Файл: Фонетиканы оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 333

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

енгізу тәжірибесі бар (Жақсылықова К., Бейсенбаева 3.). Ал, орта білім

беретін қазақ мектептерінің тәжірибесіне енгізу ғылыми түрде толық қолға

алынбағанымен, А.Жапбаров: «Соңғы кездері дамыта оқытудың модульдік

технологиясы мектеп өміріне ене бастады», -деп атап көрсетеді.

«Модуль» ұғымы сөздіктерде: 1. Белгілі бір маңызды көрсеткіш пен

шамаға берілген атау. 2. Математикалық логарифмдердің модульдік жүйесі

немесе көшу модулі тұрақты көбейткіш. 3. Сәулет пен құрылыста

қолданылатын шартты белгі векторлық сипаты - оның ұзындығы деген

анықтамалар беріледі [86]. Модуль ұғымының этимологиялық мәні білімді

қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау

болып табылады.

Қолданылып жүрген модуль ұғымы термин ретінде алғаш математика

ғылымында пайдаланылған. Негізгі мағынасы - өлшеуіш. Осы мағынасына

сай бұл ұғым педагогика ғылымына да енгізіліп, модульмен оқыту идеясы

педагогика саласында 60-шы жылдары қолға алына бастады. Осы

жылдардан бастап оқытудың сапасын көтеру ізденістері басталды.

70

Модульмен оқыту әдісіне көптеген зерттеушілер үлкен қызығушылық

танытты. Педагогикада модульмен оқыту идеясының негізін салушы ғалым

АҚШ-тағы Падуа университетінің профессоры С.Н.Постлезвейт оқу

матераилдарын бөлшектерге бөліп, оны «микрокурс», «миникурс» деп

атаған. Ғалымның бұл ұсынған оқыту мазмұны бірліктері ғалымдар

арасынан қолдау таба келе, «модуль», «модульмен оқыту» ұғымы

қалыптасқан.

Модульмен оқытудың тиімділігін айқындауда ғалымдардың пікірлері

әртүрлі мәселен, В.Б.Закарюкин, В.И.Панченко, Л.М.Твердин модульмен

оқыту тәсілі оқытудың қалыптасқан бірліктерінен оқу мазмұнын икемді етіп

құруға пайдалы деп санаса, дидактикалық мақсатқа жету үшін ғалымдар

модульді «Білім алушыға өзіне қолайлы темпте жұмыс істеуге, соған лайық

оқытудың тәсілін таңдауға мүмкіндік жасау», білім алушыға өз

мүмкіншілігін, соған сәйкес К.Жақсылықова: «Модуль – іс-әрекеттің

мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған,

дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі

және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып

табылатын модульмен оқытудың негізгі құралы, басқаша айтқанда, адамның

өзіндік дамуының шамасы», -дей келіп, модульдік оқыту қазақ тілін сапалы

оқыту бағытын айқындайтын бірден-бір “жол”, -деп тұжырымдайды [87].


Сонымен бірге, К.Жақсылықова модульмен оқытуға: «Модульмен оқыту

дегеніміз қазақ тілінде өзара тілдік қатынасқа түсу дағдысы мен іскерлігін

сапалы қалыптастыру мақсатында жұмсалатын оқытушы мен оқушының,

оқушы мен оқушының, оқытушы мен оқу тобының жасырын ішкі күші мен

бірлескен әрекетінің белсенділігін арттыруға негізделген оқыту жүйесі», -деп

түсінік береді [87, 70].

Модульмен оқыту мәселесін лингвистикалық тұрғыдан зерттеген ғалым

Л.Екшембаева модульдің базалық ұғымына былайша сипаттама береді:

«Модуль есть элементарная структурная единица выражения системных

отношений, которые лежат в основе процесса переработки и хранения

информации». Сонымен қатар қызметтік бағыты жағынан оны: 1) тік

(вертикальные); 2. көлденең (горизонтальные) деп екіге бөледі [88].

Модульдік оқытуды оқыту үдерісіне енгізуде З.Бейсенбаева алғаш рет

жоғары оқу орнында қазақ тілінің бір саласы сөзжасамды модульдік

технология негізінде оқытуды ұсынып, оның тиімділігін ғылыми-тәжірибелік

тұрғыдан дәлелдейді. Модульді оқытудың басты ерекшеліктері мен

ұстанымдарын зерделей келе, оның белгілі бір әдіснамалық талаптарға

концептуалдық (белгілі бір ғылыми тұжырымдамағы негізделуі); жүйелілік

(оқыту жүйесімен сәйкес келуі); басқарушылық (мақсат қою, жоспарлау, оны

іске асыру); тиімділік (оқыту стандартының талабын орындауға кепілділігі);

қолайлылық (білім берудің мақсатына қарай өзгертуге, толықтыруға

болатындығы) т.б. сай болуына көңіл бөледі [84].

Сондай-ақ емлені оқытуда мынадай оқыту технологияларды да

нәтижелі қолдануға болады: дамыта оқыту, кешенді талдай оқыту, деңгейлеп

оқыту, т.б.

71

Тұжырымдағанда, алдағы қарастырылған орфографияны оқытудың

ұстанымы мен әдіс-тәсілдерінің оқушылардың сауатты жазу дағдысын

қалыптастыруда тәжірибелік жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырғанда

нәтижелі болмақ.

Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы.

Ал фонетиканың тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары.

Мектеп оқушылары бастауыш сыныптарда фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды.

Дыбыс – тілдің материалдық көрсеткіші, яғни сөз құраудың негізгі кірпіші.

Бұл – дыбыстың сөз құраушы элемент екенін дәлелдейді.



Тіл – ойды жарыққа шығаратын құрал. 

Тіліміздегі дыбыстардың ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелердің қатысуы арқылы жасалатындығын оқулықта берілген түрлі суреттер мен схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түсіндіру қажет.

Тіл – қатынас құралы, тілдің қатынас құралы болу ерекшелігін функционалдық немесе лингвистикалық ерекшелігі (аспектісі) дейді. Әрбір тілдің өмір сүруі, ұлттық мәдениеттің формасы болуы тілдің функционалдық ерекшелігіне байланысты.

Тіліміздегі әріптердің рет-ретімен түзілуін алфавит дейміз. Алфавит деген сөздің  грек тілінің алғашқы екі әрпінің (альфа, бета) атынан алынғандығы, ондағы әріптердің жалғыз дыбыс болып та ( а, ә, е, и, о,  ө, у, ұ, ы, і) екі дыбыс болып та айтылатын (е- йе, ю- йу, я- уа), қысқа й және үнді  у,  в  /ве,  г/ге,  д/де,  ж/же,  з/зе,  п/пе,  т/те,  ц/це,   ч/че  түрінде немесе  ғ/ға,  к/ка,  қ/қа,  х/жа,  һ/һа,   ш/ша,  щ/ща,  түрінде, немесе  л/эл,  м/эм,  н/эн,  р/эр,  с/эс,  ф/эф  айтылатынын түсіндіру қажет.

Әрбір тілдің дыбыстары мен әріптерін жақсы білу, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін ажырату- тілді игерудің негізгі жолы. Дыбысты естиміз, айтамыз. Дыбыс дыбыстау(сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің қызметін түсіндіргенде оқулықпен қатар І.Кеңесбаев (Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. 1975.) пен Ш.Сарыбаевтың (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956.) еңбектерінде айтылатын көп жағдайларды ескере отырып, оқушыға нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет.

Жазуда дыбыстың орнына қолданылатын шартты таңбаны әріп дейміз

Дыбыс- табиғи құбылыс, әріп- жасанды нәрсе.

Тілде алфавиттің әр түрлі болуына байланысты әріптер де әр түрлі болады. Қанша дыбыс болса, сонша әріп болуы керек. Әріп пен дыбыстың саны бірдей болуы шарт емес. Әдетте дыбыстан гөрі әріптің саны көбірек болады. Дыбыс кедергіге ұшырамай (а, ә, ы), кедергіге ұшырап та (м, б, т) дыбыстар жасалуы мүмкін екенін білдіру қажет (М.Дүйсебаев

Тіліміздегі дауысты дыбыстар дыбыс жасауға қатысатын тіл, жақ, ерін сияқты актив мүшелердің қызметіне қарай жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік болып бөлінеді. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар  (а,ә,и,е,э,о,ө,ұ,ү,у,ы,і ). Дауысты дыбыс әріптерін жазбай, тек ауызша түсіндіру дұрыс емес, мұндай жағдайда айтылған ережелер есте ойдағыдай сақтала бермейді.

Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жіктелуін түсіндірген кезде рентген сәулесі арқылы түсірілген суретті көрсете отырып түсіндіріледі. Дауысты дыбыстың тілдің қатысына қарай жіктелетінін таблица арқылы берген жөн.


Тілдің қатысына қарай

  а, о, ұ, ы

      Жуан

   ә, ө, ү, і

    Жіңішке

Тіліміздегі дауыссыз дыбыстардың үн мен салдардың қатысына қарай үш түрге жіктелетінін үйретуде ең алдымен ұяң дыбыстарды үйретуден бастаған ыңғайлы. 

Дауыссыздарға арналған таблица.

     Ұяң

       б, в, г, ғ, д, з, ж, һ

      Қатаң

       п, ф, к, қ, т, ш, с, х, щ, ц, ч

      Үнді

       Мұрын жолды м, н, ң

Ауыз жолды р, л, й, у (бау)


Фонетиканы оқытудағы іскерлік пен дағды. Фонетиканы оқу арқылы оқушы әдеби тіліміздің дыбыстық жүйесін білумен қатар, көптеген дағдыларды игереді. Бастауыш сыныпта тіл дыбыстарының құрамы, олардың жіктелуі жөнінен ең алғашқы мағлұмат алады. ІҮ сыныптарда тілдің дыбыстық жүйесін жақсы білумен қатар, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу нормаларында жаттығып, ол заңдылықтарды күнделікті өмірде пайдалануға дағдыланады, тілдің дыбыстық жүйесін саналы түрде меңгереді.

Фонетиканы оқып біткеннен кейін, оқушылардың мынандай дағдыларды игеруге қабілеттері жетуге тиіс.

  1. Тіл дыбыстарының тілдің негізгі құрылыс материалы екенін біледі.

  2. Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстардың негізгі белгілерін, құрамын игереді.

  3. Кейбір сөздердің айтылудағы және жазудағы ұқсастықтарын ажыратып, тілдің орфографиялық, орфоэпиялық өзіндік ерекшелігін танып, өз ойын дәлелдеуге шама-шарқы жетеді.

  4. Дыбыстардың акустикалық, артикуляциялық ерекшеліктерін түсіне біледі.

  5. Қазақ тілінің байырғы сөздер мен термин сөздерін орфоэпиялық жақтан дұрыс айтылуына ерекше назар аударып, оқушының дұрыс сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сөз екпінін қоя біледі.

  6. Сөздің графикалық таңбасы мен айтылудағы айырмашылығын, сондай-ақ әдеби тіліміздегі сөздердің кез-келгеніне әрі дыбыстық, әрі әріптік талдау жасауға шамасы жетеді.

  7. Сөздің айтылуындағы және жазылудағы буындық ерекшелігін ажырата алады.

  8. Буын мен тасымалдың арақатынасын жақсы ажыратумен қатар, өзінің сауатты жаза білуіне де ерекше назар аударады.

  9. Алфавит тәртібін дұрыс меңгеру арқылы түрлі сөздіктер мен анықтағыштарды пайдалануға мүмкіндігі мол болады.

  10. Өзінің ана тілінің дыбыстық жүйесін жақсы білу екінші бір тілді меңгеруге көп көмек етеді.

  11. Дыбыс заңдылықтарын жақсы білген оқушы кез-келген









поэзиялық, прозалық шығармаларды дұрыс мәнерлеп оқи алады.

Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыруда қандай тәсілді білесіз?

Тілді оқытудағы ең басты мақсат- оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету. 

Сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен беруге болады:

а) «көз алдыңа елестетіп көр», «қиялдап көр» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру;

ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамытатын, күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның көмегімен сөйлеу;