Файл: Фонетиканы оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 330

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан да ол (әдіс) оқытудың шартына тәуелді болмайды. оқыту әдісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады. әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея болады. Басты идея методологиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы үшін барлық мәселелердің басын біріктіреді. Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек – қатысым болып табылады.

Сонымен, дамыта оқыту технологиясының нәтижелерін төмендегідей көрсетуге болады: түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады; олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады; оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар; оқушыларды ізденіске баулып, өз бетіменжұмыс істеуге үйретеді; 44 оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады; жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады

Дамыта оқыту жүйесi оқу материалдарының, логикалақ жағына бiрiзбен сатылай құрылу тәртiбiн қарастырады. Жеңiлден ауырға қарай, деректiден дерексiзге қарай жүйелене орналасуын көздейд

Қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесін алғаш жазған қандай ғалымдарды білесіз?

Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірден басталады. Педагогика тарихы, сондай-ақ қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. Ол мектептегі оқу процесінің ғылыми негізде құрылуын, халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсады. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарын жазды. Қазақ балаларын ана тіліне сауат ашу жұмысын тұңғыш рет дыбыстық метод бойынша ұйымдастырды. Сондай-ақ жаттығу жұмысына, ауызша және жазбаша ойын дұрыс айтып, жаза білуге, еркін сөйлеуге мән берді.

Тіл мамандарының кеңес тұсындағы ең алғашқы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталды. Мысалы, 20-30 жылдарда тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары, сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті. 1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасына арналған мақалалар ғана болатын. Онан кейін осы жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілінің оқу әдісі» деген атпен жинақ шықты. 1936 жылы орта мектептің 5-6 сыныптарына арналған С.Жиенбаевтың «Грамматика талдауыш», 1939 жылы «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы», 1941 жылы «Қазақ тілі методикасы» деген еңбектер жарық көрді. Қ.Басымов (Грамматиканы оқыту, 1938ж.), Ғ.Бегалиев (Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері., 1950ж.), Ш.Сарыбаев (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері., 1956ж.), Ш.Әуелбаев (Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар., 1971), Ы.Маманов (Қазақ тілін оқыту методикасы., 1963ж.) сынды ғалымдар әдістеме ғылымының негізін салуға өзіндік үлес қосты.


  1. Мұғалімнің баяндауы мен лекциясы. 2.Мұғалімнің оқушылармен әңгімесі. 3.Мұғалімнің тәжірибелермен оқытылатын затты көрсетуі. 4. Картиналармен, сызықпен жасалынған көрнекті құралдарды көрсету. 5. Экскурсия. 6. Оқулықтан және басқа да кітаптардан оқушылардың өздігінен білім алуы. 7. Оқушылардың өздігінен бақылауы, тапсырманы орындауы, лабораторияда істейтін жұмысы. 8. Жаттығулар. 9. Оқушылардың білімін тексеру методы: ауызша, жазбаша, практикада сынау. Профессор Е.Я.Галант оқыту әдісінің 8 түрін ұсынады: П.А.Зайченко он түрін көрсетеді, И.Я.Ларнер мен М.Н.Скаткин оқыту әдісінің бес түрін көрсетеді:


Қазақ тілін зерттеуші әдіскер – ғалымдар оқыту әдістерін төмендегідей жіктейді.

Х.Арғынов синтаксистен оқушыларға білім беруде мынадай оқыту әдістерін пайдалануды тиімді деп санайды:

1) байқау әдісі; 2) түсіндіру әдісі; 3) әңгіме әдісі. Ал, Ә.Исабаев болса, қазақ тілінен білім беру әдістерін былайша топтайды.

А) Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері: 1) қазақ тілін әдебиет материалымен байланыстырып өту әдісі; 2) түсініксіз сөздерді үйрету әдісі; 3) диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі; 4) ауызша түсіндіру әдісі; 5) ауызша мазмұндау әдісі; 6) мәнерлеп оқу әдісі.

Ә) Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері: 1) әңгіме әдісі; 2) хабарлау әдісі; 3) түсіндіру әдісі; 4) тәжірибе әдісі; 5) кітапты пайдалану әдісі.

Б) Қазақ тілін теориялық және практикалық жақтан үйрету әдістері: 1) дайын материалды талдау әдістері; 2) фонетикалық талдау әдістері; 3) морфологиялық талдау әдісі; 4) синтаксистік талдау әдісі; 5) тілдің материалдық түрін өзгерту әдісі; 6) тілдік тапсырмалары бар мазмұндау әдісі; 7) сөйлем құрату әдісі; 8) тілдік тапсырмалар негізінде шығарма жаздыру әдісі; 9) орфографиялық талдау әдісі; 10) көшіріп жазу әдісі; 11) диктант жазу әдісі.

З.Бейсембаева мына әдістерді көрсетеді: 1) табиғи әдіс; 2) сұрақ-жауап; 3) сурет әдісі; 4) сөйлем мен сөзді толықтыру; 5) мәтінмен жұмыс әдісі.

Профессор Н.Оралбаева, К.Жақсылықова қазақ тілін оқытудың мынадай әдістерін көрсетеді: баяндау, түсіндіру, ойландыру, жалқылау, жалпылау, әңгімелесу, еліктеу, жаттығу, ана тілімен салыстыру, көрнекілік, топпен жұмыс, экскурсия әдісі.

Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмудов төмендегіше берген. Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диофильм, көрсету. Теориялық мәліметтерді оқушылардың ізденісі, еңбектенуі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жатқызылады. Ә) Білім мен іскерлікті, дағдыны жетілдіру сабағы. Бұған ауызша- жазбаша жаттығу, оқушылардың 

өз бетімен жұмыс істеуі, лабораториялық жұмыс, экскурсия сабағы жатады. Б) Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар өткен материалды іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабағы түрінде өткізіледі.

Б.Т.Панов сабақ типтерін төрт топқа бөледі. Ә.Исабаев қазақ тілінен өтетін сабақтарды төмендегідей жіктейді. Олар: жаңа сабақ, біріккен сабақ және лекция сабақ.

з А. Байтұрсынов –қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді. «Тіл құралы» – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің барлығы А. Байтұрсыновтікі.

Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі – Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы «Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі баспадан шықты Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол – қазақ тіл білімінің негізін қалаған көрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор. Қ.Жұбановтың еңбектеріне 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. Тек қана 1966 жылы «Қазақ тіліндегі зерттеулер» деген еңбегі жарық көрді. – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады.

Қазақ әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-ғалым Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне, әсіресе тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді. Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, 7 Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов болды Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық – Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы [Ә.Исабаевтың «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» деген 1993 жылғы еңбегінде қазақ тілінен білім беру әдістерін: практикалық жақтан үйрету әдістері, теориялық жақтан үйрету әдістері және теориялық-практикалық үйрету әдістері деп жіктеп, оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады


XX ғасырдың басында қазақ ұлттық тіл білімінің негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ тіл білімінің қайраткерлері Қ.Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Т.Шонанов, I.Кеңесбаев, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, Ы.Ысқақов, Ғ.Ғ.Мұсабаев, көрнекті әдіскер ғалымдар Қ.А.Басымов, С.С.Жиенбаев, Ш.X.Сарыбаев, Ғ.Бегалиев бар. Әр жылдары кафедраны басқарған ғалымдар: А.Байтұрсынов (1928-1929), Қ.Қ.Жұбанов (1932-1937), С.Аманжолов (1937-1941, 1949-1958), I.Кеңесбаев (1942-1945), Ғ.Қалиев (1958-1961, 1972-1977), Д.Әлімжанов (1961-1971), Ж.Болатов (1977-1978), Ф.М.Мұсабекова (1979-1988) С.И.Исаев ҮІІ, 1988-III. 1989), Н.Оралбаева (1989-1997 жылдары), Ф.Оразбаева (ҮІІ 1997 жылдан). 

Иманбек Қабышұлы Ұйықбаев А.Байтұрсыновтың тілді үйретуде ұсынған тиімді тəсілдері мен қағидалары: • Тілдік материалды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту; • Кез келген тілді үйретуді “қаріптан” , яғни əріптен бастау керек; • Тілді үйрету ана тілінің сөз, сөйлем жүйесін білгізумен қатаржұруі тиіс; • Тіл арқылы сауат ашуда суреттерге көп мəн берілуі керек; • Оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт; • Мəтіндер, көрнекіліктер, иллюстративтік материалдар аса түсінікті болуы шарт; • Тілді оқытуда тіл ұстартуға, көркем сөзге де ден қойған жөн; • Тілді үйрету үшін мұғалім бірнеше əдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет əдісті тауып, пайдалана білуі керек; • Мұғалім балаға білімді өз тəжірибесі арқылы жинақтауға жағдай жасап, тілді тез үйренуге қарай үнемі бағыт-бағдар сілтеп отыруы қажет

Телжан Шонанов • Ш.Х.Сарыбаев • С.Жиенбаев • Ғ.Бегалиев, И.Ұйықбаев • Д.Əлімжанов пен Ы.Маманов • А.Исаев

А.Байтұрсынов еңбектері: • Мектеп балаларына арналған “Оқу құралы”, 1912 ж. • “Баяншы” • “Нұсқаушы” • “Əліппе” • “Сауат атқыш” • “Тіл жұмсар”

Қазақ тілін оқыту әдістемесі — педагогиканың күрделі саласының бірі — дидактика тарауында қаралады. Дидактика (оқыту теориясы) гректің didaktikos — оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оқу үрдісінің заңдылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді. Ал қазақ тілінен оқушыларға білім беру кезінде — оқыту әдістері жоғарыда айтылған заңдылықтар мен принциптерге негізделеді. Оқыту материалын түсінікті етіп баяндау үшін дидактиканы көп жылдан бері зерттеген дидактик ғалымдарымыздың зерттеу әдістерін үнемі басшылыққа алып отыру керек. Қазақ тілін оқытуда окушыларға тиянақты, сапалы да, саналы білім беру — мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы жүзеге асады. Қазақ тілін оқыту технологиясы. Ол оқытушы мен оқушы арасындағы жақсы ұйымдастырылған қызметтен көрінеді. Мұғалім өз пәнін сабақ түсіндіруден бастайды, ол — түсіндіру әдісі.


Оқушылар кітап оқиды, ол — кітаппен жұмыс әдісі; оқушы жаттығу жазады, ол — жаттығу әдісі; оқытушы әр түрлі сурет, таблица арқылы білім береді, ол — көрнекілік әдісі, техникалық құралдарды пайдаланса, ол- демонстрациялық әдіс, т.б. толып жатқан әдістер бар. Мысалы: «Дидактика средней школы» деген еңбекте И.Я.Лернер, М.Н.Скатин оқыту әдісінің бес түрін көрсетеді. Олар: 1. Объяснительно-иллюстративный или информационно-рецептивный. 2.Репруктивный. 3. Проблемное изложение. 4. Частично-поисковой эвристический. 5. Исследовательские — деп оқытудың түрлі әдісіне токталса, Г.А.Ильина «Педагогика» еңбегінде оқыту әдістемесінің 4 түрін атап көрсетеді. Ал академик Ю.К.Бабанский де осындай оқыту әдістерінің 7 түрлеріне тоқталып, оны оқытушының шығармашылық еңбегінің нәтижесі деп бағалайды. Ә.Исабаев өзінің «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» деген еңбегінде оқыту әдістерін: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және кітапты пайдалану әдісі деп теориялық, тәжірибелік тұрғыда оның төрт түріне тоқталады.

Оқытудың теориясын зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектерінде оқыту әдістерінің анықтамасын былай берген: И.Д.Зверев: «Оқыту әдістері дегеніміз — мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары» десе, Ю.К.Бабанский: «Оқыту әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру» дейді. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов «Қазақ тілін оқыту методикасы» деп аталатын еңбегінде: «…Қазақ тілін оқыту әдістемесі — қазақ тілін оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән» деген болатын. Дидактик ғалымдардың зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала отырып, қазақ тілі оқыту әдістемесінің жіктелу түрін жасауға мүмкіндік болды. Оқыту әдістері жайлы ғалымдарымыздың көп жылғы зерттеу тәжірибесі, айтқан пікірлері мұғалім қауымының жұмыстарына (мақсаты, жолы, міндеттері) үлгі бола бермек. Соңғы кезде ғылыми еңбектерде, журналдар беттерінде тиімді оқыту, программалап оқыту, деңгейлік оқыту, модульдік оқыту және сабақты блокпен оқыту әдісі деген әдістер пайда болды. Блокпен оқыту — бұл әдіс мұғалімнің қалауы бойынша тоқсан ішінде екі не үш күн бойы (пәнге бөлінген сағат мөлшеріне қарай) бір пәнге арналып тұтастай өткізіледі. Мысалы, ол күндері тұтастай түсіндіріп, білім беруге тырысады. Мұндай сабақты мектепте ұйымдастырудың қиындықтары көп. Мәселен, сабақ кестесін үнемі өзгертіп отыру керек, оны мектепке енгізу үшін оқыту әдістері толық меңгерілмеген қазақ тілі пәні үшін нәтижесі шамалы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жіктелу кестесінде әдістердің даму жолдарының бәрін жинақтап көрсетуге тырыстық, әрине мұғалім сабақтың мазмұнына қарай қалауы бойынша әдістерді таңдайды. Осының бәрін жинақтай келе, оқушылардың ұғымын, іскерлігін, білімін, дағдысын ұйымдастыруда жүзеге асыруға жәрдемдеседі не көз жеткізеді. Сабақтың жаңа типі — оқыту әдістерінің жіктелуіне сәйкес орындалуы қайсысы болмасын білімді жалпылау және жүйелеу, даралап, саралап дамыта оқыту сабағының берері мол. Мектеп тәжірибесін және алдыңғы қатарлы озық тәжірибелі мұғалімдер жұмысын зерттеу нәтижесінде сабақтың аталған типтерінде көрсетілген әдістерді тиімді пайдалануда мұғалімдер шығармашылық жұмыспен айналысып, оқушыларға сапалы білім беретін жақсы нәтижеге жетіп отырғанын байқадық.