ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туынды | Мектеп: №51 ЖОББМ | |
Педагогтің аты-жөні: | Аметбаевва Зағипа Айтқұлқызы | |
Күні: | 01.03.2023 ж. | |
Сыныбы: 10А | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 10.4.1.25 берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру | |
Сабақтың мақсаты: | Берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құрып, есептер шығару барысында «soft skills» дағдыларды дамыту |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. Ұжымдық жұмыс. 4 мин. Миға шабуыл. 6 мин | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгелдеу, кеспе қағазға (1,2,3,4) сан жазып , соны таңдау арқылы топқа біріктіру. Үй тапсырмасын өзара тексеру әдіспен бағалау.(A,B,C арқылы бағалайды)жауаптар тақтада көрсетіледі.№42.3(2,4), 42.4(2) Өткен тақырыпты қайталау Сабақ мақсатын оқушылармен бірге ашу. «onlinetestpad» тест сайтында тест тапсыра отырып өткен сабақты қайталайды | Үй тапсырмасын тексеру мақсатында дәптерлерін өзара ауыстырып, есептердің дұрыстығын тексереді. Есептің қалай шығарылғанын түсіндіреді | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Түрлі түсті қима қағаздар |
«Ой қозғау» әдісі. Ұжымдық жұмыс. 5 мин. | Жаңа сабақ өту. А) «Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі» тақырыбында бейнекөрсетілім көрсету арқылы оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Ә) Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін табуға қолданылатын алгоритммен таныстыру. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады. | Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту. Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. | Бағалау: «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | ДК экраны Сұрақтар топтамасы. Оқулық 10-сынып. |
Сабақтың ортасы 8 мин. Жеке жұмыс. | Ойлан. Жұптас. Бөліс (әдісі бойынша оқушылар алдымен жеке сосын жұппен кейін топпен талқылайды). Мысалдар қарастыру, оқушылармен есептердің шығарылу жолдарын талдау жасай отырып, оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруіне ықпал етеді. Мысал 1. Абсциссасы х=1 болатын нүктеде функциясының графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін жазыңыз №43.1 есеп нүктесінде функциясының графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін жазыңыз: 1) №43.2 есеп Функцияның графигіне жүргізілген жанама Ох осіне параллель болатындай х-тің мәндерін табыңдар: 1) №43.3 есеп Абсцисса осімен қиылысу нүктелері арқылы функциясының графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін жазыңдар: 1) Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады. Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету. | Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді. Ерте аяқтаған топ тақтада қорғайды | Дескриптор: -формуланы Біледі -туындысын табады Бағалау: Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады Мұғалім жарайсың, жақсы, талпын деп бағалайды. | 10-сынып оқулығы. |
Топтық жұмыс. 13 мин. | Артпедагогика бағытында топтық жұмыс жүргізеді Сынып 3 топқа біріктіріледі. 1-топ «Әншілер» тобы, 2-топ «Суретшілер» тобы, 3-топ «Қолөнершілер» тобы. 43.1, 43.2, 43.3 есептерден 3 топқа әр есептен бір мысалдан беріліп, ол мысалдарды оқушыларға топпен шығаруға және әр топ атауына сай өз өнерлері арқылы өз ішкі уәждерімен бөлісуін сұрайды Мақсаты: Берілген есептердің ережесі мен шығару жолдарын жазу арқылы бір-бірінен айырмашылығын ажыратады Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады. Саралау: ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсету. | Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп, әр топ өнердің бағыты бойынша есепті шығару барысында қандай сезімде болғанын суреттейді, ішкі уәждерімен бөліседі | Дескриптор: -формуланы біледі; -туындысын табады | ДК экраны 10-сынып оқулығы. Әбілқасымова А.Е. «Мектеп» 2019 . |
Сабақтың соңы. Ой толғаныс. Рефлексия 5 мин. | Сабақтың соңында алған білімдері бойынша қорытынды математикалық тест «Kahoot!» ойыны арқылы жасалады (8 тапсырма) аламын. Жауаптар тақтада корсетіледі Сабақ бойынша рефлексия: "Екі жұлдыз, бір тілек " Екі ұнаған жағдайды жұлдыз ретінде көрсету, ұнамаған жағдайды тілек ретінде айту. Үйге тапсырма: №43.4,№43.5 есептер | Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. «Қорытынды» тәсілі көрініс табады. | Дескриптор: -Өрнекті ыкшамдайды -есептейді Бағалау: Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады | ДК экраны 10-сынып оқулығы. |
01.03.2023 ж.
Тексерілді