ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 42
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады. Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен сарышұнақтардың көптеген түрлеріне тән. Даланы тышқан, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсыққой мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі. Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, ақкіс, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі мұнда да жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш кұстар мекендейді. Ашық алаңдарда қарғаның түрлері, былдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады. Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Олардың біразы күндіз терең қазылған інде жатып, түнде жемін аулауға шығады. Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу - мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған.
Тест тапсырмалары және сұрақтар:
-
Түрдің құрылымдық бірлігін тап:
A Дарақ
B Мекен
C Үйір
D +Популяция
E Экожүйе
-
Автотрофты қоректенетін ағзалар:
A Вирустар
B Адам
C Саңырауқұлақтар
D Жануарлар
E + Өсімдіктер
3. Табиғат біртұтас, ондағы даму қарапайымнан күрделіге қарай жүреді деп пікір айтқан ғалымды ата:
A Шванн
B Ч. Дарвин
C +А.Н. Радищев
D К.Ф. Рулье
E А.И. Герцен
4. Автотрофты ағзалар тізбегі:
A Қасқыр, қоян, қайың
B Түлкі, бидай, терек
C +Мақта, күріш, алма ағашы
D Күнбағыс, қоян, сиыр
E Гүлшетен, бидай, көбелек
5. Кактустың түрі өзгерген сабағы:
A Пиязшық
B Тамырсабақ
C +Шырынды
D Сояу
E Түйнек
-
Жануарлар дүниесінің дамуының ерекшелігі -
Қазақстанның өсімдік жамылғысына сипаттама -
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасу кезеңдері -
Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар түрлері -
Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер түрлері
2 | ||
№14 дәріс | Тақырыбы: Биосфера. Биосфераның эволюциясы. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1. Биосфера және оның шекаралары 2. Биосфера эволюциясы Дәрістің қысқаша мазмұны:Эволюция барысында Жер ғаламшарының айналасында тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті және қолайлы ерекше қабық немесе сфера пайда болды. Сонымен Жер ғаламшарының тіршілік аймағы бар қабығы биосфера (грекше. “биос”- тіршілік, “сфера”- шар немесе қабық деген ұғымды білдіреді) деп аталады. Биосфера терминін ғылымға тұңғыш рет 1802 жылы француз ғалымы Ж. Б. Ламарк (1744-1829) енгізді. Кейіннен бұл туралы ғылыми деректер жинақталып, түрлі жаратылыстану ғылымдарында қолданыла бастады. Биосфера терминін геология ғылымында кеңінен австрия ғалымы Э. Зюсс 1875 ж. қолданды.Биосфера жөніндегі алғашқы ғылыми ой-пікірлер атақты ғалым В. В. Докучаев еңбектерінде де кездеседі.Биосфера жайындағы тұтас ілімнің негізін көрнекті орыс ғалымы В.И. Вернадский (1863-1945) салды. Ол Жердің химиялық құрылысын тіршілік химиясымен байланыстыра отырып, жер бетін өзгертудегі тірі ағзалардың (оны В. И. Вернадский “тірі заттар” деп атады) рөлін көрсететін жана ғылым — биохимияның негізін қалады.Биосфера эволюциясы - түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің жойылып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Қазіргі биосфераның қалыптасуы - ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфералық эволюция тіршіліктің пайда болуына дайындық кезеңінен, дәлірек айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады. Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары төменде келтірілген. 1. Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын басталды. Алғашқыда пайда болған атмосферада температурасы жоғары, тез қалпына келетін сутегі, азот, су буы, метан, аммиак және инертті газдардан құрылған көміртегі тотығының, формальдегид пен басқа жай қосылыстар болуы мүмкін. 2. Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп сууының нәтижесінде заттардың абиотикалық айналымы пайда болды. Сұйық су пайда болып, гидросфера құралып, су айналымы, элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділерде бірнеше фазалық химиялық реакциялар жүрді. Автокатализдің арқасында молекулалардың түзілуі мен өсуі орын алған. 3. Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, радиоактивтіліктің және әртүрлі энергиялық күш нәтижесінде көміртегінің, азоттың, сутегінің, оттегінің жай қосылыстары конденсация мен полимеризация процестеріне түсуі арқылы органикалық қосылыстар түзілген. 4. Төртінші сатыны антропоген сатысы деп атауға болады. Себебі, Жердің геологиялық тарихының соңғы кезеңі. Осы антропогендік кезеңнің көрнекті оқиғасы, эволюцияның басқарушысы - саналы адамның пайда болуы (кезеңнің атауы осыдан шықкан). Адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуы өте көп мөлшерде зат пен энергия ағысын тартып, биологиялық айналымның тұйықтығын бұзды. Антропогендік экологиялық дағдарыстар туып, эволюцияның жағымсыз факторына айналды. Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін 5 сатыға бөлуге болады: 1) адамзаттың биосфераға әсері әдеттегі биологиялық түр ретінде ғана болған; 2) адамзаттың қалыптасу кезеңінде экожүйелерді өзгертпейтін, бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған; 3) табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере бастаған; 4) жер жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірілген; 5) биосфераның барлық экологиялық құрауыштары түгелімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған. Сонымен, адамның іс-әрекетінің әсерінен биосферада болатын негізгі өзгерістер түріне мынадай жағдайлар жатады: - жердің беткі қабатының құрылымының өзгеруі (жер жырту, орман кесу, батпақты құрғату, жасанды су айдындарын жасау және жер бетіндегі су режиміне басқа да өзгерістер әкелу және т.б.); - биосфераның құрамын, оны құратын заттардың тепе-теңдігі мен айналымын өзгерту (қазбаларды жер қойнауынан алу, үйінділер жасау, әртүрлі заттарды ауа мен су обьектілеріне тастау, ылғалдылық айналымын өзгерту); - кейбір организмдер түрлерін жою арқылы немесе жануарлардың жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарып, оларды жаңа мекендейтін орындарға ауыстыру арқылы қоршаған ортаға өзгерістер әкелу; - Жер шарының кейбір аудандарындағы және ғаламшар деңгейіндегі энергиялық тепе-теңдікті өзгерту. Тест тапсырмалары және сұрақтар:
A +Ж.Б.Ламарк B К.Линней C Ч.Дарвин D Э.Дарвин E Р.Гук 2. Жер ғаламшасының пайда болу кезеңі A 2 млрд жыл бұрын B 2,5 млрд жыл бұрын C 3,8 млрд жыл бұрын D 3,5 млрд жыл бұрын E + 4,5 млрд жыл бұрын 3. Бейорганикалық заттардың химиялық байланыс энергиясын тіршілік үшін пайдаланатын бактериалар A Паразиттік B Сапротрофтық C Фототрофтық D +Хемотрофтық E Патогендік 4. Биогеоценоздағы органикалық заттарды ажырататын ағзалар. A Консументтер B Паразиттер C +Редуценттер D Автотрофтар E Хемотрофтар 5. Биосферадағы парник эффектінің пайда болу себебі: A Азондық қабаттың қалыңдығының азаюы B Атмосферадағы азот құрылымының азаюы C +Атмосфераның түтінденуі және көміртегі газының көбеюі D Озондық қабаттың қалыңдығының ұлғаюы E Атмосферадағы күкірт тотықтарының концентрациясының көбеюі
| 2 |
№15 дәріс | Тақырыбы: Ноосфера Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1. Органикалық эволюция кезеңдері 2. Табиғи заңдылықтардың бұзылуы 3. Ғаламдық экологиялық проблемалар Дәрістің қысқаша мазмұны: Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881–1955енгізген. XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді. Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді. Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі. Қазіргі кезде ноосфераның шекаралары биосфераның шекараларына тура келеді. Өйткені жерде адам іс-әрекетінің салдары сезілмейтін аумақ іс жүзінде қалған жоқ. Тіпті егер де «адам аяғын баспаған орындар» бола қалғанның өзінде олар атмосферада антропогендік шығарындылардың қандай да болса бөлшектері немесе сол қосылыстарды топырақтан немесе судан және т.б. табуға болады. Адамның іс-әрекетінен табиғи заңдылықтардың бұзылуы. Басты проблеманың міндеті мынада: ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның «санасыз» іс-әрекеттері салдарының сезілуі барған сайын күшейіп барады. Ластану түрінде «табиғатқа антропогендік кысым көрсету», табиғи ресурстарды көп мөлшерде тұтыну, өзге тірі тіршілік иелерін ығыстырып, жою өсе түсті. Жағым- сыз әсердің мүмкіндігінше азырак, сезілуіне жету қажет.Алайда адамның өз іс-әрекетінің оғаш қылығы оның өмір сүруіне қауіпті болып барады. Мысал ретінде денсаулықтың экологиялық себептерін келтіруге болады.Экологиялық проблемаларды шешуге арналған мәселе - бұл адамзат өмірін сақтауға барабар мәселе болып табылады. Сонымен, адамзаттың басты экологиялық саясатының негізгі бағыттары мынадай: - өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының калдықсыз өндірісін жасау; - электроэнергияның экологиялық таза болуы; - қоршаған ортаның өнеркөсіптік, ауыл шаруашылығы және көлік қалдықтарынан ластану проблемасын шешу; - жахандық, климаттық өзгерістер проблемасын шешу; - адам санының өсу проблемасын шешу; - жоғары өнімді ауыл шаруашылығының қолтұқымдарын және өсімдіктер іріктемелерін, микроорганизмдер сеппелерін шығару; - биологиялық сан алуандық пен табиғи бірлестіктерді сақтау Тест тапсырмалары және сұрақтар: 1. Ата-анасының белгі қасиеттерінің ұрпағына берілу қасиетін ата A Өзгергіштік B Мутация C +Тұқым қуалаушылық D Көбею E Даму 2. Ертедегі адамдардың ғылыми атауларын ата. A +Неандертальдар B Архантроптар C Дриопитектер D Палеантроптар E Синантроптар 3. Ежелгі адамдардың ғылыми атауларын тап. A Неандертальдар B Архантроптар C Кроманьон D Палеантроптар E +Синантроптар 4. Осы заманғы алғашқы адамдардың ғылыми атауларын ата: A Неандертальдар B Архантроптар C +Кроманьон D Палеантроптар E Синантроптар 5. Адам эволюциясындағы ең маңызды қозғаушы күші: A +Еңбек әрекеті B Тіршілік үшін күрес C Табиғи сұрыпталу D Тұқым қуалайтын ерекшелік E Өзгергіштік
| 2 |
Ф ҚазҰПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.