Файл: Фонетиканы оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 321

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ тілі орфографиясында дауысты, дауыссыз дыбыстардың жазылуының барлығы бірдей қиындық туғызбайды. Олардың көпшілігі сөздің кез келген жерінде қолданылып, өз әрпімен жазыла береді. Тәжірибеде бірсыпыра қиындық келтіріп жүрген тұстар – дауысты ә, ы, і, и дыбыстарын таңбалайтын әріптердің емлесі.

Орфографиялық дағды – күрделі процесс. Ол – жазу, сөздің дыбыстық құрамын дағдылай білу, грамматикалық білімге сүйене отырып орфограмманы тану, оған лайық ережені пайдалана білу дағдыларын қамтиды. Орфограмманың сипатына қарай бұлардан басқа көптеген жеке операциялар жүргізілуі мүмкін. Ондай жекелеген операциялар түгелдей есепке алынып отырылады. Бірақ үнемі олай бола бермейді. Егер оқыту барысында күрделі әрекеттер дағдыға айналдырылуы қажет болса, онда олармен өздерінің ойын жазбаша беруіне және орфографиялық норманы сақтауына көмектесетін жеке-жеке жаттығулар жүргізілуі тиімді.

Дағдының берік қалыптасуы қайталау және жаттығу жұмыстарына тығыз байланысты. Орфографияны оқытудағы қайталау теориялық (грамматикалық, орфографиялық) білімді жазу практикасына пайдалану болып табылады. Қайталау арқылы оқушылардың ойлау әрекеті жетіледі, орфографиялық мақсатты қандай амалдармен, тәсілдермен шешу керектігі анықталады. Орфографияны оқытудың амалдары мен тәсілдеріне орфографиялық іс-әрекеттерге анализ жасау, абстракция, сөз контексінен тілдің морфологиялық элементтерін бөліп алу, ол элементтерді белгілі бір грамматикалық категорияларға жатқызу, орфографиялық ережені айқындау т.б. жұмыстар жатады.

Пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу. Пунктуация және интонация. Пунтуациялық ережелерді оқыту. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі. Пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлерін түсіндіру. Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы. Ол – тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады.

Қазақ тілінің пунктуациясы грамматикаға, мағынаға және интонацияға негізделеді, екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамматикалық құрылысына мағынасына қарап қойылады.

Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі – тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлеуді сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау.


Пунктуация жазу мәдениетін көтерсе, интонация оқу, сөйлеу мәдениетін арттырады; пунктуация жазу арқылы ой білдірудің құралы болса, интонация – ауыз екі тілде ой білдірудің құралы. Қазақ пунктуациясы мағынаға, грамматикаға және ішінара интонацияға негізделеді; бұл жағдайда қазақ тыныс белгілерінің бір мағынаны білдіруіне және белгілі бір қызмет атқаруына тірек бола алады.

Қаза пунктуациясының қызметін сөз ету дегеніміз – қазақ тілінде қандай тыныс белгілерінің барын, оларды қандай мағына білдіретінін және қолданылуын баяндау.

Пунктуациялық ережелерді түсіндіріп, сабақ барысында талдау жүргізіп отыру қажет.

Тіл дамыту – қазақ тілі әдістемесінің басты міндеті. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық - құрылымдық жүйесі. Тіл дамыту - оқушылардың ойлауын дамытумен тығыз байланысты. Тіл дамытудағы ауызша және жазбаша жұмыс түрлері. Мазмұндама, шығарма жазу әдістемелері. Оқушылардың тілдік қарым - қатынас жасаудағы сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық әдістердің үлкен орын алатындығы. Ұстаз шәкірттердің, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, айтылмақ ойдың түсінікті болуын, қадағалайды. Сонымен қатар олардың мәнерлеп оқуын сондай-ақ өз ойларын байланыстыра, жүйелі, логикалық тұрғыда жазу дағдыларын қалыптастыруға тырысады. Оқушының сөйлеу дағдылары – сөзді ауызекі сөйлеуден немесе жазу жұмысында орнымен қолдана алатындай дағдылар жүйесінен, сұраққа қысқа да, толық та жауап құрастыруынан, оқыған немесе көрген жайларын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағдысынан, шығарма жазу, жоспар, конспект, реферат жазу дағдыларынан құралады.

Тіл дамыту жұмысын (оқушының жасына, сыныбына қарай) байланыстырып сөйлеумен тығыз байланысты. Мұғалімдер тіл дамыту жолдарын ізденгенде оқушының жеке бас ерекшелігін, ол жұмыстың қиын да күрделі мәселелерін есепке алады. Әсіресе, тіл дамытудың маңызды бір бөлігі әдемі де сауатты жазу екеніне ерекше назар аударады. Сөйлеу мәдениетіне баулумен қатар, жазу мәдениеті, сауаттылыққа баулу іс-әрекеттері – тіл дамытудың ажырамас бірлігі.

Ал сөйлеу мәдениеті орфоэпия заңдылықтарын толық меңгеруді талап етсе, тыныс белгілерін толық меңгертуді керек етеді. Бұл жерде жазу мәдениетінің өзіндік ерекшелігін ажырата білу керек. Дұрыс сөйлеу, оны дұрыс жаза білудің өз әдістері, тәсілдері бар. Тіл дамыту іс - әрекетінде осы мәселелерді түйістіре білгенде, ортақ тиімді технологиясынан іздене білгенде ғана нақты нәтижеге жетуге болады. Шебер де жатық сөйлеу үшін әдеби тіл нормаларын, заңдылықтарын білу керек, оны меңгеру керек. Қазіргі білім беру талаптары тіл дамыту жұмыстарына жаңа мақсат, жаңа міндет жүктеді. Оқытуды технологияландыру тіл дамыту жұмыстарын репродуктивті тәсілдермен жүргізілуі керек.



Тіл дамыту жұмыстары бүгінгі таңдағы сабаққа қойылатын талап негізінде жүргізілуі керек. Тіл дамыту жұмыстарын әр сабақта өтіліп жатқан тақырыпқа сай жүргізіп отырған жөн.

Тіл мәдениеті туралы білім мазмұнын меңгертудің маңызы. Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен ішкі түрлері. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Стилистикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістемесі. Стилистикалық жаттығулар. Стилистикалық қате және оларды болдырмау жолдары. Тіл, сөйлеу мәдениеті дегендер көп ұғымды қамтиды. Ең алдымен, бұл – адамдардың тілді дұрыс қолдануы деген сөз. Ашып айтсақ, бұған білдірмек ойға сөздерді сай етіп дұрыс, дәл таңдай білу, ой мен сөздің құр дәлдігін табу емес, сонымен қатар сөздердің тыңдаушыға әсер ететіндей орынды, көркем варианттарын тауып қолдану жатады. Сондай-ақ сөздерді бір –бірімен дұрыс байланыстыра білу, дұрыс орналастыра білу де, сөйлемдерді тым шұбалаңқы, түсінуге ауыр тиетін етіп те емес, дұрыс құрастыра білу де – тіл, сөйлеу мәдениеттеріне қатысты жайттар. Ғасырлар бойы қалыптасқан фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді әрі орынды, әрі бұзбай, мағыналарын дәл түсініп пайдалану да – тіл мәдениетін көтерудің бір шарты.

Стилистиканың лингвистикалық міндеті стильдік әсердің өзін емес, сол әсерді туғызатын тілдік тұлғаларды зерттеу болып табылады. Стилистиканы оқытуды жоспарлағанда мұғалім стилистикалық қателердің түрлерін, олардың көпшілікке ортақ топтарын айқындап алу, оқушыларға стилистикалық талдау жасату, сөйлемдер мен қысқаша мәтіндер, стилистикалық диктанттар жазғызу т.б. жұмыстарды саралап алғаны жөн.

Стилистика қағидаларын меңгерткенде мұғалім жеке адамның өзіне тән лексикасы болатынын, кейбіреудің сөздік қоры бай, ал біреулердің сөздік қоры аз болатынын да айтып өткені дұрыс. Әр адамның сөйлеу мәнері, сөз екпінін түсіріп айтудың өзіндік дағдысын қалыптастыратынын, көркем әдебиеттің әр жанрына тән стильдік ерекшеліктердің болатынын назарда ұстауы қажет. Оқушыларға стильдің түрлеріне байланысты әр түрлі жұмыстар орындату керек.

Мұғалім сөйлеу мен жазудың түрлі стильдік ерекшеліктеріне тән тілдік қолданыстар туралы ұғымды тіл дамыту кезінде жүргізілетін тапсырмалар арқылы кеңейтіп отыруы қажет. Тілдік тәсілдерді, стильдік құбылыстарды дұрыс, орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге, ой дәлдігіне, сөйлеу әдептілігіне үйретіп, дағдыландырады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.


Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы.

Әдіс – құбылыстарды танып білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.

Әрекет – іс-қимыл, құрал. Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейдітеориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.

Бейін алды даярлық – білім алушылардың жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.

Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.

Білімдену – оқу барысында шәкірт игерген білім, ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі.

Білім алушылардыаралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Даму – адам ағзасында жүріп отырған

Дедукция – ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы.

Дидактика – педагогикалық ғылымның оқыту әдістерін баяндайтын бөлімі.

Дүниетану – дүниенің даму заңдылығын білу қабілетіжалпы ой-өріс.

Индукция – жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.

Инновация /латын/ – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасау және оларды қолдану.

Интерактивтік – интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек өтуі.

Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымының білім беру

Кешенді тестілеу
 – ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.

Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушылардың және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

Концепция /тұжырымдама/– қайсыбір құбылысты түсінудің, түсіндірудің тәсілі, оның мәнін ашу үшін қолданылатын басты идеялар, жетекші ойлар.
Қашықтықтан білім беру технологиясы – білім алушылардың және педагог қызметкердің жанама /алыстан/ немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.

Қалыптасу – барша жағдаят (экологиялық, әлеуметтікэкономикалық, психологиялық және т.б.) ықпалдары негізінде адамның әлеуметтік өмір өкілі ретінде бой тіктеуі. Тәрбие – тұлға қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы.

Метод – бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы. Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.

Модуль – сызба-жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне.
Мотив – ынта-ықыластың аууы.

Мониторинг – күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу.

Нысан – субъектің, яғни адамның таным мен іс-әрекет аймағы.

Объект – адамның, іс иесінің таным әрекетінің бағытыәрекет құбылысы, зерттеу нысаны.

Өлшем– бір нәрсені бағалауда, анықтауда немесе жіктеуде негізге алынатын белгілер, бағалау өлшеуіштері. Бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсыну жөніндегі қызметін бағалау.

Парадигма – ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымда қабылданған теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы, олар ғылыми таным барысында пайда болатын болжамдар мен мәселелерді шешуші ғылым тұрғысында түйсіну үшін үлгі, нұсқа, стандарт ретінде қолданылады.

Педагогика пәні – тұлға тәрбиесі, оқуы, білімденуі, дамуы, қалыптасуы.

Педагогикалық үдеріс