Файл: за мерзімді жоспарды тарауы Мектебі 10 С. Манов атындаы орта мектеп.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспарлау
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: | Мектебі: №10 С.Мұқанов атындағы орта мектеп | ||||||||
Күні: 10.04.2023 | Мұғалімнің аты-жөні: Мустажапова А.Б. | ||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар: 23 Қатыспағандар: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жұлдыздар мен аңыздар | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/А5.1. 6.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру О5.2.6.1 –оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу; | ||||||||
Сабақтың мақсаты | -– коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру– коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіреді. - жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқиды; | ||||||||
Бағалау критерийі | 1.Тыңдалған мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беру. 2.Мәтінге байланысты өз ойларын жеткізу. 3.қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді табады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Құйрықты жұлдыз, құс жолы | ||||||||
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік елдің» 7 басты құндылығы арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Астрономия негіздері, әдебиет | ||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім | Аспан әлемі туралы ақпараттарды көрген, біледі | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы | Сәлемдесу, түгендеу. «Жұлдыздар әлемі» видеоролигін көрсету және сұрақтарға жауап алу
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сыныпты мозайка құрастыру арқылы төрт топқа бөлу. І топ Ай ІІ топ Күн ІІІ топ Жұлдыздар ІҮ топ Жетіқарақшы 1-тапсырма. Мәтінді тыңдату. «Сократтық шеңбер» әдісі арқылы тыңдалған мәтін бойынша бір –бірінің сұрақтарына жауап береді. Дескриптор:
Коментарий айту арқылы бағалау | Аспан денелерінің суреттері | |||||||
Сабақтың ортасы | 2-тапсырма. «Диктор орындығы» әдісі арқылы әр топ өз мәтінімен таныстырады, өз ойларымен бөліседі. І топ. Ай мен Күн өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сенен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен. ІІ топ. Жетіқарақшы Үркердің (олда жұлдыз) Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді,жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Ең жарқырап тұрғанын қарақшылардың бастығы, жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек дейді аңыз. Шындығында да Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екеуі жақындағанда таң бозара бастайды. Қандай ғажап аңыздар. Осы сайтта түнде аспанға қарап уақыт анықтауға болама деген сұрақтар болды, осылай кете береді. ІІІ топ. « Шолпан аңызда емші қыз болып айтылады. Әрі мейлінше сұлу. Ол бар ғұмырын ауру-сырқауларды емдеп, жазуға арнамақшы болады. Бірақ оның бұл ойы жүзеге аспай қалады: өзі сұлу, өзі ақылды емші қызға жігіттер бірінен соң бірі сөз айтып, ақыры оның соңы үлкен дау-жанжалға айналады. Ел арасында іріткі туа бастайды. Мұның бәрі өзінің сұлулығы мен ақылдылығына байланысты болғанын сезген қыз елден алысқа кетіп, халыққа нұрын биіктен шашқысы келеді. Сөйтіп, таң қылаң бере ол аспанға ұшып шығып, таң жұлдызына айналады. Халық оны Шолпан жұлдызы деп атап кетеді. ІҮ топ. Қызыл планета – Марсты қазақ шарт аяздың хабаршысы деп есептеген. Өйткені ол шарықтағанда суық күшейетін болған. Қызыл шұнақ аязбен бірге шығыстан қызыл оттай жұлдыз көтеріледі. Текке көтерілмей өңменнен өтетін аязын әкеледі. Күн жүйеміздегі алып ғаламшар Юпитер аңызда асқақ жұлдыз. Өзін мейлінше асқақ ұстайтын Асқар есімді жігіт тауда оңаша тұрады. Кейіннен далада адасып қалған Гүлдана есімді қызбен танысып, оның әке-шешесінің рұқсатымен жанұя құрады. Сол оңаша патшалықта он алты перзент сүйеді. Бірақ Гүлданадан кезінде айырылып қалған Қожабай есімді бай жігіт ұмыта алмай, бірде үйін тауып барып, ауласында Гүлдананы пышақтап өлтіреді. Асқар онан ақысын алады. Бірақ қайғы шыдатпайды. Он алты перзент шүпірлеп жанында қалады. Елден, жерден бөлек кету үшін ол аллаға күні-түні жалбарынып, көктен орын сұрайды. Өз алдына жеке патшалық құрғысы келеді. Алла ол тілегін қабыл алып, аспанға шығарып, бір бөлек жұлдыз жүйесі етеді. Жігіт алып ғаламшарға, перзенттері он алты серігіне айналады. Құйрықты жұлдыз аңызда белгілі бір мерзімде Күнге жақындап, жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, мзаттың тілеуін тілеуші, алланың көмекшісі, ақ сақалы тұла бойына шұбатылған қарт болып айтылады. Көктен кенеттен көзге шалынатын Ақпа жұлдыздарды көргенде «Өз жұлдызым жоғары болсын» деп бата жаса дейтін наным оны киелі деп санайтын ырымнан туған. 3-тапсырма. «Екі жақты күнделік» арқылы мәтіндегі көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді.( Әр топқа төрт түрлі мәтін берілгенмен, оқушылар жеке орындайды)
Дескриптор: 1.Мәтін желісі бойынша мазмұнын таныстырады 2.Мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіре алады. Қалыптастырушы бағалау. Геометриялық фигуралар арқылы бағалайды 4-тапсырма. Осы суреттерді қолдана отырып, «Хикая картасы» әдісімен әңгіме құру. Қалыптастырушы бағалау. Көңіл-күйді білдіретін смайликтер арқылы бағалау. | Мәтін жазылған қағаздар өте жақсы жақсы толықтыр | |||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс «3Қ» әдісімен жасауға болады. Бүгінгі сабақтан алған қызық/қажет/қиын мәліметтерді ауызша айта отырып арнайы стикерлерге жаздыртып тақтаға қыстырады. Үйге тапсырма: «Айға бір күндік саяхат » тақырыбында фантастикалық әңгіме жазып келу | Әртүрлі стикерлер |