ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 98

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бекітілді ___________

Педагогтің аты-жөні

Байбол Назым Аймырзақызы

Күні




Сыныбы: 6 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Таза болса табиғат,аман болар адамзат»

Тәрбие сағатының мақсаты:

оқушылардың «табиғат», «денсаулық» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі

Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы есігі, қуатты қонысымен өсіп - өнер мекені. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы.
Өсімдіктер. Жануарлар. Таңғажайып құбылыстар. Көркем көріністер. Бәрі-бәрі табиғаттың бір бөлігі. Әр адамның «шыр» етіп дүниеге келгені, «Ана» деген сөзді алғаш айтқаны, тәй - тәй басып оқу - білімге жол ашқаны – табиғаттың кең пейілі, мейірімі емес пе? 

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер



Сабақ басы


Тыныштық сәті.
Мұғалім әуен қосып, балалармен тыныштық сәтін өткізеді.


Шығармашылық жұмыс.
«Жасыл ел» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру


Музыка

Ортасы

Адам дүниеге келгеннен бастап табиғатпен бірге. Табиғаттағы тіршілікті үйреніп, өсіп жетіледі. Қоршаған ортаны таза ұстап, табиғатқа қамқорлық көрсету арқылы адамзат баласының өмірі де, әлем де дами түседі.




Тапсырма.
Жұмбақтардың шешуін тауып, адамның табиғатпен үйлесімділігі туралы айтып беру.

Коллаж жасау.
Тақырыбы: «ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ, АМАН БОЛАР АДАМЗАТ»



Қағаздар

маркер

Соңы


- Ағаштар өсе берсін.
- Табиғат жасыл болсын.
- Табиғатта қоқыс аз болсын
- Табиғат әдемі болсын
- Ауа таза болсын
- Табиғатымыз гүлдене берсін
- Күннің көзі жарық болсын
- Гүліміз жақсы өссін
- Суымыз мөлдір болсың


Жүректен жүрекке.
Тілек ағашына өз тілектеріңді жапырақтарға жазып, жабыстырамыз.
Оқушылар табиғатқа өз тілектерін білдіреді:



Жапырақтар

маркер



Бекітілді ___________

Педагогтің аты-жөні

Байбол Назым Аймырзақызы

Күні




Сыныбы: 6 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Имандылық инабаттылықтың бастауы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке,инабаттылыққа тәрбиелеу




Сабақтың кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі тақырыбымыз да ерекше, яғни «Имандылық – инабаттылық бастауы» деп аталады.
Тақырыпқа сай ой — қозғауға оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.


1. Имандылық деген не?
2. Имандылыққа қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
3. Адамның асыл қасиеттерін атаңыз.


Компьютер


Сабақ басы



Адамның иманды болуы – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілері — өзі үшін емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, уәдеде тұру, жақыныңа қол ұшын созу, барлық уақыт жақсылық жасау, ата — анаңа көмектесу, әрбір істе жауапты болу. 

Оқушылар ИМАНДЫЛЫҚ

сөзіне постер құрайды



бейнежазба


маркер

А4 қағаз


Ортасы

Ұлы Абайдың «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың» деген сөзі бар. «Досыңа достық қарыз іс, досыңа адал бол». Ақылды, мейірімді адам, өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы Адам — ардақты адам. Арымыз таза болса, өткеніміз де таза. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы.

Ой — қозғау.
— Оқушылар сендер қандай кезде жақсы сөзді қолданасыңдар?
— Бір — біріңе қандай жақсы сөз айтасыңдар?
— Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Оқушылар жауап береді.




презентация

Соңы


Адамда асыл қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Адамның әртүрлі әрекеттеріне байланысты жазылған сөздерді оқушылар «адамның асыл қасиеттері» және «адамның жағымсыз қасиеттері» деп тақтаға топтастырады. Олар имандылық, адалдық, әділдік, әдептілік, ізеттілік, жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатыгездік, ашу, ызақорлық, инабаттылық, қарапайымдылық, сыпайылық, жауапкершілік.

Оқушыларға түрлі гүлдің, жүрекшенің, көбелектің суреті таратылып беріледі. Олар оның екінші бетіне қатар отырған досына қуантатын сөз жазып, жария етеді және сыйға тартады. Ойын соңында балалар өз көңіл-күйлерін жеткізеді.


Журекшелер

Гулдер

көбелектер



Бекітілді ___________

Педагогтің аты-жөні

Байбол Назым Аймырзақызы

Күні




Сыныбы: 6 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Шын дос асыл қазына»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.




Сабақтың кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы бір біріне игі тілектерін айтады, қағаз түстеріне қарай топқа бөлінеді.

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.





Компьютер


Бір біріне тілек айтады,қағаз түсіне сәйкес екі топқа бөлінеді.Топ басшыларын сайлап, топтарына ат қояды.


Сабақ басы



Достық - сыйластық, мейірбандықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та, қиындықта үзе алмайды. "Достық" деген сөздің мәні кең. Ол туралы өте ауқымды айтуға болады.
Дос деген кім?

1.Сыр бөлісетін адам.

2. Мені өте жақсы түсінетін адам.

3. Көмекке ардайым дайын адам.

4. Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.

5. Сенімді адам.



Өз ойларын ортаға салады, ортақ шешімдерін постерге түсіріп,қорғайды.


Бейнежазба



Ортасы


Әр топ берілген мәтінді оқып түсінгенің айтып береді

І топ: «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген.

ІІ топ: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті.


І)Екі топ та өздеріне берілген әңгімені оқиды,әңгіменің түйінін тауып жазады, қарсы топқа үш сұрақ дайындап балықтың қаңқасына жазады.

ІІ) Әр топ жұмыстарын алмастырып қарайды,жауаптар жазады.



презентация

Соңы


Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Достықтың алғашқы белгілері мектептен, сыныптан басталады. Сондықтан барлық уақытта да достығымызғы адал да берік болып оны мәңгілік сақтай білейік.


Әр топ өз бетімен шығармашылық тапсырма орындайды.

1 топқа «Досымсыз өмірімді елестете алмаймын»

2 топқа «Менің сыныптастарыма және достарыма тілегім»


презентация



Бекітілді ___________

Педагогтің аты-жөні

Байбол Назым Аймырзақызы

Күні




Сыныбы: 6 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Ұлттық валюта нарық талабы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.




Сабақтың кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі


Ұлттық валюта-төл теңге

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.


Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы



Дұрыс -бұрыс
1 Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.
2 Ақша – халық байлығы.
3 Теңгеде 6-ға жуық құпия белгі бар.
4 Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі?
5 Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.
6 Тиыннан теңге құралады.
7 Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.
8. Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі - үлттык ақшасы.
9. Қазақстанның төл тенгесі 1993 жылы қазан айында шықты.
10. Теңгенің шеттеріне ою - өрнек салынған.
11. Теңгемізде мемлекеттік тудың суреті салынған.




Бесжолдық өлең.

1.Теңге ( тақырып, 1 сөз)
2.Құнды, сиқырлы (екі сын есім)
3.Арнаулы шеберханада жасалған( қимыл, іс-әрекет,3 сөз)
4.Туған елімнің айрықша белгісі( сезім, 4 сөз)
5.Қазына.( синоним, 1 сөз)
Жағдаяттық тапсырма

1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …?

Презентация

 

Ортасы


«Сұрақ - бізден, жауап – сізден». /Аукцион/
1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым.
2. Ұлттық валюта дегеніміз не?
3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?
4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?
5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім.
6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?
7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім?




Мақал - мәтелдегі бос орынға төмендегі сөзді жазу.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.



презентация

Соңы


Терминдердің мағынасын ашып айт
1) Тарих
2) Геральдика
3) Виксикология
4) Сфрагистика
5) Герб

Жауаптары:
1) «Зерттеу», «Оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағына білдіреді.
2) Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы
3) Туларды зерттейтін ғылым саласы
4) Мөрлерді зерттейтін ғылым саласы
5) Белгілі бір айшықты белгісі бар мемлекеттің негізгі таңбасы, нышаны.



Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
1. Ресей ___________

2. Қытай ___________
3. Қырғызстан ___________
4. Өзбекстан ___________
5. Үндістан ____________
6. Германия _____________
7. Египет _____________
8. Англия _____________
9. АҚШ ______________
10. Түркия ______________



презентация



Бекітілді ___________

Педагогтің аты-жөні

Байбол Назым Аймырзақызы

Күні




Сыныбы: 6 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Ұлттық ойын халық мұрасы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,
оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру. халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,






Сабақтың кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі


Онда біз сабағымызды психологиялық дайындықтан бастаймыз.

Тыныштық сәті. Сабырлы ән қосып, оқушылардың көзін  жұмғызып, көңілдерін жайландыратын сөздер оқу.

-         Балалар, дұрыс отырайық, арқамызды түзу ұстайық, қолдарыңызды партаға қоюға болады, көздеріңізді жұмыңыздар.

Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіздер. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, балдың және шөптің иісін сезесіз (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстардың ән салып жатқанын естисіз (тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық.Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз (тыныштық). Көк аспанның және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезініңіз (тыныштық). 1, 2, 3 көзімізді ашайық.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



-         Сіздерге тыныштық сәті ұнады ма?

-         Иә, ұнады.

-         Қандай сезімде болдыңыздар?

-         Табиғатты аралап шыққандай болдық.


Компьютер


Баяу музыка



Сабақ басы



«Ұлттық ойын – халық мұрасы» деп аталады.

- Сіздер ұлттық ойынның қандай түрлерін білесіздер?

- Көкпар, асық ату, қыз қуу, ....

- Жақсы, сіздердің жауаптарыңызбен келісе отырып, ұлттық ойындарға анықтама беріп кетсек.

  «Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. 
Аударыспақ ойыны. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындалған салт атты жігіттер қатысады. Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады.

«Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын.
  «Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер алдын-ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. 




1. Қазақтың салт – дәстүрлерін ата.

2. Тұсаукесерде қандай жіпті қолданады? (ала жіп)

3. Халқымыздың сенім кепілінің көрінісі (серт, уәде)

4. Біреу арқылы жіберілетін аманат зат; туыстық жағынан жақын адамдардың бір-біріне жіберетін сыйы (сәлемдеме)

5. Төрт түлік малды ата. 
6. Сәбиге жасалынатын салт-дәстүрлер


7. Қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде (тоқым қағар)

8. Шамандық наным-сенімнен қалған, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладан сақтау ұшін қандай ырымды қолданған? (аластау)


бейнежазба

 



Ортасы

«Теңге ілу» (әр топтан екі сайыскер қатысады. Шарға түйілген сұрақтардың жауабын табу керек. Қаламмен жару керек. Шарға тигізгенде, сыйлыққа ие болады.

1)    Ел болам десең, ............ (бесігіңді түзе)

2)    Атаңа не қылсаң, .......... (алдыңа сол келеді)

3)    Өнерлінің қолы алтын,

...................... (өлеңшінің сөзі алтын)

4)    Еңбек етсең ерінбей, .............. (тояды қарның тіленбей)

5)    Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың ............... (жағасы бар)

6)    Кітап білім бұлағы,

Білім - ............  (өмір шырағы)


1) Екі бала қатар тұрса да

Бірін – бірі көрмейді. (Көз)

2) Екі атасы бар,

Он сегіз анасы бар.

Он сегіз анасының әрқайсысында

Тоғыз – тоғыздан баласы бар. (Тоғызқұмалақ ойыны)

3) Төбедегі көзінен

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен,

Самал еркін еседі. (Киіз үй)

4) Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)

5) Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)


Шар, сұрақтар жазылған қағаз

Соңы


Сонымен ұлттық ойындар – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.


Оқушыларға видеожазба көрсетіледі

презентация