ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3 Тақырып. Үйсін, қаңлы, ғұн мемлекеттері
Дәріс мақсаты: үйсіндер, қаңлы, ғұн мемлекеттерінің қоғамдық құрылысынын, саяси тарихының, шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшеліктерін айқындап, көрсету.
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
-
Үйсіндердің этникалық шығу тегі мәселесі мен территориясы. Қоғамдық құрылысы.Саяси тарихы. Шаруашылығы, мәдениеті, археологиялық ескерткіштері. -
Қаңлылардың этникалық шығу тегі мен территориясы. Қоғамдық құрылымы. Саяси тарихы. -
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы. . Ғұндардың сыртқы саясаты. -
Ғұн мемлекетінің саяси және қоғамдық құрылымы. -
Ғұндардың шаруашылығы, мәдениеті және діни-нанымдары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Б.з.д. бұрын 1- ғасырдың аяғында Қазақстан далаларына Орта азиядан келген үйсіндер сақтарды ығыстырып, тарих сахнасына келіп, б.з.б. 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Негізгі териториясы- Іле алқабы- батысы Шу мен Талас арқылы Қаңлылармен, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанамен ұштасты. Астанасы- Чигучен (Қызыл алқап қаласы) Ыстық көлдің жағасында орналасқан.
Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ даланы алып жатқан. Үйсіндер көптеген жылдар бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелділікте болған. Б.з.б. 177 жылы өз мемлекетін құрайды.
Б.з.б. 53 жылы үйсін тайпасы ішінде таққа таласуға байланысты өзара алауыздықтар етек алып, екіге бөлінеді: Ұлы гуньмо мен кіші гуньмо пайда болып, территориялары белгіленген. Кіші гуньмоны Өжет, ұлы гуньмоны – Янгуйби басқарған. Үйсіндердің одан кейінгі саяси тарихы екі гуньмо арасындағы өзара қайшылықтарға толы болды. Өзара қақтығыстарда ұлы гуньмо Қытайға, екіншілері кангарлар мен ғұндарға арқа сүйенген. Бірақ ғұндар империясы құлағаннан кейін, оның одақтасымен қатынастары бұзылып, б.з.б. 49 жылы Өжет шекаралық шайқастарда жеңіліске ұшырап, б.з.б. 44 жылы ғұндар Чигучен қаласын тонайды. Бұл оқиғалар үйсіндердің Қытаймен қарым-қатынастарының нығаюына әсер етіп, б.з.б. 36 жылы олар солтүстік ғұндарға қарсы жорық жасайды.
Б.з.б. 30 – жылдары ұлы және кіші гуньмо арасындағы қайшылықтар шиеленісіп, кейіннен екі иелік те өз бетіндіктерін жоғалтып, Қытаймен басқарылады. Тек б.з. ІІ ғ. Қытай тәуелділігінен босаған.
ІҮ ғ. Жетісуды монғол тілдес халық – сяньбидің қолында болып, ІҮ ғ. Соңынан ҮІ ғ. Ортасына дейін бұл территорияны жужандар билей бастайды. Жужандардың жиі шабқыншылығының нәтижесінде үйсіндер Жетісудан Тянь-Шань жаққа көшуге мәжбүр болған. Кейінірек, 425 ж. Үйсіндер Қытайға өз елшіерін жіберіп, 436 ж. Вэй империясының жауапты елшілерін қабылдаған. Осыдан бастап үйсіндер Қытайға жыл сайын сыйлықтарымен елшілерін жіберіп отыратын болады. 5 ғ. Бастап үйсін атауы тарих жазбаларында кездеспейді.
Шаруашылығы. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен (әсіресе жылқы шаруашылығымен) және Талас, Сырдария өзендерінің бойында егіншілікпен айналысты. Үйсіндер мыс, қорғасын, қалайы, алтын, темірді кеңінен қолданған.
Қоғамдық құрылысы. Үйсін қоғамы- тайпа мен ру дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар, қатардағы бұқара малшылар мен егіншілерден тұрды. Басшысы- гуньмо (күн бегі) деп аталған.
Үйсін қоғамында малға жеке меншік және қауымдық, тайпалық, рулық жайылымдарға меншік қалыптасты.
Мәдениеті. Діні- ата бабаның аруақтарына табыну. Материалды мәдениетінде үйсіндер екі түрлі тұрғын жайларда: кірпіш және тас үйлерде тұрған. Қысқы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйылып қаланған. Керамика ыдыстар жасау кең тараған. Олар пайдалану жағынан – тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық ыдыстар болып бөлінеді. Тұрмыстық заттардан басқа әртүрлі зергерлік бұйымдар да жасалған. Олар алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап, асыл тасты алқалары бар сырғалар жасалған. Соңғы үйсін кезеңінде зергерлік заттарға түсті тастардан көз салу кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі дамыған.
Археологиялық ескерткіштері: Үйсін ескерткіштері қорымдар, обалар түрінде өте көптеп кездеседі. Мысалы: Қапшағай- 3, Өтеген-3, Қызыл еспе, Қызыл ауыз, Қызыл қайнар, Қарлақ, Алтын Емел, Қаратума, Алтын Емел, Талғар, Шолақжиде, Үңгіркөр, Қалқаман, Үңгір қара, Арал төбе, Ақтас обалары мен Луговое ауылының маңынан табылған қоныстар мен 2300 м. биіктіктегі тау шатқалынан табылған атақты “ Қарғалы диадемасы” мысал бола алады.
Қаңлылар б.д.д. 3-2 ғасырда үйсіндермен бір кезеңде сақтарды тарих сахнасынан ығыстырып, Қазақстанның оңтүстігінде үлкен тайпалық бірлестік құрды. Қаңлылардың ұлы билеушісіне бес иелік бағынышты болған. Территориясы: Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерді мекендеді. Қытай деректерінде халқының саны 600 мың немесе 120 мың үй делінген. Астанасы: Битянь қаласы.
Б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысында қаңлылардың солтүстік жерлері ғұндарға, оңтүстігі – юечжилерге тәуелді болғаны туралы мәліметтер кездеседі. Б.з.б. 101 ж. Қаңлылар Қытай әскерлерінің басқыншылық шабуылына қарсы ферғаналықтарды жақтады. Б.з.б 85 ж. Шығыс Түркістан жерлерін иемденбекші болған қытайлықтарға қарсы көтеріліске шыққан Қашғар билеушісіне әскер жібереді. Мұндағы қаңлы саясатының жалпы бағыты Ферғана арқылы Шығыс Түркістанға өтетін сауда жолына ықпалын сақтап қалу еді.
Б.з.б 47-46 жж. каңлылардың билеушісі үйсіндерге қарсы күресте солтүстік ғұн шаньюі Чжи Чжимен одақтасқан. Оған өз қызын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өз әскерінің бір бөлігін оған басқаруға берген. Бірақ Чжи Чжи үйсін жерлеріне бірнеше рет шабқыншылық жасағанымен, оларды жеңіліске ұшырата алмайды. Соның нәтижесінде қаңлылар мен ғұндар арасында өзара келіспеушілік пайда болады.
Ү ғ. ортасында қаңлылардың күш-қуаты әлсіреп, Эфталит мемлекетінің құрамына енеді.
Шаруашылығы.Қаңлылармал шаруашылығымен ( жылқы, қой, сиыр, түйе және ешкі өсірді) және суғармалы егіншілікпен айналысты. Сонымен қатар қосалқы шаруашылық ретінде аң аулап, балық ұстады. Қаңлылар Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстап, Қытай, Парфия, Рим, Кавказ елдерімен тығыз сауда- саттық жасап тұрған.
Қоғамдық құрылысы. Қаңлылардың қоғамдық құрлысында мүлік теңсіздігінің шығуына байланысты Ру басшылары, ақсақалдар мен әскери көсемдер байып, үстем тапқа айнала бастады. Сонымен қатар еңбекші бұқара дәулеттілерге тәуелділікке түсіп, ал соғыста қолға түскен тұтқындар құлға айнала бастады. Қаңлы тайпаларында билік мұрагерлікпен берілді.
Мәдениеті. Қаңлыларда қабырғалы бекіністер мен лайдан салған үйлері бар қала мәдениеті дамыды. Мысалы: Ақтөбе, Көкмардан т.б. көркемдік талғаммен металл, керамикалық ыдыстар жасаған. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын жақсарту үшін ангобтық қаптама, жылтырату, ойып өрнектеу қолданылған. Темір ұсталығы, қола құю, зергерлік іс дамыған. Сүйектен ою оятын қолөнер де дамыған. Қауыншы және отырар-қаратау мәдениеттері.
Археологиялық ескерткіштер: Мардан- күйік, Қауыншы, Жаушықұм, Жамантоғай, Төребайтұмсық, Алтыасар, Ақтөбе, Қарауылтөбе, Шаштөбе, Қостөбе т.б.
Ғұндар.
Б.з.д. 2-1 ғасырда тарихқа “Халықтардың ұлы қоныс аударуын” әкелген ғұндар Қазақстан жеріне Орта Азиядан келді. Тарихи әдебиеттерде олар “хунну, сюнну” деген атпен белгілі. Ғұндар Атилланың басшылығымен Европаны ойрандап, атақты Рим империясын құлатып халықтардың ұлы қоныс аударуына негіз болды. Территориясы: Забайкальеден тибетке дейін, Хуанке өзенінен Шығыс Түркістанға дейін болды. 55 жылы құдіретті ғұн мемлекеті – оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Хань империясына ал Чжи-чжи бастаған солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батысына орналасқан Қырғыз нұр көлінің маңына орналасты. Ол қаңлылармен бірігіп үйсіндермен, қытаймен ұзақ соғысып, жеңе алмай өзара жанжалдасып тынды. Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б.з. 93 жылынан басталды. Олар Сырдария, Арал жағасын, Оңтүстік және Батыс Қазақстанды одан әрі Дунайға дейінгі жерлерді алды.
Ғұндардың алғашқы билеушілерінің бірі – Мөде. Ол б.з.б 202-203 жылдары Саян, алтай және Жоғарғы Енисей тайпаларын бағындырған. Осылайша, ғұн державасының солтүстік шекарасын анықтаған. Б.з.б. 200-188 жж. ғұндар Хань династиясы әскерлерімен соғысып, Баден қаласының маңында оларды жеңіліске ұшыратады. Олардың арасында некеге негізделген бейбіт келісімге қол қойылады.
Б.з.б.174-161 жж. Мөде және оның мұрагері Лаошань юечжи тайпасын жеңіп, Шығыс Түркістандағы ғұндардың батыс шекарасын анықтайды. Б.з.б. 133-71 жж. ғұн тайпалары қытай, үйсін, дунху және енисей динлиндерінің бірлескен күштерінен жеңіліске ұшырайды. Осылайша ғұндардың Орталық Азиядағы саяси үстемдігі дағдарысқа ұшыраған.
Б.з.б. 56-47 жж. ғұндар солтүстік және оңтүстік ғұндар болып екіге бөлінеді. Хуханье- шаньюй бастаған оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын мойындаса, Чжи Чжи – шаньюй бастаған солтүстік ғұндар қаңлылар территориясына көшіп кетеді. Б.з.б 42 ж. біріккен қаңлы және ғұн әскерлері үйсіндердің астанасын талқандаған. Ал б.з.б. 37-36 жж. қаңлы-ғұн одағы ыдырап, Талас жазығында Чжи Чжи ордасы пайда болады.
Б.зб. 36 жылы ғұн ордасы қытайлармен талқандалып, Чжи Чжи өлтіріледі.
Б.з. 93 ж. Солтүстік ғұндардың Жетісу мен Шығыс Қазақстан территориясына қоныстануының екінші толқыны басталады. Бұның нәтижесінде ғұндар Жоңғария мен шығыс ТяньШаньдағы гегоманияға жету мақсатында жеңіліске ұшырайды.
Б.з. 437 ж. Аттила басқаруымен ғұн әскерлері Бургун корольдығын жеңілісіске ұшыратады. Б.з. 448-451 жж. Аттиланың Шығыс және Батыс Рим империясына қарсы соғыстары жүріп, ал б.з. 452 ж. Солтүстік Италияға жорық жасайды.
Б.з. 453 ж. Ғұн империясы өзара ішкі қақтығыстар мен сыртқы соғыстардың нәтижесінде ыдырайды.
Шаруашылығы.Ғұндар негізінен көшпелі мал шаруашылығы, сонымен қатар отырықшылық пен егіншілік және аң аулау дамыды. Сонымен қатар ғұндар көршілерімен үнемі сауда-саттық жасап тұрған.
Қоғамдық құрылысы. Мемлекет басында шексіз билікке ие болған шаньюй тұрды. Оған түменбасы аталған князьдар (көбінде өзінің балалары мен інілері және туыстары) болды. Шаньюй мыңбасы, жүзбасы, онбасыын сайлады. Бұл лауазымдар ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Ғұн қоғамы 24 руға бөлінді. Сонымен қатар құлдар, дәйекшілер, бақташы, кәсіпқой, малшы, егіншілер болып бөлінді. Малға әулеттік және жеке меншік болған.
Мәдениеті.Ғұндардың ең көркем дүниесі алтыннан, күмістен, қоладан, асыл тастардан жасаған көркем өнер үлгілері болып табылады. Сонымен қатар, алтынмен зерлеп тіккен әсем киімдері мен бас киімдерімен де ерекшеленеді. Ғұндарда қолөнер, металл, сүйек пен мүйіз, тас пен саз және ағашты өңдап пайдаланған.
Археологиялық ескерткіштер: Алтай төңірегі, Пазырық, Қотанды, Шибэ.