ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 83

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3. Экономикалық бөлім

3.1 Технико-технологиялық шараларды жүзеге асыруға кететін

өндірістік және пайдалану шығындарының ерекшеліктері

 

Басқарудың аралас құрылысы кезінде техникалық қондырғылардың техникалық қызметі мен жөндеу жұмыстары  негізгі цехтардың жөндеу бөлімдерімен жүзеге асады, ал күрделі жөндеу жұмыстарын жөндеу-механикалық немесе басқа  да арнауы жөндеу цехтары жүргізеді. Жөндеу жұмыстарын орталытандыру қызметтің сапасын көтереді, жөндеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлердің өндірістік еңбегін көбейтеді және жұмыстардың өз құндылығын төмендетеді.Бұрғылау жұмыстарының жөндеу қыщыметінің әрекеттілігін жоспарлау негізгі өндірістің қажеттілігіне байланысты болып келеді. БПО қызыметін және цехтардың өндірісі туралы жоспарға жұмыс көлемінің құндылық көрсеткіштері және де нақты көрсеткіштері жатады. Бірінші топқа  негізгі өндірістік қызыметі бойынша жұмыстың жалпы көлемі, сонымен бірге бұрғылау құбырларын, турбобур, бұрғылау қондырғыларын және де механикалық жөндеу қондырғыларын жалға беру құныдылығы да жатады.

Пайдаланып жатқан қондырғылардың әр типі бойынша жөндеу жұмыстарының қажетті саны келесі формуламен есептеуге болады:

 

                                      Р=П·КмФ·Рмціц                                           

мұндағы, П – жұмысқа пайдаланып жатқан қондырғылар бірлігінің орташа саны;  

Ф – жобаланған уақыт мерзімі ішінде қондырғылар бірлігі үшін жұмыс уақытының жалпы фонды,  сағ;

Рмц – жөндеу аралық циклдағы і түрінің жөндеу саны (ұсақ, күрделі);          

Тц – жөндеу аралық циклінің ұзақтылығы машина-сағ;

Км – машинаның уақыты бойынша қондырғыларды пайдалану көрсеткіші; ол қондырғыда жұмыс істеу уақытының (машина уақыты) объектіде орналасу уақытының (мысалы, бұрғыланып жатқан ұңғымада) қатынасына тең.

Бұрғылау өнеркәсібінің  құрамында орналасқан қондырғыларының  негізгі түрлері үшін жөндеу сағаттарының көлемін анықтау үшін қолданылатын нормативтер жобаланған.Жөндеу жұмыстарының саны жөндеу қондырғылары мен цехтың, механикалық шеберхананың және жөндеу-механикалық заводтың  жұмыс көлемін бағалау үшін негізгі көрсеткіш болып келеді.Бұрғылау қондырғыларын жөндеу және өңдеу цехы өндірістің басты қызметін орындаудан басқа жұмыстың басқа түрлерін жүргізіп, көптеген қызмет түрлерін көрсетеді және де бұл әр квартал сайын жүргізілетін жұмыс көлемінде және жылдық жобада көрсетіледі.Жұмыс көлемі құндылық тұрғысынан жөндеу жұмысытырының құны қондырғылардың барлық түрі бойынша санына көбейту арқылы анықталады.Турбобурларды жөндеу және өңдеу цехының өндірістік бағдарламасы нақты түрінде турбобур-тәулік (оқпанды двигательдер үшін) және метро-тәулік (бұрғылау құбырларын үшін) арқылы өлшенеді және олардың саны ұңғымаларды бұрғылау жоспар-графигінде берілетін брғылау  уақыты туралы мәліметтер негізінде анықталады.


Мұнай және газды ұңғымаларда  жөндеу жұмыстары геологиялық-техникалық жағдаларының шараларына жатқызылады  және олардың мақсатына өндірісте  орналасқа ұңғымаларды тиімді қолдану, ұңғымалардың өнімділік деңгейінің қалпына келуін және сақтау арқылы кенорынды тиімді барлануын қамтамасыз ету жатады. Бұдан басқа, жөндеу жұмыстары айдау ұңғымаларының жұмыс параметрлерін жоғарлату, жер қойнауын қорға талаптарын сақтау және қатпарлардың мұнай және газдылық беру көрсеткіштерін көбейту жатады.Ұңғымалардың күрделі жөндеу жұмыстары бойынша ұмыстарды жоспарлаудың негізгі мәселесіне жөндеу жұмыстарының қажеттілігін анықтау жатады. Бұл жұмыстарды ұңғымалардың күйінен және жоспарланған геологиялық-техникалық шараларынан шыға отырып МГӨМ (мұнай-газ өндіру мекемесі) геологиялық қызметі анықтайды. Жөндеу жұмыстарын қажет ететін әр ұңғыма үшін «Күрделі жұмыстарды жүргізуге арналған ұсыныс» толтырылады. бұл құжатта ұңғыманың гелогиялық техникалық сипаттамасы, қсаты, жөндеу түрі мен оның жүргізудің нәтижесі көрсетіледі.Бірнеше өнеркәсәптерде қызмет көрсететін ұңғымларды күрделі жөндеу басқарамасы үшін жоспарлар МГӨМ бойынша дифференцияланады. Жұмыстың көлемі техниканың санына, бригадалар санына, олардың ұмыс істеу режиміне, еңбек өнімділігініңжоспарлы өсуіне және бір жұмысты жүргізу ұзақтылық нормасына сәйкес жүргізіледі. Жобаға пайдалану шығандарының калькуляциясы, шығындардың жинақы сметасы, бір ұңғыманы жөндеу үшін кететін шығындар есептемесі берілу керек. Жоспарда берілмеген ұсыныстар келесі кезендрдің жоспарына қосу үшін жөндеу қызыметінде қалдырылады. Ұңғымалардың күрделі жұмыстарын жүргізу жоспарлары әр квартал бойынша бөлінген бір жылға жасалады.

Жұмыс көлемінің тізімі және жылдық көлемі бойынша ұңғымалардың күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлы-бағалау көрсеткіштерімен бекітіледі.Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған ұңғымалар санына берілген жұмыстары мен апробация жүргізілген және жұмыс өнімділігі анықталған және де  пайдалану жұмыстарын жалғастыру үшін негізгі өндірістік цехтарына берген ұңғымалар саны жатады. Сонымен бірге оларға жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін басқа дәрежеге (айдау, бақылау және т.б.) ауыстырылған ұңғымалар және де пайдалануға тиімсіз, яғни жоюға арналған ұңғымалар жатады. Негізгі жоспарлы көрсеткіштің мәні – күрделі жұмыстар аяқталған ұңғымалар саны келесі формула бойынша анықтауға болады:

 

                                         С

рд- НдпдСп                                                                

                                                                          

мұндағы, Нд – жмыстың көлемі, нормо-күн;

Ндп – жобаланған жылдарға өтетін ұңғымалардың жұмыс көлемі;            

Нд'–бір күрделі жөндеу жұмыстарының орташа ұзақтылығы, нормо-күн;

Сп – күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ұңғымалардың келесі мерзімге өту саны. 

   Ұңғымаларды қарапайым жөндеу жұмыстарының жоспарлау мақсатына жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау жатады. Және осыған байланысты ұңғымалардың жұмыс режимін жақсарту және жұмыс аралық кезеңінің ұзақтығын анықтау жатады. Жоспарлау процесінде жөндеу жұмыстарының ұзақтылығы және саны, жөнделген ұңғымалар саны мен жөндеу жиілігінің көрсеткішінің мәні анықталады.Ұңғыманың жөндеу жұмыстарының арасындағы кезең МП дегеніміз бұл жүргізілген екі жөндеу жұмыстарының арасындағы мерзім. Бұл көрсеткішінің мәні әр квартал үшін пайдаланып жатқан ұңғымалар бойынша технологиялық режим кезінде анықталады және де жоспарланған жөндеу аралық кезінінің ұзақтығының мәні мұнай және газ өндіретін учаскесінің технологиялық режимінің тізіміне кіргізіледі.

Өндіріс жұмыстары кезінде ұңғымалардың жерасты қондырғыларында қарапайым және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ұңғымалардың қарапайым жерасты жөндеу жұмыстары дегеніміз бұл мұнайды өндіру жоспарын жүзеге асыру үшін жерасты пайдалану қондырғыларын жұмыс күйінде сақтау үшінжүргізілеті шаралар кешені.

Әдетте, қарапайым жерасты жөндеу жұмыстары жоспарлы алдын-ала жұмыстар қатарында кездеседі. Қарапайым жерасты жөндеу жұмыстарының кешеніне келесі жұмыстар жатады:

  1. сорғышты немесе жеке қондырғыларды ауыстыру;

  2. бұзылыстарды жою және сорғышты құбырларды бұрап алу;

  3. сорғышты-компрессорлы құбырлар немесе штангаларды ауыстыру;

  4. сорғышпен жуу;

  5. құмды қақпақтарды тазалау және жуу;

  6. көтеру құбырларында ағып кету жағдайларын жою;

  7. жұмыс муфталарын, басқару қондырғыларын тексеру;

  8. көтеру құбырларын тереңдету арақышықтығын өзгерту;

  9. сорғышты якорьды тазалау;

  10. пакерді көтеріп, түсіру және т.б.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ұңғымаларды пайдалануға  беру үшін акт құрастырылады. Жерасты  жөндеу жұмыстары арнайы құжат ретінде көрсетілген мұнай мен газды толық құндлығын көрсететін пайдалану шығындар есебінен жүзеге асады. Ұңғымада күрделі жерасты жөндеу жұмыстары өзіндік ерекшеліктерге ие және бұл ерекшеліктеріне біршама бұзылыстарға ие болған пайдалану қондырғысының жерасты бөлігін және пайдалану горизонтының жұмыс күйін қалпына келтіру бойынша жұмыстар, сонымен бірге жер қойнауын қорғау бойынша шараларды жүргізу жұмыстары жатады.Ұңғымалардың күрделі жөндеу бойынша жұмыстар өндірістің тапсырысы бойынша алдын-ала жасалған техникалық жоспар-жоба бойынша жүргізіледі.Күрделі жөндеу жұмыстарының негізгі жоспарлы көрсеткіштеріне келесілер жатады: күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған ұңғымалар саны, өндірістік уақытының және өндрістік көлемінің көрсеткіштері.Мұнайшылардың  алдына қойылған негізгі жағдайларының біріне ұңғымалардың жерасты мен күрделі жөндеу цехтарын тұрақтандыру, олардың материалдық-техникалық базасын күшейту, жаңа технологияларды ендіру тәжірибесі, еңбек әдістерін қолдану және жұмыстың жоғары тиімділік және қауіпсіздік әдістерін қолдану жатады.


4 Еңбекті қорғау, ортаны қоғау және техника қауіпсіздігі

4.1 Мұнай өндірісіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша айрықша шарттар
Мұнай өндірісінің ерекшеліктері ең алдымен мұнай мен мұнай газының физикалық және химиялық қасиеттерімен, белгілі жағдаәларда олардың улығуымен де шартталады.

Бұдан басқа , мұнай өнеркәсіптерінде улы жіне ащы заттарды (ртуть, қышқылдар, цемент және басқалар), жарылғыш заттарды және радиоактивті изотоптарды қолданады.

Көптеген жұмыстар далада жүргізіледі және келесілермен байланысты:

ауыр және үлкен жабдықтар мен саймандардың қолдануы;

жоғары қысымның пайда болуымен бірге жүретін технологиялық үрдістердің болуы ; үлкен жүктемелердің астында болатын жабдықтардың болуы.

Егер белгілі қауіпсіздік шараларын қолданбаса, осы барлық ерекшеліктер қауғылы жағдайдың себепкері болуы ықтимал.

4.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардық анализі
Шикі мұнайдың бір-екі жеңіл фракциялары белгілі концентрацияда ауамен қосылған кезде жарылысқа қауіпті қоспалар түзітіндіктен, шикі мұнай жарылысқа қауіпті болып табылады.

Шикі мұнайдың отқа қауіптілігі мұнайдың әр түрлі сорттарына байланысты – 35 – тен +34 0 С-қа дейін жану температурасымен сипатталады.

Мұнай өнеркәсібінде жарылысқа қауіпті концентрациялардың түзілуінің алдын алу үшін ғимараттардағы және басқа жабық жерлеріндегі жабдықтарды және басқа жабық жерлердегі жабдықтарды және мұнай мен газ жүретін барлық жолдарды герметикалайды, бөлмелердің қарқынды желдендіруін жасайды, жарылысқа қауіпті жерлерде оттың пайда болмауы бойынша шаралар өткізеді.

Өндірістік шарттарда технологияның ақауы немесе үрдісті өткізу үшін қажетті шарттардың әсер етуі нәтежесінде қызмет ету персоналына қауіп туатын жағдайлардың пайда болуын ескертуқажет. БТП-М-Э мұнай қыздыру пеші өзінің санитарлы – гигиеналық параметрлері (вибрация, зиянды заттар, дыбыстық қысым, шу) бойынша қауіпсіз. Операторлық орын бөлек бөлмеде орналасқан-агрегаттан 100 метр қашықтықта.

Есептеу және өлшеу техника құралдарымен жабдықталған бөлмелер қауіптілігі жоғары категориясы жатады. Мұнда, адамның бір жағынан – электрқұрылғылардың металдан жасалған корпустарына бірдей тиіп кету мүмкіндігі бар.

Адам денсаулығына әсер ететін негізгі факторларға мынадар жатады:


  1. конвектевті жылу, ол пештің жылытылған бетінен шығады;

  2. жұмыс орнын күндізгі және түнгі уақыттарда жарықтандыру;

  3. жылдың жазғы уақытында бөлме ішінде артық жылу;

  4. адамның электр тогымен зақымдану мүмкіндігі;

  5. өрт шыққан кезде күю және уланып қалу мүмкіндігі;

  6. адамға зиянды механикалық әсер етуі;

  7. шу, зиянды заттар.

Оператор бөлмесіндегі шудың деңгейі 70-75 Дб шамасына дейін жетеді, бұл СН-245-71 талаптарын қанағаттандырады. Қауіпті зоналар-ашық ток өткізетін бөліктер. Техникалық құралдардың кернеуі – 220В, қысқа тұйықталу тогы 60 А.

Тиімді еңбек шарттарын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыру шаралары қарасытрылады.

Біздің құрылғы ашық аспанның астында орналасқандықтан, жұмыстың қауіпсіздігі құрылғының басшысына, яғни басты операторға міндет артылады. Басты мехнаник электрлік қондырғылардың, бақылау аппратураның ақаусыз жұмыс істеуіне жауап береді. Қондырғының басшысы жұмысшыларға жұмыстың қауіпсіз әдістерін сақтау жөнінде инструктаж жүргізеді, жұмысшылардың ҚТ бойынша ережелер мен нұсқауларды және өндірістік санитарияны орындаудың, арнайы киім мен қорғау айлабұйымдарын қолдауын бақылайды. Сонымен қатар басшы жазатайым оқиға мен кәсіби улану себептерін тергеуде, жазатайым оқиғалардың себептерін жою мен алдын алу шараларын құрастырған кезде қатысады.

Барлық ИТЖ-лар МЕСТ ГОСТ 12.0.00-90 сәйкесінше жұмысқа қабылдануы алдында аттестациялық комиссияда аттестацияны өтеді, аттестациялық комиссиялық құрамына басты инженер , ҚТ бойынша басты инженерлнрдің орынбасары, ҚТ бөлімінің басшысы басты механик, басты энергетик, құқытық бөлімше мен кадрлар бөлімшесінің өкілдері кіреді.

Жұмысшылар персоналын нұсқауларының келесіндей түрлері бар : кіріспелік, жұмыс орнындағы нұақаулау, ағымды нұсқаулау, қайталап және оперативті. ҚТ бойынша бөлімшесінің басшысы және ҚТ бойынша инжененр өткізеді.

4.3 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Электр тогын кең қолданғандықтан, ол қауіпсіздік мәселелеріне маңызды мән келтіреді, себебі электр тогының организмге әсері қауіп төндіруі мүмкін, кейде өлімге де әкелуі ықтимал.

Адамдардың элекр тогынан сақтау үшін диэлектрикалық аяқ киім,қолғаптар,төсеніштер ескеріледі.Электрлі агреаттарды жөндеу тек оған құқы бар адамдарға рұқсат етіледі

Электр тогымен зақымдау жұмысшылар үшін қауіпті фактор болып табылады.Участкіде кернеуі 220В20, жиілігі 502 Гц, қолданылатын ток 40А болатын үш фазалы айнымалы ток жүйесі қолданылады.Барлық электр жабдықтар мен барлық металлдан жасалған конструкциялар міндетті түрде жермеленеді. Жермелеген объктілер магистральды жермеге парарллельді қосылады. Жерме магистралі станцияның территориясы бойынша барлық белгілерде жүргізілген және цех подстанциясының жерме контурларымен екі жерден қосылған.Операторлық бөлмеде электр тогымен зақымдалуын төмендету үшін едендер резиналы диэлектрикалы төсенішпен төселген.Қысқа тұйықталудан қорғау үшін электр тізбегіне қатысты талаптар мен пайдалану ережелерін сақтаудан бөлек, артық жүктелу мен қысқа тұйықталу кезінде, жабдықты сенімді түрде сөндіретін автоматты сөндіргіштер қолданылады.Автоматтыбасқару жүйелерін қолданғанда ПТЭ және ПТБ ережелеріне сәйкес электр тогымен зақымдалмау үшін арнайы қорғаныш құралдары пайдаланады.