Файл: Малімі Рамазанова А. С. Сынып 7 Оытуда олданылатын дістсілдер.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 48
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өзін - өзі тану сабағының жоспары.
Мектеп: «№5 Күршім орта мектебі» КММ
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Өмірдің мәні № 6 сабақ
Құндылық: «Ақиқат» Қасиеттер: шындық, адалдық
Мұғалімі: Рамазанова А
Сынып – 7
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау.
Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар адамның ішкі және сыртқы сұлулығының байланысты екенін ұғынады.
Сабақтың мақсаты: - оқушыларға өмірдің мәні туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: - өмірдің мәнін ақиқат құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру; - адалдық, шынайылық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту; -адалдыққа, шынайылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. | |
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. -оқушылармен сәлемдесу. - сынып тазалығына көңіл бөлу - оқушыларды түгендеу. (4-түрлі түстер арқылы топтарға бөлу) Тыныштық сәті. Баяу әуен тыңдау. 2. Үй тапсырмасын тексеру: «Мен кіммін?», «Менің өмірімнің мақсаты неде?» деген сұрақтарды қатыстыра отырып эссе жазып келу | Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру. |
3. Дәйексөз: Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ, Ешкім шығара алмас қиын есеп» деген екен Оралхан Бөкей | Оралхан Бөкей |
4. Әңгімелесу (сұхбат) Оқулықта берілген «Айтып несіне әуре боласың...» Аңыз Қорыту: ● Мәтінде неліктен «сөйлейтін сөзді үш сүзгіштен өткізіңдер» деді? ● Неліктен бірінші сүзгіш «Шындық сүзгіші» болды деп ойлайсыңдар? ● «Жақсылық сүзгіші» не үшін керек? ● Адаммен қарым-қатынаста «керектілік сүзгішінің» не пайдасы бар? ● Осы үш сүзгішті пайдаланып өмір сүретін адамды ақиқатты таныған деуге бола ма? Неліктен? ● Бойында осы үш сүзгіш те бар өзің білетін адамдар жайлы әңгімелеп бер. | Аңыз |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1. Нақыл сөздердi оқып, негiзгi ойын анықтап, бүгiнгi өмiрмен байланыстырып, қорытынды жасаңдар. Өтірік пен шынның арасы – төрт-ақ елі. Жиренше ... Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды. Абай Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман. Әлихан Бөкейханов Бүкіл әлем үлкен шар айна секілді, мен одан өзімнің бейнемді көрем. Шығыс даналығы 2. Құрбы-құдастарыңның арасында «Өмірдің мәні –адамгершілік болса?!» тақырыбында сауалнама жүргiзiңдер. Сауалнама нәтижесi бойынша қорытынды жазыңдар. | Баяу әуен қойылады. Постер, маркер. |
6. Топпен ән айту. Дуние керуен (Жігіттер тобы)
Ей, дүние базарсың. Пенделік пейілден Жүрегім тазарсын. Қайырмасы:Адамға бақ берер тек қана Аллам екен, Өмірдің қызығы біреуге арман екен. Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен? Бес күндік бұл дүние расында жалған екен! | |
7. Үй тапсырмасы. Джеймс Алленнің «Адам қалай ойлайды» атты шығарманы оқып келу | |
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде. | |
|