ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 32
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні: | Жанаева Фариза Сайнқызы | |||||||
Пән/Сынып: | Жаратылыстану / 2-сынып | |||||||
Қай аптаның нешінші сабағы | 1-сабақ | |||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | Жер мен ғарыш | |||||||
Сабақтың тақырыбы: | Жер мен Күн | |||||||
Оқу мақсаты: | 2.4.1.1 - Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіру. | |||||||
Бағалау критерийі: | Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіреді. | |||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | ||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі | Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы | ||||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Тапсырманың мақсаты | Бағалау | Ресурстар | |||
1 минут | Ұйымдастыру | Тақырып, мақсаттарымен таныстырылады. Тақырыбы: Жер мен Күн | Жер мен Күн арасындағы байланысты түсінеді. | | Презентация № 1,2,3бет | |||
7-8 минут | Жаңа сабақ | Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы сабақ түсіндіріледі. Күн туралы видео көрсетіледі. Күн — Жерге ең жақын жұлдыз. Күн Жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол Жер бетінің негізгі жылу көзі болып табылады. Жер мен Күн арасындағы байланыс түсіндіріледі. Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктердің өсуіне көмектеседі. Оның қуатын күн батареяларында пайдаланады. Күн сәулесі зиянды микробтарды жойып, адамның денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. Бірақ күнге ұзақ күюге, тікелей күн сәулесінің астында баскиімсіз жүруге, көзілдіріксіз күнге тура қарауға болмайды. Күннің адам ағзасына пайдасы мен зияны туралы айтылады. | Жер мен Күн арасындағы байланысты түсінеді, меңгереді. | | Презентация № 4,5,6,14,15 беттер https://www.youtube.com/watch?v=6ONyTHfl7GE видео мәлімет. | |||
8 минут | Тәжірибе | Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздермен сәйкестендір. Дескриптор − көп нүктенің орнын тиісті сөздермен сәйкестендіреді. Тапсырма. Жағдаяттан шығып көр. Дескриптор − Жағдаяттардағы сұрақтарға жауап береді. Ойлан. Сұрақ: Жұлдыздар неліктен күндіз көрінбейді? Дескриптор − Жұлдыздар неліктен күндіз көрінбейтіндігін түсіндіреді. | Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру. | Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіреді. | Презентация № 7-13,16 беттер | |||
3 минут | Бекіту | Сабақты бекіту тапсырмасы. Берілген сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап бер. 1.Күн – ғаламшарымызға ең жақын орналасқан сарғыш жұлдыз. (иә) 2. Күн - жұлдыз емес. Ол – ғаламшар. (жоқ) 3.Күн Жерді айнала қозғалады. (жоқ) 4. Күн Жерге жарық пен жылу береді. (иә) 5. Күннің қуатын күн батареяларында пайдаланады. (иә) Дескриптор − Сұрақтарға дұрыс «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. | Жер мен Күн арасындағы байланысты меңгергенін анықтау. | Жер мен Күн арасындағы байланысты меңгергенін анықтайды. Бағалау критерийлерін ұсыну Кері байланыс Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағала. Бүгін мен көп білдім (1-сурет) Сабақ маған ұнады, түсіндім (2-сурет) Түсінбедім, менде әлі сұрақтар бар (3-сурет). | Презентация № 17-27 беттер |