Файл: Тменде берілген екі мтінді оып, тапсырманы орындаыз 1мтін.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 16
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз
1-мәтін
ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? ЭКСПО — индустрияландыру символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян.
Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды.
Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.
2-мәтін
Франция ЕХРО-ға қатысуды жақсы дәстүрге айналдырған. Ұзақ жылдар бойы сіздің ел осы көрме арқылы өз жетістіктерін таныстырып келеді. Астанадағы шараның ұйымдастырылуын қалай бағалайсыз?
Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:
– Қазақстанға қысқа уақыт ішінде тұтастай кешен салып, оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымның павильонын орналастыру керек болды. Бұл міндетті сіздер мінсіз орындап шықтыңыздар. Ұйымдастырушыларды осы жетістіктерімен құттықтау керек деп ойлаймын. Иә, біздің осындай шараларға қатысу, оларды ұйымдастыру бойынша тәжірибеміз мол екені рас. Мен қазақстандық көрме халықаралық стандарттарға толықтай сай деп айта аламын.
Париждегі атақты Эйфель мұнарасы ЕХРО-ға арнап салынғаны белгілі. Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы сол сияқты бүкіл әлем танитын көрікті ғимаратқа айналуы мүмкін бе?
Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:
– Біздегі Эйфель мұнарасы Францияның символы ғана емес, ол – бүкіл әлемде бәрі танитын көрікті нысан. Бірақ оның құрылысы басталғанда француздардың көбі жақтырмай, сын айтқан. Арада жылдар өтіп, Эйфель мұнарасы адамдардың жүрегін жаулап алды және оны қазір барлығы біледі. Сондықтан барлығына уақыт қажет сияқты. Меніңше, Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы да танымал ғимарат атануы әбден мүмкін. Қалай болғанда да ол Астананың, Қазақстанның символына айналары хақ. Бірақ айттым ғой, бұл үшін уақыт қажет.
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «ЭКСПО көрмесі елімізге қандай пайда әкеледі?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы керек7