Файл: Фонетиканы оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 320

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсы – қазақ мектептері үшін қазақ тілі пәні мұғалімдерін даярлайтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бөлімінде оқылатын негізгі пәндердің бірі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша қазақ тілі мұғалімдеріне қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті пратикалық машық- дағдыларды қалыптастыру негізгі мақсат болып саналады.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының негізгі мақсаты – студенттерге мектепте қазақ тілінің оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даяарлау.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының міндеттері –Студенттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету. Студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық- теориялық негіздерін меңгерту. Қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын, мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан талдап көрсету. Оқу-әдістемелік құралдарды оқып- талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту. Педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістерді талдай білуге, олардың практикадағы тиімділігін анықтай білуге дағдыландыру.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының мазмұны мынандай мәселелерді қамтиды: Қазақ тілін оқыту әдістемесі дербес ғылым саласы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің бастау көздері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары. Мектепте қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың ерекшеліктері мен мақсат- міндеттері. Қазақ тілі жүйесінің мектепке арналған ғылыми курсы деңгейлерін оқыту әдістемелері (фонетиканы оқыту әдістемесі, лексика мен фразеологияны оқыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі, морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі, мәтінді оқыту әдістемесі). Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту әдістемесі. Офография мен офрэпияны оқыту әдістемесі. Пунктуация заңдылықтарын меңгерту әдістемесі. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтарын талдау әдістемесі. Қазақ тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі 
оқулықтар мен оқу құралдарын, бағдарламаларды пайдалана отырып, студенттер атқаратын шығармашылық жұмыстарға басшылық жасап, лекция, практикалық сабақтар, арнаулы семинарлар барысында меңгертіледі. Сонымен бірге СОӨЖ, СӨЖ және бақылау жұмысы, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс жазуы арқылы әдістемелік білімі жетілдіріл Қазақ тілінің жүйесін құраушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және аралық деңгей ретіндегі фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс- тәсілдер жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдарын айқындау. Лексиканы оқытуда көрнекілік пен сөздіктерді қолданып, олармен жұмыс жасаудың жолдарын үйрету. Лексиканы оқыту барысында оқушылардың машық, дағдыларын қалыптастыру. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысын түсінуде оқушыға тіліміздегі сөздердің мағынасы мен мәнін меңгертудің, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, халық педагогикасын сана-сезімдеріне сіңіруде тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамын үйретудің мәні айрықша. Қазақ тілінің лексикологиясын меңгеру арқылы оқушы тілдің не бір терең қабаттарындағы сөздердің мән-мағынасын меңгеруге мүмкіндік алады. Сөз мағынасындағы түрлі мағыналық реңктерді меңгерген оқушының тілі де, сөйлеу мәдениеті де жоғары болады.

Лексика бөлімінің білімділік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиспен стилистикамен қатысын түсінуіне, соның негізінде бүкіл тілдің жүйесін тұтас ұғып, теориялық білімдерін практикада ұштастыруға мүмкіндік береді. Лексикалық ұғымдар 5-6 сыныптарда арнайы өтілумен бірге, тілдің өзге салаларын оқыту барысында да қайталанып, жаңа материалды толықтыру, түсінікті ету үшін қажет болады. Ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейіп, практикалық маңызы ашыла түсуі қажет. Ғалым А.Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын ерекше атап өтеді. Мектеп курсында оқушыларға лексика бөлімінен саналы білім беру үшін бағдарламаға енген тақырыптардың теориялық және практикалық жағынан мәні анықталады. Лексика бөлімін оқытуда негізінен үш ұғымды білуіміз қажет.

Лексиканы оқыту методикасында негізінен төрт прицип бар. Оның біріншісі-сөз мағынасын оның (сөздің) аңғартатын болмысымен (зат, сын-сапа, сан, қимыл т.б.) салыстыру, екіншісі-лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыру, үшіншісі-семантикалық-мағыналық принцип, төртіншісі – диахрондық принцип. Лексиканың негізі – сөз және оның мағынасы. Сөз ұғымын меңгерту арнайы логикалық жаттығулармен бірге грамматикалық, орфографиялық және стилистикамен байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі.



Лексикалық жаттығуларағы негізгі нысан – сөздің мағынасы мен ұғымын игерту. Бұл мақсатты орындау үшін мына жүйеде жұмыс жүргізудің тиімділігі анықталады: 1) белгілі мазмұнды мәтіндердегі минимумда берілген жеке сөздердің мәтін мағынасын игерту арқылы сөздерді қолдана білуге жаттықтыру; 2) сөздердің тура, ауыс мағыналарын ажыратып игертумен байланысты сөздерді қолдана білуге дағдыландыру; 3) сөздерді тіркесте, контексте қолданылуы бойынша жаттығулар; 4) сөздерді әдеби тіл стильдері мен сөйлеу түрлеріне байланысты қолдана білу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ол үшін сөздерді қолдана білуге дағдыландыратын нәтижелі жұмыс түрлері мен жаттықтыру жұмыстары топтастырылды. Мәселен, сөзбен жұмыс жүргізуді белгілі бір кезеңдерге бөлеміз: бірі – сөздерді игертудегі бекіту кезеңі, екіншісі – олардың қолданылуына дағдыландыру жұмысы.

Синтаксис- грамматиканың көлемді құраушы бөлігі болып табылады. Синтаксис жүйесінің ішкі құраушылары - сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисінқұраушылары - жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисі. Мәтін синтаксисі және қатысымдық синтаксис мәселелерін жан- жақты түсіндіру. Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар туралы ұғым қалыптастыру. Синтаксистік талдау жүргізудің жолдарын ұсыну. Синтаксистің тілдің басқа деңгейлерімен тығыз байланыстылығы.

Синтаксис туралы жалпы мәлеметті оқушыларға әңгіме әдісімен де, лекция арқылы да түсіндіруге болады. Қандай әдіспен түсіндірілсе де мұғалім синтаксистің өзіндік ерекшелігін оқушыларға саналы білдіру үшін, оның тілдің өтілген басқа фонетика, лексика, морфологиямен салыстыруды ұмытпаған жөн. Ол бөлімдердің қарастыратын мәселелерін оқушылардың есіне қысқаша түрде түсіре отырып, синтаксистің нені зерттейтінін саралап айтып берсе, оқушылар жақсы меңгереді және тілдің басқа салаларынан синтаксистің айырмашылығын жете біледі.

Синтаксис жайында жалпы түсінік төмендегі көлемде және осы жүйеде берілгені жөн:

1. Синтаксис деген терминнің мәні.

2. Синтаксис грамматиканың ең негізгі саласы екені.

3. Синтаксис қарастыратын мәселелер (синтаксистің өзіндік белгілері).

4. Қазақ тілі синтаксисін оқытудағы мақсат.

5. Қазақ тілі синтаксисінің мәні.

6. Қазақ тілі синтаксисі оқулығы мен жаттығулар жиынтығы жөнінде қысқаша мәлімет.


7. Қазақ тілі синтаксисін оқытқанда қолданатын көрнекі құралдар.

Тіл ғылымында синтаксис грамматиканың ең негізгі саласы болып есептеледі. Ол – сөздердің басын қосып, тіркес жасап, бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құруды, сол арқылы адам ойын білдіру жолын үйретеді. Сондықтан да сөз тіркесі мен сөйлем жайындағы ғылымды синтаксис дейміз. Қазақ тілі синтаксисі іштей үш салаға бөлінеді: сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі. Сөз тіркесі синтаксисі сөздердің тіркес жасайтын, жай сөйлем синтаксисі, негізінен сөйлем мүшелерімен жай сөйлемнің түрлерін және оқшау сөздерді зерттейді; ал құрмалас сөйлем синтаксисі сөйлем түрлерін қарастырады. Әрбір синтаксистік тұлғаның өзіндік белгілері болады. Соларды бір-бірімен салыстырып, әрқайсысының өзіндік белгілерін ажырата, саралай түсіндіру. Морфология мен синтаксисті, синтаксис пен пунктуацияны, синтаксис пен стилистиканы мүмкіндігінше байланыстырып оқыту.

Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі. Жақты және жақсыз сөйлемдерді оқыту және олардың стильдік қызметіне назар аудару. Толымды және толымсыз жай сойлемдерді оқыту және оларды қатысым синтаксисі тұрғысынан меңгерту әдістемесі. Атаулы сөйлемді оқыту және оны логикамен байланыстыру жолдары. Жай сөйлемді талдау әдістемесі.

Жай сөйлемді оқыту барысында мұғалім ең алдымен сөйлемнің басты қасиеттеріне ерекше тоқталғаны жөн. Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдерді оқытқанда, оқушыларға бұл сөйлемдердің әрқайсысының қандай жағдайда, қандай мақсатпен қолданылатынын және олар ауызекі сөйлеу тілінде немесе жазбаша мәтіндерде қандай мән беретінін, мағынасын жеткізе түсіндіру керек. Осыған орай, сол сөйлемдердің айтылуындағы тиісті дауыс ырғағын сақтап, мәнерлеп, нақышына келтіріп, ашық, айқын, дұрыс оқуға, оларды оқудың интонациясы сөйлемнің бүкіл мазмұны мен мағынасына сай келуі жағына айрықша көңіл бөлінуі тиіс.

Сөйлемнің қалай түрленетінін мұғалімнің өзі жақсы білуі шарт. Сөйлемнің түрленуін түсіндірген кезде оқушылардың сөйлемді дұрыс оқуына мән беруіміз қажет.

Сөйлемді интонациясына қарай түсіндіргенде бір сөйлем алып, сол сөйлемді әртүрлі интонациямен айтып, сөйлемнің түрін байқатып, интонацияның мәнін, ерекшелігін байқатып түсіндірген тиімді. Сөйлем мүшелерін талдау тәртібін әр уақытта ескеріп отыру керек. Синтаксисті өту арқылы оқушы жазу тілі мен ауызекі сөйлеу тілінің маңызын игере түседі. Оқушыға сөйлемдегі сөздердің бәрі грамматикалық байланысқа түсе бермейтінін, сөйлемді талдағанда оқшау сөздердің сөйлем мүшесі бола алмайтынын жете түсіндірген жөн. Синтаксистік талдау кезінде оқушылардың тез, дұрыс талдау дағдысын қалыптастыру керек. Шартты белгілерді саналарында берік қалыптастыруға күш салу керек. Сөйлем мүшелерін өткенде, мұғалімнің бір назар аударатыны сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі үлкен рөл атқарады. Баяндауыш және анықтауыш мүшелердің орны тұрақты болады да, басқа мүшелердің орны ауыса береді.


Орфографияны оқытудың ғылыми- пратикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары. Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістемесі. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау жасаудың түрлері. Орфография мен орфоэпияның бір – бірінен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор.

Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді. Көптеген тілдердің емле заңдарына көбінесе үш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар : фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т.б. принциптер.

Морфологиялық принцип бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады. Фонематикалық принципке дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізген әсерлері ескерілмей, негізгі фонемалық түрі (мәні) сақталып жазылуы жатады. Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, олар айтылуынша (естілуінше) жазылады. Тарихи – дәстүрлік принцип бойынша жазу сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуінше жазу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып, үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады.

Белгілі бір тілдердің орфографиясында бұлардың біреуі не екеуі негізгі, басым принцип болады. Сонымен қатар осы тілде емле принциптерінің қалған түрлері де орын алады.

Орфографиялық ережелер мынадай мәселелерді қамтиды:

Кейбір дыбыстардың жазылуы;

Түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы;

Сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы;

Шылаулар мен одағайлардың жазылуы;

Бас әріптердің қолданылуы;

Сөздерді тасымалдау;