Файл: зін зі тану сабаыны жоспары. Мектеп Белгілі Е. Зікібаев атындаы рнек негізгі мектебі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 85
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Еңбек - өмір мәні. № 7-8
Құндылық: «Дұрыс- әрекет» Қасиеттер: адал еңбек ету.
Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна
Сынып – 9
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану.
Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар өмірде талмай еңбек ету керектігін ұғынады.
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың еңбек, шығармашылық туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: : - еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу. | Плакат, маркер, үлестірме қағаз. |
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. -оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу - оқушыларды түгендеу. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» әуен арқылы. 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Сүйкімі, дүниенің сұлулықта» атты ертегіні сұрау және талдау, сұрақтар қою. | Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. Ертегі |
3. Дәйексөз: «Еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Ұятсыздық, талапсыздық, жігерсіздік, кедейлік – бәрі осыдан шығады.» - Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? - Сендер келіссесіңдер ме? | А. Құнанбаев |
4. Әңгімелесу (сұхбат) «Аңыз» әңгімемен таныстыру. - Қалай ойлайсыздар, егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда өзгерер ме еді? - Сіздер ата –ана болсаңыздар, балаларыңызғаеңбектенуді қалай үйретер едіңіздер? | Аңыз |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушылар «Адам көркі - еңбек» атты тақырыпта сурет салады, ақын болып өлең шығарады, жазушы болып әңгіме жазау ұсынылады. | Баяу әуен қойылады. Постер, маркер. |
6. Топпен ән айту. «Бағалайық бақытты» әні: Б. Жолдасқызы сөзі: Қ. Жүнісіов Балғын дәурен, балауса кезің қайда, Гүл бағында балқиды сезім балдай. Құрбым, осы бақытты сезіне алмай, Кейін налып жүрмейік, кезіге алмай. Қайырмасы: Жүрегімде махаббат ән тербейтін, Бағалайық бақытты, жан тербейтін. Мұңға батып қалмасын,көңіл бекер, Оралмайды, жан құрбым, өмір өтер. Арманның мекені алыстап кетеді, Жастығың өтеді қас қағымда... Бақ нұры таймасын, көңілің сайрасын, Өмірің жайнасын жас шағыңда. | |
7. Үй тапсырмасы. № 1 «Л. И. Рувинскийдің шағын мәтінін оқып келу.» Келесі сабақ. № 2 А. Құнанбаевтың «38 – қара сөзін» оқып келу. | |
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет» бүкіл әлемде. | |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 9 -сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
-
«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.
3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық – жан жадыратады. № 9-10 сабақ.
Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілділік.
Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна
Сынып – 9
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар өмірдің бар жақсылығын ұғынады.
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; Сабақтың міндеттері: - жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу; - жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту; - жақсылық жасауға тәрбиелеу. | Плакат, маркер, үлестірме қағаз. |
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. - оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу - оқушыларды түгендеу. ( топқа бөлу.) Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» 2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы дәйексөзді жатқа сұрау және талдау. | Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру. |
3. Дәйексөз: «Биік төбеге шықсаң, Көзің ашылады. Жақсымен сөйлессең, Көңілің ашылады.» - деген дәйексөзіне оқушылардың назарын аударту.Жеке оқыту және жаттатып айтқызу. - Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер? - Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады? - Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма? | М.Әлімбаевтың дәйексөзін оқушылар талдайды. |
4. Әңгімелесу (сұхбат) Оқулықта берілген «Жиырма үшінші сөзінен» үзіндіні мәнерлеп оқыту. Қорыту: - Жаманға салысып жақсы бол ма ? – деген сөзді қалай түсінесіз. - Адам басқаның жамандығына қуанудан немесе жұбаныш қылудан жақсы адам бола ала ма? | А. Құнанбаевтың қара сөздерін еске түсіру ұсынылады. |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларға «Сахналық көрініс көрсету» ұсынылады. Ақын, жазушы, суретші, ғалым болып рөлдерге бөлінеді. | Баяу әуен қойылады. Постер, маркер, стикер. |
6. Топпен ән айту. «Өз елім» әні: Н. Еспанов сөзі: З. Шүкіров Келгенде көктемі, Көңілін гүл басқан. Шырағы көктегі, Жұлдызбен сырласқан. Өз елім менің, Өзегім менің, Жырыма қосып жүремін. Төрім деп менің, Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім. Қайырмасы: Түлегі сендер, Тілегі сендер, Тірегі, сендер, сол елдің. Назары сендер, Базары сендер, Ажары сендер сол елдің. | АКТ- ны пайдалану. |
7. Үй тапсырма беру. № 1 Оқулықтағы «Сөз құдіреті» атты шағын мәтінді, оқып келу. Келесі сабақ. № 2 Өткен сабақтарды қайталап келу. | А.Қоныс |
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде. | |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 9 -сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл
Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Ар-намыс керек адамға. № 11-12сабақ
Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілділік.
Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна
Сынып – 9
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар адамның бойында ар –намыстың бірінші орында тұратынын түсінеді.
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: : - ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру. - адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету; - адамгершілікке тәрбиелеу. | Плакат, маркер, үлестірме қағаз. |
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. -оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу - оқушыларды түгендеу. Тыныштық сәті. Су астына саяхат 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Сөз құдіреті» атты мәтінді тексеру. Талдау жасау. | Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. А. Қоныстың мәтінін түсінік айтып береді. |
3. Дәйексөз: «Малым –жанымның садағасы, Жаным – арымның садағасы» деген халық мақалына оқушылардың назарын аударту. - Ар, намыс, ұят ұғымдары туралы не білесіз? - Өз ісіңе қатты ұялған кезің болды ма? | Халық мақалын оқу арқылы дәйексөздің мағынасын ашу. |
4. Әңгімелесу (сұхбат) «Отыз алтыншы сөз» қара сөзін айтып беру. - Шығармадан қандай ой түйдіңіз? - Неліктен Абай ұялмас нәрседен ұялғанды – ақымақтық жамандық дейді? - «Шын ұят» - деген сөзді қалай түсінесіз? | А. Құнанбаевтың қара сөзін оқу арқылы өз бойларына рухани байлық жинайды. |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларға «Абырой – ар еңбегі» атты тақырыпта бір шумақ өлең, эссе, мақал-мәтелдер жазу ұсынылады. | Баяу әуен қойылады. Постер, маркер. |
6. Топпен ән айту. «Ана туралы жыр» әні: Ш. Қалдаяқов сөзі: Ғ. Қайырбеков Әлемнің жарығын сыйладың сен маған, Даланың әр гүлін жинадың сен маған. Сен бердің құстардың қанатын самғаған, Балалық құштарым өзіңе арнаған. Қайырмасы: Әлдилеп аялап, Өсірген жемісің. Самал жел, сая бақ, Құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де, Мен саған сәбимін. Көңілді көктемдей Көзіңнен танимын. | АКТ-ны пайдалану. Әнді бірге шырқау арқылы аналарына өз сезімдерін білдіру. |
7. Үй тапсырмасы. № 1 «Намыс» өлеңін жаттау. Келесі сабақ. № 2 «Балқар аңызы» оқу | А. Калетаев Күнделікке жазып алу. |
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде. | |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 9 -сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
-
«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.
3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мінез – адам көрсеткіші. № 13-14сабақ
Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілділік.
Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна
Сынып – 9
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар адамның адамды мінез-құлқына қарай танитынын түсінеді.
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: : - мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету; - жақсы мінез қалыптасуына ықпал ету; - адамгершілікке тәрбиелеу. | Плакат, маркер, үлестірме қағаз. |
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. -оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу - оқушыларды түгендеу. Топтарға бөлу. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат» баяу әуен тыңдау. 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Намыс» атты өлеңді жатқа сұрау және Талдау жасау. | Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. А. Калетаевтың өлеңін айтып береді. |
3. Дәйексөз: «Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе) – Ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі – ұят, үшіншісі - әділдік, Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.» деген қанатты сөзіне оқушылардың назарын аударту. - Адамның жақсы мінезіне нелер жатады? - Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма? - Жаман мінезді қалай түзетуге болады деп, ойлайсыз? | Ж. Баласағұнидің қанатты сөзін оқу арқылы дәйексөздің мағынасын ашу. |
4. Әңгімелесу (сұхбат) А. Құнанбаевтың өлеңін оқып беру. - Абай адам бойындағы міндердің бүгінгі күндері көріністері қандай? - Сіз өз бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе? | А. Құнанбаевтың өлеңін оқу арқылы өз бойларына рухани байлық жинайды. |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларға «Мінезімнің жақсы жақтары және міндері » жайлы кесте құру арқылы өз мінездері жайлы ақпарат жазу ұсынылады. | Баяу әуен қойылады. Постер, маркер. |
6. Топпен ән айту. «Өз елім» әні: Н. Еспанов сөзі: З. Шүкіров Келгенде көктемі, Көңілін гүл басқан. Шырағы көктегі, Жұлдызбен сырласқан. Өз елім менің, Өзегім менің, Жырыма қосып жүремін. Төрім деп менің, Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім. Қайырмасы: Түлегі сендер, Тілегі сендер, Тірегі, сендер, сол елдің. Назары сендер, Базары сендер, Ажары сендер сол елдің. | АКТ-ны пайдалану. Әнді бірге шырқау арқылы аналарына өз сезімдерін білдіру. |
7. Үй тапсырмасы. № 1 «Дән мен тас» атты ертегіні оқып келу. Келесі сабақ. № 2 Дәптердегі жұмысты аяқтау және оқып келу. | Ертегі. Күнделікке жазып алу. |
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде. | |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 9 -сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
-
«Самопознание. kz» №10.2013 жыл.
3. Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Адалдық - адамдықтың белгісі. № 15-16 сабақ.
Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілділік.
Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна
Сынып – 9
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар адал, шыншыл болуға дағдыланады.
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: : - адалдық пен шындықтың адами қарым –қатынастағы мәнін түсіндіру; - адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; - адал, шыншыл болуға тәрбиелеу. | Плакат, маркер, үлестірме қағаз. |
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. -оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу - оқушыларды түгендеу. (4- топқа бөлу.) Тыныштық сәті. Баяу әуен ойнайды. 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Ақиқат» атты мәтінді сұрау. | Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру. |
3. Дәйексөз: «Адалдық – ардың ісі» деген халық мақалына оқушылардың назарын аударту.Жеке оқыту және жаттатып айтқызу. - Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай? - «Адалдық – адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер? - Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді? | |
4. Әңгімелесу (сұхбат) «Ақиқат» атты әңгімені оқу ұсынылады. Қорыту: - Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай? - Өзіңе өзің адал болу деген не? - Адал болуға ұмтылу неге керек? | Қ. Толыбаев |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында жағдаяттарды талдау ұсынылады | Баяу әуен қойылады. Постер, маркер, стикер. |
6. Топпен ән айту. «Аман болсын, адамдар» әні: Ә. Бейсеуов сөзі: О. Әубәкіров Айналайын Адамдар, Болашаққа аман бар. Жұмыр жерде ғұмыр бар, Ғұмырлы бол, Адамдар! Қайырмасы: Балдан тәтті балаң бар, Бала баққан анаң бар, Шошытпаңдар екеуін. Айналайын Адамдар! | |
7. Үй тапсырмасы. № 1 «Құстар торға қалай түсті» деген үнді аңызын оқып келу Келесі сабақ. № 2 Дәптердегі тапсырмаларды орындау. | |