Файл: Мнай жне мнай німдерін сатау резервуарларды кмегімен жзеге асырылады.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 195
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жердің рекультивациясы – бұзылған және ластанған жерлердің өнімділігін және құнарлылығын қалпына келтіруге, сонымен қатар, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар кешені. Топырақта микроорганизмдердің өздігінен тазаруы және сол жерге бейімделу механизмі жүреді. Рекультивацияны жүргізу әдістері микроорганизмдердің өздігінен тазаруы және сол жерге бейімделуінің табиғи механизмдері үшін қалыпты жағдай туғызады, сонымен қтар бұл процесті жеделдетеді.
Кәсіпшілік территориясында мұндай шламын сақтайтын қоймаларды орналастыруға тыйым салынады. Қолданыстағы шлам жинақтағыштар өңделіп немесе пайдаға асырылып кейіннен жерлері рекультивациялануы тиіс.
Жер қойнауын қорғау, сақтау шаралары мұнай және газ ұңғыларын және кен орнының объектілерін тұрғызу кезіндегі барлық негізгі технологиялық процестердің маңызды элементі және құрамды бөлігі болып табылады.
Жер қойнауын қорғау шаралары мыныларды қамтуы қажет:
-
төгілуді, ашық фонтандауды, грифон түзілуін, ұңғы оқпанының қирауын, жуу сұйығының жұтылуын және т.б. қиындықтарды болдырмайтын шаралар жиыны; -
жер асты және жер үсті құрылғыларының максималды саңылаусыздығын қамтамасыз ету; -
коррозияға қарсы жобаланған шараларды іске асыру; -
биргенді күкіртредукциясының түзілуін ескерту үшін айдалатын суды оның пайда болуын болдырмайтын реагенттермен өңдеу керек; -
қабатқа су айдау үшін ағынды суларды пайдалана отырып сумен қамтамасыз етудің тұйықталған жүйесін енгізу.
-
Теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру кезінд қоршаған ортаны қорғау
Теңіздегі мұнай кен орындарын игеруде жалпы қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен қатар өзіне тән талаптар жүреді. Қоршаған ортаны қорғау барысында негізгі қиыншылықтар болып, теңіз бен көлдерді кейде күкірт сутегі мен беттік-әрекеттік заттардан тұратын мұнай, мұнай өнімдерімен, сондай-ақ қабат суларымен дастануына жол бермес үшін жүргізілетн күрес болып табылады.
Су бетіне түскен мұнай және мұнай тауарлары су мен ауа кеңістігінің арасындағы оттегі алмасуын айтарлықтай қиындататын үлкен аудандарды жұқа қабықшамен қаптайды. Бұл сулы ортадағы биологиялық объектілердің өміріне зақым келтіреді.
Судың мұнаймен ластану концентрациясы 800 мг/м асқан кезде суда оттегінің негізгі өндірушісі болып иабылатын фитопланктон өмірінің жойылуына әкеледі. Кейбір балықтар құрамында мұнайы бар суға бейімделуі мүмкін. Олардың ағзасына түскен мұнай қан құрамы мен көмірсутегінің алмасу деңгейін өзгертеді, мұның салдарынан балық еті өзіне тән иіс пен дәмге ие болады.
Мұнайды өндіруде және дайындауда қолданылатын жер үсті әрекеттік-заттар да суға түссе аса қауіпті болып табылады, олар су бетін көбіктендіріп осы арқылы ортадағы биохммиялық алмасуды азайтады. Сонымен қатар, БШЗ өсімдіктер мен балықтарға да тікелей әсер етіп олардың өліміне әкеледі.
Су тоғандарының мұнаймен, ілеспе сулармен және де технологиялық сулармен ластануын болдырмау үшін мұнай, газ жинауды ұғыдан мұнай жинау пунктіне дейін толық саңыраусыздығын қамтамасыз ету керек. Тізбек головкаларының, фонтанды арматураның, құбырлар мен арматуралардың фланецті және бұрандалы қосылыстарының саңылаусыздық жағдайын жүелі түрде қадағалап, барлық ақауларды тез арада жою керек. Құйылатын сұйықтарды жинау үшін ұңғы сағасы ағынды суларды жинайтын ыдыспен біріктірілген поддонмен жабдықталады.
Мұнайды құюға қатысы бар фланецті қосылыстарды ажырату жұмыстары кезінде тасымалдағыш поддан қолданылуы қажет, ал жиналған сұйықтық ағынды суларды жинайтын резервуарға құйылады. Құбырларда парафиннен, тұздан тазартқан кездегі қалдықтарды контейнерге жинап, сонан соң оны көму үшін жағаға шығарады. Егер эстакада алаңында немесе өзінің жеке платформасында жоғары қысымда жұмыс істейтін ыдыстар болса, онда сақтандырғыш клапаннан келетін құбыршалар қалдықты факел мен ағынды суларды жинау ыдысына шығару тиіс. Мұнай жинау үшін резервуарлардың құю құбыршалары да ағынды суларды жинау ыдысымен қосылады.
Қазіргі уақытта су бетінің үлкен аумағынан мұнай мен мұнай өнімдерін кетірудің, яғни тазартудың әдіс-амалдары баршылық, бірақ олар көбінесе арнайы құрылғыларды, қымбат адсорбенттерді қолдануды және көптеген шығындарды талап етеді. Бұл кездегі тазару дәрежесі әр уақытта жоғары емес.
Су тоғандарының мұнаймен ластануын жою үшін келесі әдістер қолданылады:
-
механикалық -
физика – химиялық -
химиялық -
биологиялық
Механикалық әдіс – мұнайды жоюдың бұл әдісі мұнайды қолмен сүзіп алудан бастап мұнай жинағыш машиналар кешенін қолдануға дейінгі алуан түрлі жұмыстар мен құрылғыларды қамтиды. Су бетінде қалқып жүрген мұнайды алдын-ала бір жерге жинап, оқшаулап, қоршау үшін бондық қоршау көмегіне сүйенеді.
Бондық қоршаудың құрылысы қалқымалы, экрандаушы және баланстық бөлімдерден тұрады. Қоршаудың қалқымалы бөлімі ауамен толтырылған жеке қалтқылардан жамалуы мүмкін. Ал экрандаушы бөлімі бонның қалқымалы бөліміне бекітілген және балласты бөліміне тұрақтылық беру үшін шынжырмен, құбырмен немесе керіп тұратын белбеулермен жүктелген майыспалы немесе қатты пластина түрінде болады.
Төгілген мұнайды жинау үшін ластанған бетпен қозғала алатын және ластаушы заттарды әр түрлі құрылғылар көмегімен жинай алатын арнайы кемелер мен жүзбелі құралдар қолданылады.
Механикалық әдістердің біріне ластанған суды сеппелі және шаймалы құмды сүзгілер арқылы сүзуді де жатқызуға болады.
Физика – химиялық әдістер – бұл әдістерге адсорбациялайтын заттарды қолдануды жатқызамыз. Адсорбенттер ретінде пенополиуретан, көмір тозаңы, резина ұнтағы, ағаш қиқымы, пенопласт және т.б. қолданылады. Байланысты жоғарылату, жақсарту үшін мұнайды жақсы адсорбациялау қабілеті бар синтетикалық маталар қолданылады. Сонан соң мұнайды сіңіріп алған маталардан мұнайды ажыратып алу мақсатында сығу валиктері арқылы өткізеді. Сорбциялайтын заттар өз салмағынан 1040 есе үлкен мөлшерде мұнайды сіңіру қабілетіне ие.
Химиялық әдіс – пленкалы мұнайды тұнбамен бірге шөктіру қабілетіне ие коагулянттарды қолдануға негізделген. Бұл әдіс су бетін басқа әдістерден кейін одан да тереңірек тазарту үшін қолданылады.
Биологиялық әдіс – мұнайды қорек ететін микро-организмдер мен арнайы бактерияларды қолдануды қарастырады.
Мұнай кен орындарын пайдалану платформадарының игеру кезіндегі негізгі қауіп қондырғылардың толып кетуінен, саңылаулардың болуынан немесе апат жағдайларының болу салдарынан болатын мұнайдың кездейсоқ немесе бірте-бірте ағып кетуі болып табылады.
Техникалық тізбектің бірінде апат болған жағдайда қауіпсіздік жүйесі технологиялық процесті толығымен немесе оның бір бөлігін тоқтатуы тиіс. Өрт кезінде қауіпсіздік жүйесі өртті сөндіру жұмыстарынан басқа барлық жұмыстар мен қондырғыларды тоқтатуды қамтамасыз етуі қажет. Мұндай жағдайлар табиғи құбылыстардың, кемелермен қақтығысуының, қондырғылар ақауының, сонымен қатар, қызмет көрсету ұжымының қателіктерінің салдарынан болуы мүмкін. Технологиялық қондырғылардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін теңіз платформаларын жобалау кезінде келесі жағдайлар ескерілуі тиіс:
-
қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету мүмкіндігі және табиғатты қорғау шараларының орындалуы технологиялық қондырғыларды таңдаудың негізгі талабы болуы қажет;
-
әр түрлі бағыттағы қондырғылар алаңы құбырлардың ұзындығын қысқарту мүмкіндігі есебінен таңдалуы керек; -
қондырғылардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету жүйелері қорғаныстың бір-біріне тәуелсіз екі сатысын қамтуы қажет; -
қондырғылардың әрбір түрі оның ең төмен, қолайсыз шарттарда жұмыс істеу мүмкіндігінен есептелуі қажет; -
кез-келген технологиялық режимдердің бұзылыстары орындау механизмдерімен қосылған датчиктердің көмегімен сәйкесінше көрсетілген ауытқулармен анықталуы қажет; -
әр апатты жағдайды келесі тәртіпте қарастыру қажет: себеп, салдары және анықталуы белгілері, қауіпті жағдайды жою қорғанысы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Резервуарлар деп – мұнай және мұнай өнімдерін ұзақ мерзімге сақтауға арналған тұрақты және қозғалмалы, әртүрлі көлемдегі ыдыстарды айтады. Резервуарлар өте жауапты құрылғылар болып табылады, өйткені олардың ішінде үлкен мөлшерде сұйықтықтар сақталады.
Дипломдық жоба келесі бөлімдерден тұрады:
Кіріспе
Технологиялық бөлім
Есеп бөлімі
Экономикалық бөлім
Техника қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар бөлімі
Кіріспеде резервуарлар және олардың қолданылу аясы туралы қысқаша мағлұмат берілген.
Технологиялық бөлімде: Мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттері, резервуарлардың арналуы және жіктелуі, оларды дайындау үшін қолданылатын материалдар және сол материалдарға қойылатын талаптар, тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар, резервуарлардың жабдықтары қарастырылған.Тік болатты резервуарларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, беріктікке сынау.Қысқаша айта кететін болсақ, резервуарларға үш түрлі жөндеу жүргізіледі. Олар: алдын – ала, ағымдағы және күрделі жөндеу. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жөндеу жұмыстарының сапасы тексеріледі, яғни дәнекерлі тігістер сапасын бақылау және т.б. Резервуарлар жөндеуден және сынаудан өткеннен соң оларды пайдалануға қабылдайды. Пайдалануға қабылдау үшін арнайы комиссия құрастырылады. Резервуарларды саңылаусыздыққа сынаудың бірнеше тәсілдері болады: гидравликалық, пневматикалық және химиялық. Резервуарды беріктікпен тығыздыққа сынау оған су толтыру арқылы жүргізіледі. Сынаудың алдында резервуарды лас пен шаңнан тазалайды. Барлық ақаулар жөнделгеннен кейін гидравликалық сынауға акт құрылады.
Есеп бөлімінде 2 есеп қарастырылды: 1) Резервуардың бірінші белбеуінің қалыңдығын анықтау; 2) Резервуар жамылтқысының моментсіз контурындағы күшін анықтау.
Техника қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар бөлімінде еңбекті қорғау заңдылықтары, резервуарларды пайдалану кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын – алу шаралары қарастырылған.
Дипломдық жобаның түсініктеме хаты төрт графикалық сызбамен толтырылған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Арзунян А.С, Афанасьев В.А, Прохоров А.Д.
«Сооружение нефтегазохранилищ» Москва «Недра» 1986
2. Арутюнов С.А «Эксплуатация нефтебаз» Москва «Недра» 1983 г.
3. Верёвкин С.И, Ржавский Е.Л. « Повышение надёжности резервуаров, газгольдеров и их оборудования» Москава «Недра» 1980 г.
4. Галеев В.Б, Харломенко В.И, СощенкоЕ.М. «Эксплуатация магистральных нефтепродукто проводов» Москва «Недра» 1973 г.
5.Джиембаева К.І, Насибуллин Б.М. « Мұнай кен орындарында ұңғы өнімдерін жинау және дайындау»Алматы 2005 ж.
-
Казтрансойл «Магистральді мұнай құбырларының резервуарларын
техникалық пайдалану ережелері жқ 39-015-02» Астана 2003 ж.
7. Казтрансойл« Технический отчёт» Устькаменогорск 2005 г.
8. Каймолдинова М, Родионова С, Таракунец И.«Еңбек кодексі» Алматы 2005
Лебедев Г.К, Колесников В.Г, Зиканов Г.Е. «Правила технической эксплуатации резервуаров и инструкции по их ремонту» Издательство «Недра» 1988
9.Латай А.Б, Растова Г.В. «Правила и инструкции по технической
эксплуатации металлических резервуаров и очистных сооружений» Москва «Недра» 1977
10.Тугунов П.И, Новоселов В.Ф, Арбузов Ф.Ф. «Транспорт и хранение нефти и газа» Москва «Недра» 1975
ДЖ. 0805000.22.000 ЕТЖ
Бет
Өзг
Бет
Құжат №
Қолы
Күні