Файл: Фонетиканы оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 326

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ұлттық мектепте қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға жетістік пән мұғаліміне байланысты.

Жақсы ұйымдастырылған және жүйелі түрде өтетін сыныптан жұмыс, біріншіден, сабақта алған оқушылардың білімін бекіте түссе, екіншіден, қазақ тілі туралы түсінікті тереңдетіп, оларды сабақта өтілмеген, бірақ сөйлеу тәжірибиесіне өте қажет мәселелермен таныстырып өтеді. Сөйтіп оқушылар мұғалім мен қоршаған ортаның көмегі арқасында білім деңгейіне сай қазақ тіліне сөйлеп үйренеді.

Мұғалім сабақ үстінде оқушыларды қызықтырып жүрген бар мәселелерді қамтып үлгере алмайды. Мұның барлығын қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыс үстінде ұйымдастыруға болады.

Қазіргі талаптарға сай ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар басқа ұлт балаларының қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады, тілге деген құштарлығын оятады, балалардың мәдениетін арттыра түседі.

Сыныптан тыс жұмыстың сапалы өтуі пән мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, біліміне, жұмыстың мақсатына, мазмұнына, оған жинақталған материалдардың сипатына байланысты. Оның үстіне сыныптан тыс жұмыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі оқушылардың белсене қатысуына да байланысты.

Тәжірибе көрсеткендей, оқушыларды көптеген мәселелер, әсіресе, қазақ тіліне, халықтың әдет-ғұрпына, мәдениетіне байланысты мәселелер толғандырады.

Мұндай мәселелерге: тіл туралы деректер; тілдің шығу және даму тарихы; жазбаша дамуы; кітаптардың шығуы; жер шарында қазақ тілінің алатын тілі мен орны мен маңызы; ұлы адамдардың қазақ тілі туралы айтқан пікірлері, қазақ халқының тарихи деректері, әдет-ғұрып, салт-санасы, қоғам қайраткерлері, ұлы адамдар жайлы т.б. жатады. Сонымен бірге оқушылар қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы, тілдің сөздік құрамы, өзгерту түрлері (неге бір сөздер «өлі», ал енді біреулері «тірі» сөздер тобына жатады). Жеке сөздердің шығу тарихы мен қолдану өрісі, сөздердің көп мағыналылығы, олардың ауыспалы мағынада қолданылуы тілге қатысты көптеген мәселелер қызықтырады.

Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясымен танысқанда, оқушылар көптеген сөздік кітаптармен танысып керекті сөздерін жылдам тауып алу дәрежесіне жетеді.

Сол сияқты оқушыларды адам аттары мен фамилиялары, географиялық атаулардың шығу тегі, мақалдар, мәтелдер, жаңылтпаштар, өлеңдер де өте қызықтырады.

Сыныптан тыс жұмыста мұғалім балаларға газет, журнал беттерінде басылған әр түрлі қазақ тілі туралы кез келген тілде жазылған материалды жинатып, сол жиналған материалдарды қазақ тілі бұрышына жинатуына болады. Жоғары сынып оқушыларын мұғалім қазақ тілі мен қатар әдебиеті туралы да материалдарды жинатады. Сыныптан тыс жұмыста: кроссворд, ребус, метограм, шешуге, сонымен қатар орфографиялық ойындар ойнауға көп көңіл бөлінеді. Аталған жұмыстар оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.


Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мектептің орналасқан жеріне (аулдық не қалалық жерде), қолда бар материалға және мұғалімнің мүмкіншілігіне де байланысты болады. Сыныптан тыс жұмыстардың тақырыбы алуан түрлі, өйткені оқушының қызығушылығы, сұранысы да түрлі-түрлі, ол негізінен сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын белгілейді.

Сыныптан тыс жұмыстың қазақ тілі сабақтармен байланысу принциптері.

Сыныптан тыс жұмыстың негізі оқушылардың қазақ тілі сабақтарында алған білімімен тығыз байланысты. Осы білімдеріне сүйене отырып, сыныптан тыс жұмыста мұғалім оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамытады. Қазақ тілі сабақтары сияқты, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыста қазақша сөйлеуге дағдыландыруға қолайлы жағдайлар жасалу керек [8, 56б.].

Тіл материалдарын білудегі жүйелілік принципі.

Бұл принцип жоғарыдағы принциппен тығыз байланыста қызмет істейді: сыныптан тыс жұмыстың мазмұны қазақ тілі жоспарымен сәйкес болуы керек. Сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған тіл материалын беру жүйелілігі, оны сабақтарда оқыту жүйелілігімен сәйкес болуы керек. Сыныптан тыс және сыныптағы оқуоардың өзара байланысы тіл материалын беру жүйелілігін қамтамасыз етеді.

Оқушылардың сұранысын ескеру принципі.

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқушылардың ықыласына байланысты құрылуы керек, жақсы және нашар оқитын оқушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін тапсырмаларды түрендіру керек. Сыныптан тыс жұмыстың сабақтардан айырмашылығы оның мазмұны оқушылардың жеке сұрауы мен ықыластарын есепке ала отырып анықталады. Мұндай жұмыс оқушылардың тілінің дамуына және білімділігін, антасын арттыруға көмектеседі, әрбір оқушы өзінің қабілетіне қарай ықыласына қарай тапсырма алады.

Қызықтыру принципі.

Сыныптан тыс жұмысқа оқушы ықыласының оянуына және сақталуына ең күшті әсер ететін негізгі жағдай. Оқушыны қызықтыру сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен оны ұйымдастыруға білуге байланысты. Қызықтыру – ол оқушылардыың интеллектуальдық сұранымдарын қанағаттандыру, олардың әуестігін дамыту, тілді үйренуге құмарлығын арттыру.

Сыныптан тыс жұмыстың түрлілік принципі – оқушының ықыласының , ынтасының, сұранысының түрлілігіне негізделеді. Оқушының сұранысы, қабілеті, қызығушылығы сан алуан, сондықтан оны қанағаттандыру үшін сыныптан тыс жұмыстың түрлері де сан алуан болуға тиісті. Сыныптан тыс жұмыстан оқушы өзі қызығатын түрін таба алатындай болуы қажет. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстың түрлілігі негізгі мәселеге жатады, оған пән мұғалімі ерекше назар аударуға тиісті.



Сыныптан тыс жұмыстың жеке түрлерінің өзара байланыс принципі.

Бұл принципті сақтағанда, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстың жалпы жүйесі құралады, онда әрбір шаралардың өзінің нақты орны бар және олар бір-бірімен тығыз байланысты болуы керек.

Өз еріктілік принципі.

Оқушылардың сыныптан тыс жұмысқа қатысулары өз еркінде болуы керек. Бірақ оқушыларды сабақтан тыс уақытта қазақ тілімен өз еркімен айналысуға ықыласы болуы үшін, сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу керек, сыныптан тыс жұмыстар оқушыны қызықтыратындай олуға тиіс.

Жаппай көпшілік принципі.

Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмысқа қатысушы оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытуға көп үлесін тигізетінін, олардың қазақ тілін үйренуін жылдамдататынын ескере отырып, сыныптан тыс жұимысқа мүмкіндігінше көп оқушыны қатыстыруға тырысу қажет, өйткені ол тілдік орта қызметін атқарады. Ол үшін оқушылардың арасында олардың сыныптан тыс жұмысқа қатыса алатындарына кеңінен насихат жұмысын жүргізіп, қазақ тілін үйренуде көмегін түсіндіру керек.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың мынадай түрлері бар:

жинақталған тіл материалына байланысты оқушылардың ауызша және жазбаша түрде сөйлеуге дағдыландыру.

өткізу тәсіліне байланысты үнемі жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар және кейде (уақытша) жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар болып бөлінеді.

оқушылардың қатысу санына байланысты: жеке, топтық, көпшілікпен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарыдң түрлері бар.

Жоғарыда көрсетілген сыныптан тыс жұмыс түрлерінің өздеріне тән сан түрі бар. олар бір-бірінен әдістемелік өткізу тәсіліне байланысты аыратылады.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі бастауыш сыныптарда қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытуға бағытталады. Оған «Ертегілер әлемі» сияқты үйімелер жатады. Кейде оны «Ертегіге саяхат» деп те атайды, басқа да атаулар қолданылуы мүмкін. Мұндай үйірмелерде оқушыны қызықтыратын ертегілерді оқу, оны ауызша әңгімелеу, ертегілерден қойылымдар ұйымдастыру, жұмбақ шешу жарысын ұйымдастыру, тақпақ, өлең айту сияқты жұмычтың түрлері жүргізіледі.

Бастауыш мектеп оқушылары мұндай үйірмелерге жақсы қатысады және бұл жұмыстың түрлері оқушыларды қызықтырады. Ол оқушының қазақша тілін дамытуға зор ықпал етеді.

Жоғары сынып оқушыларымен де ауызша тіл дамытудың түрлі-түрлі сыныптан тыс жұмыстары жүргізіледі. Оларға кейінірек тоқталамыз.

Сыныптан тыс жұмыстың жазбаша түріне қазақ тілінде шығатын қабырға газеттері, қазақ тілінің беттері жатады. Жұмыстың бұл түрі негізінен жоғары сынып оқушыларымен жүргізіледі.


Оқушылардың қабілетіне, қатысу санына байланысты сыныптан тыс жұмыстар 1) жеке, 2) топтық және 3) көпшілік болып үш түрге бөлінеді дедік. Бұлар өзара тығыз байланыста болады.

Жеке түріне: өлеңді жаттау, ролі бойынша жұмыс (ертеңгіліктерге дайындақ үстінде), ті материалын іріктеу, кітаптар оқу, реферат, альбом жаса дататы.

Топтық түріне: қазақ тілінің үйірмелері, сыныптан тыс оқу, экскурсия (кітапхана, табиғатқа, өнеркәсіптерге т.б. жерлерге саяхат); виктариналар жатады. Мұнда басты орында үйірме жұмысы тұрады.

көпшілік түріне: қазақ тілінің ертеңгіліктері, факультатив, әртүрлі мейрамдар (мысалы, ертегі мейрамы, балалар кітабының мейрамы, поэзия мейрамы т.б.); көрмелер (мысалы, балалар кітабының көрмесі, балалар суреттерінің көрмесі т.б.); конкурстар қазақ тілінде берілетін радио бағдарламалар, олимпиадалар, қазақ тілінің күні, апталығы, айлығы, құыршақ театры және т.б. жатады.

Сыныптан тыс жұмысты жоспарлағанда, оны өту тәсіліне және әдістемелік дайындылығына көңіл аудару керек.

Жұмысты жоспарлағанда, оқушыларға шамадан тыс салмақ түсірмеу жақын ескеру керек. Сонымен бірге бүкіл оқу жылы бойны оқушылардың қазақ тілін меңгеруінің қандай деңгейде екенін әрдайым қадағалап отыру қажет.

Енді оқу орыс тілінде жүретін мектепте қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға жеке-жеке тоқталайық.

Қазақ тілінің бұрышы. Сыныптан тыс жұмыстың басты ұйтқысы – қазақ тілінің бұрышы болып табылады. Оны көпшілік көре алатын кең де жарық жерге орналастыру қажет. Орыс мектептерінің төменгі сыныптарында өздерінің жеке бұрышы болуы керек.

Қазақ тілінің бұрышындағы материалдар әрдайым өзгертіліп отырылуы қажет. Қазақ тілі бұрышы мынадай төрт бөлімге бөлінеді.

«ұны білгенің жөн» - деген бөлім. Мұнда сөздік туралы түсіндірмелер, қазақ тілі туралы пікірлер қарастырылады. Қазақ тілінің де беттері осыған кіреді. Материалдар айына бір рет жаңартып отыруы керек.

«Қазақ тілінің мәдениеті» - деген бөлім, мұнда көбінесе «Дұрыс айтындар», «Дұрыс жаза біліндер» деген сияқты тақырыптағы материалдар кіреді. Бұл материалдар сабақ үстінде өтілетін бағдарламамен сәйкес келіп отырады. Сондықтан да, материалдар бағдарламалармен қоса өзгертіліп тұрады.

«Пайдалы кеңестер» - деген бөлімде балаларға дәптерлерін қалай толтыру керек, диктант, мазмұндама, шығармаларды қалай дұрыс жазу керектігі көрсетіледі. Сонымен бірге, грамматикалық талдау, хат, адрес, телеграмма тағы да сол сияқты дұрыс жазу үлгілері көрсетіледі.


«Қазақ тіліндегі ойындар» бөлімі. Ойын шарттары, виктариналар, ребустер, жұмбақтар, кроссвордтар, жаңылтпаштар, мысалдар, барлығы осы бөлімде қамьылып қарастырылады. Бұл материалдарды 7-9 күндер аралығында жаңартып отыру қажет. Диктант, мазмұндама, шығармаларды қалай дұрыс жазу керектігі көрсетіледі. Сонымен бірге грамматикалық талдау, хат, адрес, телеграмма, тағы сол сияқты дұрыс жазу үлгілері көрсетіледі.

Қазақ тілі бұрышының материалдарын мұғалім немесе редколлегия мүшелері тандаса, оны көркемдеу оқушылардың көмегі арқасында жүзеге асады. Материалды мұғалімнің көмегімен қорытындылап отыру керек.

Қабырға газеті. Оқушыларды қызықтыру үшін қабырға газеті де өте көркем безендірілген болуы керек.

Қабырға газетін үш бөлімге бөліп қарастыған дұрыс:

«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл».

«Біз қазақша сөйлейміз».

«Танымдық ойындар әлемінде».

Әрбір бөлімге бай да тартымды материал сыйғызуға болады. Бірінші бөлімде қазақ тілі туралы материалдар кіреді. Екінші бөлімге, мектеп оқушыларының өмірі, қызықты саяхаттар, жарыстар қорытындылары кіреді. Үшінші бөлім ойын шарттары, жұмбақтар, ребустар, шешуге арналады.

Қабырға газетін сондай-ақ белгілі бір мейрамдарға жарыстраға тағы басқа шараларға арнап шығаруға болады.

Қазақ тілінің үйірмесі. Мектепте қазақ тілінің үйірмесі - өте кең таралған жұмыс түрі. Үйірме сыныптан тыс жұмыстың топтық түріне жататыны айтылды. Үйірмелер, біріншіден, қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыра түсе, екіншіден, мектеп бағдарламасынығ материалдарын жақсы игеруге ықпал етеді. Үйірме алға қойған мақсаттарды орындауы үшін, мұғалім үйірме жұмыстарын қызғылықты өткізе білуі керек.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қызығуы, сұранысы, ұнатуы негізінде ұйымдастырылатын болғандықтан, ол оқушының белсенділігін күшейтеді, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

йірме көбінесе бір сынып оқушыларына немесе екі-үш сынып оқушыларына арнайы ұйымдастырылады. Үйірмеге оқушылар өз еркімен , таңдап қатысатын болғандықтан, онда сынып оқушылары түгел болмайды. Үйірмеге қатысушыларын саны көбіне 10-15 шамасында болады, кейде одан көбірек болуы мүмкін. IV-IX сынып оқушыларын «Қызықты грамматика», «Драмалық қойылымдар», «Қызықты фонетика», «Қазақша ән-күй», «Халық ойындары», «Лингвистикалық өлкетану» сияқты үйірмелер қызықтыратыны байқалып жүр.

Х-XI сынып оқушыларын «Сөз сыры», «Сөз маржаны», «Шешендік өнер», «Туған өлкем», сияқты үйірмелер қызықтыратыны анықталды.