ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 328
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сулы жер құрғақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
Ойын. «Кім тез табады?»
Жақсы деген сын есімге тіркес келетін бірнеше зат есім ойлап жаз.
қыз
оқушы
Жақсы бала
адам
жер
Керісінше, «бір зат есімге көп сын есім» ойыны.
инабатты
ажарлы
әдепті қыз
көңілді
сұлу
^ V. Сабақты қорытындылау мына сұрақтар бойынша іске асырылады:
- Сын есімнің қандай түрлерін өттік?
- Туынды сын есім қалай жасалады?
- Негізгі және туынды сын есімнің айырмашылығы неде? Мысал келтір.
Әр оқушы осы сұрақтарға жауап береді, сын есімнің ержесі мен сұрақтарын айыра берулері керек. Өз ойлары мысалдар келтіріп, сұрақтар қойып, өткен жаңа сабақты қорытындылап кетеміз, оқушыларға жалау, машина, қоян, сәбіз, жапырақ, түлкі т.б.суреттері үлестіріп беріп, осы сурет бойынша заттың түр-түсін айыру үшін сөйлем құр деп тапсырылады. Қай бала тез, дұрыс сөйлем құрап, бұл сөйлемдегі заттың түсін білдіретін сөздердің сын есім болатынын түсіндіріп, қандай сұраққа жауап беретінін айыра алса, ұтқан болып шығады.
Мысалы, сурет бойынша оқушылар мынадай сөйлемдер ойлап табуға тиісті.
Ту Қара торғай
Көгілдір ту Қара торғайға
Желбіреді Ұя жасадық
Машина Қоян
Бақытжан жеңіл Сұр қоян
Машинаға мінді Қашты
Мамам қызыл Жапырақ
Алма әкелді Күзде жапырақ
Алма Сары түске боялды.
1.Сын есімді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде таныту
2.Заттардың жалпы сын, сапалық белгілерін топтап айыруға үйрету.
3.Белгілі бір нақты заттың әрі алуан қасиеттерін көрсетіп, сипаттап айтуға баулу.
4.Сын есімді ауызекі және жазбаша сөйлеу тілдерінде мағынасына қарай дәл таңдап қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттардың әр алуан қасиеттерін, белгілерін бақылай білуге, байқағыштыққа үйрету.
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ
Салалас құрмалас түрлері,көп бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас сөйлем,өзіндік белгілері,салалас құрмаластан өзгешелігі
Зат есімдердің жасалу тәсілдері
Етістіктің рай категориясы,түрлері
Сөздің жасалу жолдары,сөз тудыру жүйесі
Салалас құрмаласқа тән белгілері,өзгешелігі,байланысу тәсілдері
Одағай сөздер,морфологиялық бөліктеріне қарай бөлінуі
Етістік категорияларының дамуы
Тарихи фонетика,дауыссыз дыбыстар жүйесінің даму ерекшеліктері
Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдіс-тәсілдері
Тарихи сөзжасам тәсілдері
Үстеу мағынасы,морфологиялық белгілері,сөйлемдегі қызметі
Сөйлем және оған тән басты белгілер,түрлері
Сөз тіркесі және оған тән белгілер
Тарихи лексикология,зерттеу нысаны
Етістіктің синтаксистік қызметі,категориялары,олардың зерттелуі
Шылау түрлері,қызметі,жұмсалуы
Айқындауыш мүше,сөйлемдегі орны,қызметі
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, дара, күрделі, үйірлі мүшелері
Тарихи морфология,сын есімнің қалыптасуы
Жай,құрмалас сөйлемдер,қызметі,түрлері
Түркі тіліндегі есімдіктердің ерекшелігі
Еліктеу сөздердің лексикалық, морфологиялық ерекшеліктері,түрлері,қызметі.
Қазақ тілі тарихында етістік категорияларының дамуы
Оқшау сөздер,жазылуы,айтылуы,түрлері.
Шақ,рай,етіс категориясы,тұйық етістік
Пунктуация,зерттелуі,мәні,қызметі.
Сөз таптары және олардың классификациясы
Фонетика және оның салалары
Грамматика және оның салалары
Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары
Қазіргі қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар
1 тәрбиелік
2дидактикалық
3психиоллогиялық
4гигиеналық
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру;
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру;
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу;
Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды
Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмутов ("Современный урок", 1985) төмендегіше берген:
Сонымен қазақ тілін оқыту принциптері былайша топтастырылады:
1. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі.
2. Жүйелілік принципі.
3. Көрнекілік принципі.
4. Саналылық пен белсенділік принципі.
5. Теорияны практикамен байланыстыру принципі.
6. Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі.
7. Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі.
Заман талабына сай оқыту принциптері іздеуді, зерттеуді қажет ете береді.
а) Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диафильм көрсету, теориялық мәліметтер бойынша оқушылардың ізденісі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жатқызылады.
ә) Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы. Бұған ауызша, жазбаша жаттығу, оқушылардың өз бетімен жұмыстануы, лабораториялық жұмыс, әкскурсия сабағы жатады.
б) Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар өткен материалды іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабағы түрінде өткізіледі.
в) Аралас сабақ. Сабақтың бұл түрі жоғарыда аталған сабақтың бар түрімен тығыз байланысты өткізіледі.
г) Білім, іскерлік пен дағдыны бағалау, бақылау сабағы. Бұл сабақтар кебінесе сұрақ-жауап тәсіліне негізделеді. Қойылатын сұрақ бір ғана оқушыға да немесе бүкіл сыныпқа да арналуы мүмкін. Сұрақ түрлері ауызша да жазбаша да болып келеді. Әрбір практикалық жұмыстар бағамен не сынақ түрімен қорытылады.
САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақты белсенді, саналы қабылдауға дайындау кезеңі
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
ІV. Жаңа материалды түсінулерін тексеру кезеңі
V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі
VІ. Қорытындылау
VІІ. Бағалау
VІІІ.Үй тапсырмасы
Демек, қазақ тілі сабағының құрылымдық элементтерін дұрыс танытудың рөлі зор. Олар мыналар: 1) өткенді еске түсіру; 2) тақырыптың көлемі мен жүйесін түсіндіру; 3) бекіту және қайталау мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу; 4) үй тапсырмасын беру; 5) үй тапсырмасын тексеру, өтілгенді сұрау; 6) оқушылар жұмысына барлау жасау; 7) оқушылар еңбегін бағалау.
1. Қазақ тілі сабақтарына дайындық жұмыстарын жүргізу
1. Негізгі, базалық лексика-грамматикалық деректерді нақтылап алу;
2. Бұрын өткен сабақтардан тағы қайталауға тиісті материалдарды (негізінен грамматикалық) анықтап алу;
3. Сабақтарда сезімдеріне үйлесімді әсер ететін көрнекілік тәсілі қолданылады және бейнелі көрнекіліктерді, жағдаяттық жаттығуларды, әсіресе, рөлдік ойындарды орындау кезінде оқушылардың тәжірибесі мен қиялы көз алдына елестетумен байланысты дамытылады. Ж.Аймауытов: «Көзге көрсетілмей ұғындырылғанның бәрі мағынасыз бос сықылды. «Көз көрмегеннің бәрі бекер» дейді жұрт. Балаға үйретілетін нәрсенің өзі, болмаса, оның тұрпаты көрсетіліп, ұғым беріледі. «Көрнекі оқыту» деп осыны айтады», - деп жазады. Соған байланысты жаңа сабақты меңгерту үшін көрнекілік құралдар (слайдтар, диафильмдер, суреттер, карточкалар, сызбалар, модельдер т.б.) дайындап алу қажет;
4. Жаңа сабақта қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық құралдарды (компьютерлер, электронды тақта, веб-проектор, компьютерлік, мультимедиалық оқу, тексеру, ойын, тренажерлық бағдарламалары т.б.) сайлап алу;
5. Өтетін жаңа грамматикалық тақырыпқа байланысты білімді бекіту үшін бірнеше қатысымдық жағдаяттық ойын түрлерін дайындап алу;
6. Берілген әрбір жаттығуды қатысымдық талаптарға сай орындату жолдарын ойластырып алу;
7. Сабақ барысында кездесетін жекелеген дыбыстарды дұрыс айту дағдысын қалыптастыру үшін бірнеше ойындар, өлең немесе ән т.б. дайындап алу;
8. Әрбір оқушыға лайықтап жеке қатысымдық тапсырмаларды сұрыптап алу. Жұптық, топтық тапсырмаларды орындату кезінде оның қатысушы мүшелерін үнемі ауыстырып отыру қажет;
9. Үйге қандай тапсырма беру керектігін (нақты орындайтын жаттығуды, қандай тақырыпта шағын шығарма жазуды) анықтап алу керек. Үйге берілетін тапсырмалар қызықты, әсерлі болуы тиіс. Мысалы, белгісіз өткен шақты оқыған кезде - «Өзің көрген бір түсіңді әңгімелеп бер» немесе шартты райды оқыған кезде – «Мен бастық болсам, не істер едім?» тақырыптарында шығарма жазып кел» т.с.с. тапсырмалар;
10. Сабақтың толық жоспарын жасау, яғни орындалатын жұмыстардың ретін, әрқайсысына қанша уақыт бөлу керек екендігін нақтылап алу. Жоғарыда аталған жұмыстардың түрлері сабақ жоспарын құрайды. Оқытушы әр сабақтың алдында мақсатты түрде аталған жұмыстардың барлығын тиянақты орындап отырса, ол сабақтың қызықты да сапалы өтуіне жағдай жасайды. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынталары арта береді.
2. Қазақ тілі сабақтарын жүргізу жолдары
1. Сабақты тым ресмилендірмей, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі тәрізді өткізу қажет. Ол негізінен оқытушының сабаққа дайындығына, кәсіби шеберлігіне байланысты жүзеге асады. Топпен жақсы таныс, материалды мүлтіксіз меңгерген оқытушының сабағы неғұрлым қызықты өтеді;
2. Сабақ әрқашанда жоғары көңіл-күймен басталуы керек. Оқытушының сабақтың басында оқушылармен сәлемдесуі, қызу әңгімеге шақыруы оқушылардың көңілін сергітеді, сенімдерін тудырады;
3. Сабақтың жүргізілу ырғағы өте маңызды. Ол жеткілікті дәрежеде жоғары болуы тиіс, алайда, сабақтың басынан аяғына дейін бірдей дәрежеде болмайды. Неғұрлым белсендіру керек екен деп, оқытушының күші сарқылып, тіл үйренушіге тым артық күш түсіріп алудан аулақ болу керек. Ырғақтың баяулауы мен жылдамдауы аралас түрде келіп отыруы қажет. Қызу пікірталастан кейін тыныш грамматикалық ойындар кезектесіп келіп отыруын қадағалаған жөн;
4. Тілдік жағдаятқа байланысты берілген тапсырмалар тіл үйренушіге шынайы өмірдегідей әсер етуі тиіс;
5. Оқушылар тапсырмаларды орындап болған кезде, оқытушы өзінің қорытынды пікірін білдіреді, олардың шамалы жетістіктерінің өзін мақтап, көтермелеп отырады;
6. Сабақ барысында оқытушы оқушылардың белсенділіктерінің төмендемеуін, жағымды эмоционалды тонустарының сақталуын қадағалап отыруы қажет. Ал белсенділіктерінің төмендеуі байқалған жағдайда, қысқа үзіліс жариялап немесе ән айтқызып, ойындар ұйымдастырып жіберуі керек;
7. Оқытушы оқушылардың жіберген қателіктерін ептілікпен түзетіп отыруы керек;
8. Оқушылардың үй тапсырмасын орындауларын, тілдік портфельдерін толықтырып отыруларын тексеруді әр сабақтың басында әдетке айналдыру қажет. Себебі, тек қатаң бақылау, тексеру болған жерде ғана сапалы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Сабақтың тиімділігін арттыруды жүзеге асыру үшін қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды сақтау керек:
Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.