ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 95
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітілді ___________
Педагогтің аты-жөні | Байбол Назым Аймырзақызы | |
Күні | | |
Сыныбы: 6 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы: | «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышымыз» | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын түсіндіру |
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған. Бәрі болған қазақ сынды көне елде, Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де. Жаһандағы ең жауынгер халықта, Кім сенеді ту болмады дегенге ?! Батырлыққа уызынан жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы | Қазақстан Республикасының Гимн орындалады. Отан-жерім, Отан-суым, Отан қуат, нәр береді... Отан-ұран, Отан туым, Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады. Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. | Оқушылар рәміздер туралы видеожазба көрсету | Компьютер |
Ортасы | Еңселі Елтаңба. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. | Асқақтаған Әнұран. Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді. | Компьютер |
Соңы | Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. | Оқушылар рәміздер туралы постер қорғап өлең жолдарын айтады | презентация |
Бекітілді ___________
Педагогтің аты-жөні | Байбол Назым Аймырзақызы | |
Күні | | |
Сыныбы: 6 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы: | «Қазақтың тыйым сөзі –ұлттық тәрбие көзі» | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагог әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | «Қазақтың ырым-тыйым сөзі - тәрбие көзі» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Халқымыз көшпелі тұрмысты басынан кешсе де, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған. Күнделікті өмірде тәрбие құралдары: қанатты сөздер, ойындар, мақал-мәтелдер, т.б. ауыз әдебиет үлгілерін пайдалануда. Ырым-тыйым сөздер арқылы жас ұрпағын ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа баулыған. Ұлттың рухани қорына үлес қосып, ұлттық тәрбие санасын оятуға түрткі болған.Соның бірі - халқымыздың ұлттық педагогикасы.Оның ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты болсын деген үмітпен ата-баба тәлім-тәрбиесін әрқашан мұра тұтып келген және оны талап етіп отырған. Ұрпағын жаман әдеттен жиоендіріп, жақсылыққа жетелеп. өсиет сөздерін күнделікті бойына ұялатып отырған. «Осылай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес», т.б сөздердің жауабы «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы | Ырым-тыйым сөздердің түсініктемесіне көңіл қойсақ: Балаға ми жеуге болмайды – мидай былжыр, ынжық болып өседі деп тыйым салған. Жас балаға бұғана ұстатпаған – бойы өспей қалады деп. Қойды аттама – ол киелі мал. Меккеге барған деп атауға тыйым салған. Ыдыстағы суға ауызынды салма – ол ыдыстағы су арам болады дейді. Малдың желінген басын түнде лақтырма – малдың ырысы кетеді деп ырымдайды. | | презентация |
Ортасы | көрініс: «Ата мен бала» өсиет. Ата: Бесікті жатқа сатпайды неге? Бала: «Бабалар рухы сынады» деп. Ата: Шаңырақты отқа жақпайды неге? Бала: «Киесі оның ұрады» деп. Ата: Өспеген көкті жұлмайды неге? Бала: «Көктей соларсын» деп. Ата: Итке не дейдә? Бала: «Кет» дейді, аяқпен теппейді. Ата: Ескертіп, жоба, жөн, жайды Үйреткен бабаң сол жайлы. | «Мақал ауласпақ» ойыны. 1. Жығылып жатып.................. (сүрінгенге күлме) 2. Біреуге ор қазба................... (өзің түсерсің) 3. Жас жемісті жұлма.............. (жас баланы ұрма) 4. Жауға жаныңды берсеңде... (сырыңды берме) | презентация |
Соңы | Елге бірлік, тыныштық тілеп, халқымыздың қадірлі, қасиетті болуын армандаған данышпан ата-бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасауда міндет, парыз, ұрпақтық борыш деп білуіміз керек. Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады. Ата-баба дәстүрін ұлттық мәдениетіміз деп қарап бағалай білейік. Енді қонақ болып келіп отырған мұғалімдерге сөз берейік. | Оқушылар өздері білетін тыйым сөздері айтады | комппютер |
Бекітілді ___________
Педагогтің аты-жөні | Байбол Назым Аймырзақызы | |
Күні | | |
Сыныбы: 6 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы: | «Ардақта... Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – атан-ана» | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету; |
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы | Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. | Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер? Отбасы деген не? Отбасы құрамы деген кімдер? Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай? Оқушылардың ойы тыңдалады. | видеожазба |
Ортасы | Демек ата - ана өмірінің жалғасы – бала. Бала – ата - ананың бауыр еті. Баланың кісілік келбетін қалыптастыратын ортасы – өзінің ұшқан ұясы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- дейді халқымыз. Айналадағы адамдарды сыйлау ата - ананы құрметтеуден басталады. Әке - шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді сыйлап та жарытпайды. | Балалар мақалды бастайды, келесі оқушы мақалды аяқтау керек Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар). Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без). Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер). Үйінде ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар). Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды). | Кеспе қағаздар маркер |
Соңы | Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы — адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған — туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады. | Сұрақ — жауап арқылы қорытындылау 1. Отбасы деген не? 2. Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді? 3. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан — жақты тәрбиелі болуы отбасына берілген ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. 4. Әр оқушы өзінің отбасы жайлы әңгімелейді | Презентация арқылы сұрақтар көрсетіледі |
Бекітілді ___________
Педагогтің аты-жөні | Байбол Назым Аймырзақызы | |
Күні | | |
Сыныбы: 6 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы: | "Әке- асқар тау, Ана- етегіндегі бұлақ, Бала-жасындағы құрақ" | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | Сынып оқушыларына отбасы тәрбиесінде ой салу, ата - ананың отбасы тәрбиесіндегі сауаттылығын көтеру және жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне жол бермеу. |
Сабақтың кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Бірінші болып оқушылар, олардың артынан дөңгеленіп ата – аналар отырғызылуы керек. Дөңгелек үстелдің ортасына өсірілген гүл қойылады. Оқушылар ішке кіріп келе жатқанда олардың біріне көк жапырақ, біріне сары жапырақ беріледі. Әдемі ой салар әуен қойылып, сол әуенмен ата – ана да, оқушылар да орнына отырады. Пайдаланған өсиет сөздер: 1. Баланың жақсысы – қызық, жаманы күйік (Абай) 2. Ата – бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі (Пушкин) 3. Кімде – кім ата – анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады (Мың бір хадистен) | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер Салынған талдың суреті пайда ланады. |
Сабақ басы | Қадірменді ата – ана, “Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін” деп әлпештеп отырған перзентінің мейірімсіз, қатыгез, жаман бала болғанын кім тілейді десіз? Бірақ бүгінгі күні ата – анасын құрметтейтін, олардың алдындағы перзентік парызын орындамайтын, өз айтқанымен жүргісі келетін балалардың бар екені шындық. “Тәрбие – отбасынан басталады” дейтін болсақ, біздің отбасындағы тәрбиеміз, қарым - қатынас мәдениеті қандай? Бүгінгі балаларымыз “махаббат майданында” жүрген қыздар мен жігіттер. | Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай жалғастырайық (оқушыларға да, ата – аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі) а) отбасы бақыты – ол…. ә) бақыт дегеніміз — ….. б) борыш дегеніміз -……. в) отбасы бақыты үшін мен……. г) келешектегі отбасымның бақыты үшін мен…… (осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс істеуіне жағдай туғызу керек) | бейнежазба музыка |
Ортасы | Оқушыларға сұрақттар қойылады | Оқушыларға мынадай сұрақтар жазылған парақтар таратылады: а) – ой, мама, қойызшы осы, сіз оны түсінбейсіз(осы сөздерді есту ата – анаға ауыр емес пе?) ә) отбасы бақыты кімнің қолында(ананың, әкенің, балалардың) б) мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе? | Сұрақтар жазылған парақтар |
Соңы | Сенің кез – келген жақсы ісің үшін алған қуанатын да анаң, кез – келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін – бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қалып кетеді, осы ұмытпа. Оқушылар, сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналды, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын. Анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды (тақтада жазулы тұрған хадистен сөз оқылады) | Ата – аналарға берілетін сұрақ: балаңыздың “ой, қойшы мама” деген сөздері сізге ауыр тие ме? Бұл сөздерді жиі естуге тура келе ме? Енді оқушыларға алфавит бойынша әріптерді қойғанда шығатын сөздердің бірнешеуі беріледі, ал ата – анаға тест беріледі. Сол тесттің сұрақтарына жауап беру арқылы ата – ана балл жинайды. Сол баллына қарап, бала тәрбиесіне байланысты бағыт – бағдар беріледі. Оқушыларға берілген тапсырма: Мына сандардың астында бір – бір әріп тұр, соны тауып сөйлетіп көр. | бейнежазба |
Бекітілді ___________
Педагогтің аты-жөні | Байбол Назым Аймырзақызы | |
Күні | | |
Сыныбы: 6 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы: | «Ғаламтор сөйлейді» | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагог әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады | Компьютер |
Сабақ басы | Санамызда жаулап алған интернет деген алып желі бала тұрмақ үлкеннің де бар ермегіне айналып кеткен. Ермегі дейміз-ау, интернет-адамның көзі, құлағы һәм тілі десек те артық айтқандық емес. Себебі, қазір қарап отырсаңыз, мүмкіндігі шексіз ғаламтор желісін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін белсенді пайданалады. | Оқушылар ғаламтордың пайдасы мен зиянын айтады | Қағаздар маркер |
Ортасы | Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор. Оның өзі шығу тарихы да қызық. | | Компьютер |
Соңы | Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. | Оқушылар постер қорғайды | Презентация |