Файл: Фонетиканы оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 329

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.

Әрбір сабақ , ең алдымен, сабақьың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.

Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.

Сабаққа қойылатын талаптардың бірі – оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті – жаңа білімді игеруді – атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.

Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жүргізілуі керек.

Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.

Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс.

Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақтандырылған болуы керек.

Кез келегн пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы.

Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану.

Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу еңбегін қамтамасыз ету.

Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.

Сабақтың кәсіби бағыттылығы.

Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру.

Қолайлы моральды – психологиялық және санитарлық – гигиеналық жағдайлар туғызу.

1.Сабақтың тиімділігін арттыру жолдарының бірі (кез – келген оқу пәні бойынша) әр сабақта мынадай жағдайлар жасау болып табылады: оқушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек.

2.Келесі сабақтың тиімділігін көтерудің тағы бір маңызды жолы – бұл ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының барынша дамуына мүмкіндік туғызу.

3.Сабақ тиімділігін көтерудің келесі жолы – бұл белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластырған.

4.Сабақ тиімділігін көтерудің келесі бір жолы – бұл сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыстарының үлесін арттыру.

5.Сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау.

6.Сабақтың тиімділігін көтерудің ерекше жолдарының бірі оқушылардың біліктілігі мен дағдысын, білімін бақылауға, әсіресе ауызша сұрауға уақытты қысқартуы болып табылады. Мәселе, уақытты механикалық қысқарту емес, уақытты қысқарту кезінде тексерудің тиімділігін көтеретін, бақылаудың сапалы жаңа түрлерін іздеу.


7.Сабақтың тиімділігі, көбіне оқушылардың жалпы-интеллектуалдық дағдысының (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталады.

Орыс ғалымы И.Подласый сабақ өнімділігіне әсер ететін негізгі факторларды атап көрсете келіп, солардың ішінде мұғалімнің ұйымдастырушылық рөлінің жоғары екендігіне баса назар аударады:

1.Игеруге бөлінген уақыт – 16 %. 2.Оқу материалы көлемі – 24 %. 3.Оқушылардың білім деңгейі – 28 %. 4.Ұйымдастырушылық әрекеттер – 32 %.

Сабақтың тиімділігі мен өнімділігін арттыруда мұғалімнің жоспарлау-жобалаушылық икемділігінің де маңызы жоғары, бұл оның игерілетін білім мазмұныны тиімді түрде іріктей алуы мен оқыту мақсаттарын дұрыс айқындай білуінен байқалады. Интерактивті оқыту теориясын зерттеуші ғалымдардың айтуынша білім мазмұнын үшке бөлуге болады екен: 1.Білуге міндетті материал; 2.Білу керек материал; 3.Білуге болатын материал.

Ал оқыту мақсаттары американ ғалымы Б.Блумның ойынша, оқушылардың оқу мақсаттары арқылы берілсе дұрыс болады және ол мынадай алты сатыдан тұрады: 1.Білу. 2.Түсіну. 3.Қолдану. 4.Талдау. 5.Жинақтау (синтез). 6.Бағалау.

Сабақта оқушылар белсенділігін арттыруға қойылатын негізгі талаптар:

1.Оқушыларға қойылған оқу міндеттерінің мәні әрқашан түсінікті болуы керек, олар оқытудың мақсатын түсінуі керек. Сабақ мәселе қоюмен басталу керек және оқушылардың алдыңғы тәжірибелеріне, олардың білім жүйесіне сүйене отырып жүргізілуі керек. Мұағлім оқушылардың оқытылатын материалға қызығушылығын арттыру үшін барлық тәсілдерді падалануы керек.

2.Оқушылар оқыту процесінде тек қана заттар мен құбылыстар жөніндегі ақпаратарды ғана игеріп қоймауы керек, сонымен қатар оның ішкі мәнін, кейін практикада қолданатын заңдылықтарды түсінуі керек. В.Ф. Шаталовтың әрбір оқылатын тақырып бойынша оқушылардың оқылатын құбылыстың ішкі заңдылықтарын көріп білуі үшін толық көлемде материал берген қызметі осы ережені жүзеге асырудың мысалы бола алады. Сонан соң бірнеше рет қайталау процесінде жекелеген фактілерді игеруге және оларды жүйелеуге қол жеткізіледі.

3.Психологтардың зерттеулері оқушылардың белсенділігінің маңызды шарты оқыту процесіндегі өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалау болып табылатынын көрсетеді. Сондықтан да оларда осындай қызметке қажеттілік пен дағды қалыптастыру педагогтың бірден бір міндеті болып табылады. Өзін-өзі ақылау мен өзін-өзі бағалау қазіргі оқыту технологиясының міндетті элементі болуы қажет.

4.Білімді саналы және белсенді меңгеруде басты рөл жарқын үлгілерді белгісіз оқушының қосымша оқу материалын пайдалануы арқасында көрініс табатын қызығушылыққа беріледі. Саналылық және белсенділікпринциптерін жүзеге асыру үшін оқылатын материалдың тек мазмұнына ғана емес, сондай – ақ оқыту процесінің өзіне де қызығушылық қалыптастыру керек. Оқушыларға тек жаңа ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар оқу, оларға таным процесінің өзі де қызық болу керек. Бұл ережелерді сақтау жалған білім жинақтауды емес, сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Орфографияны оқытудың мазмұны неде?

Орфографияны оқытудың ғылыми – парктикалық маңызы, міндеттері, ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау. Мұғалімнің әрекеті - оқыту, білім беру әдісі де, оқушының

әрекеті – үйрену, білім алу әрекеті болып табылады. Екеуінің бірлескен

әрекетінен оқыту әдісі туындайды. Оқыту әдісі тәсілмен тығыз байланысты.

Тәсіл – әдістің элементі, бөлігі, бір реттік әрекет. Әдіс тәсілдің жиынтығы.

3. Оқытуда орфографиялық білім, білік, дағдыларын

қалыптастырудың нәтижелі әдістері. Білім беруде бұл ұстанымдарды іске

асыратын оқыту әдістері бар екені белгілі. Әдіс қалай нәтижелі білім беру

сұрағына жауап береді. Әдіс-тәсілсіз белгілі бір мақсатқа жету қиын. Әдіс

(гректің metodos - бір нәрсені зерттеу, іздеу) - мақсатқа жетуге оқытушы мен

оқушының реттелген әрекеті. Әдіске ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде, «бір

нәрсені теориялық зерттеудің немесе оны тәжірибе жүзінде іске асырудың

жолы, тәсілі» [74, 199].

«Білім беру әдістері, оқушылардың білім мен білігін, олардың

практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін

жұмыстарының тәсілі мен оқушылар жүргізетін жұмыстардың мұғалімнің

басшылығымен орындалатын тәсілі» сияқты анықтамалар беріледі [75, 147].

Т.С.Сабыров әдіске: тәсіл амалдардың жиынтығы; оқушылардың таным

әрекетін ұйымдастыру тәсілі; білім берудегі мұғалім мен оқушылардың өзара,

әрекетінің моделі, -деп анықтама береді [76, 45]. Сондай-ақ әдісті білім

беруде мақсатқа жетудің жолы, амалдың жиынтығы деп те түсінуге болады.

Педагогикалық еңбектерде әдісті мұғалім мен оқушының әрекетіне

жатқызады. Мұғалімнің әрекеті - оқыту, білім беру әдісі де, оқушының

әрекеті – үйрену, білім алу әрекеті болып табылады. Екеуінің бірлескен

әрекетінен оқыту әдісі туындайды. Оқыту әдісі тәсілмен тығыз байланысты.

Тәсіл – әдістің элементі, бөлігі, бір реттік әрекет. Әдіс тәсілдің жиынтығы.

Мысалы, жаңа материалды түсіндіру әдісі: салыстыру, көрнекілік, сұрақ-

жауап т.б. тәсілдерден құралады.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде әдістің түрі де, атауы да сан

алуан. Мысалы, А.Әбілқаев әдістерді оқушылардың білім алу көздеріне

қарай (мұғалімнің сөзі, әңгіме, талдау, грамматикалық талдау, жаттығу,

көрнекілік, т.б.), оқу үдерісінде оқушылардың қатысу дәрежесі мен сипатына


қарай (актив, пассив), оқушылардың жұмыс сипаты мен орнына қарай

(жазбаша, ауызша, үй тапсырмалары, т.б.) бөлсе [77, 21-25], Ә.Исабаев

оқушылардың білім алу көздерін негізге ала отырып: қазақ тілін

практикалық жақтан үйрету әдістері, қазақ тілін теориялық жақтан үйрету

әдістері, қазақ тілін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері деп

бөледі. Ал Д.Әлімжанов пен Ы.Маманов оқыту әдістерін: анализ-синтез,

64

салыстыру, көрнекілік, оқулықты пайдалану, т.б. деп бөлсе [78,47],

Л.Ф.Федеренко пәннің ерекшелігі мен мақсатына қарай жаңа материалды

хабарлау әдісі, бекіту және тексеру әдісі деп [79, 148-156]. А.В.Текучев білім

алу көздеріне қарай: мұғалімнің сөзі, әңгімелесу, тілдік талдаулар, жаттығу

әдістерін атайды [80, 67], Е.А.Баринова оқушы мен мұғалімнің сөзі, бақылау,

оқушының өз бетімен жұмыс істеуі деп жіктейді [81, 16]. М.А.Данилов,

Б.П.Есипов әдісті атқаратын міндетіне қарай: білім алу, дағды мен іскерлікті

қалыптастыру, білімді іс жүзінде қолдану, шығармашылық әрекет бекіту,

білім, дағды, іскерлікті тексеру деп бөледі. И.Я.Лернер мен М.Н Скаткин

танымдық әрекеттің типіне қарай түсіндірмелі-иллюстративті әдіс,

репродуктивті әдіс, проблемалы баяндау, эвристикалық және зерттеу әдістері

деп бөледі [82]. Ю.К.Бабанский әдістерді топтап:

1) Оқушының оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру әдісі (мұғалімнің

ауызша баяндауы, әңгіме, лекция, көрнекілік, индуктивті, дедуктивті,

репродуктивті, іздену, зерттеу т.б.);

2) Оқушылардың қызығушылық белсенділігін туғызу әдісі (оқу-

танымдық ойындар, оқу дискуссиялары, нандыру, талап ету, т.б.);

3) Тексеру әдісі (ауызша, жазбаша) деп 3-ке бөледі [83].

Сонымен қатар қазіргі оқыту үдерісінде оқытудың белсенді әдістері

кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, интерактивті әдісі, іскер ойындар,

пікірсайыс, миға шабуыл, оқу дискуссиясы т.б. Оқыту әдістерін топтап,

әдістер жүйесін жасау қажет дей келіп, ғалым З.Бейсенбаева оны 3-ке бөледі:

1) теориялық білім алуға бағытталған әдістер жүйесі. Бұл әдістік жүйені:

ақпаратты-дамыту және проблемалы-іздену деп бөледі. 2) Білімді жетілдіру

және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру әдістерінің жүйесі. Әдістік жүйе:

репродуктивті және шығармашылық делініп 2-ге бөлінеді. 3) Білімді тексеру,

бағалау, түзету әдістерінің жүйесі. Оны ауызша тексеру және жазбаша

тексеру деп бөледі [84,90].

Ғалым Қ.Жолымбетов орфографияны оқытуға байланысты мынадай

әдістерді атап көрсетеді: байқау әдісі, баяндау әдісі, әңгімелесу әдісі,


кітаппен жұмыс әдісі, жаттығу әдісі, талдау-жинақтау әдісі, салыстырма әдіс,

индукция-дедукция әдісі [85, 15]. Бұл әдістердің кай-қайсысы болмасын,

сабақ беру үдерісінде қолданылады.

Әдістерді таңдауда сабақтың дидактикалық мақсаты, оқушылардың

білім деңгейі, мұғалімнің мүмкіншілігі негізге алынуы тиіс деп ойлаймыз.

Осыған орай, қазақ тілі пәнінің мектептегі мақсатына қарай оқыту әдістерін

екіге бөліп қарастырдық. 1) оқу материалын алғаш игеруге мүмкіндік

жасайтын әдістер; 2) игерген білімді бекітетін, жетілдіретін әдістер. Бірінші

топқа: ақпаратты-дамыту әдісі (мұғалімнің сөзі, әңгіме, тілдік талдау,

бақылау, оқулықпен жұмыс т.б.), эвристикалық әдіс (іздену, диспут,

пікірсайыс, ситуативті, миға шабуыл, конструктивті, диаогностикалық т.б.)

Екінші топқа: жаттығу, тәжірибелік жұмыстар жатады.

Қазақ тілін қатысымдық негізде оқытуда мұғалімнің сөзіне басымдық

берілуде. Мұғалімнің сөзі – оқу материалын монологті жеткізу. Негізгі

қызметі – теориялық білім беру. Қосымша қызметі – дамыту, тәрбиелеу,

65

қызығушылығын ояту, тексеру. Мұғалімнің сөзі мақсатына қарай: кіріспе

сөз, хабарлау сөз, қорыту сөз болып бөлінеді. Мысалы, сөздің құрамына

қарай дара, күрделі болып келетіндігі, дара сөздер бір сөзден ғана, күрделі

сөздер екі немесе одан да көп сөзден құралатыны – кіріспе сөз. Оның

мақсаты – оқушыларды жаңа материалды тыңдауға дайындау. Хабарлау

сөзнің мақсаты – материалдың мазмұнын жеткізу, ал қорытудың мақсаты –

қорыту, жалпылау. Мұғалімнің сөзінің тиімділігі оның тіл мәдениетіне,

сөйлеу шеберлігіне, дайындық деңгейіне байланысты. Әңгіме әдісінің негізгі

қызметі – оқушыларды пәнге тарту, қызықтыру, бұрынғы тірек білімдерін

жаңғырту. Әңгіме әдісінде оқушылардың танымдық әрекеті дедуктивті тәсіл

(оқушының бұрынғы игерген ережелерінің негізінде жеке қорытынды

жасауға бағытталады) тәсілмен дамиды. Әңгіме әдісі: хабарлау–кіріспе

әңгіме, бекіту–әңгіме болып бөлінеді. Әңгіме – тілді меңгертуде

қолданылатын негізгі әдістердің бірі, жаңа тақырып негізінен оқушылардың

мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға берген жауаптары арқылы ашылады.

Оқытуда әңгіме әдісінің эвристикалық әңгіме түрі қолданылып жүр.

Эвристикалық әңгіме әдетте жаңа білім беруде қолданылады. Бұл үшін

оқытылатын тақырып оқушыларға алдын ала біраз таныс болуы керек, яғни

оқушылар бұл тақырып бойынша біраз білім мен мағлұматпен танысулары