Файл: зін зі тану сабаыны жоспары. Мектеп Белгілі Е. Зікібаев атындаы рнек негізгі мектебі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 84
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 9 -сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Махаббат - өмір өзегі. № 34- сабақ.
Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілділік.
Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна
Сынып – 9
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар өмірдің бар жақсылығы махаббатта екенін ұғынады.
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың сүйіспеншілік, махаббат туралы түсініктерін кеңейту; Сабақтың міндеттері: - өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат, сүйіспеншілік екендігін түсіндіру; - адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту; - сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу. | Плакат, маркер, үлестірме қағаз. |
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. - оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу - оқушыларды түгендеу. ( топқа бөлу.) Тыныштық сәті. «Баяу әуен тыңдау» 2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы «Махаббат» атты өлеңді жатқа сұрау және талдау. | Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру. |
3. Дәйексөз: «Махаббат құдіреті – жер жүзіндегі күллі, ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі» - деген нақыл сөзіне оқушылардың назарын аударту.Жеке оқыту және жаттатып айтқызу. - Махаббат неліктен құдыретті де қасиетті ұғым? - Ұл мен қыздың арасында қандай сезім болады? - Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе? | Ж. Сталь |
4. Әңгімелесу (сұхбат) Оқулықта берілген «Мұқағали күнделігінен» атты үзіндіні мәнерлеп оқыту. Қорыту: - Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме? - Махаббат адамның лауазымына, байлығына, жасына байланысты өзгеруі мүмкін бе? | М. Мақатаев |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларға «Махаббат кемшіліктерін анықтау» ұсынылады. | Баяу әуен қойылады. Постер, маркер, стикер. |
6. Топпен ән айту. «Бақыт құшағында» Сөзі: Т. Молдағалиев әні: Ш. Қалдаяқов Көзіңнен бір ұшқын, Ұшты ма, білмедім. Әйтеуір нұр, құштым, Әйтеуір гүлдедім. Көктемнің бұлбұлы, Кеудеме қонады. Құшаққа қыр гүлі, Толғандай болады. | АКТ- ны пайдалану. |
7. Үй тапсырма беру. № 1 Оқулықтағы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» атты шағын мәтінді, оқып келу. Келесі сабақ. № 2 Өткен сабақтарды қайталап келу. | |
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде. | |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 9 -сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.