиімді ме?
Шешуі, пайымдау әдісі: Бірінші жер қазғыш екіншісінен жылдамырақ қазатындықтан, ортасына да жылдамырақ жетеді. Ал егер әрқайсысы ортасына дейін қазса, біріншісі болғаннан кейін екіншісі жұмысты аяқтамай, қосымш сағаттарға ақша алады. Осыдан жасайтын қорытынды – екеуі екі жақтан кездескенше қаздырған тиімді.
Шешуі, ойша өлшем беріп үйрету: Айталық, біріншісінің жылдамдығы 2х болсын, ендеше екіншісінің жылдамдығы х болады. Екеуі бірігіп сағатына 3х жерді қазады. Жалпы жұмыс көлемі бізге белгісіз болғандықтан, жұмыс көлемін 3х санына бөлінетіндей 30х, немесе 60х, 90х деп алса болады. Біз 30х деп алайық.
.
Жұмыс көлемі енді 15х.
Бірінші жұмысшы
Қорытынды: Бұл есептің екі тәсілін де үйреткеннің пайдасы, дәлелдеу есептеріне кіріспе.
Мысал 3. Бес мысық 5 минутта 5 тышқан ұстады. Он минутта он тышқанды қанша мысық аулайды?
Шешуі: Кесте құрсақ жауабы келесі түрде болады.
6 – кесте
Мысық саны | Уақыт(минут) | Тышқан саны |
5 | 5 | 5 |
1 | 5 | 1 |
1 | 10 | 2 |
5 | 10 | 10 |
А тобы
-
Бір зауыт тапсырысты 4 күнде, екіншісі – 6 күнде орындай алады. Егер бір мезгілде жұмыс істейтін болса, екі зауыт бірігіп, тапсырысты қанша уақытта орындайды? -
Токарь жұмысты 7 күннің ішінде орындады. 1 күннің ішінде ол жұмыстың қандай бөлігін орындайды? -
Әжесі бақшаны 14 минуттың ішінде суарады. Ол 1 минуттың ішінде бақшаның қандай бөлігін суарады? 4 минутта ше? 6 минутта ше? 11 минутта ше? -
Бір трактор егіс алқабын 15 күнде жырта алады, екіншісі - 24 күнде жыртады. Қай трактордың жыртқан жері көбірек: біріншісінің 8 күнде жыртқан жері ме әлде екіншісінің 11 күнде жыртқан жері ме? -
Үлкен сорғыны пайдалана отырып, қазаншұңқырды 15 сағатта, кішкене сорғыны пайдалана отырып – 20 сағатта сумен толтыруға болады. Сорғылар бірге қазаншұңқырды қандай мезгілде толтырады?
В тобы
-
Ваннаны суық сумен 6 минут 40 секунд, ыстық сумен 8 минутта толтырады. Егер бітеушті суырып тастаса су 13 минут 20 секундта ағып кетеді. Суық сумен ыстық суды бірге қосып бітеуішті суырып тастаған кезде ванна қанша минутта толады? -
Екі жұмысшы жұмысты 15 сағатта бітіреді. Жұмысты жеке бірінші жұмысшы бастады. 3 сағат өткен соң оған 2-і жұмысшы қосылып, жұмысты бірге аяқтады. Жұмысты бітіру үшін қанша уақыт кетті? -
Ыстық сумен ванна 23 минут ішінде толса, суық сумен 17 минутта толады. Мадина алдымен ыстық суды ағызды. Ыстық судың мөлшері суық суға қарағанда 2 есе көп болуы үшін, суық суды неше минуттан кейін ағызып бастау керек? -
Анасы 100 тоқашты 30 минутта пісіреді, қызы 100 тоқашты 40 минутта пісіреді. Ал ұлы болса 100 тоқашты 1 сағатта жеп бітіреді. Анасы мен қызы пісіріп отырып, ұлы тоқашты жеп отырса, 100 тоқаш дайындауға қанша уақыт кетеді? -
3 жұмысшы 3 сағат ішінде 3 шұңқыр қазады. 6 жұмыскер 5 сағат ішінде қанша шұңқыр қазады?
С тобы
-
48 ұста 60 атты тағалауы керек. Егер әр ұста 1 атты тағалауға 5 минут жұмсайтын болса, бұл жұмысты ең аз дегенде қанша уақытта бітіреді? -
Ақмаралдың ұялы телефоны 6 сағат тоқтамай сөйлесуге және 210 сағат күту режиміне жетеді. Поезда отырған кезінде жолдың тең жарты уақытын сөйлесуге жұмсады, ал жеткен кезде ұялы телефоны өшіп қалды. Ақмарал поезда қанша сағат отырды? -
Балақай мен Карлсон бір бөшке тосапты, бір сепет пішінәйді бірге жеп бастап, бірге аяқтады. Басында Балақай тосапты, ал Карлсон пішінәйді жеген, бірақ бір кезде олар ауысып жей бастады. Карлсон тосапты да, пішінәйді де Балақайдан 3 есе тез жейді. Егер пішінәйді екеуі тең бөлікте жеген болса, Карлсон тосаптың қандай бөлігін жеді? [5] -
Көгалдағы шөптер бірдей қалыңдықпен және бірдей тез өседі. 70 сиыр ол шөпті 24 күнде, ал 30 сиыр – 60 күнде жеп бітіреді. Сондай шөпті 96 күнде қанша сиыр жеп бітіреді? -
Қайықтың астында тетік пайда болып, бірден су сорғыш қосылды. Оның шамасы жетпей,10 минуттан кейін судың мөлшері 20 см көтерілді. Осыдан кейін тура осындай тағы бір су сорғышты қосып еді, 5 минуттан соң судың мөлшері 10 см төмен түсті. Осы сәтте тетікті жамады. Қалған суды қанша уақытта сорып алады?
Қозғалысқа арналған логикалық есептер
Мысал 1. Досхан мен Дәрия мектепке шықты. Досхан барлық жолды велосипедпен жүрді. Дәрия болса жолдың алғашқы жартысын жаяу жүрді, қалған жартысын автобуспен жүрді. Жаяу жүру велосипедпен жүруден екі есе баяу. Автобус болса велосипедтен 10 есе жылдам. Мектепке кім бірінші болып келді?
Шешуі: Дәрия жолдың жартысын жүріп өткенде, Досхан екі есе жылдам жүргендіктен, мектепке жетіп алды.
Мысал 2. Ұлу “Есентай сити” тұрғын үйіне өрмелеп, күндіз 5 метр жоғары көтеріледі, ал түнде 4 метр сырғып төмен түседі. Тұрғын үйдің биіктігі 173 метр болса, ұлу есентай ситидің төбесіне қанша күнде өрмелеп шығады?
Шешуі: Ұлу тәулігіне 1 метр көтеріледі. Тұрғын үйдің үстіне шығып алғаннан кейін, ұлу сырғымайды. Сол себепті 168 метр биіктікке жеткеннен кейін тұрғын үйдің үстіне жарты күнде шыға алады. Сол себепті 168 және жарты күн.
Мысал 3. Айсұлтан мектепке жаяу, ал қайтар жолда автобуспен қайтса, жолға 1,5 сағат уақыт құртады. Ал егер тек автобуспен жүрсе, барып қайтуына 0,5 сағат кетеді. Барып қайтуы жаяу болса, жолға қанша уақыт кетеді.
Шешуі: Егер Айсұлтан мектепке екі рет жаяу барып, екі рет автобуспен келсе, 3 сағат уақыт кетеді. Осы уақыттан автобуспен барып қайтып келу уақытын алып тастасақ, толығымен жаяу барып келу уақыты шығады.
Мысал 4. 2 автобус айналмалы қозғалыс жасай отырып 21 минут жиілікпен жүреді. Тағы бір автобус қосылса, жиілік қалай өзгереді?
Шешуі: Автобус барлық айналмалы жолды 42 минутта жүреді. Тағы бір автобус қосылса, жиілік:
42:3=14
болып өзгереді.
А тобы
-
Екі қаланың арасы 560 м. Пойыз жолдың бірінші жартысын 60 км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта жүріп өтті. Жолдың қалған бөлігін 5 сағатта жүріп өтуі үшін пойыз қандай жылдамдықпен қозғалуы керек? -
Велосипедші 4 сағатта 48 км, ал мотоциклші 3 сағатта 180 км жүріп өтті. Велосипедші жылдамдығы мотоциклші жылдамдығынан неше есе аз? -
Бір қаладан екіншісіне автобус 65 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат және 72 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жүрді. Екі қаланың арасы қандай? -
Тік төрт бұрыш пішіндес бақтың ұзындығы 600 м, ені – екі есе кіші. Бағлан бау–бақшаны периметрі бойынша айнала 10 минутта жүгіріп келді. Бағлан қандай жылдамдықпен жүгірді? -
Поездың жылдамдығы 56 км/сағ, теплоход жылдамдығы 2 есе аз. Егер саяхатшы пойызбен 9 сағат және теплоходпен 4 сағат жүрсе, оның барлық жүрілген жолы қандай?
В тобы
-
Мен мектепке 30 минутта барамын, інім 40 минутта барады. Інім меннен 5 минут бұрын шығып кетсе, мен інімді қанша уақытта қуып жетемін [5]? -
Бақылаушының жанынан поезд 10 с ішінде өтеді, ал ұзындығы 400 м көпірдің үстінен 30 с өтеді. Көпірге поездің алғашқы вагоны кірген сәттен бастап соңғы вагон өткен кезде көпір өтілді деп есептеледі. Поездің ұзындығы мен жылдамдығын табыңыз? -
Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 260 м/мин, ал екіншінің жылдамдығы біріншісінің жылдамдығының 3/4 құрайды. Алғашында олардың арасы 1950 м болса, бірінші велосипедші екіншіні қашан қуып жетеді? -
Әмір үйден мектепке дейін 20 минутта жетеді. Мектепке бара жатып, құрал – жабдықтарын ұмытып кеткенін есіне түсірді. Егер ол сол жылдамдықпен жолын жалғастырса, 3 минут ерте барады. Ал егер үйге құрал – жабдықтарға қайтса, 7 минут кешігеді. Әмір есіне түсірген сәтінде жолдың қандай бөлігін жүріп қойған еді? -
Балалар велосипедпен тауға шықты. Жоғары көтерілгенде жылдамдығы 3 км/сағ, ал төмен түскенде жылдамдығы 6 км/сағ. Егер жоғары көтерілген жол мен төмен түскен жолдың ұзындығы бірдей болса, барлық жолдың ұзындығы 18 км болса, жоғары көтерілуге кеткен уақыт қандай?