Файл: Фонетиканы оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 331

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


kazaktili-0569874Бұл жіктелу кестесінің ортасындағы төрт бұрышта дидактиканың негізін салушы чехтің классик педагогы Я.А.Коменскийдің 1697 жылы жазған «Ұлы дидактика» еңбегінде оқытудың тұңғыш принциптері мен әдістерінің төрт түрін ұсынған. Бұл еңбектен үлгі алған орыстың көрнекті педагогы К.Д.Ушинскийдің дидактикасы «Балалар әлемі» (1861) еңбегі осы ықпалмен дамыды. Я.А.Коменский, К.Д.Ушинскийдің дидактикалық еңбегін зерттей отырып, қазақ халқының ағартушысы Ы.Алтынсарин қазақ балаларын оқытудың үлгісін «Қазақ хрестоматиясы» (1879) еңбегіне осы 4 түрлі оқыту әдісін енгізді. Осы ғұлама педагогтардың енгізген жаңалықтары өмір талабына сай даму жолдары тармақталып көрсетілді. Әдістердің барлығын сабақ тақырыбна сай мүмкіндігінше барлық түрін мұғалім өз сабағына пайдаланып келеді. Бұл біріншіден, оқушыға берілетін білімнің әдістері көрсетіледі, екіншіден оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден мұғалімнің атқаратын жұмысы, бағыты белгіленеді (әдіс-тәсілдер).

Ана тілін оқыту барысында тақырыптың мазмұнына сай білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілін қолдану ерекшелігі жөніндегі ғалымдардың пікірлерін жақсы білген жөн. Жоғарыда айтылған оқыту әдістемесіне байланысты жазылған құнды ғылыми еңбектерді зерттей келе, осы әдістеменің жіктелу түріне қарай отырып, әсіресе ең бастыларына күнбе-күн жиі кездесетін әдістерге түсінік беріп өтсек:

Түсіндіру әдісі: Бұл әдіске ауызша баяндау — түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.

Кітаппен жұмыс істеу әдісі; Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау — анықтама, түсініктер, жоспар, конспектілеу, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.

Көрнекілік әдіс: экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану, т.б.

Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі -демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмені т.б. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі кодоскоп, эпидоскоп, лингофон, компьютермен жұмыс, т.б.

Жаттығу әдісі; ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану жұмысы.

Баяндау әдісі. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекеті -ауызша баяндаудан басталады. Мұғалімнің оқушыларға жаңа білімді баяндап айтып беруін — ауызша баяндау әдісі дейміз. Ауызша баяндау әдісі оқушылардың жас шамасына қарай, қысқа, не ұзын баяндалуы мүмкін. Мұғалім күні бұрын өзінің баяндайтын сөзін ойланып алуы керек, егер бұрын баяндау жолына ысылмаған болса, мазмұндаманың жобасын жазып алғаны жөн. Ауызша баяндап, мазмұндап берудің үш түрі бар: әңгіме әдісі, түсіндіру (объяснение), лекция түрі. Әңгіме әдісі — жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе сұрақ-жауап әдісі. Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге, анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу тарихы немесе оны жазған авторлар мағлұматтан бастап әңгімелеу әдісімен түсіндіруге талаптанады. Оқушыларға ол материалды түсіндіруді түсінікті, айқын, тілмен жеткізе отырып, сол тақырыптың шығу тарихы немесе жазған авторлардан бастап, әңгімелеу әдісімен түсіндірген пайдалы. Орта жастағы оқушыға 10 минут, жоғары сынып оқушыларына — 15 минуттай уақыт ішінде сұрақ-жауап ретінде әңгіме айтылады.


Әңгіме әдісі — көбіне сұрақ-жауап арқылы диалогтық сөйлеу формасында жүреді. Мысалы, қазақ тілінен «сөз жасамын», «сөз тіркестерін» өткенде, оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтарғызу, жауаптарының дұрыс-бұрыстығын оқушылардың өздеріне айтқызу, міне, осылар олардың естерінде жақсы сақталады. Әңгімелесу түрлері жаңа материалды түсіндіргенде білім жүйесін әңгімелеу, білімді қорытындылағанда — әңгімелесу, ауызша сұрау-жаттығулар тексергенде — өткен материалдарды қайталағанда бала оқып білгенін саналы түрде меңгерген сәттерін білу үшін жүргізіледі. Әдісін жақсы ұйымдастыру — мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Айта кету керек, оқушылардың өтілген пәнді түсініп, белсенді қатысуы үшін әңгіменің эвристикалық түрі , кеңес үкіметі тұсында пайда болған еді. Эврико — грек сөзі — табамын, ашамын деген ұғымды береді. Сондықтан қазіргі уақытта әр тақырыптың ережесі проблемалық жағдайлар туғыза отырып, оқушыға сол пәннің түйінін таптыру әдісі кең өріс алуда,

Әңгіменің нәтижелі болуы — сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге байланысты. Мұғалім сұрақты дұрыс қоя алмаса, оқушылар да асып-сасып, жауап бере алмайды. Оқушы қиналған кезде жетелеп, сұрақтар беру мұғалімнің іскерлігін көрсетеді.

Түсіндіндіру әдісі — қазақ тілінен берілетін белгілі бір тақырыпты түсіндіруде мұғалім көрнекі құралды, кестені, т.б. құралдарды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын түсіндіреді. — «Бүгін сіздерге түсіндірілетін жаңа сабақ тақырыбы мынадай» — деп, бастап кетеді. Түсіндіру барысында оқушылардың назарын аудара отырып, әр түрлі әдіс-тәсілді пайдаланып, қызықты түсіндірсе, онда олар проблемалық мәселені өздері шешуге талаптанады. Мысалы: 5- сыныпқа қазақ тілінен зат есім, сын есім, сан есімді түсіндіргенде сөйлем құрату, сұрақ-жауап арқылы ережені, анықтамаларды өздері құрап шығады.

Лекция — жоғары сыныптардың оқушыларына қазақ тілінен факультативтік сабақтарда, ал 9-сыныпта қазақ тілі сабағында оқылады. Бағдарламада берілген тақырыптарды түсіндіруде лекция әдісін пайдаланады. 8-9 сыныпқа 10-15 минут, 10-11 сыныптар сабақтарында 15-20 минуттік лекция оқылады. «Қазақ тілі» оқулығында оқытылады. Осы оқулықтың 9-бетінде «Тіл мәдениеті» деген тақырып бар. Онда: «Мәтінді оқып шығып, тіл мәдениеті жайында айтылған аталы сөздің мәніне терең бойлайды. Тіл мәдениетіне фонетикадан, лексикадан және грамматикадан алған білімдерінің қандай қатысы бар екендігі жөнінде өзара пікір алысасындар» деп келеді де, тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталатыны айтылады.



Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің алғы шарты дұрыс сөйлей білу. Сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп, күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді. Білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады, және осы секілділерді мысалға келтіріп, лекция оқи береді… Сөйтіп, мектеп лекциясы жай ырғақпен, көбіне қазақ тілінен өткен материалдарды қайталауда, немесе соған қосымша ретінде, не күрделі түрде лекция оқылуы арқылы тақырыпқа түсінік беріледі. Бұдан кейін сұрақ-жауап бере отырып, оқушының қаншалықты білім игергенін байқайды. Әрі қарай жаттығу жұмысы жүргізіледі.

Күнтізбелік жоспарды жасауда сүйенетін негізі құжат және жасалу жүйесі туралы не айта аласыз?

Күнтізбелік- тақырыптық жоспар – мұғалімнің пән бойынша оқу бағдарламасын орындау қызметін регламенттеуші құжат. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар мұғаліммен әр сыныпқа арнап Мемлекеттік білімдік стандарттарға сәйкес әзірленеді. Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күндер бойынша орналастырылады. Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.


Күнтізбелік- тақырыптық жоспардың әзірлену деңгейі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің өлшемі болып табылады.

Педагогтардың қызметі.

  • Мұғалімнің өзі сабақ беретін барлық пәндерден міндетті түрде күнтізбелік –тақырыптық жоспары болу керек.

  • күнтізбелік –тақырыптық жоспар бір жылға жасалуы тиіс.

  • Мұғалім қажеттілігіне қарай өзінің күнтізбелік –тақырыптық жоспарына түзетулер енгізеді.

  • Мұғалім мектеп әкімшілігінің немесе тексерушілердің талабы бойынша күнтізбелік –тақырыптық жоспарын ұсынуға міндетті.

Оқу курсының күнтізбелік- тақырыптық жоспарын әзірлеу кезінде келесі қызметтер ретін іске асырады:

  • жұмыс барысы мен нәтижесін болжау;

  • қажетті шаралар мен әрекеттердің ретін әзірлеу;

  • оларды жүзеге асыру үшін барынша тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдау;

  • қызметті дәл есептеу және оның кезеңдерінің басталуы мен аяқталу мерзімін белгілеу; ;

  • қызметті есепке алу және оның нәтижесін бақылау түрлері мен әдістемелерін анықтау;

Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа, нақты және айқын болу керек.

Нысаны бойынша жоспар

- мәтіндік;

- графикалық;

- аралас жоспар болып бөлінеді.

Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау пән бойынша бағдарлама негізінде құрылады. Ол ӘБ бірінші отырысында қаралуы тиіс, оны хаттамада көрсету, директордың оқу ісі жөніндегі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарымен келісіуі және мектеп директорымен бекітілуі керек. Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың көшірмесі директордың ОІ жөніндегі орынбасарына тапсырылады.

Оқу жоспары

Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары – оқу орнында игерілетін оқу пəндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тəртібін, əр пəн бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі жəне апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) жəне нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді.


ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Тақырыптық жоспар - оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша білім беру жолдарын анықтау үшін қажет.

Тақырыптық жоспар - белгілі бір тақырып бойынша өтілетін сабақ тізбегі, сынып және үй жұмыстарының түрлері алдын ала жоспарлануы.

Күнтізбелік, тақырыптық, жылдық жоспарлар

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Күнтізбелік жоспарлау – жалпы кәсіпорын және оның жеке құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер, бригадалар, жұмыс орындары) үшін қысқа мерзімге (айға, тәулікке, ауысымға, сағатқа) арналған нақты өндірістік тапсырмаларды әзірлеуді қоса оралымды-өндірістік жоспарлаудың бір бөлігі. Жоспарлы тапсырмалар нормалар мен нормативтердің, шарттық міндеттемелер мен мемлекеттік тапсырыстардың негізінде әзірленеді, мұнда сондай-ақ оларды іске асырудың сол сәтте қалыптасқан нақты жағдайлары ескеріледі. Күнтізбелік жоспарлар, әдетте үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде көлемді жоспарлау орындалады, яғни тапсырмалар тәптіштеліп, цехтарға бөлінеді. Әрбір цехқа (телімге) берілетін тапсырма заттай, еңбек және құндық өлшемдермен белгіленеді. Екінші кезең – өндірістің күнтізбелік жоспарларын әрбір цех үшін мерзім мен объектілер бойынша жасау және күнтізбелік нормативтерді әзірлеу. Үшінші кезең жоспарлы тапсырмаларды әрбір жұмыс орнына жеткізуді қамтиды. Осы мақсатпен күнтізбелік жоспарлар орындаушылар арасындағы жеке тапсырмаларға бөлінеді, сөйтіп, ауысымдағы әрбір жұмысшыға берілетін жеке тапсырм Оқу жұмысының табысты болуы мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ жоспарлау кезінде мұғалімге көп еңбектенуге тура келеді, әрбір жеке сабақтың сол сыныптағы жалпы сабақтар жүйесіндегі білімін анықтап, басқа пәндермен байланысын ашады. Күнделікті сабақ жоспары тақырыптық жоспар негізінде жасалады. Тақырыптық жоспар пәндік бағдарлама талаптарына сәйкес түзіледі.

Күнделікті сабаққа даярланудың алғашқы сатысы сабақтың мақсатын анықтаудан басталады. Сабақтың мақсаты деп- сол сабақта оқытып-үйретуге және дамытуға байланысты мәселелердің шешілуін айтамыз.

Сабақта өтілетін материалдардың мазмұны мен мақсаты, оқушылардың дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшеліктері, мұғалімнің іс-тәжірибесі, оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды.

Берілетін білімнің көлемін анықтаған кезде, қандай материал оқушыларға дайын күйінде берілетінін, қайсысы оқушылардың өздігінен орындауына тапсырылатынын анықтаған жөн.