ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 332
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тиіс. Тақырып осы әдіспен түсіндірілгенде:
1.Оқушылар мұғалім тарапынан алдын ала даярланған тіл
материалдарын бақылайды, танысады;
2. Сұрақтар көмегімен тіл фактілеріне талдау жасайды. Мұғалім сұрақ
береді, оқушылар жауап қайтарады. Егер жауап бере алмаса, мұғалімнің өзі
жетектейді;
3. Оқушылар қорытынды шығарады;
4. Мұғалім аталған тіл материалдарын іс жүзінде қолдану жолдарын
көрсетіп береді. Мәселен, емлені игертудегі әңгіме әдісімен өткізілген сабақ
үлгісін келтірейік.
1.Өтілген тақырып: «Сан есімнің түрлері және олардың емлесі».
2.Жаңа сабақты күрделі сын есімнің жасалуын күрделі сан есімнің
жасалуын меңгерту. Жаңа сабақтың мақсаты түсіндіріліп, тақырып тақтаға
жазылды.
а) Оқушылардың назары төмендегі тіл деректерге аударылды: екі,
отыз екі; сегіз, сексен екі; сегіз жүз отыз екі;
ә) Мұғалім талдау үшін берілген сөздерді оқытты. Одан кейін тіл
деректер бойынша сұрақтар беріп әңгімені бастайды;
Мұғалім: - екі, сегіз, отыз сөздері құрамына қарай қандай сөздер?
Оқушы: - Бұл сөздер құрамына қарай дара сөздер.
Мұғалім: - отыз екі, сексен екі, сегіз жүз отыз екі сөздері неше сөзден
құралған?
Оқушы: - отыз екі, сексен екі - екі сөзден, сегіз жүз отыз екі сөзі төрт
сөзден құралған.
Мұғалім: - Мұндай сөздерді құрамына қарай қандай сөздер деуге
болады? Heгe?
66
Оқушы: - Бұл сөздер құрамына қарай күрделі сан есімдер, себебі
олардың құрамында екі я одан артық сөздер бар.
Мұғалім: - күрделі сан есімдер қалай жазылады екен?
Оқушы: - күрделі сан есімдер бөлек жазылады.
Мұғалім оқушылардың қорытынды пікірлерін жинақтайды: тілімізде
дара және күрделі сан есімдер қолданылады. Дара сан есімдер бір түбірден
құралған негізгі және туынды сан есімдер. Күрделі сан есімдер екі я одан да
көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалады. Орта мектепте
оқушылардың күрделі сөздер бойынша білімдерін тексергенде және оған баға
беруде, алған білімдерін тереңдетуде қатесіз әңгіме әдісін пайдаланылады.
Мұндай әңгіме барысында оқушыларға берілетін сұрақтар күрделендіреді:
мысалы: өздігінен ойлануға мәжбүр ететін жаттығулар беріледі.
Оқу дискуссиясы немесе интерактив әдісі. Оның негізгі қызметі –
оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, ал қосымша қызметі –
оқыту, дамыту, тәрбиелеу және тексеру-түзету. Оқу дискуссиясын өткізу үшін
оқушылар берілген тақырып бойынша дайындалады. Оның мақсаты -
оқушыны өз ойын анық, айқын, дәлелді жеткізе білуге, сыни ойлауға
үйрету. Мысалы, күрделі сөздердің емлесіне байланысты мынадай
пікірсайысын өткізуге болады. Бір ұғымның бірде бірге, бірде бөлек жазылуы
неліктен? Мысалы, сегізкөз, сегіз көзі түгел, итмұрын, ит мұрыны өтпестей,
қараторғай, шымшық торғай т.б. Оқу дискуссиясы оқушының бұрынғы
игерген білімін толықтыра, бекіте түседі. Оқушы өз ойын дәлелдеуге
тырысады. Оның тәрбиелік жағы да тиімді. Оқушы пікірталас кезінде өзін
ұстауға, қарсыласының пікірін сыйлауға үйренеді.
Оқушыларға емледен теориялық білім беруде тіл деректерін бақылау
әдісінің де маңызы зор екендігін тәжірибе байқатты. К.Д.Ушинский:
«оқушыларға тілдік өзгерістер туралы жаңа мағлұмат беруде олардың өз
бетінше жұмыс істеуіне кең өріс алып беру, даяр тұрған қорытындылардан
гөрі, өзінше ойлауға оқушылардың өздерін қорытынды шығаруға мәжбүр
ету пайдалы екендігін көрсетіп, тіл деректерін оқытушының жетекшілігімен
оқушылардың өздері бақыласын, грамматикалық ережелер мен
анықтамаларды мүмкіндігі барынша оқушылардың өздері айқындасын», -
деп жазған еді [68]. Міне, осындай оқушылардың өздерін қорытынды
шығаруға мәжбүр ететін әдіс тіл деректерін бақылау талдау әдісі болып
табылады. Бұл әдіс кейбір әдебиттерде проблемалық оқыту деп те аталады.
Білімді меңгеру – тек қана оқу материалын, ережелерді, заңдылықтарды,
мағлұматтарды есте сақтау арқылы емес, оны оқушылардың өздері
логикалық талдау жасай отырып пайдалана білуі арқылы жүзеге асады. Бұлай
істеу оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамытады. Проблемалық
оқыту әдісі оқушыларды өздігінен еңбек етуге алған білімін жаңа
материалмен ұштастыра білуге үйретіп, жеке пәндерге қызығушылығын
арттырады. Проблемалық оқыту әдісіне байланысты М.И.Махмутов,
В.Оконь, Т.В. Кудрявцев, И.Я.Лернер, Т.И.Шамовалардың еңбектері жарық
көрді. Қазақ тілі сабақтарында белгілі бір тақырыпты осы әдіс арқылы
түсіндіру үшін мынадай мәселелерге көңіл бөлеміз:
67
а) оқушылар тіл деректерін талдау қабілетіне ие болуы керек;
ә) өтілетін тақырып оқушыларға аздап таныс болуы (сабақтастық)
қажет;
б) бақылау, талдау үшін ұсынылатын материалдар оқушылардың
түсінігіне сай келуі және дұрыс қорытынды жасай алуларына көмектесуі тиіс.
Тіл фактілерін бақылау, талдау әдісіне арналған сабақта мұғалім де,
оқушы да белсенді әрекет етпек. Атап айтқанда, мұғалімнің де, оқушының да
қызметі бірнеше басқыштардан тұрады.
1-басқыш: Тиісті материалдар ұсынылады, оқушылар берілген
материалмен танысады;
2-басқыш: Танысу үшін берілген материал бойынша тапсырмалар
беріледі: Оқушылар емле фактілерін талдап, тапсырмаларға жауап іздейді;
3-басқыш: Тапсырмаларға жауап талап етеді, оқушылар
қорытындыларын айтады.
4-басқыш: Оқытушы жинақтайды, оқушылар жалпы қорытынды
шығарады.
5-басқыш: Мұғалім жалпы қорытындыны оқулықтағы
анықтамалармен, ережелермен салыстыруда талап етеді; оқушылар
салыстыру арқылы өздері шығарған қорытындылардың жетістіктері мен
кемшіліктерін анықтайды.
Тұжырымдағанда, оқыту әдістері сан алуан. Солардың ішінде
орфографияны оқытуға байланысты мына әдістерді нәтижелі қолдануға
болады. 1) байқау әдісі; 2) баяндау әдісі; 3) әңгіме әдісі; 4) кітаппен жұмыс
істеу әдісі; 5)жаттығу әдісі; 6) талдау-жинақтау әдісі; 7) салыстырмалы әдіс;
8) индукция-дедукция т.б.
Байқау әдісі. Нақтылы материалдарды меңгеруде баяндау әдісі шешуші
орын алады. Тіл сабағында оқушылар тілдік құбылыстарға тікелей байқау
жасайды. Байқау үдерісі абстракт ойлауға негізделмейді, керісінше, байқау
арқылы қорытындыланып, абстракт ой туады. Байқау танымдық рөл
атқарады. Ол – шындық өмір құбылыстары туралы түйсінуді реттейді. Сөзді
немесе сөйлемді байқай отырып, оқушы тіл заңдылығының емле
ережесін үйренеді.
Талдау - жинақтау әдісі. Зат және құбылыстарды тану үшін олардың
жеке элементтерін ажырата білу, жеке бөліктердің атқаратын қызметі мен
алатын орнын біле отырып, талдау жинақтау әдісі бойынша жүзеге
асырылады. Бүтінді бөлшекке бөлу – талдау, ал бөлшектен бүтін құрау
жинақтау. Талдау мен жинақтау жеке-жеке емес, бірлікте қаралатын
болғандықтан, талдау- жинақтау әдісі деп қосылып айтылады.
Тіл сабақтарында, сөйлем сөздерге, сөз буындарға, буын дыбыстарға
сөз, сөздерден сөйлем құралатындығы белгілі. Айталық, тұтас сөзді талдатып
үйрету үшін, оқушылар «сөз», «буын», «дыбыс» деген грамматикалық
терминдерді білуі керек.
Грамматика тілдегі тіл формасы мен мағынасы жөніндегі ілім
болғандықтан, жеке формаларды даралай бөліп алып, оған мағыналық анализ
жасайды, сөйтіп оны белгілі жүйеге келтіреді. Соның нәтижесінде сөз
68
формалық жағынан да, мағыналық жағынан да саналы түрде жете танылады.
Бұл – тілдік құбылыстарды оның табиғатына қарай синтетикалық тану болып
табылады. Бұл білім емлеге де қатысты.
Салыстырмалы әдіс. Салыстырмалы әдіс оқушылар зейінін өтіліп
отырған нысанға аударып, оны жақсы меңгеруде көмектеседі, оқушылардың
саналы түрде логикалық ойлауын дамытып, алған білімін тәжірибеде саналы
түрде қолдана білу мүмкіндігін жасайды. Грамматикалық ереже немесе
емлені салыстыру кезінде грамматикалық категориялар мен формалар
арасында қандай ұқсастық немесе қандай айырым бар екендігі ашылады.
Сөйте отырып, материал арасындағы бәріне ортақ ерекшелік аңғартылады.
Салыстырма әдістерді әр түрлі сипатта жүргізуге болады.
1. Сабақта орын алатын ақыл-ой жұмыстарының сипаты бойынша
салыстыру екі түрлі мақсат көздейді: а) оқушылардың жеке ұқсастық
белгілерін анықтау, ә) айырым белгілерін анықтау. Нысанның көлемі
бойынша бір ғана жолмен салыстыратын жай салыстыру және әр түрлі
жолмен салыстыратын күрделі салыстыру жүргізіледі.
2. Салыстырылатын нысандар сипатына қарай:
а) емле ережелері салыстырылады;
ә) өздердің айтылуы мен жазылуындағы ұқсастықтар мен ажырымдар
салыстырылады;
б) сөздердің лексикалық мағынасы салыстырылады;
в) сөздердің морфологиялық бөліктерінің ұқсастықтары мен
ажырымдары салыстырылады ;
г)
грамматикалық категориялар мен олардың тұлғалары
салыстырылады
Жаттығу әдісі. Жаттығу арқылы оқушы білімі беки түседі. Жаттығу
әдісі көп жағдайда қайталаумен байланысты. Жаттығу арқылы теориялық
білім қайталанады. Жаттығу күрделі психологиялық амалдарға негізделеді.
Ол оқушылардың сезіну мен түйсінуіне тікелей байланысты. Жаттығу
үстінде қашан белгілі бір дағды қалыптасқанша, оқушының ойлау жұмысы
тоқтамайды. Жаттығу бейінді, есті және ерікті белгілі дәрежеде тәрбиелеуге
көмектеседі, орфографиялық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастырады.
Қорыта келгенде, мұндай әдіс-тәсілдер арқылы, оқушылардың
өздерінше орындайтын түрлі жазба жұмыстары арқылы да тілдік ұғымдарды
меңгеру дәрежеде тексеріп көруге болады. Сонымен, оқушылардың өз
үдерісінде меңгерген тілдік ұғымдарды жазба жұмыстарды орындауда
қолдана алулары, біріншіден, олардың грамматика саласындағы теориялық
білімін тәжірибемен тығыз ұштастырады. Екіншіден, балалардың сана
дағдысын қалыптастырып, оны үнемі дамытады. Үшіншіден, оқушылардың
игеру тиісті мәтіндерінің өзекті мәселесін ашып көрсетіп, оны әрі ұтымды,
әрі шапшаң және тиянақты етіп орындап шығуға бейімдейді. Төртіншіден,
оқушылардың грамматикасынан меңгерген білім нәтижесі жазба
жұмыстарын орындауда анық байқалып, олардың білім дәрежесі мен сауатын
арттырады.
Қазақ тілін, оның ішінде күрделі сөздердің емлесін тиімді де нәтижелі
69
оқыту үшін әдістеме ғылымының негіздеріне сүйенетініміз белгілі. Бүгінде
әдістеме ғылымы өз алдына зерттеу нысаны, ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері
бар дербес ғылым болса, оның даму, қалыптасуы А.Байтұрсынов,
Ш.Х.Сарыбаев, Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, С.Жиенбаев, С.Рахметова,
Н.Оралбаева, Б.Құлмағанбетова, Х.Арғынов, Ә.Исабаев, А.Әбілқаев,
Ф.Оразбаева т.б. сияқты әдіскер-ғалымдардың есімдерімен тығыз
байланысты. «Әдістеме - дайын рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес,
тек педагогикалық кеңес, жол-жоба» болғанымен, «тілдік материалдарды
тәжірибе жүзінде білім алушыларға саналы түсіндіріп, меңгертудің бірден-
бір дұрыс жолын үйрететін және оны зерттеп, тексеретін дидактикалық
маңызы зор ғылым», «қазақ тілінен берілетін білім, дағды, білік мөлшерін
белгілеп, оны игертудің жолдары, шарттары туралы ғылым» ретінде
бағаланады. Алайда қоғам өміріндегі соңғы жылдардағы елеулі бет бұрыстар
(егемендігіміз) оқыту үдерісіне, жас ұрпақ тәрбиесіне басқаша талап қоя
бастады. Яғни білім беру үдерісін модернизациялау, инновациялау,
ақпараттандыру, сол арқылы әлемдік білім кеңістігіне ену бүгінгі таңдағы
басты мақсат болып отыр. Әлемдік білім кеңістігіне ену үшін оқыту
әдістемесін де басқаша құру міндеттеліп отырғаны белгілі. Осыған орай,
педагогика ғылымының лексиконына «педагогикалық технология», «оқыту
технологиясы» деген жаңа ұғымдар еніп, олар бар болмысымен оқыту
үдерісінде өз нәтижесін бере бастағанын ғылыми-зерттеу жұмыстары
дәлелдей алады. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиялары мақсаты
жағынан ерекшеленеді. Әдістеме ғылымы «нені», «кімді» және «қалай
оқыту» мәселелерін шешуді көздесе, оқыту технологиясы осыларға қоса
«қалай нәтижелі оқыту» дегенді мақсат етеді. Яғни оқыту технологиясының
басты сипаты бағдарланған нәтижеге жету, нәтижелі білім беру.
Оқыту технологиясының түрлері сан алуан. Солардың ішінде
орфографияны оқытуда нәтижелі технологияның бірі – модульдік
технологияны. Модульдік технологияны жоғары мектептің оқыту үдерісіне