ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 319
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этноодемографиялық жағдай және ұлттық қатынастар.
Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгіліктімақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында: «Ең қауіптісі — олар таза ұлттық cипат ала бастады. Ұлт мәселесінің соншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды», — деп жазды. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес, бүкіл әлемде ауқымды ұлттық оянудың үдере бас көтеруі басталған болатын. Ұлт мәселесі «атылмаған жанартау» болудан қалып, ұлт мәселесінің ақылды, парасаттышешімдерді қажет ететіндігі мойындалды. Бұл парасаттылықтың астарында әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтыныңперзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне көмекке келуге әзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді. Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынасмәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз. Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде ұлтаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатыныңбағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай еліміздегі қазақ ұлты мен басқа этикалық топтардың мәдениетін, жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Қазақтар Кеңес Одағы ыдырап, көптеген ұлттық топтардың өз отанынан жырақта қалған жағдайын жақсы түсінеді. Тоталитаризм жылдарында қазақтардың өзі оның зардаптарын басынан өткерді, миллиондаған қазақтар шетелге кетуге мәжбүр болып, демографиялық апатқа ұшырады.1999 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан тұрғындарының ұлтқұрамында саны жағынан бірінші орында қазақтар, екінші орында — орыстар, үшінші орында — украиндар, төртінші орында — өзбектер, бесінші орында — немістер және т.с.с. болғандығын көрсетті. Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысында — 13 мың, Алматы облысында — 925 мың, Шығыс Қазақстан облысында — 740 мың, Жамбыл облысында — 640 мың адам. Ал орыстар Шығыс Қазақстан облысында — 700 мың, Қарағанды облысында — 610 мындай, Қостанай облысында — 430 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 360 мыңдай, Павлодар облысында — 330 мың, Ақмола облысында — 330 мың адам орналаскан.Украиндардың ең көбі Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған. Беларустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп түрақтаған. Өзбектердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында топтаскан. Татарлар Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында көптеп мекендейді. Ұйғырлардың көп бөлігі
Алматы облысында, дүнгендер — Жамбылда, түріктер Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. Корейлер — Алматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күрділер — Алматы мен Жамбылда, ал тәжіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында көп шоғырланған. Тек 1989, 1999 жылғы санақ нәтижелері республикадағы этникалық топтардың қатарында орыстардың үлес салмағы төмендегенін көрсетті. Оған көші-қондық ағымдар, табиғи өсімнің азаюы, әлеуметтікжағдайдың нашарлауы кері әсер етті. Қазақстанға алыс және шетелдердегі қазақтардың көшіп келуі де жергілікті халықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштеріне өзгерістер әкелді.1989—1995 жылдардағы орыстардың көші-қондық кері ағымдары қарқынды жүрді, нәтижесінде барлық облыстарда олардың абсолюттік санының азаюы байқалды. Қоныс аударушылардың көпшілігі 1979—1989 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан шыкса, 1989—1993 жылдары Маңғыстау, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Ақтөбе облыстарынан кете бастаған. Ал Қазақстандағы жалпы демографиялық жағдайғабайланысты туудың кеми түсуі мен оның табиғи өсімге әсер етуі де орын алуда. Оған төмендегідей жағдайлар: қазақтарда көп балалы отбасынан орташа отбасыларға, орыстарда орташа отбасылардан аз отбасыларға ауысу жүріп жатыр. Сонымен қатархалықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмысының шапшаң өзгеруі, көші- конның барлық түрлері және т.б. факторларықпал етті. Табиғи өсімнің азайып, өлімнің көбеюін және жастық құрылымның қартаюын 1991—1995 жылдарда туған балалардың саны кестесінен көруге болады. Әсіресе демографиялық өсу қарқынының баяулай түсуі, негізінен, қалажұртының, кейіннен ауылдық жерлерде бала санының шектеле бастағанын білдіреді. Ал ұлттар аралас тұратын ірі қалалар мен өндіріс орталықтарындағы халық саны ауылдан келушілер есебінен толығуда, яғни кенттену барысы жылдам жүруде. 1989 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның 50 қаласының 6-уында ғана қазақтар 50%-дан артады. Қалған қалаларда орыстар мен басқа ұлттар басым. Бірақ алдағы кезеңде кала тұрғындарының ішінде қазақтардың үлесі арта түспек деп күтілуде
- 1 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ширек ғасырда Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасудың үлкен де күрделі жолынан өтті. Бүгінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі, әлеуметтік-экономикалық дамудың, қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтудың өзіндік модельдері, сондай-ақ орнықты саяси жүйе қалыптасқан ел. Әлемнің барлық мемлекеттері сияқты, Қазақстан да өзінің мемлекеттік рәміздеріне ие, ол әлемге танымал болды және бұл символика біздің еліміздің имиджінің ажырамас бөлігіне айналды. Біздің барлық мемлекеттік рәміздеріміз Тәуелсіздік кезеңінде әзірленіп, бекітілді, олар геральдика тілінде Қазақстан халқының рухани құндылықтарын бейнелейді. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері алғаш рет 1992 жылғы 4 маусымда үш бөлек заңмен бекітілді, содан кейін бұл құжаттардың ережелері Мемлекет басшысының 1996 жылғы 24 қаңтардағы
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы"
Конституциялық заң күші бар арнайы Жарлығында жинақталды. 2006 жылы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" жаңа заң шықты, онда, атап айтқанда, 11-баптың 1-бөлігі "Әнұранды орындау кезінде оң қолының алақанын кеуденің сол жағына қою"деген сөздермен толықтырылды. Мемлекеттік рәміздердің ежелгі тарихы бар. Әрине, бұл рәміздер әрқашан белгілі бір идеологиялық жүктемені алып жүрді - мемлекеттік рәміздердің белгілері мен бейнелерінде ежелгі тотемдер, діни рәміздер, билеуші әулеттердің ерекше белгілері және басқа да мағыналар шифрланған. Әрине, таяуда ғана өткенде әзірленген және қабылданған Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, бірінші кезекте, халықтың тәуелсіздікке ұмтылысын, оның өз елі үшін мақтанышын, еңбексүйгіштігін және бейбітшіл рухын бейнелейтін элементтер енгізілген. Егемен
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері алғаш рет жұртшылыққа 1992 жылғы 6 шілдеде Алматы қаласында ұсынылды.
Қазақстанның Мемлекеттік Туы-ортасында алтын түстес шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан бүркіт бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Мемлекеттік Тудың авторы-суретші Шәкен Ниязбеков. Көк-көгілдір түс адалдықты және мінсіздікті білдіреді. Сонымен қатар, ежелгі түркілер Мәңгілік аспанды қастерледі. Бүгінде мемлекеттік тудағы көгілдір түс ашық аспанды, бейбітшілік пен бақуаттылықты бейнелейді. Күн байлық пен молшылықты, өмір мен энергияны бейнелейді. Бүркіт биліктің, көрегендіктің және жомарттықтың символы ретінде қабылданады. Мемлекеттік ту сабының тұсындағы ұлттық қошқар мүйіз ою-өрнек Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін бейнелейді.
Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасын белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов әзірледі. Ол шеңбер (доңғалақ) пішініне ие - бұл өмір мен мәңгіліктің символы. Елтаңбадағы орталық элемент көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнесі болып табылады, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң және сол жағында - аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі. Жоғарғы бөлігінде-бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан"деген жазу бар. Барлық суреттер алтын түсте жасалған. Шаңырақ-елде тұратын барлық халықтар үшін ортақ үй мен Біртұтас Отанның символы. Жылқының бейнесі батылдық, адалдық және күш сияқты ұғымдарды бейнелейді. Қанаттар халықтың қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы көпғасырлық арманын бейнелейді. Сонымен қатар, арғымақтардың қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады. Бес бұрышты жұлдыз адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық асқақ және мәңгілік өмірге деген ұдайы ұмтылысын бейнелейді. Елтаңбасында да бар тудың түсі аспандай көгілдір, ол алтын түспен үйлесіп және бейнелейді, ашық аспан, бейбітшілік және әл-ауқаты.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.
-
Сыртқы саясат тәуелсіз Қазақстан Республикасының факторы ретінде. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы.
-
Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мазмұны мен маңызы.
Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
1. АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.
Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.
Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.
Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.
Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз.
Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.